Қазақ саяси элитасының (Ә.Бөкейхан, М.Дулат, А.Байтұрсын, Ш.Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
Элита – ең таңдаулы адамдардың қауымы. Халық басқарушы билікке түгелдей қатыса алмайды, сондықтан, бұл міндетті элита атқарады. Олар бұқара халықтың биліктегі өкілі, ел соларға сенім артады, соңынан ереді, бағыт-бағдар алады, түзеледі, еліктейді. Элита дегенде, жоғарғы билік пен көрнекті тұлғалар еске түседі. Алайда, мемлекеттік басқару құрылымдарындағы билеуші элита – формальды топ қана, олардың көпшілігі бұған кәдімгі қызмет, кәсіп түрі, артықшылықтарға ие болудың бір жолы, мансап ретінде қарайды. ХХ ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тәуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сатында қазақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б. тұрды. Ар, намыс, әділет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан , Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері».
Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты.
Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Әлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де және осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Себебі Ə.Н.Бөкейханов Қазақстан тарихын, мəдениетін, тұрмысын, шаруашылығын, табиғи байлықтарын іргелі түрде зерттеп, негіз салған ғалымдардың бірі болып табылады. Əлихан Бөкейханов əр түрлі экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылауды, сұрауды, есептеуді саралау негізінде көптеген қайнарлар материалдарына сүйеніп алынған тарихи, экономикалық, статистикалық, шаруашылық деректерін қорыту барысында орыс тілінде жазылып, патша өкіметінің басылымдарында шыққан еңбектерінде қазақтың атамекені, меншікті жерлері, олардың бірте-бірте отарланып, түрлі айла-тəсілдермен мұжықтарға, көпестерге, шенеуніктерге тартып əперілуін дəлелдермен көрсетіп берген болатын. Ол сауатты,өте білімді, парасатты, өз заманының озық ойлы азаматы болды. Дала тұрғындарының ғана емес, өзге ұлттардың да құрметіне бөленді. Өз ұлтының ата тарихын жетік меңгеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне құрмет көрсетудің, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін үздіксіз күрес жүргізді.
14 .ХХ ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 ж тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал «Айқап» шықса, наурыздан бастап «Қазақстан» газеті шыға бастады. Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды. Кеңестік тарихнамада айтылғандай ,журналдың өзімен қатар шығып тұрған «Қазақ» газетінен басты айырмашылығы таптың идеялық позицияларында емес, олардың қаржылық негіздерінің екі түрлі құрылуында, қаржы көздерін екі түрлі іздестіруілінде болды.Басқаша айтсақ, басылымдарды қаржыландырудың уақыт талабына сай нарықтық негізде жүргізілуінде н\е керісінше уақыт талабына сай жүргізе алмауында болды. ХХ ғ бас. Ұлт алдында тұрған мәселелерді ұлттық деңгейде көтеріп,ұлттық көлемде қоя білген, сондықтан ұлттық басылым деген ұғымға толық сай келетін екі басылымның бірінің өлемдік соғыстың басталуына байланысты туындаған қиыншылық қыспағына шыдай алмай өз шығуын тоқтатуы , екіншісінің, сол қиыншылыққа қарамастан шығуын жалғастыруы қайсысының дұрыс жол таңдай білгендігін көрсете білді.
Журанал мен газеттің мақсат міндеттерінің бірлігі олардың мазмұн жағынан да жақын болуы әсер етті. Екі басылымға да тән ортақ тақырыптар: оқу-ағарту, білім беру, ғылым, өнер үйрену, жер, отаршылдық, отырықшылдық, әйел теңдігі, шаруашылық жүргізу , әдет –ғұрып, салт -дәстүр мәселелері, надандыққа ж\е партиялық бүлікшілікке қарсы күрес болды. Екеуінің де ғасыр басында ұлт алдында тұрған отырықшылдыққа көшу, қала болып тұру, бас қосу сияқты қазақ зиялыларының арасында талас тудырған мәселелерде бір позиция болғандығы белгілі. ж\е екеуі де қаражат жетіспеуіне байланысты өз шығаруларын тоқтатты. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті қазақтың шын мәніндегі тұңғыш бейресми мерзімді басылымдары болды. Екеуі де баспасөзге деген ұлттық қажеттіліктің, қоғамдық сұранысытың нәтижесінде пайда болды. ж\е екеуі де бүгінгі ғасыр басындағы қазақ тарихының өзіндік ерекшеліктері бар қайнар көздерін қарап отыр.