Жалға беруші Жалға алушыға осы Шартқа №____ қосымшаға сәйкес Мүлікті төлем үшін уақытша иеленуге және пайдалануға (бұдан әрі – жалға алу) береді.
2.2. Жалға беруші береді, ал Жалға алушы Мүлікті осы Шартқа №____ қосымшада көзделген нысанға сәйкес қабылдау-беру актісі бойынша қабылдайды.
2.3. Тараптар Жалға алушының Мүлікті техникалық тиісті жағдайда ұстау, Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, апатты жағдайларды жою, Мүліктің техникалық құраушыларының алдын-алу, Мүліктің ұрлануына, жойылуына (бүлінуіне) немесе азаюына жол бермеу, электр энергиясын, жылытуды, өзге коммуналдық қызметтерді, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлеу, сондай-ақ Мүлікті жұмыс жағдайында ұстауға бағытталған өзге әрекеттерді орындау бойынша шараларды өз уақытында қабылдауға міндеттенетіндігіне келісті.
2.4. Мүліктің нысаналы мақсаты – ___________________. Осы шартта көзделген Мүлікті оның Шартта көзделген техникалық жабдықтары түрінің нысаналы мақсатына сәйкес тиісті пайдаланбағанда, Жалға алушы аталған Мүлікті оның техникалық сипаттамасына және пайдалану тәртібіне сәйкес пайдалануға міндетті, алайда осы Мүлікті __________________________ (Мүлікті негізгі нысаналы пайдалану көрсетіледі) үшін пайдалану шеңберінде.
2.5. Жалға алушы Мүлікті осы Шарттың шартына, оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға кепілдік береді және Мүлікті осы Шарт шегінде пайдаланған кезде қызметті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажетті рұқсаттарды алусыз жүзеге асыруға құқылы емес.