6. КЕЗДЕЙСОҚ БҮЛІНУ ТӘУЕКЕЛІ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ТӘРТІБІ 6.1. Мүліктің кездейсоқ бүліну, жойылу немесе зақымдалу тәукелін жалпы Қабылдау-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Жалға алушы көтереді.
6.2. Жалға алушы сақтандыруды өзінің есебінен жүзеге асырады. Мүлікті сақтандыру Мүлікке келтірілген залалды Жалға алушы өтейтін көлемдегі сақтандыру төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыруды білдіреді. Сақтандыру полисі және/немесе Мүлікті сақтандыру шарты бойынша Пайда алушыны Жалға беруші анықтауы тиіс. Егер қайта бағалау нәтижесі бойынша Мүлік құны ұлғайған жағдайда, Жалға алушы Жалға беруші белгілеген мерзімде соңғыға өзгертілген сақтандыру полисін/ сақтандыру шартына өзгерістер енгізуді растайтын құжатты беруге міндетті.
6.3. Сақтандыру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар сақтандыру ұйымында жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Пайда алушы алатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің жалпы сомасы тәуелсіз бағалау компаниясы жасаған бағалау туралы есепте көзделген сомадан төмен болмауы тиіс.
6.4. Сақтандыру шартында осы Шартқа №____ қосымшаға сәйкес сақтандыру жағдайларының тізбесі көрсетілуі тиіс.
6.5. Сақтандыру полисі осы Шарттың қолданылу мерзімінде, осы Шартқа қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей жазылуы және/немесе сақтандыру шарты жасалуы және Жалға берушіге ұсынылуы тиіс. Көзделген жағдайды орындамау Жалға берушіге Жалға алушыға осы шартты тоқтату/бұзу туралы талап қоюға немесе шығындарды Жалға алушының есебінен кезекті өтеу арқылы дербес сақтандыруды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
6.6. Жалға алушы Жалға берушіге сақтандыру полисіне/сақтандыру шартына қол қойған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей сақтандыру полисін және (немесе) сақтандыру шартын береді. Жалға алушы сақтандыру полисін осы тармақта белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, Жалға беруші сақтандыруды өз есебінен дербес жүргізуге құқылы, ал Жалға алушы Жалға беруші белгілеген мерзімде Жалға берушіге ол жүргізген сақтандыру бойынша шығындарды өтеуге міндетті.