Сауда-экономикалық байланыс. Кедендік бақылау комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстан мен Молдова арасындағы екі жақты тауар айналымы 2011 жылы 70,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға артқан. Екі жақты тауар айналымының ішінде қазақстандық экспорт 38,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 35,3 пайызға артқан. Молдовадан тауар айналымының импорты – 32,3 млн. АҚШ доллары көлемінде, 2010 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға артқан.
Экономикалық байланысты арттыру мақсатында екі жақты экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия құрылып, сол комиссияның төртінші отырысы 2011 жылғы 28-29 сәуірде Астана қаласында өткен. Отырыс барысында екі жақты ынтымақтастықтың инвестициялық және кәсіпкерлік саладағы, агроөнеркәсіптік кешендердегі ақпараттандыру, өнеркәсіптік, сондай-ақ шарапшылық салалардағы мәселелер талқыланды.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. 2008 жылғы 9 мамырда Кишинеу қаласынан 120-130 шақырым жерде орналасқан Анений Ной ауданының Гура-Быкулуй ауылындағы Теоретикалық лицейінің ғимаратында 1944 жылғы сәуірде Молдованы неміс–фашист басқыншыларынан азат етуде қаза тапқан қазақстандық жауынгер, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің құрметіне мемориалдық ескерткіш тас қойылды. Бұдан ертерек Қазақстан Елшілігінің күшімен жоғарыда аталған елді мекендегі Теоретикалық лицей орналасқан көшеге қазақстандық қаһарманның аты берілген болатын. 2010 жылдың шілде айында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Молдова аумағында қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Елбасының ұйғарымы бойынша Қазақстан Үкіметі Молдоваға 100 миллион теңгеден астам сомаға азық-түлік өнімдері мен басқа да қажетті тауарлар түрінде гуманитарлық көмек көрсетті.
Қазақ елі мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды. Біздің мемлекет Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап тағайындалды.
Саяси саладағы өзара әрекеттестік. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын 107 құжат құрамындағы кең шарт-құқықтық база құрылды. Негіз қалаушы құжаттар: Мәңгілік достық туралы шарт (31.10.1998ж.) және Стратегиялық әріптестік туралы шарт (14.06.2013 ж.). 2010 жылғы 16-17 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың осы елге ресми сапары өтті. 2012 жылғы 6-7 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары өтті. 2012 жылғы 21-22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметовтің Өзбекстанға ресми сапары өтті. 2013 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Өзбекстанға жұмыс сапары өтті. 2013 жылғы 13-14 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға ресми сапары өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық. ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2013 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2,09 млрд. АҚШ долл. құрап (экспорт – 1,12 млрд., импорт – 962 млн.), 2012 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артты. 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 266,9 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 175,7 млн.АҚШ долл., импорт – 91,2 млн. АҚШ долл.). Өзбекстанға шығарылатын (экспорттың) құрамындағы ең ірі бөлігі мұнай және оның өнімдері, ұн тарту – жарма өндірістің өнімі, дәнді дақылдар, қара және түсті металлдар, бейорганика химия өнімдері азық-түлік және т.б. Жыл сайын Өзбекстанға 1 млн. тоннадан астам жоғары қазақстандық сапалы ұн, 500 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері жеткізіледі. Өзбекстаннан Қазақстанға қуат көздері (газ), мақта, химиялық өнімдер және пластмасса, тыңайтқыштар және жеміс-көкөніс өнімдері импортталады. Өзбекстанда біздің ел инвестициясының қатысуымен 178 кәсіпорын, соның ішінде 143 бірлескен кәсіпорын мен 100% қазақстандық капитал бар 35 кәсіпорын жұмыс істеуде. Өзбекстанда «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Казинформ» ҰК» АҚ және «Air Astana» әуе компаниясының өкілдіктері тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: |