Қазақстанның казіргі заманғы тарихы



бет52/69
Дата08.05.2020
өлшемі0,57 Mb.
#66599
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
Байланысты:
HystoSovrKz (1)

Әскери–техникалық ынтымақтастық 2005 жылғы 18 қарашадағы Үкіметаралық келісім негізінде іске асып отыр. Қазақстан мен Украинаның ӘӨК өнеркәсіптері арасында іскерлік байланыстар кеңеюде. Өзара іс–қимылдардың перспективалы бағыттары әскери және радиолокациялық тезниканың жаңаруы мен модернизациялануы, ұшақтарды, танкілер қабілетін шыңдау және жөндеу болып табылады. Екі елдің Қорғаныс министрліктері арасындағы 2006-2007 жылдарға арналған екі жақты ынтымақтастық Бағдарламасы бойынша Қазақстан мен Украинаның әскери–теңіз күштері арасындағы ынтымақтастық перспективалы бағыттарын келісу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілді, бейбітшілік операцияларды дайындау және өткізуді ұйымдастыру, қазақстандық мамандар және ғылыми–педагогикалық кадрларды дайындау жұмыстары қолға алынды.

Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық. 2008 жылы тамызда су тасқынының салдарын жою үшін бұл елге Қазақстан $250 мың. және дезинфекциялайтын дәрілерді 5 тонна көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті түрлерінің қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдері аясында болуы мүмкін. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге тежеу, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен таныта білген. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады.

Үстіміздегі ғасырдың бірінші онжылдығында Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытып келеді. Төрағалыққа ұсынылған мемлекетімізді Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болды.

Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген мәртебелерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бiрі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) біріктіру идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет.

Заманының ағымы аясында қалыптасатын халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Тәуелсіз Қазақстанның белсенділігімен бой көтерген Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына тікелей ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі пікіралыс негізінде Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саясаты арнасында мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыктары негіз бола алады. Мұнай мен газдың мол қоры бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы барша әлем қауымдастығына аян.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет