«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасының



бет12/14
Дата08.02.2022
өлшемі96,03 Kb.
#122016
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Шар

8. ҚАБЫЛДАУ-БЕРУ ТӘРТІБІ
8.1. Жалға беруші Мүлікті Жалға алушыға қабылдау-беру актісі бойынша осы Шарттың шартына сәйкес беруге міндетті.
8.2. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда немесе оның қолданылу мерзімі аяқталғанда, Мүлікті қайтару Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған Қабылдау-беру актісі бойынша 15 (он бес) күнтізбелік күннің бойында жүргізілуі тиіс. Мүлік қалыпты тозуды ескере отырып, оларды Жалға беруші Жалға алушыға қалай берілді, сол жағдайда қайтарылуы тиіс.
8.3. Жалға беруші жалға берілген Мүліктің осы Шартты жасаған кезде оған ескертілген, Жалға алушыға алдын-ала мәлім болған немесе Жалға алушы осы Шартты жасаған және (немесе) оларды берген кезде, Мүлікті тексеру кезінде Жалға алушы көрсетуі тиіс болған ақаулықтары үшін жауап бермейді.
9. ШАРТТЫ БҰЗУ
9.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда немесе Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
9.2. Жалға беруші мынадай жағдайларда бір жақты тәртіппен осы Шартты орындаудан бас тартуға/мерзімінен бұрын бұзуға құқылы:
9.2.1. егер Жалға алушы Мүлікті осы Шарттың шартын бұзушылықпен пайдаланса, қасақана немесе абайсыздықтан Мүліктің жағдайын нашарлатса;
9.2.2. егер Жалға алушы Жалға берушіге жалға алу төлемін Жалға алушы шартты орындау ретінде енгізген сомадан шығатын берешекті ұстау жағдайын қоспағанда, 30 (отыз) күнтізбелік күннен жоғары төлемегенде;
9.2.3. Жалға берушіде осы Шартты орындауда, Мүлікті Жалға алушыға жалға беруде мақсаттылық болмаған кезде;
9.2.4. Жалға алушы Мүлікті оның нысаналы мақсатына және пайдалану тәртібіне сәйкес пайдаланбағанда, Жалға алушы Мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану жөніндегі талаптарды бұзғанда;
9.2.5. Жалға алушы талаптарды және осы Шарт бойынша өзінің міндеттерін бұзғанда;
9.2.6. Жалға алушы шартты орындау ретінде қарастырылған соманы енгізбегенде;
9.2.7. Жалға алушы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісті орындамауға алып келетін өзге міндеттемелер басталғанда.
9.3. Жалға алушы осы Шартты төмендегідей жағдайларда бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы:
9.3.1. егер Жалға беруші Мүлікті Жалға алушыға беру мерзімін пайдалануға беру мерзімінің аяқталуы бойынша 10 (он) күнтізбелік күннен жоғары кешіктірсе немесе оны осы Шарттың шартына сәйкес пайдалануға кедергі келтірсе;
9.3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге жағдайларда.
9.4. Осы шартты бір жақты тәртіппен бұзған жағдайда, Шартты бұзуға бастама білдіруші Тарап басқа Тарапқа бұзудың болжанған күніне дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлауға міндетті, оның аяқталуы бойынша Шарт бұзылды деп саналады.
9.5. Осы Шартта қарастырылмаған жағдайда, Жалға алушының бастамасы бойынша осы Шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде, Жалға алушы Жалға берушіге осы Шарттың жалпы сомасынан _____% (_________) көлемде айыппұл төлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет