Еуропа Одағымен ынтымақтастық. Тәуелсіздік алған сәттен қазақ елінің Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі - Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі - Орталық Азия елдері» аясындағы сәтті сұхбат 2007 жылдың көктемінде Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған елеаралық қатынастар жобасы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi Н.Ә.Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында әлемдік және аймактық алып мемлекеттердің басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында Н.Ә.Назарбаев екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді ұсынды.
Посткеңестік мемлекеттерімен интеграциялық процестер. Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде қалыптасқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқарған. Казіргі заманғы Қазақстан Президенті 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалаудың Концепциясын даярлап ұсынып ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында түрікпен республикасы астанасы Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
Қазақстан Республикасы мен ТМД арасындағы қатынастар. Тәуелсіз Қазақстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Кеңес одағының ыдырауы салдарынан шаруашылық-өндірістік кеңістік тарап, кәсіпорындардың, ғылыми және өндірістік бірлестіктердің арасындағы байланыстар үзілді, сондай-ақ біртұтас елдің аумағындағы бұрынғы республикааралық шекаралар мемлекетаралық шекараларға айналды. Шекаралардың мемлекетаралыққа айналуына байланысты өзара сауда және басқа да экономикалық қатынастардың жолында бір мезетте көп бөгеуіл туындап, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикаларын қыруар шығынға батырды.
Осы жағдайда Қазақстан мен басқа да бұрынғы кеңес республикалары әрбір әріптестердің мүддесін бірдей ескерумен қатар, еңбекті өзара тиімді бөлудің нәтижесінде дамудың барынша жоғары ортақ нәтижесіне жетіп қана қоймай, біртұтас одақтас экономика күйреуінің шығынын барынша азайтуға мүмкіндік беретін жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастарды қалыптастырып, шаруашылық ынтымақтастықтың жаңа кешенін іске асыру проблемасын шешуге тиіс болды.
1991 жылғы желтоқсанда құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) осы мақсаттарға жетуге тиіс еді. ТМД өзінің қызметін халықаралық құқық қағидасына негіздейтін толық құқықты халықаралық ұйым ретінде алдына келесі міндеттерді қойған:
- әрбір қатысушы-елдің экономикалық реформалар мен мемлекеттік құрылыстың өзінің меншік үлгісін жүзеге асыруға мүмкіндігінше көмек көрсету;
- экономикалық та, саяси да саланың бар аясында өзара қатынастардың дамуына ықпал ету;
- қалыптасқан рухани, гуманитарлық және мәдени байланыстарды сақтау үшін жағдай жасау.
Беловежье жерінде қол қойылған келісімінде жазылған барлық осы ережелер ТМД-ның 1993 жылғы Жарғысында да нық аталған. Осы құжатта жоғарыда айтылғаннан басқа келісілген экономикалық саясаттың келесі негізгі бағыттары қарастырылады: нарықтық қатынастар мен тауарлардың, қажетті іс қимылдардың, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы негізінде ортақ экономикалық кеңістік қалыптастыру болды.
Қазақстан Республикасы және Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды. 1992 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасында Армения Республикасының Елшілігі ашылып екі ел мүддесіне жұмыс істей бастаған. 2007 жылғы 1 наурыздан бастап Армения Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылған. 2006 жылғы 20 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ашылған. 2013 жылғы 22 қазаннан бастап Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызмет атқарады.
Саяси қатынастар. Қазақстан және Армения тәуелсіздік алғалы бері екіжақты қарым-қатынас әріптестік және өзара тиімді ынтымақтастық рухында дамып келеді. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт (1993 жылғы 19 қаңтар) және Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шарт екіжақты қарым-қатынастарды реттейтін негізгі құжаттар болып табылады, соңғы құжатқа Армения Республикасының Президенті Қазақстан Республикасына ресми сапары (1999 жылғы 1-2 қыркүйек) барысында қол қойылды.
Қазақстан мен Армения арасында барлық деңгейлерде сенім білдірілетін диалог орнатылған. Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуға қатысты екіжақты ұмтылыс Президент Н.Назарбаевтың 2001 жылғы 23-24 мамырда Армения Республикасына жасаған ресми сапары барысында және Армения Республикасының Президенті 2006 жылғы 6-7 қарашада болған Қазақстан Республикасына ресми сапарлары барысында толық айқындалған.
2010 жылғы 20-21 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Арменияға іссапармен келді. 2010 жылғы 5-6 шілдеде Армения Президенті Астанада ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 27-ші отырысының жұмысына қатысты. 2011 жылғы 12 тамызда Армения Республикасының Президенті Бурабайда өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысты.
Сауда-экономикалық қатынастар. 2013 жылғы Қазақстан мен Армения арасындағы өзара сауда айналымының көлемі 7,68 млн. АҚШ долл. құрап (экспорт - 0,81 млн., импорт – 6,87 млн. АҚШ долл.), 2012 жылдың көрсеткіштерімен (3,71 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 2,07 есе артты. 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 0,8 млн. АҚШ дол. құрады (экспорт – 0,1 млн.АҚШ долл., импорт – 0,7 млн. АҚШ долл.). Қазақстаннан Арменияға экспортқа шығарылатын негізгі өнімдер металл өнімдері (56,4%), әр түрлі құрал-жабдықтар (24,8%), конденсаторлар, панельдер, баспа өнімдері және т.б. болып табылады. Қазақстанға әкелінетін армян экспортының құрамында – 24,3% зергерлік бұйымдар, 23,4% - құрал-жабдықтар, 15% - каучук және фактис, 13,9% - этил спирті және т.б.
2013 жылғы 24-25 қазанда Ереванда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армяндық үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 5-ші отырысы болып өтті. Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастың жәй-күйі мен келешегі, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, қала құрылысы, мәдениет, туризм және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бағыттары және Қазақстан мен Армения арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланып бекітілді. Кездесу барысында тараптар арасында Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын 2014 жылы Астана қаласында өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткен.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Қазақстан және Армения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәдениет саласында ынтымақтастық туралы келісіммен (2006 жылғы қараша, Астана қ.) бекітілген. Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуының 20-жылдығын мерекелеу шеңберінде 2012 жылғы 27-31 тамыз кезеңінде Ереванда «Қазақфильм» делегациясының қатысуымен Қазақстанның Армениядағы кино күндері өтті. Армян көрерменіне қазақстандық режиссерлердің 5 үздік фильмдері ұсынылды. Лорий облысы Одзун селосында (Армения) 2012 жылдың 5-19 қазан кезеңінде өткен кескіндеме өнерінің 5-ші халақаралық симпозиумына Қазақстанның суретшілер Одағының 5-мүшелері қатысты. Сондай-ақ, 2013 жылғы 9 қыркүйекте Ереван қаласында қазақстандық суретшіліердің туындыларынан ұйымдастырылған «Армения бояулары» атаулы көрме өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |