1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және тарихи маңызын талдап көрсетіңіз.
Көтерілістіңшығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді. Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында ұйымшылдықты болмауы еді. Патша өкіметі қалыптасқан жағдайда бағалап, халық қозғалысына қарсы шұғұл шаралар қолданды. Оның үстіне күште соның жағында болды. Ол қоныстандыру протцесі жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда Орыс, Украйн шаруалары, казактар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді. Саны аз жергілікті пролитариат оқиғалардың барысына әлі де азды – көпті елеулі ықпал жасай алмады. Көтерілістің бір тұтас басшылығы, ұйымдық орталығы болмада. Паша әкімшілігі Қазақтардың ру аралық тартыстарын шебер пайдалана білді. Қозғалыс қазақ халқының револютциялық таптық сана сезімінің өскенін көрсетті, мыңдаған көтерілісшілер патша самодержавиясын қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Ол Қазақстан халықтарының ұлттық сана сесімінің өсуіне үлкен әсер етті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей самодержавиясының ұлттық экспанциясына қарулы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді. Осының нәтижесінде патша үкіметінің моральдік – саяси беделі құлдырады. Торғай даласынан тыл жұмысына 60 мың адам жіберілуі керек еді, ал 1916 жылдың 20 желтоқсанындағы мәлімет бойынша Ақтөбе және Қостанай уездерінің 5 мыңнан ғана адам алынса, Торғай мен Ырғыз уездерінен 89 ғана адам алынғанын айтсақ та болады.
1916 жылғы көтеріліс Қазақ халқының сан ғасырлық ұлт – азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүние жүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрттаныған басшылары Ә . Жандосынов, А. Иманов, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, Б. Әшекеев, О. Шолақов , А. Жүнісов, Қ. Көкенбаев, И. Құрманов, Т. Орысов, А. Сұлтанбеков және басқалар көтерілісшілердің саяси көсемдері Т. Бокин, Т. Рұсқылов, С. Меңдешев, Ә. Жаңгелдин, Б. Алманав және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Таиманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмақанбетов, Кенесары және Наурызбаи Қасымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. (2 ) Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт – азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бір қатар аудандарында оған қазақтармен қатар қырғыз, өзбек., ұйғыр және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды. Кейбір шекаралас аудандарда көтеріліске шыққан Қазақтар мен Қырғыздар патша жазалаушыларына қарсыласудың бірлескен аймақтарын ұйымдастырды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік – экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери – феодалдық және әскери – отаршылдық басқару жүиесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы ХІХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт – азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды.