Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз


Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз



бет10/17
Дата07.05.2023
өлшемі100,71 Kb.
#176216
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
кз тарих
МТ 1,2.3. деңгейлі тесттер 2023 жыл кз (1).docx (сарапшыдан), Pedagogika
Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.

 Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынанкейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастырубюросыкүн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».
«Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
Бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
13. Әйел мәсселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.
Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.
Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат болады».
Жаңадан құлған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды.
Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа сөзбен айтқанда Алаш қоғамдық – саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келегн Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Кіріспеде айтылғандай, 20-30 жылдардағы әдебиетті былай қойғанда, соңғы 3-4 жылда осы тақырып бойынша жарық көрген еңбектердің өзінде Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселег байланысты ортақ тұжырым қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазиялық партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақ-буржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет