Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). «Қарахандар әулеті» туралы ғылыми көзқарастар. Әулеттің этникалық негізін салған яғма, шігіл тайпалары. Сатұқ Боғрахан – Қарахандар әулетінің негізін салушы. Территориялық аймағы. Қарахандар мемлекетінің астаналары Қашғар және Баласағұн қалаларының мемлекет тарихындағы орны. Қарахандықтардың саяси билігінің Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Үкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Қарахан мемлекетінде Мұса ханның тұсында исламды мемлекеттік дін етіп жариялануы.
Қарахан мемлекетінің ішкі құрылымы. Жер иеленудің сойырғал, уакф (вакф), коммендация түрлері. Салық жүйесі. Иқта. Мемлекеттің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Қағанаттағы дағдарыс. Салжұқтардың көтерілуі. Қарақытай шапқыншылығы. Қарахандар мемлекетінің құлауы
Достарыңызбен бөлісу: |