Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1680-1778) аса көрнекті қолбасшы, елші жоңғарларға қарсы азаттық соғысын ұйымдастырушылардың бірі. Баһадүр Бөгенбай мемлекеттік, жалпыұлттық деңгейдегі қайраткер ретінде 1710 жылы Қарақұмдағы бүкілқазақтық Құрылтайда көрінді. Зерттеуші Я.Гавердовский: «Құрылтайға қатысушылардың ішінде әр түрлі көзқарастар болды. Олардың бір тобы үй-күйін тастап, жан-жаққа босып кетпекші болды. Бірақ шешуші сәтте Бөгенбай көптің алдына шығып, ру ақсақалдарының аяғына қылышын қойып, ашуланып жейдесін жыртып: «Жаудан кек аламыз. Қолымызға қару алып, тоналған жайылымдар мен тұтқындалған балаларды қайтарамыз, қарап отыратын уақыт бітті. Қыпшақ далаларының сарбаздары жаудан қорыққан ба?» - деп, сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы Бөгенбай мұндай әрекеттерге тосқауыл қойды» деп жазды. Осы құрылтайда Бөгенбай қазақ жасақтарының басшысы болып сайланады. 1726 ж. жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру мәселесі көтерілген Ордабасы кездесуінен кейін Кіші жүз ханы Әбілқайырмен бірге Бұланты түбіндегі ұрыста жеңіске жетуге басшылық етті. Бөгенбай бастаған елшілік көршілес Қытай, қырғыздармен келіссөз жүргізді. Бөгенбай батыр Абылайды талай жорықтарға ертіп жүріп, мемлекет басқару ісіне баулып, ең соңында хандық билікке ұсынды.
Шақшақұлы Жәнібек – көрнекті қолбасшы, мемлекет қайраткері, жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Абылайды хан көтергенде Орта жүздегі төрт тірегінің бірі ретінде шешуші роль атқарды.
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек.
Орманнан көп Орта жүз, содан шыққан төрт тіректің бірі Жәнібек еді, - деп көрсетеді Бұқар жырау өз толғауларында.
М.Ж. Көпейұлының айтуынша аты аңызға айналған белгілі батыр, қолбасшы Шақшақұлы Жәнібектің басшылығымен Орта жүз жасақтары 1725 ж. Қорғалжын көліне жақын Шұбаркөл ауданында (Орталық Қазақстан) жоңғарларға күйрете соққы берген. Қазақ-орыс қатынастарының дамуына қосқан үлесі үшін патша өкіметінен алғаш тархан атағын алған, Кіші жүз ханы Әбілқайырмен жақын байланыста болғандығы белгілі.
Шапырашты Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781) жоңғарларға қарсы күрескен батыр, Абылайдың ту ұстаушы үш батырының (Бөгенбай, Қабанбай) бірі, он мың әскердің қолбасшысы. Наурызбайдың 1729 ж. жоңғардың белгілі батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тарады. 1750-1752 жылдары ол бәсентиін Малайсары батырлармен жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып, жеңіске жеткен.
Әбілқайыр хан Әз Жәнібектің кіші ұлы Өсеке сұлтаннан тарайтын Абдулла шаңырағында 1693 ж. дүниеге келіп, 1748 ж. әйгілі Барақ сұлтан қолынан қаза тапты. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың кіші әулеттен шыққанына қарамастан хан болып сайлануына оның жоңғарларға қарсы күрестегі ерлігі себепші болды. 1710 ж. Қарақұм құрылтайында да, 1726 ж. Ордабасыдағы ұлы жиында да бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп Әбілқайырды бірауыздан сайлады. А. Левшин: «Кіші жүздің ханы Әбілқайырды бас сардар етіп сайлағанда оны арғымаққа мінгізді, болашақ жеңіс үшін ақбоз атты құрбандыққа шалды. Билер мен хандардың ақ шатырларының алдында, Арғыннан шыққан қарт Бөгенбай жеңіс туын көтертті», - деп суреттейді.
Джон Кэстль: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзді, қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін... Кіші орда оны хан сайлады», - деп хабарлайды. Әбілқайыр хан қазақ мемлекеттілігінде Абылай сияқты хандық пен қолбасшылықты қатар ұстаған жан-жақты ерекше тұлға. Әбілқайырдың батырлығы мен қолбасшылық дарынын ерекше танытқан 1723 ж. Аюке хан басқарған Еділ қалмақтарына қарсы жорық. Онда қазақ жасағы өздерінен 4-5 есе артық қалмақтарды жеңген болатын. 1627-1771 жыл бойы Еділді мекендеген торғауыт қалмақтарға қарсы күреске Әбілқайыр тұтас жарты ғасыр өмірін арнады.
Жоғарыда аталған Әбілқайырдың ұйымдастырушылық қабілеті, қазақ қоғамының және қарсылас жауының ішкі-сыртқы өімірн терең білетіндігі жоңғарларға қарсы күресте өз жемісін берді. 1724 ж. өзінде-ақ Әбілқайырдың басшылығымен қазақтар алғашқы жеңіске жете бастады. Түркістанды қайтарып алды. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін 1725 ж. оның шешімді қимылдарының арқасында 50 мың әскер қолы қайта жиналды. Әбілқайырдың басшылығымен қазақ жасақтары Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам қалаларын азат етуде ерен ерлік көрсетті. Жоғарыда айтылған аты бүкіл қазаққа мәшһүр болған батырлармен тізе қосып қазақ жасақтарын ұрысқа бастаған Әбілқайыр мен Бөгенбай еді.1728 ж. Бұлантыдағы (Ұлытау жотасы, Қарасиыр мекені), Қалмаққырылған және 1730 ж. Аңырақай шайқастарына қолбасшылық Болат ханның қолында болғанымен Әбілқайырдың ұйымдастырушылық қызметі ерекше көрінді. Бүкіл Үш жүздің қолын біріктіруде Әбілқайырдың еңбегі зор.
Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер қазақ мемлекеттілігінің тарихындағы шешуші мәні бар ұлы тарихи оқиға. Әбілқайырдың күреске толы өмірі ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ халқының қилы тағдырына ұқсас. Ол қысқа тарихи мерзім ішінде көпшілікке танымал болып, ең жоғарғы билік шыңына көтерілді. Ол өзінің «басты хан» ретінде тарихи миссиясын орталықтандырылған, күшті, экономикалық жағынан гүлденген Қазақ хандығымен байланыстырды. Оның осы бір жеке басының қасиеттері мен саяси ойлары дәл сол кезеңдегі қалыптасқан жағдайға сәйкес келеті. Алысты болжағыш көрегендік қасиеті Әбілқайырды басқа дала хандарынан ерекшелеп көрсетеді.
Тәуелсіздік жолындағы күрес, терең күйзеліске ұшыраған шаруашылықты жандандыру қажеттілігі ХҮІІІ ғ. 30-50 жылдары қазақ елінің басқарушы тобы алдына мемлекет тұтастығын қалпына келтіру мәселесін үнемі қоюмен болды. Бұл мәселеге байланысты қоғамның саяси өмірінде өзара қарсы бірнеше ағымның қалыптасқаны анық байқалды. Олардың бірі - Сәмеке, Күшік сияқты ірі тайпалық одақтардың басында тұрған хан, сұлтандар саяси бытыраңқылық жағдайды қанағат тұтса, Әбіо\лқайыр хан бастаған екінші топ Ресейдің қолдауына сүйеніп, бүтін хандық билікті қалпына келтіруден үміттенді, ал үшінші – Төле би мен Абылай сұлтан бастаған топ қазақ билеушілерінің арасындағы ала ауыздықты жеңіп, өзара ымыраға келу арқылы жалпыұлттық мемлекеттікті қайта жандандыру жолында тұрды.
2 – дәріс. Қазақ – Ресей қатынастары ( 18ғ. – 19ғ. I – жартысы)
Қарлатын негізгі сұрақтар;
1.Ресей патшалығының Шығыстағы саясаты және Қазақ хандығымен сауда-елшілік байланыстары.
2.Қазақ жерінің Ресей құрамына алыну мәселесі; өз еркімен өту, жаулап алу, отарлау шаралары
3.Ресей патшалығының 18 ғ. Қазақстанда жүргізілген қаттыжәне жұмсақ саясаты
Дәріс мақсаты; тақырып бойынша деректемелік және тарихнамалық тадау
жасау арқылы Қазақ жерінің Ресей патшалығы бодандығын қабылдауы империялық орталық шаралар нәтижелерінен туған үдеріс екенін дәлелді көрсету.
Патшалық, кейінен кеңестік тарихнама Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуін қазақ елі үшін тек жағымды құбылыс ретінде ғана бағалады. Егер алдынғы қазақ халқының Ресей империясының құрамына енуі оның экономикалық және мәдени дамуына әсер етті деп қараса, соңғысы бұл игіліктерге революциялық, социалистік перспективаны қоса атады.Басқа көзқарас пікірге тіпті де орын қалған жоқ – тын. Мәселен, 1994ж. 10 сәуірде Мәскеуде КОКП Орталық комитетінің хатшылары Маленков пен Андреевтің басшылығымен Қазақ ССР тарихын талқылауға арналған тарихшылардың кенесі табылдаған тезисте; Кіші халықтарды үлкен елдердің жаулап немесе қосып алуының қай – қайсысы болмасын обьетивті – прогесшіл факт деп көрсетеді.
1. Ресейдің шығысқа, Орталық Азияға жылжуына түрткі болған оның өнеркәсіптік дамуы, соған байланысты өнім өткізетін рынокқа, шикізат көздеріне т. б. мұқтаждықтары еді. Бірақ Ресей бұл мәселерді шешу үшін Батыс мемлекеттері сияқты алысқа артынған жоқ, іргесінде экономикалық дамуда кенже қалған елдерді жаулап алуға кірісті. Сондықтан да Ресей үшін Қазақстан сияқты елдерді отарлау оның континенттік аумағын одан әрі кеңейтумен бірдей болды.
2. Қазақстан жері империяның құрамына енді, сондай – ақ метрополияның әкімшілік басқару жүйесі оған да таралады.Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер село тұрғындарына теңес тірілді. Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал – губернатор рұқсаты керек болса, ал шіркеулер тұрғызуғамемлекеттің өз мүдделілік танытып, қолдау көрсетеді.
3.Қазақ губернияларын билеуге жіберілген генерал – губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иемденеді. Қазақтар оларды жарым патша атады. 1868 ж. 25 наурызда қабылданған Ереженің 17 – бабы бойынша генерал – губернатор саяси тұрғыдан сенімсіз, зиянды бұратаналарды ішкі істер министерінің келісімімен империяның белгіленген жеріне бес жылға шейінгі мерзімге жер аударуға құқылы болды.
4.1891 ж. 25 наурызда қабылданған Ережеде көшпелілер иемденген жерлер, олардың бар байлығы, оның ішінде орманы мемлекеттің меншігі болып саналады (119 және 120 – баптар) деп көрсетіледі.Бұл қосымша отаршыл әкімшіліке ең құнарлы қазақ жерлерін артық деп жариялап , оларға ішкі Ресей губернияларынан орыс және басқа славян қоныс аударушыларын әкеліп орналастыруға мүмкіндік берді.
5.Қазақстандағы отарлау ісіне әскери қазақтар, орыс помещиктері мен шаруалары, орыс қоғамының басқа да сословиелерді белсене ат салысты. Тек 1917 ж. Қазан революциясы қарсаңында – ақ қазақ жерлерінің 16% - ы (45 млн ға) мұнда келіп орналасқан 1,0 млн. – жуық қоныс аударушыларға өтті. Өз еліндегі жоқшылықтан, помещиктік өктемді ліктен, мемлекеттік биліктен қашқан орыс шаруалары Қазақстанға келіп, енді сол биліктің жергілікті тірегіне айналып, соған байланысты өздерінің аса маңызды мемлекеттік іс атқарып жатқандығын сезіне бастады.Патша үкіметі өлке халқы құрамында жедел түрде славяндық элементтерді көбейте отырып, түптеп келгенде сол арқылы мұнда тереңтамыр жайып, орыс үстемдігін біржолата қамтамасыз етуді көздеді.
6.Ресей үкіметі қазақ халқына қатысты түрлі кемсітушіліктерге жол берді. Мәселен, қазақтардың орыстар мен тең әскери білім алу, әскери қызметке шақырылу құқығы болған жоқ. 1905 ж. қазақтарға берілген Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы 1907 ж. 3 маусымдағы заңы бойынша жойылады.
7.Патшалық биліктің Қазақстанда түрлі мезгілдерде жүргізілген реформалары еш уақытта қазақ қоғаының ішкі сұраныстарына сай келген емес, керісінше Ресейдің мүддесінде сай мазмұнда сырттан, жоғарыдан таңылды.Реформа жөніндегі идея, оны мазмұны мен іске асыру механизмдері ресейлік орталықтарда дарияланды, бұл іске бірде – бір қазақ тартылған емес. Ресей реформаларды іске асыру әдістері бұйрық, зорлық, күштеу болды. Бұл әсіресе орыс билігінің тереңдей ену әрекетіне кезекті қарсылықтан соң анық байқалып отырды. Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық соғысынан (1837 – 1847)соң жүргізілген 1867 – 1868 жж. Реформалардың мақсаты кез келген азаттық үшін ұмтылысқа жол бермеу, оларды бесігінде тұншықтыру болды.Қазақ басқарушы элитасы мен зиялыларын, қоғамның ауқатты бөлігін күшпен жою, ұлттық өмірдің дістүрлі негіздерін әлсірету – міне, бұл 1917 – 1919 жж.. ұлттық мемлекеттік автономия үшін азаттық қозғалысқа берілген саяси биліктің жауап реаксиясы.Экологиялық апат, халықтың бірнеше дүркін қырғын мен қуғын – сүргінді басынан кешіру ,мәдениеттің ұлттық негіздерінің әлсіреуі, ұлттық психалогияның жағымсыз өзгерістерге ұшырауы – міне ресейлік реформаларға халықтың өтімінің толық емес құны осылар еді.
Патша сарйы Әбілхайыр хан елшілігін көңілді қарсы алып, түрлі сый – сияпат көрсетіп, соңында оған Сыртқы істер министрлігінің тілмашы А.И. Тевкелев бастаған Ресей өкілдігін күзетуші әскерімен қосып қайтарады.Тевкевке қырғыз қайсақ ордасын Ресей ықпалына алу жөнінде акт қабылдау тапсырылады. Жазба түрінде берілген нұсқауда егер хан мен жанындағыларды басқа ниет танытар болса, онда Тевкелевке оларды көнілдіру жүктеледі. Татар мырзасы Тевкелев Ресейдің Қазақстан мен қатынасы ісінде жаңа адам емес – тін. Ол кезінде император I Петрдің егер бұл олардың құзырымызға шын кірмек ниеті болмаса... жоқ дегенде бір парақ қағазға түскен уәдесін алсақ та жеткілікті деген тапсырмасын естіген адам еді.
А. Тевкелев елшілігі 1731 ж. 5 қазанда Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе атты жерде отырған хан ауылына жетеді. Алғашқы келіс сөздерге – ақ Әбілхайыр ханның өтірігі шыға бастайды. Ол жөнінде Рычков; Тевкелев ордаға келгенде халық ханға мұндай мәселені бізбен ақылдаспай жалғыз шештің деген мағынада көптеген ауыр айыптаулар тағып, соған байланысты аса зор кедергілерге жолықты –деп жазды. Тевкелев ханнан мұндай өтінішті жек өзі емес, жалпы қазақ жұртының атынан неге жасағандығын түсіндіруді сұрайды. Хан ондай қадамның өтініш тек жеке өз атынан ғана жасалса, патшаның қанағаттандырмай тастауы мүмкін – ау деген қауіптен туған шара екендігін айтады.
Әбілхайыр хан Ресей патшасына өтініш жасау себептерін де айтады. Олар, біріншіден, ел ішінде беделден айырылған хандық билікті орыс патшасының қолдауына сүйене отырып қайта жандандыру ниетінің бар екендігі және екіншіден, орыс әкімшілігінен қазақ әскерлерінің, башқұрт пени қалмақтардың қазақ ауылдарына шабуылына тыйым салуды өтініп, сол арқылы қазақтарға негізгі қарсыласы жоңғар қалмақтарымен күресуге мүмкіндік әперу еді.
1731 ж. 7 және 10 қазан күндері хан үйінде Тевкелевтің би және батырлармен кездесулері өтеді. Алғашқы жүздесуде Тевкелевтің орыс патшасы қырғыз – қайсақ қолдарына қолдау көрсетіп, сіздердің өз өтініштеріңіз бойынша Ресей қол астына алуға бұйырды деген сөзіне жиналғандар жауап берместен, елшіні орналасқан үйіне қайтарып, соңынан өлтірмек болады. Екінші кездесуде жиналғандардың басым бөлігі ашулы сөйлеп ешкімнің де қол астында болуға мұқтаж емес екендіктерін, ханға орыс патшасы мен тек әскери одақ құру құқын бергендіктерін мәләмдейді. Дегенмен соңғы кездесуде Бөгенбай батырдың ықпалымен ханнан басқа 29 ел билеуші билер тобы патша әкімшілігі дариялаған грамотаға қолдарын қойып, ант береді.
Сәл кейінірек, яғни 1731 ж. желтоқсанында Тевкелев Кіші жүздің тағы біраз сұлтандарының, сондай – ақ Орта жүздің бір бөлігі билеушілердің антын қабылдайды. Орта жүздің басым бөлігінің билеушілері ант беруден бас тарты. Ал ұлы жүзбен бұл жолы ешқандай байланыс жасалынбай.
Грамота бойынша оған қолын қазақ билеушілері мынадай міндеттермен алды; Ресей империясының шығыс шекерасын қазақ елі мен көрші халықтардың шабулынан қорғау; қазақ даласы арқылы Орта Азия хандықтарына өтетін ресейлік көпестердің сауда керуендерін қорғау; тері және бағалы елтірі түрлінде алым төлеу; қажет болған жағдайда патша әскеріне қосымша әскер үшін беру.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. 1714 – 1720 ж ж. патша үкіметінің Ертіс бойында әскери бекіністер салудағы басты мақсаты не? 2. 1730 жылы Кіші жүз ханы Петербургке елшілікті қандай мақсатпен жіберді? 3. Әбілхайыр ханың Кіші Жүзді Ресейге бодан етуін Жеке бас мүддесін ойлағаннантуындаған әрекет деп бағалаған орыс зерттеушісі кім? 4.1738 – ж. Орынборда қазақ сұлтандарының I – сьезін, 1740 ж. II – сьезін өткізген кім еді және не себептен жинады?
Дәріс мақсаты: деректемелік және тарихнамалық талдау жасау арқылы Қазақ жерінің Ресей патшалығы болғандығына алғаш өткен кездегі Абылай сұлтан – ханның Қазақ –Жоңғар, Қазақ – Қытай және Орта Азия хандықтарымен қарым – қатынас орнатып, орталық шараларға қарсы бірлесе қарсы тұру, тәуелсіздігін сақтап қалу жолындағы қызметін дәлелді көрсету.
Абылай (Әбілмансұр) – аса ірі мемлекет қайраткері, қолбасшысы, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұрпағы. Есім хан, одан Салқам Жәңгір осы Жәңгір ханның төттінші ұрпағы Көркем Уәли, оның ұлы Әбілмансұр. Ол Ақтабан шұбырында тұсында жетім қалып, Төле бидің қолында болып тәрбие алды. XVIII ғ. 50 жылдарының екінші жартысындағы қалмақ трагедиясында белсенді түрде араласа отырып, Абылай төніп келе жатқан қытай басқыншылығына ойрат және басқа шығыстүркістандық халықтармен бірге қарсы тұру бағытын ұстанды. Абылай бастаған қазақ жасақтары 1756 ж. жазда қытай басқыншыларына тойтарыс берді. Орта жүздің билеушісі ретінде Әбілмімбет ханмен бірге 1740 ж. Орынборда Ресей билігін мойындап, ант береді. Бұл артын 1762 ж. қайталайды.Ол XVIII ғ. Орталық Азия қалыптаса бастаған жаңа геосаяси жағдайда қазақ қоғамның Ресей және Қытай империяларымен қатынаста ұстануға тиіс саясатының мазмының анықтап берген алғашы қайраткер.
Абылай сұлтан тұтқында екі жылға жуық мерзім болып, орыс әкімшілігінің араласуымен және Әбілмәмбет хан өз ұлына Абылай сұлтанның орнына аманатқа жіберген соң ғана бостандықа шығады.Абылай сондай – ақ жеке ерлік қасиетімен, мемлекеттік қайраткерге лайық ақылмен Қалдан Серенге үлкен әсер етіп, қонтайшы сұлтанды еліне қайтарар алдында екеуі Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы бейбітшілік туралы бітім шартын жасасады.
1755 Ж. Ерте көктемінде Цинь империясының әскері ойраттардың ішіндегі ала ауыздықты пайдаланып, Жоңғар хандығына басып кіреді. Жазға қарай жоңғарларды тыныштардыру аяқалады. Жоңғар ханы Дабашы тұтхынға алынып, Пекинге жөнелтілнді. Дабашыны құлату үшін қытай әскерін бастап келген Әмірсана, енді ойратты циндерге қарсы көтеріліске шақырады,бірақ қолдау таба алмай, қазақ жерін, Абылай сұлтанға келіп паналайды.Көп ұзамай, яғни 1756 ж Абылай сұлтанға Цинь елшісі келіп, Әмірсананы ұстап керуге талап етеді, бірақ Абылай елшіліктің өтінішін орындаудан бас тартып, ойраттардың ұлт – азаттық күресі жағында екендігін танытады.
1757 ж. Жоңғарияның Цин әскеріне қарсы көтерілісі біржола жеңіліс тапты. Жоңғар хандығы өмір сүруін тоқтатты. Оның осы мерзімдегі 600 мыңдай халқынан 30 – 40 мыңы ғана көрші елдерге бас сауғлап тірі қалды. Жоңғар хандығының жойылуына әкелген факторлар: ішкі, билікке талас және сыртқы, қытай әскерлерінің шабуылды.
Жоңғар хандығын ойрандаған Цин үкіметі енді Қазақстанмен шекарасын анықтау әрекетіне көшеді. 1755, 1756 жж. Абылай сұлтанның ауылына Цинь елшілігі екі мәрте келіп, иператордың хатын тапсырады. Қытайлықтар Жоңғар хандығының барлық мұрасын, соның ішінде ойраттардың бұдан бұрын қазақтар мен қырғыздардан тартып алған жерін де иемденбек ниетін білдіреді. Алғашында бұл пікірге қарсылық білдіріп, ойраттардың азаттық қозғлысына ашық қолдау көрсеткен Абылай 1757 ж.күзінде император Цяньлунге Шағыр және Өміртай бастаған он бір кесілік елшілік атандырып, екі ел арсында бейбітшілік қатынас орнату жөнінде келісім – шарт жасасуды ұсынады.Қазақ елшісімен әңгіме кезінде император Цяньлун: егер Цин империясы Ресеймен соғысқа қалған жағыдайда қазақтар қай жағына көмектеседі ? – деген сұрау қойып оған қазақ клшісі; Сіздер сияқты ақсүиек патшалар өзара соғысып жатса, біз сияқты кішкентай елдің ондай іске араласпағаны жөн шығар, ордай жағыдайда біз бейтарап қаламыз, - деп жауып қайтарады.
1808 ж. Ташкентті Қоқан ханы Әлім ханы басып алады. Әлім хан қазақ елін Жүніс қожа тұсында орыққан тәртіп арқылы басқаруды жөн көрді. Ол қазақ рубасыларын өзіне шақырып алып, олардың арасынан билер тағайындап, атқаратын міндеттерін белгілеп, елдеріне қайтарды. Сөйтіп, ендігі уақытта Ұлы жүз қазақтары Қоқан хандығына бағынышты болды.
Қоқан бтлігі қазақтарға Жүніс қожа билігінен анағұрлым ауыр тиді. Зект пен хараж салықтарын жинау барыснда хан әкімшілігінің адамдары түрлі сорақылықтарға, зорлыққа қол берді. Шыдамы таусылған халық салық төлеуден бас тартып, 1809 ж. қысында Әлім хан қазақ ауылдарын жазалау үшін Шымкент пен Сайрамға үлкен әскер шығарады. 1809 ж. көктемінде Әлім ханды қарсыластары тақтан түсіріп, өлтіреді. Дегенмен оның әскерлері бұған дейін біраз қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап, көптеген адамды тұтқынға алып, біразын өлтіріп үлгерген еді. Ташкент бастап Түркістан және Әулиеата аралығындағы халық ойранға ұшырады. Қоқан хандарының билігі солтүстік – батыста Қармақшы елді мекеніне жетіп, шығыста Іле бойына шейін созылды. Осы екі арада Қоқан хандығы Ақмешіт, Мереке, Пішпек, Таушыбек сияқты және басқа бекіністер салды.
Модуль 2. XҮIII – ғ. мен – XIX – ғ. I – жартысындағы қазақ қғамы
1 – дәріс: Қазақ хандығының саяси - әлеуметтік және экономикалық сипаты
Дәрәсте қаралатын негізгі сұрақтар:
1.Қазақ қоғамындағы феодалдық бытыраңқылық: себеп салдарлары
2.Мал шаруашылығы, көші – қон жолдары. Егіншілік,қолөнер , кәсіпшіліктер
3.Сауда байланыстарындағы өзгерістер. Товар түрлері.
4.Салық – төлем түрлері. Әлеуметтік құрылым.
Дәрістің мақсаты: Қазақ халқының бодандықтан бұрынғы және Ресей құрамы на өткеннен кейінгі саяси, әлеуметтік – эконмикалық жағдайына сарптау жасау 1723 ж. жоңғар халмақтарының басқыншылығы, қазақтардың Түркістаннан айырылуы, атамекен жерін тастап шұбырындағыұшырауы ұлттық санаға үлке соққы болып тиді. Топы ақын өінң Ақтабан шұбырында тоғауында:
Ұмытпа, қазақ, Алаш ұранынды,
Ойыңнан үзбе, халқым, құраныңды.
Артыңа өлгендерін өсиет қыл
Халық боп Қаратауда құралуды, -
деп, сол тарихи кезеңдегі қоғамдық санадағы ортақ ойды білдірді.
XVIII ғасырдағы құба қалмақпен қытайлармен, қырғыздармен соғыс – қақтығыстарда бүкілқазақтық мүддені қорғаушы атақты батырлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжал Барақ, Ошақты Саурық, Шапырашты Наурызбай, Сіргелі Елшібек, Томаша, Жаулыбай, Шаныщқылы Бердіқожа, Алшын Тайлақ, Есет, Сырлыбай, Бәсентиін Малайсары,Керей – Уақ Баян, Өтеген, Қожаберген, Матайдан Бөрібай,Шонай, Тауасар, Балталы – Бағаналыдан Оразымбет,Баянбай, Тарақты Байғозы, Қыпшақ Дәрбісәлі, т. б. шыққан еді. Бұқар жырау Бөгенбай батырдың өлімін Абылай ханға естірте келіп, батырдың өмір жолына мынадай баға береді:
Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Алашың абырой - атына
Сарып қылған ар күшін
Қарияң келіп жылап тұр,
Еңбегі сіңген ер үшін !
Егер батырлықтың негізгі өлшемі батырдың өз руы мен тайпасын ғана емес, жалпы ұлтын, Отанын қорғау болса, жырау толғауы мен би кесімінде жалпыұлттық мүдде рулық, жүздік мүддеден жоғары қойыла бастайды. Міне осы рухани өмір фактілері халықтың ішкі өмірінде болып жатқан сапалы өзгерістердің көрінісі болатын. Қазақ елі түрлі ауыртпалықтарға қарамастан ұлттықұю және кемелдену жолынан ауытымады.
Ақтабан шұбырынды оқиғасы көшпелі мал шаруашылығына сүйенген экономикалық әлсіз жақтарын көрсетіп, оны реформалау қажеттігі туралы мәселе қойды. Мәшhүр Жүсіп Көпеев Төле би заманында 22 наурызды Жаңа жылдың басы ретінде қарсы алу, осы күннен егіншілік қамына кірісудің қазақ арасында дәстүрге айналғандығын жазады.Тура осы мазмұндағы пікір Абылай ханда ұсынады.Ол Қалдан Серенмен болған әңгімеде қазақ орнықпай жүрген ел еді,бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем армансыз болар едім деген ойын бідіреді.
XVIII ғасырдың соңындағы саяси жағыдай . Ресей империясымен ардағы шекара XVIII ғасырдың орта тұсындағыдай Жайық, Ой Ертіс арқылы өтті. Оңтүстік шығыста қазақ иеліктері Іле Алатауына жетті, Қытай билігіне Ұлы жүз қазақтарының шығыс аудандары ғана қарады, ао оның басым бөлігі, яғни батыс аудандары тәуелсіздігін сақтады.Орталық Азия хандықтары, Ресей және Қытай сияқты көрші мемоекттер қазақ елінің өзін -өзі қорғай алатын мемлекет қуаты жоқтығын, сондай – ақ ішкі ала аузындығын пайдаланып қазақ жерін бөліске салу ниетімен нақты әрекеттерге көше бастады. Қазақстанға бойлай ену мақсатында патша үкіметі әскери бекіністер тізбегінсалуды одан ары жалғастырды. XIX ғ. басында бұрынғы бекістер тізбегіне 19 бекіністен тұратын Жаңа Елек тізбегі қосылады. Бұл тізбек арқылы патшалық билік Қазақстаннан су мен шұрайлы жайылымға бай көлемі 750 мың гектарлық үлкен аумақты бөлініп тастады.
2 – Модуль. 3 – дәріс: Қазақстанда саяси хандық биліктін тоқтатылуы . Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғлтуы Дәрістің негізгі сұрақтары: 1. Барон О.А. Игельстромның реформасы және оның сәтсіздіке ұшырауы 2.Орта жүзде хандық билікті жою шараларының себептері. 1822ж. 1838, 1844, 1845 жылдардағы ережелер өзгерістері. 3.Кіші жүзде хандықты тоқтату . 1824 ж. Орынбор қырғыздарын басқару туралы ереже және 1831, 1838, 1844 жылдағы ережелер өзгерістері Дәрістің мақсаты: Қазақстандағы мемлекеттің негізгі юолған хандық биліктің тоқтатылу себептерін ашу және патша үкіметінің енгізген жаңа саяси - әкімшілік басқару жүйесінің мақсаты мен сипатын көрсету.
Жаңа басқару жүйесін енгізу үшін 1785 ж. генерал – губернатор Игельстром патшалық билік орындарына Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Рубасынларынан құрған расправлар өз ретінеде Шекаралық сотқа бағынуға тиіс еді. Ресей үкіметі Игельстром ұсынын қабыл алып 1786 ж. Орынборда Шекаралық сот ашалып,ал 1887ж. Кіші жүздің негізгі руларын қамтыған төменгі сот орындары – расправалар ұйымдастырылатын болды. 1791 ж. өмірден қайтқан Нұралы орына інісі Ералы хан сайланды. Бірақ ел арасында жеккөрінішті сұлттанның таққа отыруы хандық биліктің мбеделін көтере алған жоқ. 1794 ж. Ералы хан өмірден өтті. Есім хан тұсында хандық хандық билік пен рубасылары арасындағы егес тереңдей түсті.1797 ж. күзде жаңа хан тағайындалады. Патшалық биліктің тұрақты қолдауына сүйеніп, қазақ қоғамның орыс билігіне тәуелділігінкүшейте түскен сұлтандар партиясын Сырым батыр бастаған азаттық қозғалыс жолында тұрғандар жеңе алған жоқ. Батыр Хиуа хандығы тарапына ығысуға мәжбүр болып, сонда 1802 ж. опат болады.Ауылдары қазақ арасынан сайланатын старшындар басқарды. Сібір қазақтарды жөніндегі Жарғы жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішінде аса қауәпті деп санаған мемлекеттік сатқындық, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, істер билер соты қарамағнынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқығы бар. Ал бұл мәселені қаруда облыстық басшылық та қазақтың әдеттігі құқын негізге салуға тиістін. 1824 жылғы Орынбордағы қазақтары жөнінде Жарғы, яғни кіші жүзге байланысты Орынбор генерал – губернаторы Эссен даярлатқан осындай ережені азиялық комитет 1824ж. қабылдады.Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды. Кіші жүздің соңғы ханы Серғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комисияға шекараға қызметке қалдырылды. Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік - Байлы рулары, орта бөлік - Жетіру жіне Әмірұлы бұтағының аз бөлігі; щығыс бөлік - негізінен Әмір бұтағы сондай – ақ Қыпшақ және Арғын тайпалары араласқан бөлік.Атқарған міндетті тұрғысы нан алғанда бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комисиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы – сұлтан кеңсесінін жанында офицер басқарған қазақ әскери бөлімі орналасты.
Достарыңызбен бөлісу: |