Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих филология факультеті
Тарих және философия кафедрасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
050114 ТАРИХ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
СЕМЕЙ 2010
Құрастырушы: Мұхамеджанова Р.Ж. , тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және философия кафедрасының доцент қызметін атқарушы
№___хаттама «____»_09_____2009 ж. кафедра отырысында бекітілген
Кафедра меңгерушісі, доцент _____Сайлаубай Е.Е.
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде «__»__ 2009 ж. бекітілген.
№__1__ хаттама
ОӘК төрайымы ______________ п.ғ.к., доцент Тохметова Г.М.
Тарих факультетінің ғылыми кеңесінде « __» ___2009 ж. бекітілген
№____хаттама
Тарих – филология факультетінің деканы _____________ доцент Адильбаева А.С.
Мазмұны
Глоссарий.....................................................................................................4-18
Пән бойынша жұмыс бағдарламасы ................................................... 19-46
Қысқаша дәрістер мәтіні ....................................................................... 47-114
Семинар сабақтары.................................................................................. 114-117
ОжСӨЖ тақырыптарының тізімі......................................................... 118-119
СӨЖ............................................................................................................ 119-120
Тест тапсырмалары мен емтихан билеттері .......................................
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Азан – (арабша жариялау, шақыру деген мағынада) – Ислам дінінде міндетті бес уақыт парыз ретінде оқылатын намаздың мезгілдерін жариялау және соған шақыру. Азаншы мешіттерде биіктеу жерде тұрып азан айтып, адамдарды намазға шақырады. Балаға ат қоярда дауыстап айтылатын намаздың кіріспе бөлімі.
Азамат – заңда белгіленген кәмелеттік жасқа жеткен, барлық право және бостандықтармен пайдаланатын, қоғам, мемлекет алдындағы міндеттерді өтейтін адам. Азамат белгілі бір мемлекетке жатады және сол мемлекеттің қоластындағы адам болып табылады.
Азаматтық правосыздық – адамның ешбір мемлекетте азаматтық правосының жоқтығы. Ол қайсібір адамның бір мемлекетте азаматтығынан айырылып және оны басқа мемлекеттен ала алмаған кезінде туады. Азаматтық правосыздық күйге ұшыраған адамдар (апатридтер) өзінің барған елінің заңдарына бағынады. Солай балса да ол елдің азаматтарына берілетін праволарымен пайдалана алмайды. Және де шет мемлекет тарапынан қорғау болмайды.
Аймақ – 1. Қандай да бір территорияның бөліктерге бөлінуі, бірақ ол көбінесе көлемді территория болуы керек. Қазақ тілінде аймақ өлке, облыс, мекен, айнала мағынасында қолданылады.2. Түркі, монғол, бурят, тұңғыс – маньчжур тілдерінде ру, тайпа, аудан мағынасындағы сөз. Негізгі әкімшілік-территориялық бөлік.3. Орта ғасырдағы феодалдық әкімшілік-территориялық облыс немесе ірі феодалдық жер иелігі.
Ақсүйек – 1. Феодалдық қоғамдағы қазақтың пұрсатты табының жоғарғы тобының (хан, сұлтан, бек, ірі феодал, әкімдер) өкілдері. Олар өздерін «ақсүйекпіз» деп атаған. 2. Грецияда (б.з.д ҮІІІғ.) мемлекеттік өкіметті басқарудың бір түрі. Шонжар адамдар өздерінің басқарушыларын аристократия (ақсүйек) деп атаған. Ол «таңдаулылар өкіметі» дегенді білдіреді. Осыдан «аристократия» деген сөз шыққан. Бұл шонжарларға байланысты айтылады. Бүгінгі шонжарлар - ірі феодалдар, капиталисттер.
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» - 1723 жылдың көктемінен 1730 жылға дейінгі аралықта жасаған жоңғарлардың шабуылы қазақ халқы тарихында ауыр кезең болды. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аудандарына басып кірген жоңғарлар халықтың мал мүлкін тонап, ер, әйел, бала демей мыңдаған адамды айдап әкетті. Қырып жоя отырып, қазақтарды Талас аймағына ығыстырды. Ес таппай, мал-жанын тастап, қырғынға ұшырап, босқан халық Сырдарияға, Самарқанға қарай ағылды. Бұл оқиға «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген ат алды.
Алым – (оброк) – феодалдық Европада шаруалардың өз шаруашылығында өндіретін өнімдер мен бұйымдарды өз мырзасына төлем түрінде беруі. Товар – ақша қатынасының дамуына байланысты алым кейін ақшалай төленетін болды. Патшалы Россияда алым (салық) шаруалар мен мещандардан өндірілді. Қазақстанда алым заттай төленді.
Алтын Орда – ХІІІ ғ. 40-жылдары Батый орнатқан феодалдық мемлекет Алтын Орда деп аталды. Астанасы – Еділ бойындағы Астраханға таяу Сарай Бату қаласы, кейінгі астанасы Жаңа Сарай Бату қаласы болған. Алтын Орда қоластына Орта Азияның бір бөлігі, Қазақстан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Днепр бойының көп жері, Еділ Болгариясы, Солтүстік-Шығыс Руь Батыс Сібір қарады. Монғол татарлары халықтан ауыр алым-салым алды, ел талан-таражға түсті. Монғол татар езгісі-200 жылдан аса уақытқа созылды. ХҮ ғ. Алтын Орда Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан, т.б. хандықтарға ыдырады.
Араттар – Монғол Халық Республикасындағы, Қытайда орналасқан Монғол аудандарында мал өсірушілер және Тува АССР-індегі шауалар.
Аңырақай – Балқаш көлінің оңтүстік шығысына таяу Итішпес көлінің маңындағы Аңырақай деген жерде 1730 жылы көктемде шайқас болды. Бұл ұрыста Ақтабан шұбырындыдан кейін біріккен үш жүздің жасақтары жоңғар басқаншыларына күйрете соққы берді. Бұл өзінше қазақтың Куликовасы еді. Арендатор – белгілі бір мүлікті (үй, кәсіпорын, жер, кен, т.б ) уақытша арендаға (жалға) пайдалануға алушы адам. Арендатор аренда берушіге тиісті келісім бойынша ақысын төлейді.
Әлеуметтік – қоғамдық; қоғам өмірімен, оның таптарына, әлеуметтік топтарына, қоғамдық қатынастарына байланысты, қоғамдық құрылымына, құбылыстарына қатысты ұғым. Мысалы, әлеуметтік революция немесе әлеуметтік процесс десек қоғамның үдемелі даму мағынасын білдіреді.
Әлеуметтік өзгерістер – қоғамдық құрылысқа қатысты өзгерістер. Қоғамдық құрылысты қайта құруға байланысты өзгерістер.
Әлеуметтік реформалар – еңбекшілердің хал-жағдайын біраз жақсарту немесе қоғамдық тәртіп-реттілік не мекемелер жұмысын көтеру мақсатымен жоғарғы үкімет орындарының заң шығару жүйесінде жүргізген өзгерістері. Абыздар (жрецы) -1. Абыздар алғашқы дін тараған кезде шыққан. Олар құлдық қоғамда үстем тап өкілдерінің қатарында болып, топ құра отырып, дінге табынатын орындарда дін уағыздарын таратты, діни мәселелерге талдау жасау,дін жораларын орындау арқылы байыды. Абыздардың кейде мемлекеттік өкіметті қолына алған кезі де болды. Мысалы: ертедегі Египетте, Қосөзенде, Мексикада, т.б. Демек, абыздарда үлкен саяси рөлі атқарған адамдар тобы болды.Абыздықтың бүгінгі дінмен, дінбасыларымен сабақтастығы бар. 2. Абыздар білгір, көреген, тасаттық беруші, құрбандық шалушы мен құдайдың арасындағы делдалмын дегенді білдіреді.
Азан – (арабша жариялау, шақыру деген мағынада) – Ислам дінінде міндетті бес уақыт парыз ретінде оқылатын намаздың мезгілдерін жариялау және соған шақыру. Азаншы мешіттерде биіктеу жерде тұрып азан айтып, адамдарды намазға шақырады. Балаға ат қоярда дауыстап айтылатын намаздың кіріспе бөлімі.
Азамат – заңда белгіленген кәмелеттік жасқа жеткен, барлық право және бостандықтармен пайдаланатын, қоғам, мемлекет алдындағы міндеттерді өтейтін адам. Азамат белгілі бір мемлекетке жатады және сол мемлекеттің қоластындағы адам болып табылады.
Азаматтық правосыздық – адамның ешбір мемлекетте азаматтық правосының жоқтығы. Ол қайсібір адамның бір мемлекетте азаматтығынан айырылып және оны басқа мемлекеттен ала алмаған кезінде туады. Азаматтық правосыздық күйге ұшыраған адамдар (апатридтер) өзінің барған елінің заңдарына бағынады. Солай балса да ол елдің азаматтарына берілетін праволарымен пайдалана алмайды. Және де шет мемлекет тарапынан қорғау болмайды.
Аймақ – 1. Қандай да бір территорияның бөліктерге бөлінуі, бірақ ол көбінесе көлемді территория болуы керек. Қазақ тілінде аймақ өлке, облыс, мекен, айнала мағынасында қолданылады.2. Түркі, монғол, бурят, тұңғыс – маньчжур тілдерінде ру, тайпа, аудан мағынасындағы сөз. Негізгі әкімшілік-территориялық бөлік.3. Орта ғасырдағы феодалдық әкімшілік-территориялық облыс немесе ірі феодалдық жер иелігі.
Ақсүйек – 1. Феодалдық қоғамдағы қазақтың пұрсатты табының жоғарғы тобының (хан, сұлтан, бек, ірі феодал, әкімдер) өкілдері. Олар өздерін «ақсүйекпіз» деп атаған. 2. Грецияда (б.з.д ҮІІІғ.) мемлекеттік өкіметті басқарудың бір түрі. Шонжар адамдар өздерінің басқарушыларын аристократия (ақсүйек) деп атаған. Ол «таңдаулылар өкіметі» дегенді білдіреді. Осыдан «аристократия» деген сөз шыққан. Бұл шонжарларға байланысты айтылады. Бүгінгі шонжарлар - ірі феодалдар, капиталисттер.
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» - 1723 жылдың көктемінен 1730 жылға дейінгі аралықта жасаған жоңғарлардың шабуылы қазақ халқы тарихында ауыр кезең болды. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аудандарына басып кірген жоңғарлар халықтың мал мүлкін тонап, ер, әйел, бала демей мыңдаған адамды айдап әкетті. Қырып жоя отырып, қазақтарды Талас аймағына ығыстырды. Ес таппай, мал-жанын тастап, қырғынға ұшырап, босқан халық Сырдарияға, Самарқанға қарай ағылды. Бұл оқиға «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген ат алды.
Алым – (оброк) – феодалдық Европада шаруалардың өз шаруашылығында өндіретін өнімдер мен бұйымдарды өз мырзасына төлем түрінде беруі. Товар – ақша қатынасының дамуына байланысты алым кейін ақшалай төленетін болды. Патшалы Россияда алым (салық) шаруалар мен мещандардан өндірілді. Қазақстанда алым заттай төленді.
Алтын Орда – ХІІІ ғ. 40-жылдары Батый орнатқан феодалдық мемлекет Алтын Орда деп аталды. Астанасы – Еділ бойындағы Астраханға таяу Сарай Бату қаласы, кейінгі астанасы Жаңа Сарай Бату қаласы болған. Алтын Орда қоластына Орта Азияның бір бөлігі, Қазақстан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Днепр бойының көп жері, Еділ Болгариясы, Солтүстік-Шығыс Руь Батыс Сібір қарады. Монғол татарлары халықтан ауыр алым-салым алды, ел талан-таражға түсті. Монғол татар езгісі-200 жылдан аса уақытқа созылды. ХҮ ғ. Алтын Орда Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан, т.б. хандықтарға ыдырады.
Аңырақай – Балқаш көлінің оңтүстік шығысына таяу Итішпес көлінің маңындағы Аңырақай деген жерде 1730 жылы көктемде шайқас болды. Бұл ұрыста Ақтабан шұбырындыдан кейін біріккен үш жүздің жасақтары жоңғар басқыншыларына күйрете соққы берді. Бұл өзінше қазақтың Куликовасы еді.
