7.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара орындағаны немесе толық орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді, егер орындау мүмкінсіздігі апаттық зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер, мемлекеттік органдар актілері сияқты еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан болса және олар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе және Тараптар осындай әсерлерге қарсы тұра алмаса және оларды қолдану күрделі жағдайда күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттерді қабылдаса.
7.2. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлардың және олардың салдарының әрекет ету бойындағы қисынды уақыт мерзіміне ұзартылады.
7.3. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сүйенетін тарап осындай жағдайлар басталған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннің бойында жазбаша түрде басқа Тарапқа олардың басталғаны туралы хабарлауға және уәкілетті орган берген растаушы құжаттарды ұсынуға міндетті.
7.4. Тараптар жоғарыда көзделген шарттарды сақтамаған жағдайда, ешқандай жағдайдың еңсерілмейтін күш жағдайлары ретінде қаралмайтынына және Шарт бойынша Тараптар міндеттемелерінің алынбайтынына немесе қандай-да бір ретпен шектелмейтініне келісті.
7.5. Еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекеті аяқталғаннан кейін еңсерілмейтін күш жағдайларының ықпалына ұшыраған Тарап осыған ұқсас жағдайдың әрекетін тоқтатады, бұл жағдайда осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау болжанатын мерзімді көрсетеді.
7.6. Егер бұл жағдайлар 2 (екі) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Шартты бұзуға құқылы, бұл туралы басқа Тарапқа Шартты бұзудың болжанған күніне дейін 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын алдын-ала жазбаша ескертеді, оның аяқталуы бойынша Шарт бұзылды деп саналады. Мұндай жағдайда Тараптар Шартты бұзған күнге дейін Мүліктің Жалға алушының пайдалануында болған уақыттың нақты мөлшері үшін есептесуді жүргізеді.