5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 5.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа сәйкес жауапкершілік көтереді. Атап айтқанда, Тараптардың осы Шартпен реттелмеген жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
5.2. Жалға беруші оларға осы Шартты жасау кезінде ескертілген, Жалға алушыға алдын-ала белгілі болған немесе Жалға алушы осы Шартты жасаған және (немесе) Мүлікті берген кезде Мүлікті тексеру кезінде анықтауы тиіс болған жалға берілген Мүліктегі ақаулықтар үшін жауап бермейді.
5.3. Жалға алу төлемін енгізудің мерзімі асып кеткен кезде Жалға алушы Жалға берушіге әрбір мерзімі өткен күн үшін ай сайынғы/тоқсандық берешек сомасынан 0,5% (нөл бүтін оннан бес) көлемінде өсім төлейді.
5.4. Жалға алған Мүлікті өз уақытында қайтармаған жағдайда, Жалға алушы Жалға берушіге кешіктірген уақыт үшін жалға алу төлемін төлейді, сонымен қатар әрбір мерзімі өткен күн үшін ай сайынғы/тоқсандық берешек сомасынан 0,5% (нөл бүтін оннан бес) көлемінде өсім төлейді.
5.5. Мүлік бүлінген жағдайда, Жалға алушы Жалға беруші белгілеген мерзімде бүлінген Мүлікті оны қабылдаған жағдайдағыдай қалпына келтіруге міндетті. Мүлік бүлінген, жоғалған немесе ұрланған жағдайда, Жалға алушы Жалға беруші белгілеген мерзімде бүлінген немесе ұрланған Мүлік құнының көлемінде келтірілген шығындарды, сондай-ақ залал құнын анықтау бойынша жалға беруші шығындарын өтейді.
5.6. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан немесе бұзушылықтарды қалпына келтіруден босатпайды.
5.7. Жалға алушы Мүлікті пайдалану (қолдану) бойынша талаптарды, жалға алу кезеңінде санитарлық, өртке қарсы нормалар мен ережелерді бұзған жағдайда, Жалға алушы Жалға беруші, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының алдында, сондай-ақ үшінші тұлғалар алдында оларға келтірілген және осыған байланысты Жалға беруші көтерген залалдар мен шығындарды өтеу бойынша жауапкершілік көтереді.
5.8. Жалға беруші өзінің пайдасына осы Шартта көзделген жағдайда, шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде Жалға алушы енгізілген соманы ацептсіз тәртіппен есептен шығаруға (ұстауға) құқылы.
5.9. Осы Шартта қарастырылмаған жағдайда, Жалға алушының бастамасы бойынша осы шартты бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзған кезде Жалға алушы Жалға берушіге осы Шарттың жалпы соманынан _____% (_________) көлемде айыппұл төлейді.