Қазақстанның жаңа заман тарихы пәні бойынша оқУ Әдістемелік кешені



бет2/12
Дата28.01.2018
өлшемі2,82 Mb.
#34655
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Император – әуелде жауды ірі жеңіспен жеңген әскери басшыға берілетін қүрметті атақ. Кейін Рим империясы дәуірінде басқа мағынаға ие болды. Бүгінде отарлы мемлекет немесе ірі қуатты мемлекет (империя) басшысы.

Империя – (лат. imperium – үстемдік, мемлекет) – 1. Император билігіндегі монархиялық мемлекет. 2. Отарларға, тәуелді елдерге үстемдік жүргізген отарлы ірі держава. Мысалы, Британия, Франция отарлы империясы. Империализм термині әуел баста осыдан шыққан.

Ислам (ар. аллаға берілу, мойын ұсыну) – дүние жүзіне кең тараған

діндердің бірі. Ол б .э. VII ғасырының басында Арабиядағы халықтарда

таптық қатынастар қалыптасқан. Исламның басты догматы «Көк пен жерд

жаратушы», ондағы нәрсенің бәрін жасаушы құдай, барлық іс - әрекет оқиға алланың жазып қоюына байланысты болды дейді. Исламның негізің салушы Мұхаммед Пайғамбар деп санады. Ислам діні көбінесе Орта және Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде, ССРО – ның бірқатар республикалары мен облыстары тараған.



Казактар – «ерікті адамдар», басыбайылық езгіге шыдамай орыс мемлекеттерінен және Польшадан қашқан шаруалар мен құлдар. Олар XV – XVII ғасыралрда Дон, Днепр, Волга, Жайық, Терек өзендерінің бойына келіп қоныстанады. Атамандар талабы бәріне міндетті болды. Патша үкіметі шекара қорғау және әскери қызмет жөнінде қазақтарға қолдау жасады, кейін оларды революциялық, ұлт азаттық қозғалыстарды басуға пайдаланады.

Кәсіп, кәсіпшілік (промысловый) – 1. әр түрлі кәсіппен айналысу арқылы пайда табушылық. Мәселен, ауыл – селода тұрып, жұмыс ітеп, пайда тауып қайту. 2. Белгіілі жұмыс түрін атқару арқылы өнім өндіру. Мысалы, балық аулау, тұз өндіру кәсіпшілігі, т.б.

Кедей – 1. Мүлкі жоқтың қасындағы, күн көрісі қиын жағдайдағы адамдар. 2. Байлар мен құлақтар шаруашылығында жалданып істеушілер.

Керуен сарай – парсыша керуендер үй деген сөз Қалалардағы және жолдардағы керуен жолаушылары тоқтайтын, түнейтін үй.

Кепілге салу (заклад) – Қандай да бір бағалы мүлікті сенім ертінде кепілге беріп, сол мүлік ия зат үшін қарыз ақша алу.

Князь – 1. Словян, т.б. халықтарда феодалдаық – монорхиялық мемлекеттің басшысы, дворяндық лауазым. Алғашқыда – тайпа көсемі оның билігі соғыс демократиясы органынан бірітндеп ежелгі феодалдық мемлекеттің органына айналды. 2. Князь ұрпақтан – ұрпаққа қалатын құрметті дворяндық атақ.

Комплексті механикаландыру - өндірістік процестің негізгі және қосалқы жұмыстарында қол еңбегін жеңілету үшін машиналар мен механизмдер қолдану, ең жаңа конструкцияларды пайдалану.

Король – 1. Феодалдық немесе буржуазиялық мемелекет басшысының титулы. 2. Ауыспалы мағынасында өндірістің, банкінің қожасы, монополист капиталист. 3. Карта, шахмат ойындарындағы атаулар.

Көшпенділік – мал шаруашылғы мен айналысатын халықтар жайылым іздеп бір орынннан екінші орынға малмен көшіп жүрген. Көшпендік Орталық және Батыс Азияда, Солтүстік Африкада әлі де сақталуда.

Куликово шайқасы – Москва князьдығының күшеюне байланысты монғолдардың езгізіне қарсы күресті Москва князы Дмитрий Иванович бастады. Алтын Орданың орыс жерлерінде әлсіреуге айналған үстемдігін нығайту үшін атанған қалың қол да келді. 1380 ж. 8 қыркүйекте таңертең Куликово даласындағы тұман сейілгенде монғол – татар әскерлерінің бастығы Мамайдың қалың қолы, төбе үстінде жалт – жұлт еткен оның шатыры көрінді. Дәстүр бойынша әуелі екі жатқан мықтыларды шығару керек. Монғол батыры Челубей мен орыстан Пересвет батыр жекпе – жекте

айқасып, бірін – бірі найзамен түйреп, екуде мерт болды. Қырғын шайқас басталып, аттан құлаған адам тұралмай, ат тұяқ астында қалды. Мамай әскері жеңіліп, 30 шақырымға қуылды. Осы шайқастағы еңбегі үшін княз Донской деген атаққа ие болды. Куликово шайқасы орыс елін 150 жылдай езегн жауға тұңғыш рет күйрете тойтарыс берді. Бұл соғыс орыс және басқа халықтарды азат етудің және Алтын орда ыдырауынын бастамасы болды.



Қазақ – қазақ деген терминннің шығуы жөнінде жорамалдар көп. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үйсін тайпаларының бірлестігі ежелгі ата – бабалар қатарына жатады. Тарихи деректер бойынша қазақ халқының құрылуы XIV – XV ғасырлардың аралығы деп санады. Қазақ тілінің қалыптасуына қыпшақ тілі негіз болған деп есептеледі.

Қазақтардың діні – ертеде қазақтар басқа халықтар сияқты пұтқп табынады. Қазақтар қой, жылқы, түйе, сиыр малдарының пірлеріне, сонымен қатар айға, күнге, отқа табынып, құрбандық шалатын болған.Кейін бір ғана ислам діні қабылданған соң да пұтқа табынудың сарқыншақтары сақталып келеді.

Қазына – 1. Мемлекеттің, ұйымның, кәсіпорынның қарауына жататын ақша қаражаты, валютасы және басқдай құнды мүліктері. 2.Мүлік, ақша, алтын.

Қалалық посад – XIV – XVI ғасырлардағы қала айналысында оқшау орналасқан сауда мен қолөнершілер үйлері. Онда қолөнершілер, көпестер тұрды. Қалалық посад өсіп, кейін қаланың бөлігі болды.

Қамқоршылық – ССРО – да адамның өз басын, мүлкін және мүддесін қорғаудың праволық нормасы бар. 15 жасқа дейінгі жас баларға, 15 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға мемлекет қамқорлығы тағайындалады. Сондай – ақ кемел жасқа жетпеген ауру, кемтар жағдайдағы адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалады. Жас баланы өз атына алу, тәрбиелеу, қамқоршы болу жергілікті совет орындары шешімімен бекітіледі.

Қанау – белгілі бір адамдардың басқаларға жұсын істету арқылы пайда табуы, еңбегінің жемісін иеленуі, ақысыз жұмыс жасатуы. Еңбек бөлінісі әділ болмаған жерде адамдар қанаушылар және қаналушылар болып бөлінеді.

Қарсы шабуыл – ұрыс барысында қорғаныста болған жақтың жауға тойтарыс беру мақсатында жүргізілетін соғыс шаралары.

Қаскүнемдік (заговор) – белгілі саяси мақсатқа жетуде бірнеше адамның астыртын ұйымдасып, жсырын келісімге келуі, сөйтіп, қандай да бір қаскүнемдік әрекет жасауы.

Қожа (парс.- қожайын) – 1. Өздерін Мұхаммед тұқымсыз деп санайтын, мұсылмандар құрмет тұтатын діни адам. 2. Мұсылман ілімі мен дінін тартушылар. Қожа дем салу, қайыр – садақа жинау, баланы сүндкетке отырғызу арқылы пайда тапқан. 3. Қожа мұсылман елдеріндегі сарайлық төрелерге, жоғарғы дін басыларына, көпестерге берілетін құрметті атақ.

Қолөнерші – 1. Өндірісте еңбек бөлінісінсіз қарапайым құрал - сайдарымен қол еңбегіне негізделген жаңа бұйымдар жасаушы шебер. 2. Қолөнер училищесінде оқушы.

Қоңтайшы – жоңғарлардың феодалдық мемелекетінің ханы. Ол мемлекетті әрі әскерді басқарады.

Қор (фонд) – 1. Баы артық заттардың жиналуы, жиналған капитал. 2. Ақша қаражаты және басқа материалдық игіліктер. 3. Арнайы мақсаттарға арналған қаражат, белгіленген алым. 4. Құнды қағаздар, заем облигасиялары. 5. Мемлекет қарамындағы жерлер, шыруашылықтырдағы тұқым т.б. қорлары. 6. ССРО халық шаруашылығынын хоры – негізігі және айнымалы қаражаттар және басқалары.

Мешіт – мұсылмандардың құдайға құлшылық етуіне, дін жораларын жасауына арнайы күмбезделіп салынған ғимарат. Мешіт ішіндігі намаз оқитын зал қабырғасында қуыс бар. Онда құран және басқа кітаптар сақталады. Залда уағыз оқылатын мімбе бар.

Министр – жоғарғы үкімет құрамына енетін, белгілі бір мемлекеттік басқару саласын яғнии белгілі бір саладағы министрлікті басқаратын жоғарғы қызмет адамы. Мысалы, сыртқы ітер министрі, финанс министрі, т.б.

Монғолстан (монғол тайпасының атынан шыққан) – Шағатай әулетінің билігі ыдырағаннан кейін бөлініп шыққан, XIV ғасырдың орта шені мен XVI ғасырдың 70 жылдары кезінде Орта Азиянның Солтүстік – Шығыс бөлігі мен Жетісуда, Шығыс Түркістан жерінде және Сібірдің Оңтүстік бөлігінде орнаған дербес феодалдық мемлекет.

Монғолдар империясы – 1526 ж. Бабыр Орта Азия тұрғындары мен Ауғанстан тайпаларынан құрылған жақсы атты әскері мен артиллериясын пайдаланып, үнді княздықтардын әскерлерін талқандап, Үндістанның Солтүстігінде мемлекет құрды. Елде тыныштық орнап, шаруашылық, қолөнері, сауда дамыды. Монғолдар империясы Үндістандағы феодалдық ірі держава болды. XVIII ғ. бірнеше мемлекетке бөлінді.

Мушкитерлер – 1. XVI – XVIII ғ. мушктпен қаруланған жаяу әскер. 2. Франция королі сарайында, атты әскерде қызмет атқаратын дворяндар.

Мұсылман – Мұхаммед Пайғамбарға берілген, ислам дініне сыйынатын және сол діндегі адам.

Мұхаммед (570 – 632ж.) – Меккеде дүниеге келген, әкеіс Абдулладан, шешесі Әминадан өте жастай жетім қалған. Нағашысы Абу Талибтің тәрбиесінде болып қой баққан, түйе айдаушы болған, ер жеткен соң Қадиша деген бай жесір әйлдің керуен басшысы болып, кейін соған үйленеген. Мұхаммед қүдіретті күшті бір құдай туралы ілімді уағыздай отырып, мұсылмандарды бірігуге шақырды, көп құдайлы дінге қарсы шығады. Бірақ қолдау болмаған соң 622 ж. өзінің із басарларымен Мединеге көшеді. Мұнда мұсыламндар қауымына басшылық жасайды. 633 ж. Меккені қаратады, бітіндеп Аравияның көп жерін бағындырады. Осыдан мұсылсанның тұңғыш мемлекеті құрылады. Ислам дінінің негізің салушы ірі діни және саяси қайраткер Мұхамедті дін уағыздаушылар құранды әкеліп берген алланың жердегі елшісі, ұлы пайғамбар деп дәріптейді.

Міндеттілік – шаруалар мен қолөнершілердің өздерінің қожалары үшін міндетті түрді атқаруға, орындауға тиісті жұмыстары. Мысалы, шаруалар жетісіен бірнеше күн тегін жұмыс істеп беруі және жер өнімінен беретін төлемі.

Намаз (Typ.namaz) – Ислам дінін ұстаушылардың кун сайын бес уақыт құраннан дұға оқу, құдайға жалбарыну, тілек айту ғұрпы.

Наместник – 1. Русьте ұлы князь бен боярлар думасының қалалар мен аймақтарды басқаруға қойған басқарушылары. Мұндай қызмет көрсету халық үстінен күнелту деп аталады.Намесниктердің байып кететіні, зорлық – зомбылығы ол кезде әдетті іс болған.

Нөкер – патша, сұлтан, хан, бай, ақсүйек маңғаздардың соныңда еріп жүретін, қызмет ететін қошеметшіл адамдары.

Одақ – 1. Мемлекеттік бірлестік, мәселен,Советтік Социалистік Республикалар Одағы. 2. Таптардың, қоғамдық топтардың одағы, жеке адамдар бірлестігі. 3. Түрлі қоғамдық творчестволық одақтар.

Отан соғысы (1812 ж) – Россияны жаулап алу мақсатымен соғысқа тиянақты дайындалған Наполеон 1812 ж 12 маусымда қараған түні соғыс жарияламастан, Ұлы армия деп аталатын 610 мындық адам, 1372 зеңбірекпен Россияның батыс шекарасынан басып кірді. Шегінген I – II армия Смоленкіде қосылып, алғашқы соғыс осы жерде болды. Орыс армиялары одан шегіне отырып, 26 тамызда Бородино селосында жауды күтіп алды, күшті шайқас нәтижесінде екі жақта үлкен шығынға ұшырады.Наполеон әскерлері қаланы алды. Бірақ қала өртке оранған, азық – түлік және атқа шөп табу қиынға түсті. Наполеон патшаға бітім жасауды ұсынды, ол қабылданбады. Наполеон әскері Москваны тастап шегінуге мәжбүр болды. 10 22 қазанда орыс әскерлері Москваға оралды. Орыс армиясы шегінген дұшпанды үнемі қансыратуда болды.Шекерадан, Неман өзенінен өткенде Наполеон армиясы 550 мындай адамынан айырылған еді. Наполеонды жеңіліске ұшыратқан 1912 ж Отан соғысында Н. Жанжігітов, А.Байбатыров, Майлыбаев, Қ. Зейіндәуітов сияқты қазақтар қатысып, ерліктер көрсеткен. 1912 ж. Отан соғысы Россия халқының тәуелсіздігін сақтап қалған соғыс болды.

Отырықшылық – көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың суы мол жерлерде бір орынды мекендеп қоныстануды,шаруашылығымен айналысуы.

Өкіл – мемлекеттің, мекеменің, ұйымның, белгілі бір орынға өзінің мақсат, міндетін, мүддесін қорғау және іс жүргізу үшін сенім жіберген адамы.

Өндіруші шаруашылық - өте ертедегі дәуірден бастап адамдар пайдалануға жарайтын өсімдіктер тұқымын себуді, жас төлдерді күтуді үйренді және оларды ары қарай өсіре берді. Бұл тамақ қорын молайта түсті. Өндіруші шаруашылық адамзат тарихы бойына жасап келді.

Өсімқорлар – орта ғасырлардағы Батыс Европа елдерінде сауда, ақша, базар өсе түскен кезде ақшалы адамдар, банкирлер, көпестер ақшасын белгілі мерзімге қарызға беріп,оны жоғары процент өсімімен қайтарып алған, сөйтіп пайда табатын болған.Ордай адамдар өсімқор деп атаған.

Партизан – дұшпан басып алған территоряда астырын қарулы күреске қатысушы, жергілікті халық қолдауына сүйене отырп, қимыл жасайтын ерікті отрядтар мүшесі.

Патриархалдық – 1. Рудың, семьялардың басында патриархаттың үстемдігі жүрген құрылыс, патриархалдық ру дәуірі. 2. Ескі әдет – ғұрыпқа, дәстүрге, ата – бабаға берілгендік, жаңаға жат көзбен қараушылық, консервативтік.

Патша – императорға пара –пар термин сөз. Патша мемлекет басшысының ресми титулы. Петр тұсында ол титул импераиорлыққа ауысты. Императорлық Россияда 1917 жылға дейін өмір сүрді.

Патша өкіметінің регалиялары (белгілері) – тақ, тәжі, державасы, аса таяғы порфирасы. Патша салтанатты жағдайда таққа отырғанда тәжін киіп, бір қолына державаны, бір қолына аса таяқты ұстайтын болған, киетін порфира (қызыл күрең түсті мантия). Бұл белгілер монархиялық өкіметтің символы болып табылады.

Ру – бір атадана тараған қаны бір туыстас адамдардың жиын тобы. Ру адамдары бірге еңбек етті және мүліктерін ортақ пайдаланды. Руды тәжірибелі ру мүшелері ақсақалдар басқарды.

Саудагер – сауда жасаушы, сатып алған заттарына үстеме қосып қайта қымбатқа сататын алып сатар. Саудада жасаумен айналысушы адам.

Священник – христиан дініде құдайға құлшылық етуге, құпиялық жасауға праволы діни дәреже. Священник дінінің әдет – ғұрпын, парыздарын (неке қию, баланы шоқындыру, өлгенге дұға оқу, т.б.) жүргізеді, мейрамдарын атқарады.

Семинар – 1. Белгілі бір пәнді оқытушының басшылығымен топтап оқытудың ерекше формасы немесе белгілі бір тақырыпқы ұстаз басшылығымен хабарламалар, баяндамалар дайындап барып, тылқылау, оқушылардың, тыңдаушылардың белсене қатысуымен өтетін практикалық сабақ. Семинар сабағы жоғарғы, орта және саяси оқу жүйесінде жүргізіледі, 2. Белгілі бір мамандықты көтеру үшін ұйымдастырылған арнайы топтық оқу.

Семинария – арнайы оқу орнының аты. Дін қызметшісін дайындайтын семинария, мұғалімдер дайындайтын арнайы семинария мектептері.

Сенатор – Рим республикасы заманындағы мемлекеттік жоғары сенат мүшесі. Сенат құрамына негізінен бұрыңғы магистраттар (консулдар, преторлар, т.б.) кірді. Сенат көбінесе ірі жер иеленушілердің мүддесін қорғады. Бүгінде капиталистік елдердегі жоғары палатаның (сенаттың) мүшесі.

Старшын – старшина сөзіне алынып қолданылып кеткен. Старшын революциядан бұранғы Қазақстанда белгілі бір рулық топтарды басқаруға сайланып қойылған адам. XIX ғасырдың бастапқы жарытысынан басиап патша әкімшілігі старшындары ресми түрде тағайындайтын болды.

Сұлтан – арабша билеуші, әмірші деген сөз. Бірқатар мұсылман елдеріндегі монархтардың, бас билеушілердің, ірі феодаладрдың атадан балаға мұра болып қалып отыратын мирасты лауазымы және сондай – ақ осы лауазымның иесі. Сұлтанды қазақ ақсүйек деп те атады.

Сұлтанат – сұлтан басқаруындағы және билігіндегі монархиялық мемлекет.

Тағдыр – діни догмат, жеке адамдар өмріндегі оқиғалар, жер бетіндегі бүкіл өмір құдай еркі көрсетуімен алдын – ала белгіленіп қойылған деп есептейді. Тағдыр, жазмыш қашып құтыла алмайтын, қайталанбайтын, болмай қоймайтын мағынасындағы діни ұғым.

Тайпа – 1. Аалғашқы қауымдық қоғамдағы бір жерде тұратын, тілі бірдей, бірнеше рулардан құралған, өз – ара туыстық байланыстары бар адамдар тобы. Тайпада ортақ әдет – ғұрып , мәдениет болды. Тайпаны басқару, істерді шешу ақсақалдар кеңесінің билігінде болды. 2. Тайпа ұрпақ, халық.

Тайпалар одағы – алғашқы қауым қоғамындағы халықтың этникалық бірлігінің әлеуметтік ұйымдасу түрі. Басқыншылық соғыстардың таралуы мен қорғаныстың қажеттігінен біренеше тайпалар бірігіп, одақтар (ірі бірлестіктер) құрылуына қол жеткізді. Тайпалар одағының құрылуы халықтың араласу, қныс аудару, территория басқару, тіл, әдет – ғұрып, салт – сана, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығын қалыптастыруға жағдай жасады. Бірлестікте тайпалар құрамы біркелкі болмаудан кейдк ыдырап, құрамы өзгеріп отырды. Тайпалар одағының аты күшті тайпа атымен аталды. Мысалы, үйсін тайпалар одағы немесе сақ тайпалар одағы.

Тақ (трон) – король, патша отыратын әсемдеп жасалған орындық. Салтанатты рәсім кезінде монархтың тағына (орнына) отыруы. Ол монарх өкіметінің белгісі, таққа отырса патшалығы, патша болғандығы. Егер тақтан түсті делінсе патшалық биліктің жойылуы деген сөз.

Таңба (стигма) – 1. Ертедегі Грецияда құладардың я қылмыстылардың денесіне белгі, таңба салатын болған. 2. Түркі, монғол халықтарында хан жарлығын растайтын белгі (мөр). 3. Малға иесінің салатын айырым белгісі.

Тыл – соғыс майданына аулақ жер, соғыс жоқ ел іші, соғысушы армиялардың арт жағы.

Уәзір – мұсылман елдеріндегі министрлердің және төрелердің титулы. Патшаның, сұлтанның өзінен кейінігі басқарушы, бірінші министрі. Сұдтандық Түркияда 1922 жылға дейні үкімет басшысын ұлы уәзір деп атады.

Уезд – Россияда XIII ғасырдан бастап қолданылған әкімшілік аймақ. Уезд қала мен бағынышты болыстардан тұрды. Алғаш оны князьдың жергіілкті билеушісі, ал XVII ғасырдың басынан бастап Москвадан жіберілген воевада басқарды. XVIII ғасырдың басынан губернияға кірді.

Ұждан бостандығы – ССРО Конституциясында көрсетілегн азаматтарға берілген праволардың бірі. Әрбір азамат дінді ұстауға, діни ғұрыпты атқаруға немесе атқармауға праволы болуы. Азаматтардың ұждан бостандығына, азаматтық ар – намысына қарсы әрекетке тыйым салынған. Шіркеуді мемлекеттен, мекетпті шіркеуден бөлу азаматтардың дінді қалау, қаламауын таңдауға немесе атеистік насихат жүргізуге демократиялық мүмкіндік береді. Азаматтар қай дінге жататындығына, олардың арасындағы басқа да айырмашылықтарға қарамастан заң алдында тең праволы.

Ұлттар лигасы – лига француз сөзі, одақ, бірлестік деген мағына береді. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңуші державалардың Парижде болған бірінші бітім Конференциясында 1919 жылы құрылған халықаралық ұйымы. Ұлттар лигасына 43 мемлекет мүше болды. Ұлттар лигасы уставында қарулануды тежеп отыруды, лига ммүшелерінің территория тұтастығы мен тәуелсізідгін өзара қамтамасыз етуді, агрессияға қарсы күрес шараларын қолдануды, бейбітшілікті сақтау және т.б. көрсетілген. Алайда ұлттар лигасы ағылшын – француз мемлекеттерінің жетегінде болды, әрі совет еліне қарсы әрекеттерге қатысты. Халықаралық жағдайдың шиеленісуі әлсіз ұлттар лигасын ықпалдан айырды. Соғыс басталысымен оның қызметі іс жүзінде тоқтап қалды. Лига 1946 ж. таратылды.

Ұлыс – 1. Монғол империясы кезінде нояндарға қарасты, солардың қол астындағы жерлер мен Шыңғыс ханның балаларына бөліп берілген әкімшілік аймақтар (енші жерлер). Мысалы: Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы. 2. Россияға қарасты буряттар мен қалмақтардың ру бірлестіктерінің XVIII – XIX ғ. Якутияның ірі әкімшілік аймағының аты. Ұлыс сөзін сондай – ақ ел, халық, ауыл, мекен, аймақ мағынасында Орта және Орталық Азия халықтарды қолданып келеді.

Ұсақ товарлы өндіріс – майдагерлердің үйде немесе шағын шеберханасында жасалып, рынокқа шығарылатын өңдіріс бұйымдары.

Ұшыр – патриархтық қоғамда қазақ кедейлерінің хан, сұлтандарға,

би – болыстарға, дін басыларына егіншілік аудандарында егін өнімнің оннан бір бөлігін беретін салығы. Ұшырдың көбі сұлтандарға берілді.



Хадис – Мұхаммед пайғамбардың айтқан нақыл сөздері, жарлықтары, істері мен әдеттері туралы аңыз әңгімелер. Ол айтылғандарды үстем тап адамдары мен дін ұстаушылар қасиетті деп санап, өз мүдделеріне пайдаланып отырды. Хадистың жинағына сунна дер аталады.

Хажы – Мұсылсандардың Мекке қаласындағы «Әулие» қағба храмына қажылыққа баруы немесе Мединадағы Мұхаммедтің қаьырына барып тәуеп етіп қайтқан кісілердің діни қүрметі атағы.

Халық жасақшылары – қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесетін, социалистік меншікті, азаматтардың заңды мүдделерін қорғауда, право тәртібін бұзушылар күресетін еңбек колективтерінің ерікті халық жасағының мүшелері. Халық жасақшылары кәсіпорындарда, құрылыстарда, мекемелерде т.б. құрылады. Халық жасақшыларының командирі мен оның көмекшілері 2 жылға сайланады. Халық жасақшылары дружинасына жергілікті совет орындарының атқарушы органдары бысшылық жасайды.

Халықтық соғыс – халықтың белгілі табының және әлеуметтік топтарының бірлесе отырып, шапқыншылыққа қарсы тәуелсіздік жолында жүргізген күресі немесе қанау, зорлық – зомбылыққа қарсы халық бұқарасының соғысы. Мысалы: жүз жылдық соғыста француз басқыншыларға қарсы жүргізген жаппай ерлік күресі. 1812 ж. Отан соғысы, Степан Разин бастаған шаруалар соғысы, гуситтер соғысы.

Халық соты – ауданда немесе ауданға бөлінбейтін қала территориясында жұмыс істейтін мемлекеттік орган. Аудандық (қалалық) халық соттарының халық судьяларын аудан (қала) азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау правосы негізінде жасырын дауыс беру жолымен 5 жыл мерзімге сайлайды. Аудандық (қалалық) соттық барлық азаматтық жәнеқылмыстық істерді қарайды. Сотта іс халық судьясы мен екі халық заседателінің қатысуы, олардың тең праволы болуы негізінде азаматтар қатысатын ашық сот мәжілісінде қаралып шешіледі.

Хандық – хан билігі мен басқаруындағы ел, мемлекет. Хандықты басқару тұқым қуалау арқылы жүргізілген.

Ханзада – 1. Хан ұрпақтары: ханның өз баласы, немересі, шөбересі. Орта ғасырда шығыс елдерінде, бүгінге бірқатар елдерде хан өлсе оның тағына мұрагерлік жолмен біреу отырады. Көп жағдайда тақ үшін мұрагерлер арасында қиян кескі соғыс, тартыс болады. 2. Арғы тегі хан тұқымынан тараған адам.

Ходжа (қожа) – 1. Таяу Шығыс және Орта Шығыс елдерінде мұсылмандардың қүрметті титулы. Титул сарайлық жоғары мәртебелі адамдарға, жоғары діни адамдарға, көпестерге берілді. 2. Ходжа парсы тілінде қожайын деген сөз, мұғалім деген мағынаны да береді. 3. Өздерінің тегін араб халифаттарының бірінен тарағамыз деп санайтындар ходжа деп аталған.

Христиан діні (грекше Христос – құтқарушы деген сөз) – Иисус Христос (құдай) жайлы импреияға тараған аңызға сенгендер өздерін христианбыз деп атады. Осыған байланысты христиан діні деген сөз қалыптасты. Б.э. I ғасырының аяқ кезінде Рим империясыныңшығыс провинциаларында христиан діні Иудей сектасы түрінде туды. Христиан дінімде үш ағым (католицизм, православие, протестантизм) мен секталар бар. Діннің етек алуына қарай дін қызметкерлері (священниктер, епископтар, митрополиттер) және шіркеу пайда болды. Христиан діні бара – бара билеуші таптардың идеологиясына айналды. Өмір ауыртпалықтарына көну, құдайға құлшылық ету о дүниедегі рахатқа баратын төте жол дейді. Осылай христиан діні халықты таптық күрестен аулақтауға, белгіленген тәртіпке қарсы шықпауға тәрбиелейді.

Чиновник – патшалық Россия мемлекетіндегі әр түрлі шен дәрежесі бар мемлекет қызметкерлері және сондай – ақ дәрежесі төмен, шені жоқ, мемлекет қызметерлерінің (кеңсе қызметкерлерінің) жалпы аты.

Шаманизм – алғашқы қоғам кезінде пайда болған діни сенімдер, тап пайда болғанға дейінгі діннің бір түрі. Шаманизмге тән белгілер: анимистикалық діни сенімдердің көптігі, дін иесінің өзін - өзі желігу жағдайына келтіріуі, бақсылық, зікір салу, «жын шақыру», желіге бұлқынып билеу, сиқырлық қозғалыстарын жасау, отты айнала секіру, қызған темірді «жалау», рухпен, тәңірмен тілдесу. Шамандық ескінің сарқыншағы болса да Сібір халықтарының өмірінде әлі кездеседі.

Шариат – шариғат (ар. шарил – дұрыс жол, әрекет салты) – шариғат арабша заң қағидалары деген сөз. Мұсылмандардың құран мен сунна қағидаларына негізделген мемлекеттік әдет – ғұрып, азаматтық, праволық заңдырының, салт – жораларының жүйеленген жинағы. Мұның адаттан айырмашылығы дін ғұрпына негізделгендігінде. Шариғат жеке меншікті құдайдың белгілеуімен болған деп үстем таптар мен дін басыларының мүддесін қорғайды.

Шежіре – Шежірені үрім бұтақтың тізбесі деуге болады. Халықтың, ру, тайпалардың шығу тегін, олардың таралуын, үрім бұтақтарын

ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша жеткізетін мәдени – тарихи, ғылыми желі тармақ. Шежіре халықтардың өмір сүру жайын, мәдениетін, тарихын зерттеп білуде маңызды документ болып табылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет