Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз


Екінші жалпықазақ сьезінің тарихи маңызы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуын түсіндіріңіз



бет12/17
Дата07.05.2023
өлшемі100,71 Kb.
#176216
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
кз тарих
МТ 1,2.3. деңгейлі тесттер 2023 жыл кз (1).docx (сарапшыдан), Pedagogika
Екінші жалпықазақ сьезінің тарихи маңызы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуын түсіндіріңіз.

1917 ж. желтоқсандағы II жалпықазақ съезі ұлттық мемлекетітік құруға байланысты негізгі мәселелерді қозғағаны мәлім. Съездің күн тәртібіне қойылған он мәселенің арасынада мынадай аса маңызды мәселелер де бар еді: 1. Қазақ автономиясы; 2. Милиция; 3. Ұлт кеңесі; 4. Ұлт қазынасы; 5. Халық соты: 6. Ауылдық басқару. Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бекейхановтың Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедовтің баяндамалары мен жарыссөзде сөйлеген сөздерін тыңдады.
Съезд қазақ автономиясы мен милиция –туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап осы мәселе бойынша саяси мәні терең қаулы қабылдады25. [№5,153б.]. Ол қаулы «Сарыарқа» газетінде 1918 ж. 25 қаңтар, N29 санында жарияланды.
Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы — Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді.
Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды: «1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан, етуге, ерікгі. 3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді. 4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін»‘. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды.
Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі. Оның қүрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.
Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі «Алашорданың дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның 5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарына қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазак Комиттетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты. Бұдан Семей облысында қалыптасқан саяси хал-ахуаллың аса шиеленіскенін көреміз. Саяси қарама-қарсылықта Алашорда, облыстық комиссариат, облыстық шаруалар Кеңесі, Қазақ Комитеті бір жақта болса екінші жақта облыстық жұмысшы және солдаттар депутаттары Кеңесінің большевиктік ағымы болды.
II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда «Сарыарқа» газеті арқылы ресми түрде жарияланды. Ал, нақты қазақ автономиясы және оның Уақытша Ұлтгық Кеңесі «Алашорданың» іс жүзіндегі көрінісі сол кезде бірден шешілмеді. Е.Сайлаубайдың30 «Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары» атты мақаласы Алашорда үкіметі тарихының ғылыми зерттеу арнасын кеңейтуде әрі аталмыш үкіметтің қызметін жан-жақты көрсетуде Семей қаласындағы «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы қазаіргі заман тарихының құжатнама орталығы» архив қорларында ҚР ШҚО Қазіргі заман құжатнама орталығы. Р-37-қор. 1-тізбе.126-іс. сақталған құжаттар біршама мүмкіндіктер береді26.[№4,45б] Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне қатысты құжаттар құжатнама орталығындағы Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің Семей облыстық басқарушысы (48-қор), Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей уездік басқарушысы (50-қор), Семей уездік земство басқармасы (Р-37-қор), Алаш қалалық қоғамдық басқармасы (Р-133-қор), т.б. қорлардағы істер кездеседі. Аталған мұрағаттық қорларда Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, т.б. қайраткерлердің қолтаңбалары қойылған іс-қағаздары сақталған. Құжаттарды бірнеше мағыналық топқа бөледі: 1) Алаш әскери ұйымын құру және оны жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынас: 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар;
Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданысы 1918 жылдың маусым айынан басталып, 1919 жылдың қазан айына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктеріндегі әртүрлі қалыптағы штамптар баспаханалық әдіспен басылған. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым және қазан айларындағы кеңселік іс-қағаздары бланктерінде қойылған.
«Съезд құрамына 6 облыс қазақтары енетін Алаш автономиясы жарияланып, ал оны ресми жариялау кейінге қалдырылды. Оның себебін М.Дулатов «…арамыздағы анасы басқа жұрттармен сөйлеспей жариялап жіберсек, көршілерімізбен арамыз қандай болып кетпесіне көзіміз жетпеді. Бұл сақтық орынды екеніне жұрттың көзі енді жетіп отыр», -деп түсіндіреді30. [№18,65б.] Әскер түрі атты әскер болатындықтан, тұсында атты қазағы бар Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында түрлі деңгейде жұмыстар жүрігізілді. Алашорда үкіметінің алғашқы кезде казачествомен тығыз байланыс орнатып, ортақ жау большевизмге қарсы күрсесте бір бағытта болғандығын Ә.Бөкейхановтың Орынбордағы С.Қадырбаевқа жолдаған «қару-жарақ, әскер шығьнын үйрететін офицер туралы Дутовпен хабарлас деген жедел хаты және атаман Дутовтың Алашорда үкіметін құттықтап Ә.Бөкейхановқа жолдаған жедел хаты дәлелдейд





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет