Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз


XIX ғ. қазақ ағартушыларының келесі ірі өкілінің бірі, əрине, көрнекті ақын Абай Құнанбаев (1845–1904) болып табылады



бет6/17
Дата07.05.2023
өлшемі100,71 Kb.
#176216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
кз тарих
МТ 1,2.3. деңгейлі тесттер 2023 жыл кз (1).docx (сарапшыдан), Pedagogika
XIX ғ. қазақ ағартушыларының келесі ірі өкілінің бірі, əрине, көрнекті ақын Абай Құнанбаев (1845–1904) болып табылады. Оның шығармашылық еңбектері саяси сипатта болды. Ол ғылым мен білімнің, адамдардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыратынын, өзі, ақиқат пен əділдік үшін күресуге шақыратынын айтқан болатын. Ал оның іс-əрекеті халықты қанаудан сақтау болатын. Осы жағдайда ол билікті білімді адамдарға беру керек деген тұжырымға келеді. Ойшыл білімді билеуші мен білімді халықтың концепциясын негіздеушілердің бірі. Оның пікірінше, қазақтарды дұрыс жолға қойғысы келетін адам билікке ие болуы тиіс. Халықтың қоғамдық өміріндегі билік пен басқарудың күші, маңызы жəне орны ерекше екенін атап көрсетті. «Егер менің қолымда билік болса, мен адам түзелмейді дегендердің барлығының тілін кесер едім», — дейді ол. Жəне ойшылдың қоғамдық өмірде бірқатар нəрсе мемлекеттік лауазымдағы адамдардың ерік-жігеріне байланысты деген ойы бізді қызықтырмай қоймайды. Осыдан ақын-демократ саяси биліктің күштілігін мойындайды деген пікірге келеміз.
Абайдың көзқарастарының саяси мазмұнын жəне билік проблемасына қатынасын қарастыра отырып, оның қоғамның құрылымы жөніндегі ойларына да тоқталуға болады. Ол адамдарды екі топқа бөледі: басқаруды қажет ететін надан топ жəне ақылды, білімді, таңдаулылар тобы. «Тобыр — надан, оны басқара біл... Тобырда білімді адамдар сирек кездеседі», — деген Абайдың сөзі белгілі. Ол адамзаттың екі жартысының бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын мойындаған. Осы байланыстылықтан биліктің өзіндік принциптерін ұсынған. Оның пікірінше, билеушілер елдің таңдаулылары болуы тиіс, бірақ шындығында олар шеттетіліп келді. Бұл жөнінде ойшыл үшінші «Қара сөзінде» былай дейді: «Елдегі жақсы адамдардың бəрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген əр түрлі қылмыстық іс көрсетіледі. Оған жауапқа шақыру — тергеу шығарады. Өтірік, көрмегенін көрдім деуші куəлар да əлдеқашан дайындап қойылған». Əрине, ойшыл осының барлығы олардың билікке деген ұмтылысын шектеу үшін жасалады деп түсінеді.
Сонымен қоса ойшыл сол кездегі билер сотына қарсы болған. Себебі, сот лауазымы болыс билеушілер лауазымы секілді сатып алуға негізделген. «Қазір би болып, халықтың мүддесіне қарсы келетін адамдар сайланады; олар ескі құқықтық ережелерді білулері тиіс еді. Олар қай заңдардың ескіргенін білулері тиіс. Қазіргі сайланатын соттар ескі заңдарға айырбас таба алмайды» . Осыған байланысты ол билердін санын көбейткеннен олардың сапасын арттыруға күш жұмсау керек жəне мерзімсіз сайланатын билерді дұрыс деп табады.
Ақын қазақтардың жалпыұлттық мүддесін де түсіне білген. Осыдан ол халқын ұлттық бірлікке шақырады. Осыған байланысты ру аралық дүрдараздықты қоздыратын топтарды сынаған. Қазақтарда жалпыұлттық сана-сезім қалыптасуына жақтас болған. Басқа бірлігі күшті халықтардан үлгі алуға шақырады. Оның бұл ойлары бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпаған. Ол қазақтың қоғамдық пікірін жаңа сатыға көтере білді. Өз замандастарының ішінен ерекше бөлініп шығып, адамдардың сынаушысына жəне ақылшысына айналды. Прогреске жетуде ойшыл жас адамдарға, білімге, ғылымға құштар болуға кеңес береді. Ол бос уақыт өткізуді жəне жалқаулықты кедейліктің бір себебі деп түсінген. Адамда ерік, жігер қалыптасуына көңіл бөлген. Ол халық өмірін жақсартуда білімнің, ғылымның жəне еңбектің орнын жоғары бағалаған. Қазақтарды ағартуда еуропалық өркениетті игеруді маңызды орынға қойған. Орыс халқынан өнерді үйренуге шақырады. Адамдар өз өмірлерін өздері қалыптастырулары қажет деген ойды айтады. Ол үшін жоғары мəдениетті халықтардан үйренуге тиіспіз дейді ақын. «Егер біз басқалар білетінді білсек, біз күшті халыққа айналамыз» деген ойшылдың сөзі қазіргі күнде маңызын жоғалтпайды.
Қоғам өмірін өзгерту үшін ағартушы кеңес беріп қана қоймай, өз бағдарламасын жасауға да кіріседі. Оның бағдарламасы келесі талаптардан тұрады: барлық балаларды мектептерге беру; мектептер халық есебінен жасақталуы; мектептер білім беріп қана қоймай əр түрлі мамандыққа үйретуі тиіс; ең алдымен балаларды ана тіліне, дəстүрлі білімге, содан кейін орыс тіліне, өнерге, ғылымға жəне мəдениетке үйрету керек; зайырлы білім арқылы ғана бала өз халқына пайдалы адамға айналады. Сонымен қатар ақын еңбекшіл халықтың мүддесін қорғаған. Зұлымдықтың негізі олардың рулық немесе ұлттық айырмашылықтары емес, мүліктік жағдайының теңсіздігі деп білген. Ол сол кездегі қоғамның жіктелу мəселесіне көп көңіл бөлген. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, оған бұл жерде орыс демократтарының еңбектері көп ықпал еткен.
Жоғарыда көрсеткендей, қазақ халқының рухани мəдениетінің даму тарихында XIX ғасырдың екінші жартысында ағартушылық ерекше тарихи құбылыс пайда болды. Оның негізінде отандық ағартушылар өздерінің көптеген еңбектерінде қазақ қоғамының артта қалуын шаруашылық өмірдің дамыған болмағанымен байланыстырды. Қазақ ағартушыларының пікірінше, ең негізгісі мəселе — ол қазақ қоғамның прогреске бейімділігімен байланысты болды. Осы сұраққа жауап іздеу барысында, халқымыздың ұлы ағартушылары артта қалған елдердің өзіндік дамуы үшін, дамыған елдердің мəдениетін бойларына сіңіру керек деген тұжырымды жасады. Олар отаршыл əкімшіліктің тонаушылық саясатын əшкерелеп сынға алды. Бұл қазақ жəне орыс қоғамының алдыңғы қатарлы өкілдеріне патша өкіметінің реакциялық билігін терең ұғынуға көмектесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет