Тәуелсіз Қазақстан мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісі - 2013 жылдың ақпан айынан бастап, ал Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап міндеттерін атқаруда.
Саяси ынтымақтастық. Қазақстан-Әзербайжан қатынастары, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылы мамырда бұл ел астанасы Бакуге жасаған ресми сапарының қорытындысында қол қойылған Стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар туралы шартқа сәйкес дамып келеді. Көпжақты форматта тараптар халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ТМД, ТҮРКІСОЙ, ТМЫК және тағы басқа) белсенді түрде өзара әрекеттесуде. Қазақстан мен Әзербайжан арасында жоғары және жоғарғы деңгейлерде кездесулер мен келіссөздер үнемі өткізіліп тұрады. Президент Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 2-3 қазанда Әзербайжан Республикасына ресми сапары болып өтті. 2009 жылғы 3 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Нахичеван қаласында (Әзербайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекет басшылары ІХ Саммитіне қатысты. 2010 жылғы 18-19 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаев Баку қаласында өткен Каспий жағалауы мемлекеттері 3-ші Саммитінің жұмысына қатысты. 2011 жылғы 19-21 қазанда ӘР Президенті И.Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар шеңберінде Әзербайжан Басшысы Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің 1-ші Саммитінің жұмысына қатысты. 2013 жылғы 16 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаев осы елдің Габала қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің 3-ші Саммитінің жұмысына қатысып бұл бағыттағы өзекті мәселелер аясында пікір алысты.
Сауда-экономикалық қатынастар. 2013 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 434,31 млн. АҚШ долл. құрап (экспорт – 361,23 млн. долл., импорт – 73,09 млн. долл.), 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 11,2 пайызға өсті (390 млн. 662,1 мың АҚШ долл.). 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 56,9 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 47,0 млн.АҚШ долл., импорт – 9,8 млн. АҚШ долл.).
Бұл Республикаға Қазақстаннан экспортқа шығарылып жатқан негізгі заттар: мұнай және газ, химиялық шикізат, бидай, арпа, темекі өнімдері, көміртекті болат прокаты, электр жабдықтары болып табылады. Ал осы елден Қазақстанға битуминоздық материалдардан алынған мұнай өнімдері, этилен полимерлері, машиналар және механизмдердің қосалқы бөлшектері, құрама құрылыс конструкциялары тасымалдануда (импортталуда).
Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Әзербайжан Үкіметаралық комиссиясының жұмысы елеулі серпін болды. Үкіметаралық комиссияның Қазақстан тарапынан тең төрағалары энергетика және минералдық ресурстар министрі және ӘР Энергетика министрі болып табылады. Комиссия отырыстары барысында энергетика, тасымалдау мен көлік жүйелері, ауыл шаруашылығы, білім мен туризм салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге қатысты екіжақты ынтымақтастық туралы мәселелер бірнеше мәрте талқыланды.
Қазіргі таңда мұнай-газ саласында ірі жобалар - Транскаспий бағыты бойынша қазақ мұнайын әлемдік рыноктарға тасымалдау бойынша, ал ауыл шаруашылығы саласында – қазақ бидайын қабылдау және одан әрі жөнелтуге арналған «Баку астық терминалы» Қазақстан-Әзербайжан бірлескен кәсіпорны базасындағы жобалар іске асырылуда. Азаматтық авиация саласындағы өзара әрекеттестік дамуда. Азербайжан астанасында казіргі таңда Астана, Алматы, Ақтау және Атыраумен байланыстыратын тұрақты әуе рейстерін жасайтын қазақстандық «Эйр Астана» және «Скат» әуе компанияларының өкілдіктері қызмет етуде. Ақтау мен Баку халықаралық порттары арасында тығыз байланыстар орнатылған. Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша паром байланысы қызмет етуде.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. 1994 жылдан бері Баку қаласында Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік және белгілі өнер қайраткерлерінен тұратын «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы белсенді қызмет етуде. Ақтау қаласында жыл сайын өткізілетін «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестиваліне Әзербайжанның мәдениет және өнер қайраткерлері, спорттық делегациялары қатысады. Арнаулы қорының патронажымен жыл сайын өткізілетін балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілерінің «Дан улдузу» көркем-өнер шығармашылығы халықаралық фестиваліне Қазақстаннан (Алматы, Ақтау, Тараз, Орал қалаларындағы) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері белсенді қатысады.
2010 жылы 11 мамырда Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Баку мемлекеттік Университетінің (БМУ) 90-жылдығын мерекелеудің шеңберінде Әзербайжанның бұрынғы Президенті Г.Алиев атына Кабинет ашылды. 2011 жылы 13 мамырда Баку мемлекеттік Университетінде Абай атындағы Қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті Орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. 2011 жылғы 1 желтоқсанда Баку қаласының 7-шағын ауданында Абай Құнанбаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2012 ж. 29 наурыз 3 сәуір аралығында, Баку қаласында Қазақстандық кино күндері өтті. 2012 ж. 6-9 маусым аралығында Астана мен Алматы қалаларында Әзербайжанның Қазақстандағы Мәдениет күндері өтті. 2012 ж. 18-21 қараша аралығында, Баку қаласында Қазақстанның Әзербайжандағы Мәдениет күндері өтті.
1992 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі, ал 1997 жылдың 13 шілдесінде Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 2012 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ашылған.
Саясат саласындағы шаралар. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамуда. Екі мемлекеттің ұстанымдары аймақтық және халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша өзара сәйкес келеді. Екі жақты және көп жақты қатынастарда, ТМД мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы жоғарғы және басқа деңгейлердегі байланыстар нығая түскен. 1999 жылдың қарашасында Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары болды. 2000 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Беларусь еліне ресми сапары жасалды. 2000 жылдың қазанында Қазақстанда ресми сапармен Беларусь Республикасының Премьер-министрі болып қайтты, ал 2004 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары сол елдің астанасына (Минск) сапары болды. 2005 жылдың 18-19 мамырында Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапар жасады. 2007 жылдың 21-22 мамырында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Беларусь Республикасында ресми сапармен болды. 2007 жылдың 12-13 қыркүйегінде Беларусь Республикасының Премьер-министрі Астанаға жұмыс сапарын жасады.
2011 жылғы маңызды оқиғалардың бірі – Беларусь Республикасы Президенті АЛукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары (2011 жылғы 23-25 мамыр) шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевпен бетпе-бет және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өтті. Келіссөздер барысында қазақстандық-белорусстық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, оның ішінде «Жол картасы» аясында 2010-2011 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспары тармақтарының орындалу барысы. Белорусстық әріптестердің жоспарда бекітілген мерзімдерге сәйкес алға қойылған міндеттерді орындау қажеттілігіне назары аударылды, сондай-ақ белорусстық компаниялардың Қазақстан Республикасы Қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысуы қарастырылды.
Жалпы келіссөздер іскери және өзара түсінушілік мәнерінде жүзеге асты, тараптар барлық күн тәртібі бойынша ортақ ұстанымдарын айқындады. Қол жеткізілген уағдаластықтар тағы бір мәрте қазақстандық-белорусстық қарым-қатынастардың өзара стратегиялық бағдарда екендігін растады, осы ретте Қазақстан басшысының айрықша рөлі сөзсіз. Келіссөздердің нәтижелері қазақстандық және белорусстық бұқаралық ақпарат құралдарында жағымды көрініс тапты. Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь Президенттерінің тараптардың экономикалық, саяси, гуманитарлық және басқа да мемлекетаралық қарым-қатынастар бойынша жақындасуы мақсатында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ басқа да келісімшарттарға қол қойылды.
2012 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары барысында Елбасы Беларусь Республикасы Президенті А.Г.Лукашенкомен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында қазақстандық-белорусстық ынтымақтастықтың ағымдағы ахуалы мен саяси, сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық саладағы перспективалары талқыланды, сонымен бірге халықаралық күн тәртібіндегі проблемалардың өзекті мәселелері бойынша пікір алысты.
Қазақстан мен Беларусь арасындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көлік және инвестициялық ынтымақтастық шеңберіндегі әрекеттестікті нығайту жөніндегі тәжірибе жәйіне ерекше назар аударылды, сондай-ақ 2009-2016 жж. арналған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын («Жол картасы») жүзеге асыру шеңберінде 2012-2013 жж. арналған Бірлескен іс-шаралардың жоспарын тиімді орындау мәселелеріне көңіл бөлінді. Сонымен бірге екі елдің басшылары ТМД, ЕурАзЭҚ, КО, БЭК, ҰҚШҰ аймақтық ықпалдастық бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін пысықтаған.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь мемлекеті басшылары Бірлескен мәлімдемесіне, дипломатиялық өкілдіктерді орналастыруға арналған өзара жер учаскелерін беру жөніндегі үкіметаралық келісімге, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды, сонымен қатар екі ел арасындағы кәсіпорындар мен мекемелер арасында екі жақты құжаттар қабылданды. Қазақстандық-белорусстық қатынастардың өзегі - сауда-экономикалық ынтымақтастық болып табылады, ол 2009 – 2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасына сәйкес жалғасатын болды.
Беларусь Республикасы ТМД шеңберінде Ресей мен Украинадан кейінгі Қазақстанның үшінші ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. 2010 жылы қазақстандық-белорусстық ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасы есебінде 65 келісімшарт пен әр түрлі салалардағы келісімдер қабылданған. Олардың түпнегізгілері: Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт, 2009-2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім, Еркін сауда жөніндегі келісім және т.б. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ұйымдастырылып отыратын екі жақты сапарлар, жоғарғы деңгейдегі кездесулер, әрі министрліктер мен ведомстволардың басшылары, кәсіпорындар мен екі елдің іскери топтарының шаралары ықпал етеді. Екі жақты табысты ынтымақтастықтың дамуы мен нығаюына екі елдің іскери топтары өкілдерінің көрмелерге қатысуы септігін тигізеді, олардың шеңберінде өнімдердің тұсаукесерлері ұйымдастырылады, сондай-ақ әр түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесулер мен келіссөздер жүргізіледі.
1996 жылдан бастап сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-белорусстық үкіметаралық комиссия нәтижелі түрде қызметін атқарып келеді. 2011 жылғы 6-7 қазанда Гомель қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-белорусстық үкіметаралық комиссияның кезекті VIII отырысында 13 күрделі мәселелер қаралған. Оларды талқылау барысында Үкіметаралық комиссия жетінші отырысы Хатттамасының орындалуы тыңдалды, сонымен бірге мүдделі тараптардың қатысуымен ҚР мен БР үкімет басшылары сапарлары барысында анықталған аса өзекті мәселелерінің тізімі толықтай жан-жақты қарастырылды.
Кезекті тоғызыншы отырыс 2012 жылдың екінші жартысында Талдықорған қаласында өтті. 726,9 млн. АҚШ долларын құрады, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты. Қазақстаннан экспорт 57%-ға қысқарып, 103,5 млн. АҚШ долларына жетті, ал Қазақстанға тасымалданатын белорусстық тауарлар үлес салмағы 37,8%-ға артып және 623,4 млн. АҚШ долларын құрады. Өндірістік кооперацияны дамыту мақсатында 2010-2011 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралардың жоспары жүзеге асырылды. «Жол картасында» көзделген 27 жобаның қатарынан Қазақстанның Индустрияландыру картасына белорусстық техниканы құрастыратын 5 бірлескен жоба енді. Олардың жалпы сомасы 98,6 млн. АҚШ дол. құраған.
Осымен катар 2012-2013 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданған. Екі жақты сауда-экономикалық қатынастар біршама қарқынды дамып келеді. 2012 жылғы 1 қаңтарға сәйкес, Қазақстанда белорусстық капиталдың қатысуымен 115 кәсіпорын тіркелген, жұмыс үстіндегілердің саны – 82. Қазақстандық нарықта барынша белсенді жұмыс істеп келе жатқан «МТЗ», «БЕЛАЗ», «МАЗ», «Атлант» сияқты танымал өнеркәсіптік брендтерді атауға болады. Қазақстандық мұнайдың Беларусь Республикасы аумағы арқылы алыс шетелдерге тасымалы Ресей Федерациясының «АК «Транснефть» ААҚ мұнай құбырлы жүйесі арқылы өтеді. Белорусстық бағыттағы қазақстандық мұнайдың тасымалы Ресей Федерациясы аумағы арқылы транзитпен ілеседі, осыған орай қазақстандық мұнайдың тасымалына байланысты мәселелер ресейлік тараппен мақұлданды.
Агро-өнеркәсіптік кешен саласында ынтымақтастық дамуда. Ауыл аймақтары мен кіші қалаларды агроқалашықтар тұрғызу арқылы жандандыру сияқты белорусстық тәжірибе зерттеліп келеді. Қазіргі уақытта Беларусьте 1481 агроқалашықтар тұрғызылған. Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорындар ауыл шарушылық техниканы (астық жинау комбайндері, жемшөп әзірлейтін машиналар, көп функционалды топырақ өңдеу агрегаттары) шығарумен айналысуда.
Көлік саласында ынтымақтастық жалғасып келеді. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрақты тікелей әуе байланыс бір жақты қатынасты «Белавиа» белорусстық әуе компаниясы жүзеге асырады. Ал 2011 жылғы 7 қыркүйектен бастап «Белавиа» навигацияның қысқы кезеңіне, аптасына екі рет жиілікпен Минск-Астана-Минск бағыты бойынша әуе қатынасына ауысты.
Өңіраралық ынтымақтастық дамыту мен нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Тұрақты негізде облыстық атқарушы комитет төрағалары, қала, аймақ, БР кәсіпорындардың басшыларымен, өткізілетін кездесулер мен келіссөздердің барысында екі жақты сауда көлемін арттыру жолында, сауда ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындарды құру бойынша шаралар тұрақты белгіленіп іске асырылуда, әрі екі ел экономикаларына инвестицияларды ынталандыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Сондай-ақ ҚР мен БР аймақтары арасында нақты бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жалғасуда. Ауыл шарушылық техниканы өндіру, жолаушы-жүк лифттерін жинау, дизельді қозғалтқыштарды жинау, тұрмыстық мақсаттарға арналған жабдықтарды орнату үшін жолаушы, жүк техника мен МАЗ автошассилерін жинау бойынша бірлескен кәсіпорындар құрылған. Беларусьтің дамыған ғылыми әлеуеті мен іргелі зерттеулер саласында нақты білімдерге бай екендігін ескере отыра, ғылыми саладағы ынтымақтастықты нығайтуда айқын перспективлалар бар.
Оның негізін Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім құрайды. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде қазақстандық-белорустық комиссия қызмет істейді. Осымен катар әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзектілігі артып келеді. Аталған саладағы негізгі құжат Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісімшарт, тараптар оны 1997 жылы қабылдаған. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Үкіметтері арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісім, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Үкіметтері арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім ерекше маңызды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі белорустық-қазақстандық Үкіметаралық комиссия шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастық жөнінде шағын комиссия қызмет істейді. Екі ел арасында 2007 жылдан бастау алған әскери білім саласында ынтымақтастық белсенді даму үстінде. Ынтымақтастық ҰҚШҰ мүше мемлекеттері үшін әскери кадрларды даярлау туралы келісім шеңберінде жүзеге асады. Жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Қорғаныс министрліктері арасында Екі жақты ынтымақтастық жоспары келісіледі және жүзеге асырылады. Оның шеңберінде екі ел аумақтарында шамамен 30 іс-шара (жұмыс сапарлары, консультациялар, жарыстар, бірлескен оқулар, дайындық) ұйымдастырылады.
Мәдени-гумантиралық саладағы қазақстандық-белорустық ынтымақтастық 1996 жылда қабылданған Мәдениет, ғылым мен білім саласындағы үкіметаралық келісімге және 1999 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Беларусь Республикасы Мәдениет министрлігі арасында қабылданған Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес орындалады. Оларды орындау аясында көптеген мәдени өзара алмасу дәстүрлері қайта орнатылып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылды. 2009 жылы өткен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республиксына ресми сапары мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қатынастардың жандануына үлкен серпін берді. Осылайша 2009 жылы Минск қаласында Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын насихаттау аясында Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Мәдениет күндері сәтті өткізілді, сәйкесінше 2010 жылы Беларусьтің Қазақстандағы Мәдениет күндері ұйымдастырылды. 2009-2011 жылдар аралығында Минск қаласында қазақстандық танымал классика және эстрада орындаушыларының қатысуымен жеке концерттер ұйымдастырылды, әрі қазақ кино күндері мен қолданбалы өнер көрмелері өтті. Минск қаласында Достық үйімен бірлесе отыра, қазақ жазушылары мен ақындары А.Құнанбаев, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев этно мәдени шығармашылығына арналған әдеби кештер өткізілді. 2011 жылы танымал белорус жазушысы, Беларусь Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Н.Метлицкийдің ұсынысымен Елшілік А.Құнанбевтың өлеңдерін белорус тіліне аударды.
Беларусь Республикасының Президенті жанындағы басқару академиясымен бірлесе отыра, жыл сайын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылады, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын насихаттауға негізделген басқа да іс-шаралар өтеді. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесін насихаттау шеңберінде жыл сайын Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғыстарында қаза болған отандастарымыз туралы естелікті мәңгі есте қалдыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазақстан Елшілігі тұрақты түрде Беларусь аумағында қайтыс болған қазақстандық жауынгерлердің есімдерін анықтау үшін іздестіру жұмыстарын жалғастырып келеді. 2009-2011 жылдар аралығындағы жұмыстың нәтижесінде Елшілік ертеректе ақпаратсыз жоғалғандар қатарында болған екі мың қазақстандықтың аттары енген естелік кітапты басып шығарды. Ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттердің халықаралық күніне арналған Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану ісіне қосқан үлесі туралы ақпаратты насихаттау мақсатында, 2011 жылы Минск орталығында «ХХ ғасырдың ядролық апаттары» пантеонына Семей сынақ полигонының топырғы салынған капсуланы орнату рәсімі өтті.
Біздің елімізбен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылып екіжақты Елшілік ашылды. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын 150-ден астам құжат құрайды және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. 2012 ж. 10-11 мамырда Қырғыз Республикасының Президенті Астанаға алғаш ресми сапары болып, оның барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев және ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен келіссөздер жүргізілді. 2012 жылғы 14-15 маусымда Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының отырысы қарсаңында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы Бішкекке ресми сапармен барып ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Қырғызстан Президенті, Премьер-Министрі және Жогорку Кенеш Спикерімен кездесті.
2012 жылғы 1-2 шілдеде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі 2012 жылғы 22 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары болып өтті. Сапар барысында Жоғары Мемлекетаралық Кеңестің үшінші отырысы ұйымдастырылып, қазақ-қырғыз стратегиялық одақтастығы мен әріптестігінің келешекті бағыттары анықталды. 2013 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Қырғызстанға ресми сапары өткізіліп, оның аясында қазақ-қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің төртінші отырысы өтті.
2012 жылғы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 1059,0 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 726,0 млн., импорт – 333,5 млн. АҚШ долл.). Ал 2013 жылғы аталмыш көрсеткіш 1001,5 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 672,4 млн., импорт – 329,1 млн. АҚШ долл). 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 119,3 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 86,1 млн.АҚШ долл., импорт – 33,2 млн. АҚШ долл.). Қазақстан инвестициясының негізінде казіргі кезде Қырғызстанда 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар өз қызметтерін экономика, энергетика, газтасымалдау, өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, банктық сектор салаларында іс атқаруда. Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 250 өнеркәсіп жұмыс істеуде. Жұмыс салалары - сауда, туризм, құрылыс, суды тазалау және тарату, көлік, жарнама.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинарлар өтеді. 2007 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан мен Қырғызстан зиялы қауымдарының бірінші Форумы, ал 2008 жылғы 25-26 қазанда Бішкекте екінші Форумы өтті. 2013 жылғы 20 қыркүйек - 21 қазанда Астана және Алматы қаласында Ш.Айтматовтың 85 жылдығына арналған Қырғызстанның Казақстандағы Мәдениет қүндері өтті.
Қазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 ж. 27 шілдеде орнатылды. Дипломатиялық өкілдіктердің ашылу уақыты – 1994 ж. 27 шілдеде Киев қаласында Қазақстан Республикасының Украина және қосара Молдова Республикасындағы Елшілігі ашылды. Молдова Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі қосара Қазақстан Республикасында өз қызметін атқарады.
Саясат саласында Қазақстан мен Молдова арасындағы байланыс екі жақты ынымақтастық қатынастарымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар деңгейінде дамуда. Молдова Республикасы Қазақстанның ЕЫҚҰ-да төрағалық ету ұсынысын қолдаған болатын. Жоғарғы деңгейдегі сапарлар 1999 ж. қыркүйек айында Молдова Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапарымен келді. 2003 ж. қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Молдоваға ресми сапары өтті. 2002 ж. қазан айында Қазақстан Республикасының Үкімет Басшысы Молдовада ресми сапармен болды. 2010 жылғы 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде Шығыс Еуропа елдері бойынша турне шеңберінде Кишинеу және Тирасполь (Днестр маңы) қалаларына сапар шекті. Сапар барсында ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ Днестр маңы жанжалын реттеу мәселелерін талқылау үшін Украина және Днестр маңы басшылығымен келіссөздер өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |