Қазақстанның казіргі заманғы тарихы



бет51/69
Дата08.05.2020
өлшемі0,57 Mb.
#66599
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
Байланысты:
HystoSovrKz (1)

Маңызды орынды алып отырған аймақаралық байланыстар. Мәселелердің маңызды блоктары – отын-энергетикалық комплекс және көліктік–транзиттік сала. Украина өз территориясының транзиттігі бойынша әлемде ең жоғары коэффициентке ие. Территориясы арқылы қолайлы трансконтиненталды жүк ағымдары өтеді. Украинаның Батыспен, әсіресе энергетикалық жүйелерді біріктіруі Қазақстан үшін еуропалық аймақта экономикалық мүдделерін ілгерілету үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. Теңіздік көлік саласында украиндық порттарды пайдалану тұрғысынан ынтымақтастық қызығушылық тудырып отыр. «Пивденный» теңіздік мұнай терминалы аумағында және Одесса облысының Южный қаласындағы мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды жолдау жобаларын бірге іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазақстан мен Украинада мұнай–газ жабдықтарын бірігіп шығару болашағы тұрақты зерттелуде, көліктік инфрақұрылымды салу мәселелері пысықталуда. Тараптардың мүдделерінің қиылысуы – машина жасау. Украина КСРО кезеңінен бері қажетті базаны сақтап қалды, Қазақстан ауыл–шаруашылық техникасын, электростанция техникаларын жеткізу, вагондарды импорттауға мүдделі. Бір мезгілде бұл техникаларды Қазақстанның территориясында жинау және қызмет көрсету зауыттарын құру мүмкіндіктері қарастырылып келеді.



Мәдени–гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамуда. Басты бағыттары білім, ғылым, мәдениет, туризм және спорт, аймақтық байланыстарды тереңдету, Қазақстанның украиналық диаспорасына мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруымен көмек көрсетуі, олардың этникалық Отанымен байланысын қолқабыс ету.

Ғылыми–техникалық ынтымақтастық дамуда, оның ішінде, аэроғарыштық салада. Қазақстанның ғарыш кешеніне кадрларды дайындау және қайта дайындау, Жерді қашықтық зондпен тексеру және ғылыми зерттемелер спутниктерін жасау, Байқоңыр космодромында ракета–космостық жұмыстардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық космостық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып отыр. Энергетика объектілерін, атом станцияларын салу, ядролық отынды бірігіп өндіру мәселелері пысықталуда.

Білім саласында екі жақты байланыстардың потенциалы мамандарды дайындау, лицензиялау, оқу орындарын аттестациялау және аккредитациялау, нормативтік–құқықтық және методикалық базаны бірігіп дамыту, жоғары білім саласында мамандарды дайындау және қайта дайындау, екі елдің ҒЗИ және ЖОО, Ғылым Академиялары арасында ынтымақтастық мүмкіндіктерінде қорытылып отыр. 2007-2008 жылдары өзара өткізілген Ұлттық Жылдар екі жақты ынтымақтастықтардың маңыздылығын және тиімділігін бекітті, саяси және іскерлік байланыстардың әрі қарай дамуына, серіктестіктің тереңдеуіне, мәдени алмасуда жаңа мүмкіндіктер ашты. 2007 жылы Қазақстанның жылы шеңберінде орын алған 200 астам іс–шаралар экономикалық сипатта болды. Олардың табыстылығын тауар айналымының өсуінен байқауға болады.

2005 жылы мамыр айында Синельково қаласында (Днепропетровск облысы) 1943 жылы Украинаны неміс–фашистік басқыншылардан құтқаруда 19-жеке кавалериялық корпустың жауынгері – қазақтың ұлы ақыны Ж.Жабаевтың ұлы А.Жамбыловтың ескерткішінің ашылу салтанаты болып өтті. 2008-2009 жылы Киевтегі көшенің бірі ұлы қазақ ақыны және ойшысы Жамбыл Жабаевтың атымен аталып, ескерткіш тасы қойылды. 2009 жылы 9 мамырда украин жерінде бостандық пен бейбітшілік үшін жанын пида еткен батырларға естелік ретінде Синельниково қаласында Соғыс мәртебесі мұражайында Алғадай Жымбылұлының бөлмесі ашылды.

Қазақстан Республикасының этникалық келісім және саясатын насихаттау мақсатында украин тілінде Президент Н.Назарбаевтың еңбектері басылып шығарылды, олардың ішінде: “Тарих толқынында”, “Қазақстан – 2030” және “Сындарлы он жыл”; кітаптар: “Нұрсұлтан Назарбаев – қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім моделінің құрушысы”, “Бейбітшілік және келісім саясаты” және “Қазақстан жолы” еңбегі.

Одан басқа, қазақтың жазушысы, мемлекеттік және қоғамдық қайраткері Олжас Сүлейменовтың “Хат тілі” және “Тарих алдындағы түркілер” атты кітаптарының украин тіліне аударылымы жасалды. Қазақстан мен Украина мұражайлары өзара ынтымақтаса бастады. 2009 жылы наурызда Львов өнер палацында украиндық ақынның 195 жылдығына ұштастырылған “Шевченко. Украинаға қайту” көрмесі өтті. Көрмеде алғаш рет Қастеев атындағы Алматы мемлекеттік өнер мұражайынан әкелінген және бұрын ешбір жерде қойылмаған Шевченконың жеті полотносы көрсетілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет