4.2. Жалға беруші міндетті: 4.2.1. Қабылдау-беру актісін жасауды қоса алғанда, Мүлікті жалға беруге дайындауға;
4.2.2. Жалға алушыға Мүлікті иеленуге және пайдалануға осы Шартқа №___ қосымшада айқындалған құрамда Қабылдау-беру актісі негізінде осы Шартқа қол қойған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге;
4.2.3. Жалға алушы Мүлікті/Кешенді толық алу туралы өтініш берген жағдайда, Мүліктің жалға алудан тыс болуын, Кешеннің тұрып қалуын, Мүліктің сақталудан тыс болуын болдырмау үшін оның ішкі нормативтік құжаттарымен, жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен Жалға берушіде анықталған белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Жалға берушіде тиісті уәкілетті органдар шешімі болған кезде бірінші кезекте Жалға алушының осы Шарт бойынша ол жалға алған Мүлікті сату туралы ұсынысын қарауға;
4.2.4. Жалға алушы шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізген соманы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе оны мерзімінен бұрын бұзғанда, Тараптар Мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін берешек, есептелген тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ осы Шарт шегінде Жалға беруші көтерген шығындар мен шығыстар сомасын шегере отырып, 10 (он) жұмыс күнінің бойында қайтаруға.