Араттар – Монғол Халық Республикасындағы, Қытайда орналасқан Монғол аудандарында мал өсірушілер және Тува АССР-індегі шауалар. Арендатор – белгілі бір мүлікті (үй, кәсіпорын, жер, кен, т.б ) уақытша арендаға (жалға) пайдалануға алушы адам. Арендатор аренда берушіге тиісті келісім бойынша ақысын төлейді.
Әлеуметтік – қоғамдық; қоғам өмірімен, оның таптарына, әлеуметтік топтарына, қоғамдық қатынастарына байланысты, қоғамдық құрылымына, құбылыстарына қатысты ұғым. Мысалы, әлеуметтік революция немесе әлеуметтік процесс десек қоғамның үдемелі даму мағынасын білдіреді.
Әлеуметтік өзгерістер – қоғамдық құрылысқа қатысты өзгерістер. Қоғамдық құрылысты қайта құруға байланысты өзгерістер.
Әлеуметтік реформалар – еңбекшілердің хал-жағдайын біраз жақсарту немесе қоғамдық тәртіп-реттілік не мекемелер жұмысын көтеру мақсатымен жоғарғы үкімет орындарының заң шығару жүйесінде жүргізген өзгерістері.
Әулет - 1.Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс, үрім-бұтақ, өрен-жаран. 2. Бір тектен шыққан билеушілердің мұрагерлік жолмен бірінен соң бірі өкімет басына келіп, ұзақ жылдар отыруы. Әулет бір рудан шыққан билеушілерге де айтылады. Әулет құл иеленушілік құрылыскезінде қалыптасқан, Совет өкіметі кезінде жаңа мағынаға ие болды. Мәселен, малшылар әулеті, металлургтер әулеті, т. т.
Баба – қазақ және түркі халықтарына әкесінің атасын арғы атасын баба дейді. Баба түпкі атаны білдіретін ұғым. Кейде туыс болмаса да ауыл-аймақта ақыл –парасатымен жұрт таныған, жұртшылық қадір, құрмет тұтатын қария кісіні де баба деп атайды.
Баға – товар еңбек өнімі құнының ақшалай көрсетілген көрнісі немесе ақша түріндегі товардың құны. Әр товардың бағасы керексіну мен ұсынуға қарай бағаның товар құнынан жоғары не төмен болуы мүмкін. СССРО-бағаның жоспарлы бірыңғай жүйесіне; сатып алатын баға, көтерме баға, бөлшек сауда бағасы кіреді.
Баж салығы – 1.Ертедегі Грецияда портқа алып келген товарлары үшін саудагерлердің төлейтін сауда алымы. 2.Шетке шығарылатын және шет елдерден әкелінетін товарлар мен мүліктерден, т. б. алынатын мемлекет салығы.
Бай- Қазақтың патриархалдық- феодалдық қоғамындағы негізгі үстемдік етуші тап. Байлар шұрайлы жерлер мен көп малға иелік етті.Кедейлерді,жалшыларды қанады, жұмыс істетті. Байлар қатарына сұлтандар, мешіт ұстаушылар, қажылар, би-болыстар жатады. Қазан социалистік революциясынан кейін Қазақстанда байлар тап ретінде жойылды.
Сондай-ақ революцияға дейінгі Орта Азия мен Алтайдағы көп малды адамдар мен саудагерлер бай деп аталды.
Батыр – жауынгерлік және әскери жорықтарда ерекше жеке ерліктер көрсеткен, ер жүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ.
Гегемония (гр. hegemonia – басымдылық, басшылық, үстемдік, біріншілік) – белгіолі бір таптың немесе мемлекеттің басқа таптардан, мемлекеттерден басым болуы, басшылық етуі, жетекшілік ролі. Мысалы, пролетариаттың революциялық күресте, жаңа қоғам құруда өзіне мүдделес таптармен, қоғамдық әлеуметтік топтармен одақтасуы және оларға басшылық жасаудағы ролі.
Генерал (лат. Generalis – жалпы басшы) – Армия мен соғыс теңіз флотында, әуе флотында жоғары офицерлік әскери атақ немесе жоғары офицерлік шен және сол атақтың иесі. Генералдық атақтың бірнеше дәрежесі болады. Мысалы, генерал – майор, генерал – лейтенант, генерал – полковник, армия генералы.
Генерал – губернатор – 1. Патшалық Россия тұсында бір немесе бірнеше губернияны әскери және азаматтық әкімшілік жағынан билеуші, әрі басқарушы жоғары қызмет адамының лауазымы. 2. Британия колонияларына, иеліктеріне, ұлттар бірлестігі мемлекеттеріне Ұлы – британия үкіметі тағайындайтын жоғарғы өкіл.
Гимназия – бір қатар шет елдердегі және революцияға дейінгі Россиядағы жалпы білім беретін орта оқу орны.
Грамота – 1. Аранайы жазба документ. Россияда патшаның жерді, сарайды т.б. мүлікті сыйға беруі, қызмет үшін жалақы ретінде берілген жер, атақ, шен, сатып алу, помесьте айырбыстау, холоптарды, шаруаларды мануфактура жұмысына беру немесе шаруаларға еркіндік беру, келісім, мұра т.б. жөніндегілерді бекітетін жазба документ. 2. Ерекше еңбегі немесе оқуда озаттығы үшін берілетін мақтау қағаздары. 3. Мемелекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарда өкілдерге берілетін сенім грамотасы.
Граф (нем. graf) – орта ғасырлардағы Европада корольдың аймақты басқаруға қойған адамы. Граф халықтан салық жинады, әскери отрядтарын және сотты басқарды. Кейіннен ол ірі феодалға айналды. Граф ұрпақтан ұрпаққа берілетін дворяндық атақ.
Губерния – паташалық Россияда 1708 жылдан аьстап құрылған негізгі әкімшілік территориялық бөлік. Ол уездерге бөлінді. Кейбір губерниялар генерал – губернаторлық басқаруына біріктірілді. 78 губернияның 25 – і революция қарсаңында Польшаға, Финляндияға, Балтық мемлекеттеріне кетті. 1917 – 23 жылдары ССРО – да 26 губерния болып қайта құрылды. 1923 – 29 жылдарда губерниялар орнына өлкелер мен облыстар құрылды.
Демократияландыру – мемлекеттік, қоғамдық құрылысты демократиялық принциптер жолымен ұйымдастыру, орнықтыру және демократиялық шараларды жүргізу. Демократияландыру – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық салалардағы правалары мен бостандығын жүзеге асыру.
Депутат (лат. Deputatus – уәкіл) – ССРО – да одақтас, автономиялы республикалардың жергілікті және Жоғары Советтерінің халық депутаттығына 18 жасқа толған, ал ССРО Жоғарғы Советіне 21 жасқатолған азамат жалпыға бірдей сайлау правосы негіізнде сайлана алады. Депутат
өкіметтің жоғарғы органына өкілетті мүше болып сайланған адам.
Дулыға – темір қалпақ. Батырлардың жорықта, шапқыншылықта, шайқастан киетін металдан (темір, мыс) жасалған бас киімі. Желкені, мойынды, иықты жауып тұратын темір тор жапқышы бар. Ол түрлі қарулар соққысынан қорғайды.
Дін және дін басылар (духовенство) – адам баласы алғашқы жаралған кезде табиғатта бар заттарды және табиғат құбылыстарын түсінбеді. Әр нәрсенің жаратушысы, құдайы болады деп есптеп, соларға сыйынды. Ойдан шығарылған құдай, рух, жан сияқты табиғаттан тыс күштерге табыну алғашқы дін еді. Осы дінмен қатар олардыуағыздайтын дін басылар (абыз, бақсы, молда, қожа, епископ, архиепископ, митрополит, т.б.) шығып, халықты діни сенімге нандырды. Олар бөлекше түрде ұйымдасқан, дін уағызын, ідн ілімін жүргізетін әлеуметтік топ болды, Дін басылар иерархиялық принцип бойынша ұйымдастырылды.
«Ел аралау» - ежелгі славян тайпаларының бай көсемдері князьдар жасақтарының қоластындағы халықтан алым жинауы – «ел аралау» деп аталады.
Еңбек бөлінісі – Орта ғасырлардың бастапқы дәуірінде шаруалар керекті нәрселерін жасады. Шаруашылықтың бірте – бірте дамуы 11 – 14 ғасырларда қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлуініне әкеп соқты. Қала өсіп, қолөнер, сауда кәсібінің орталығына айта бастап, қала мен деревня арасында еңбек айқын түрде бөлінді. Шеберханадағы еңбектің өзі бірнешеге бөлінді. Мысалы, біреулері қару жасаса, басқалары үйге керекті нәрселер жасауға маманданды, тері илеуші, етікші болып екіге бөлінді. Мануфактура кезінде мамандық көбейе түсті. Әрбір өндірушілер бұйымның белгілі бір түрін өндіретін болды.
Есаул – 1. Қазақтардың әскерлерінде ертеректегі офицерлік лауазым. Көтерілісшілер отрядтарында атаманның көмекшісі. 2. Қазан революсияна дейініг орыс армиясындағы казактардан құралған әскер бөлімдері басшыларының офицерлік шені. Ол ажяу әскерде капитанға теңдес, атты әскерде ротмистрге сай келеді.
Жалшы – 1. Капиталисттік қоғам жағдайында ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар, жалшы. 2. Совет өкіметіне дейін Қазақстан ауылдарында малы көп байлардың шаруашылығында жалданып жұмыс істеушілер немесе малай. Олар ұзақ мерзімге және қысқа маусымдық жұмыстарға жалданған.
Жасауыл – патшалық Россия тұсынадғы Қазақстанда болыстардың орындаушылары, шабармандары. Революциядан кейін жасауылдық жойылды.
Жәрмеңке – 1. Орта ғасырлық Европада жылма – жыл белгілі уақыттта болып тұрған сауда базары. Жәрмеңкеде жергілікті халықпен қатар шет ел көпестері – сауда жасады. Түрлі өнімдер мен таварларды айырбастау, сатып
алу, сату жүргізілді. Францияда Шампан графтығындағы жәрмеңке көп елге мәлім болған. Кейінірек Париж, Лейпциг, Милан, Дамаскі, Нижегород сияқты ірі жәрмеңкелер көбейе түсті. 2. ССРО – да мемлекеттік және кооператив саудасы жәрмеңкенің бір түрі болып табылады.
Жебе – 1. садақ қаруының оғы (масағы) ұшын кремний тасынан, кейін қоладан, темірден жасаған. Садақпен бірге жебе адамзаттың өте ертегі дәуірінен бастап барлық жерде кеңінен қолданылған. Кейбір еледрде б.э. 20 – ғасырына дейін қолданды. Бүгінде оны спорттық жарысқа пайдаланады. 2. Найзаның ұшын да жебе дейді.
Жеті жарғы – жеі жарғы немесе ереже. Тәуке хан тұсында (XVII ғ. Аяқ шенінде) қазақ қоғамының сол кездегі әлеуметтік әдет – ғұрып, право нормалары бір жүйеге келтіріліп толықтырылып, заң жүзінде баянды етілген. Жеті жарғыда: әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық право нормалары, сондай – ақ салықтар, діни ережелер қамтылған. Жеті жарғы қазақ жерінің бытыраңқылығын жою, оларды біріктіру және орталық хан өкіметін нығайтуға көмектесуге тиіс болды.
Жоңғар мемлекеті – Жоңғарияда XV ғасырдың аяғында ойраттар бытыраңқылығы жойылып бірікті, ақыры біртұтас мемлекетке айналды. XVII ғасырдың 30 – шы жылдары Жоңғарлардың әскери феодалдық күшті мемлекеті қалыптасып, 1758 жылға дейін өмір сүрді. Жорық кезінде 100 мың әскер шығара алатан еді. Ойраттар Шыңғысқан империясы әскерінің сол қанатында болды. Жоңғарлар көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. XVIII ғасырдың бас кезінде Жоңғаралр қазақ хандығына басып кірді және халықты тонау шабуылдарын жүргізді.
Жүз – XV – XVI ғасырларда Қазақстан территориясында қалыптасқан әр түрлі ру – тайпалық бірлестіктерден үш жүз құрылған. Олар ұлы, орта, кіші жүздер. Үш жүз тіл, мәдени – сихологиялық әдет – ғұрпы, этникасы, территориясы бірыңғай, шаруашылық мәдени даму жағы жақын, жалпы тарихы жағынан бір халық болып саналады. Жүз – «бөлік», «бақыт» деген мағынадағы сөз. XVI – XVIII ғасырларда жүздер мекендеген территорияларда хандықтар құрылған.
Жұмысшы табы – капиталистік қоғамдағы және социялистік қоғамдағы пргресшіл, негізгі таптардың бірі болып саналады. Жұмысшы табы материалдық байлықтарды өндіретін шеуші кәсіпорындарда істейді. Капитализмнен социализмге өтуге тарихи процестің басты қозғаушы күші болып табылады. Капиталистік елдерде жұмысшы табының өндіріс құралдарына ие еместігі, оларды экономикалық жағынан тәуелді етеді, жалдамалы құлдықты туғызады, өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр етеді. Совет қоғамында жұмысшы табы жетекші, басшылық етуші, шаруалармен одақтас тап болып саналады. Социалистік елдерде капиталистік қоғамдағыдай пролетариат пен буружазияның таптық күресі болмайды.
Коммунистік партия жұмысшы табын социализм құруға ұйымдастырып
бағыт беріп отырады.
Жұт – жерге қар, жаңбыр жауып, мұз болудан малдардың шөп тауып жей алмай жаппай қырылуы. Тігерге тұяқ қалмады деген сөз осыдан шыққан. Жазғы қуаңшылықтан кейінгі қалың қарлы қатты қыс сөзсіз жұтқа ұшыратады.
Жыл санау – ежелгі замандағы адамдар жаздың айналып келуін және басқа аралық уақытты жыл деп есептеу жүргізген. Кейні жыл санауды тарихи немесе айтулы оқиғадан бастайтын болған. Сол оқиға алғашқы жыл басы болып есептелінген. Бұдан екі мың жылға жуық бұрын құдай Иисус Христос Рим қаласы салына бастағанда туыпты дегеннен бастап жыл санауды жүргізген. Бұл жыл санау және эра немесе бізідң эрамыз дейді. Содан бері 1990 жыл болды. Ал осы жыл санаудан бұрынғы кездерде де көп оқиғалар болған. Оларды б.э. деп атаймыз. Б.э.б. оқиғалар ары жағынан бері қарай саналады. Арабтар жыл санауды ислам негізін салушы пайғамбар Мұхамедтің 622 – жылы Мединаға келіп қоныстануынан бастайды.
Жылнама – 1. Жылнама әр елде, әр қалада, әр түрлі уақытта өзінше жасалып, болған тарихи оқиғаларды ретімен, жылы, айы, күндері бойынша жазып отыруды жүргізген. Шіркеу жылнамасы барлық оқиғалардың себебін «құдайдың құдіретіне» байланыстырған. 2. Жылнама жылына бір рет шығып отыратын альманах. Жылнама халықтардың өткен өмір тарихын білуде маңызды документ болып табылады.
Зекет – қазақтың мал өсіруші аудандарында кәмелетке толған әр адам жылына бір рет, көктемде жиырма қарадан бір қара жиналып берілетін салық. Оның үстіне шаруалар феодал шонжарларына соғым, сыбаға беріп отырған. Бұл әдет – ғұрып бойынша қалыптасқан салық.
Земство жиналысы – (Земский собор) – патшалық Россияда 16 – 17 ғ. кезіндегі сословиялық халық өкілдерінің губерниялық, уездік жиналысы. Онда мемлекеттік, қоғамдық маңызы бар мәселелерді, соғыс, бітім, заң, салық жинау т.б. қарады. Крепостной шаруалардың бұл жиналысқа өкілдер жіберуге правосы болмады.
Игілік – адам үшін керекті, әрі пайдалы, қажетін өтейтін маңызы бар алуан түрлі құндылықтар, дәулет.
Иллюстрация – 1. Қанадй да бір текстің мазмұнын түсіндіруге немесе тлықтыруда көрнекілік үшін салынған суреттер. 2. Текстің мазмұын көрнекі сипаттаудың мысалы.
Достарыңызбен бөлісу: |