Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз


XIX ғ. екінші жартысында Уəлихановтың ағартушылық дəстүрлерін Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев əрі қарай дамытты



бет5/17
Дата07.05.2023
өлшемі100,71 Kb.
#176216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
кз тарих
МТ 1,2.3. деңгейлі тесттер 2023 жыл кз (1).docx (сарапшыдан), Pedagogika
XIX ғ. екінші жартысында Уəлихановтың ағартушылық дəстүрлерін Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев əрі қарай дамытты.
Ыбырай Алтынсарин (1841–1889) — қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері. «Қазақ мектептерін Еуропа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта өшпестей із қалдырған педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге ұмтылуға кеңес бергенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дəлелдеуге ұмтылады» , — деген пікірмен келісе отырып, оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі кезеңмен байланысты болғанын атап өтуге болады.
Ағартушы өзіндік білім алумен мықтап айналысып əжептəуір табысқа жетеді. Оны педагогика да, əдебиет те, философия да қызықтырды. Осының əсерінен ол сол кездегі бай Орынбор кітапханасына жиі барып барлық күрделі əдебиеттерді қызыға оқыды. Оның рухани əлеміне сол кезде өлкеде тарала бастаған алдыңғы қатарлы ойшылдардың, соның ішінде Ресейдегі революциялық-азаттық қозғалыстың өкілдерінің идеялары əсер етпей қойған жоқ. Оның жеке кітапханасында көрнекті орыс педагогтарының жəне жазушыларының  шығармаларымен қатар,«Современник» журналы жəне Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Белинскийдің шығармаларының болуы кездейсоқ емес. Жəне де осыған байланысты оның бірқатар идеялары мен ойлары осы ойшылдардың пікірлерімен сəйкес келді. Шетел авторларынан Шекспирдің, Руссоның, Гегельдің шығармалары да қазақ ағартушысының ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастарының қалыптасуына жағымды ықпал еткенін айта кеткен жөн.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық дүниетанымында халықты ағартуда, біріншіден, надандықпен күресу қажет деген ой басым. Ол үшін қазақ даласында діни емес мектептерді ашу қажет деп біледі ойшыл. «Мектептер, — деп жазады ол, — қазақтарға білім берудің негізгі орталығы, оларда қазақ халқының болашағына деген үміт жатыр». Оның ойынша, одан əрі қарай мектеп ісін дұрыс жолға қою қажет. Мектептер жаңа жақсы өмірге күресе алатын жаңа азаматтарды қалыптастыруға назар аударуы тиіс. Білім беру жұмысшылардың өздерінің құқықтық теңсіздігін түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ойшыл бір-біріне қарама-қайшы таптар бар жерде, жақсы қарым-қатынас болуы мүмкін емес екенін түсінген. Білім беруді ол еңбекші халықтың құлдықтан, надандықтан жəне кедейшіліктен босатылуы деп түсінген. Ағарту ісі бұқараны əлеуметтік теңсіздікпен күресуге дайындайды деген сенімде болған. Мысалы, «Бай мен жарлы баласы» атты əңгімесінде жазушы бай баласы Асан мен кедей баласы Үсенді бас кейіпкер етіп ала отырып, əлеуметтік мəні зор ірі мəселеге назар аударады. Баланың қалыптасуына орта мен отбасының əсер-ықпалын ашып көрсету арқылы мəн-маңызы үлкен қорытынды жасайды . Бұл жерде оның саяси ағартушылығын айтып көрсетуге болады.
Ағартушы Алтынсарин білім берудің түпкілікті мақсаты ретінде өлкенің рухани дамуы ғана емес, экономикалық дамуын көрді. Мысалға ол бұл қажеттіліктерді орыс-қазақ мектептерінің оқу бағдарламаларын құрастырғанда ескеріп отырған. Жалпы білім беру пəндерін оқытумен қатар, оқушыларға қолданбалы тəжірибелік білім беру керек екенін айтқан. Осы мақсатта мектептерде тəжірибелік бау-бақша, əр түрлі құрал-жабдықтар жəне басқа да көрнектіліктер болуы тиіс деп санаған. Ағартушының ойынша, мектеп өз құрылымы бойынша жаңа мəдени өмірдің, жаңа дəстүрлердің, тəртіптің, өнердің үлгісі болуы тиіс. Оның ойынша, қазақтардың тұрмысын қайта қалыптастырудың маңызды құралы ретінде олардың көшпеліліктен отырықшылдыққа көшуін санаған. Сонымен бірге қандай да болмасын мəжбүрлеу шараларына қарсы болған. Оның пікірінше, бұндай шаралармен тұрғылықты халықтың тұрмыстық жəне шаруашылық өмір-салтын қайта қалыптастыру мүмкін емес. Бұл үшін оларды отырықшыл өмірдің артықшылықтарын түсінетін жағдайға жеткізу керек. Сонда ғана жаңа өмір салтына көшу ешқандай «сыртқы күштердің» əсерінсіз «табиғи жолмен» жүзеге асады. Бұл процеске ағарту жолымен тезірек ықпал ету қажет. Ол үшін:«Біздің балаларымыздың білім алуы туралы ең алдымен өздеріміз, ата-аналар қам жасауымыз қажет», — деп жазады ойшыл. Ол қазақ балаларының орта жəне жоғарғы техникалық жəне ауылшаруашылық оқу орындарында оқығанын қалаған.
Ағартушылық жолында ойшылдың еңбектері ерекше орын алады. 1879 жылы шыққан атақты «Қазақ хрестоматиясы» оқушыларға оқу құралы ғана емес, халықтың оқуына арналған кітапқа айналды. Ол бойынша бірнеше ұрпақ тəрбиеленіп өсті. Ойшылдың ойынша, ғылымнан нəр алған жастар бүкіл халыққа ықпал ете алады. Сондықтан да хрестоматияның бірінші бетінен-ақ жастарды білім алуға шақырады. Ғылыммен айналысқан жəне оның құндылықтарын игере алған адамдарды қалай құрметтесең де лайықты деп санаған.
Жалпы алғанда, жоғарыда қарастырылған ағартушылық ойларының негізінде ойшылдың өмір тəжірибесінен нəр алған терең саяси идеялары байқалады. Отандық ғалымдардың дəлелдеуінше, Ыбырайдың дүниетанымының қалыптасуына туған ел, халық ауыз əдебиеті, прогрессивті орыс əдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз əсерін тигізді. Ш. Уəлиханов секілді, Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді жəне Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты . Шын мəнде ұлы ағартушы-демократ қоғамдық өмірдегі прогрессивтік дамуды көре білді. Ол өз халқының жарқын болашағына кəміл сенген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет