4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 4.1. Жалға беруші құқылы: 4.1.1. кез-келген уақытта қажетті мамандарды тарту және тиісті акті жасау арқылы Мүліктің мәнін тексеруге:
а) оның санына және техникалық жағдайына сәйкестігін;
б) Мүліктің осы Шартқа сәйкес нысаналы пайдаланылуын;
в) Жалға алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе осы Шартта қарастырылған Мүлікті пайдаланудың өзге шарттарын орындауын;
4.1.2. Жалға алушының орындауы үшін міндетті пайдалану тәртібін бұзушылықты жою, Мүлікті нысаналы пайдаланбау туралы талаптар ұсынуға;
4.1.3. Мүлікті уақытша иеленгені және пайдаланғаны үшін осы Шартта қарастырылған көлемде, талап пен мерзімде жалға алу төлемін талап етуге және алуға;
4.1.4. Шарт аясында қызметтердің жекелеген айрықша түрлерін көрсету үшін басқа тараптарды тартуға;
4.1.5. осы Шартта қарастырылған жағдайда, осы Шартты бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға;
4.1.6. олардың алдағы заңдық тағдырын анықтау бойынша Жалға алушы енгізген Мүлікті пайдалану бойынша ұсыныстарды қараудан бас тартуға;
4.1.7. осы Шартта көзделген жағдайда, Жалға алушы шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізген соманы өзінің пайдасына акцептсіз есептен шығаруға (ұстауға);
4.1.8. Жалға алушыға шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде қарастырылған соманы Жалға алушы енгізбеген жағдайда, Мүлікті жалға бермеуге;
4.1.9. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта қарастырылған өзге де құқықтарға.