Қазақстанның казіргі заманғы тарихы


ҚР Президентінің 2015 жылғы сайлауы нәтижелері



бет61/69
Дата08.05.2020
өлшемі0,57 Mb.
#66599
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
Байланысты:
HystoSovrKz (1)

11. ҚР Президентінің 2015 жылғы сайлауы нәтижелері.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 28 сәуірдегі №32/61 қаулысымен бекітілген 2015 жылғы 26 сәуірде болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы хабар Басты мақалалар, Саясат 29.04.2015 4 пікір жазылған 108 рет оқылды ЦИК2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. Сайлаушылардың келуі 95,22 %-ды құрады. 2015 жылғы 26 сәуірде болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 9547864 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9090920 адам немесе 95,21 пайызы қатысқанын хабарлайды.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 152016 сайлаушы дауыс берді. Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат болып 3 адам дауысқа түсті. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады:

Ақмола облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 449 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,10 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 438917 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,42 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 6600 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,48 пайызын;

Ақтөбе облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1906 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,44 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 420824 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,60 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 8450 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,96 пайызын;

Алматы облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1951 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,21 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 919096 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,94 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 7896 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,85 пайызын;

Атырау облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1736 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,60 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 284215 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,22 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 3406 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,18 пайызын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 2741 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,71 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 378819 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,13 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 4478 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,16 пайызын;

Жамбыл облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 3167 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,63 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 492148 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,90 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 7390 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,47 пайызын;

Қарағанды облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 8480 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,07 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 779191 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,30 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 4995 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,63 пайызын;

Қостанай облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 5050 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,97 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 507806 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,55 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 7704 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,48 пайызын;

Қызылорда облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 3465 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,90 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 378443 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,10 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 3864 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,00 пайызын;

Маңғыстау облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 707 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,24 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 287279 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,54 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 6538 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,22 пайызын;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 5242 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,43 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1207826 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,40 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 14361 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,17 пайызын;

Павлодар облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 3060 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,70 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 429994 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,35 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 4153 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,95 пайызын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1878 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,51 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 362068 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,33 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 4271 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,16 пайызын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 4559 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,55 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 810754 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,37 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 8875 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,08 пайызын;

Астана қаласы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1331 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,34 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 385715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,54 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 4384 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,12 пайызын;

Алматы қаласы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 11996 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,48 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 750155 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 92,55 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 48391 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,97 пайызын;

Қазақстан Республикасы бойынша: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 57718 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,64 пайызын; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 8833250 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,75 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 145756 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,61 пайызын. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1940 жылы туған, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті, Астана қаласында тұратын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында тағдырлы һәм тарихи мәселелер күн тәртібіне шығарылып, талқыланды. Нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанған «Нұр Отан» бұл жолы еліміздегі аса маңызды саяси оқиғаға айналып отырған кезектен тыс Президенттік сайлауға үкілеген үмітін қосып, ел тізгінін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұстататын болып шешті. Әрине, кезектен тыс президенттік сайлау туралы әңгіме болғанда жұртшылықтың аузында бірден бір лайықты тұлға ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі аталғаны белгілі. Сондықтан да, Мемлекет басшысы саяси науқанға өзінің қатысатындығын мәлімдеуі маңызды оқиға. Ал одан да маңыздысы осы «Нұр Отан» партиясының XVI съезі барысындағы көтерілген президенттік реформалар. Бүгінгі әңгімеміз де осы жайында өрбімек.

Халықта «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген даналық бар. Сондықтан да, Елбасының қатысуымен өтіп, Президент сайлауына Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасы ұсынылған «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі қазіргі әлемдік ахуалдың күрделі жағдайларын талқылауға арналды десе де болады. Шындығында, бүгінгі жаһандық жағдай Қазақстанға сырттан төнген небір қауіптердің әлі де қатайып тұрғанын, сондықтан да алдын алу шараларына бекем ден қоюдың қажеттілігін айғақтайды. Өйткені, қазіргі экономикалық дағдарыстан елдер титықтап, геосаяси мәселелердің салдарынан мемлекеттерде дегбір кете бастады. Дүниеде дүрбелеңдер көбейіп, тұрақтылықтар шетінеп, татулықтар бұзылып, мемлекеттердің бір-бірімен мәмілеге келуі де, бір-біріне сенімі де қиындай түскен тәрізді. Ал ондай қауіптердің салқынын Қазақстан да сезіп жатыр.

Мұндай заманда не істеу керек? Қазақ бабамыз бұндайда құрылтай шақырып, болашағын бағдарлайтын. Әлбетте, құрылтай арқылы елдің алдында тұрған қатерлерді еңсеру мен өзекті мәселелерді шешудің дұрыс жолын табу қажет. Ең бастысы қарапайым халыққа түсетін ауыртпалықты барынша жеңіл ету һәм жеңілдету өзекті. Осы тұрғыдан алғанда «дағдарыс өтер кетер» дегенімізбен, оның салдары салмақты болатынын, бұл жолы дағдарыс созылмалы болып, әлі де жалғаса түсетінін сарапшылар айтып жатыр. Сондықтан да, мұндай кезеңде ел тізгінін берік ұстап отыра алатын азаматты лайықтап, сол үшін мемлекетті басқаратын Президентті кейінге қалдырмастан бүгін сайлап алудың маңызы арта түспек. Бұл қоғамда кеңінен айтылып, жалпылама қолдауын тапқан мәселе. Ал сайлау туралы әңгіме болған күннен бастап елдің барлық өңірлерінде, зиялы қауым ортасында, кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, шаруалар арасында, жалпы халқымыздың басым көпшілігінде Президент болуға лайық деп Елбасының есімі айтыла бастаған. Бұл – біріншіден. Екіншіден, Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы лайықты жоспары да бұдан ілгеріде белгілі болды. Жұртшылық тарапынан да қолдау тапқан ол жоспар. Сондықтан да, кезектен тыс президенттік сайлау арқылы сол жоспарды, «Нұрлы жолды» баянды етудің тетігі де қамтылмақ.

Шындығында, жаһандық дағдарыс тақырыбының айтылғанына да біраз уақыт болды. Дегенмен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» съезі барысында алдағы қиындықтарды болдырмау, оның алдын алу жолдарына тағы да назар бұрды. «Экономикалық тәуекелдерге деген Қазақстанның жауабы – «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты болып табылады. Ол:

біріншіден, инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламалары аясында экономикалық аласапыранға қарсы тұру шараларынан құралған;

екіншіден, ІІ-ші бесжылдықта Индустрияландыру бағытын жалғастыруды қарастырады. Әлеуметтік саясат та нақты айқындалған. Қатаң бюджеттік саясат пен үнемдеу мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне қатысты болмайды», - деп атап өтті Елбасы. Сонымен бірге Президенттің айтуынша, жаһандық қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлердің тереңдігі сонша, олар әрбір мемлекеттің орнықтылығы мен табыстылығы туралы мәселені төтесінен қоюда. «Сондықтан біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр! Бұл, мемлекеттік құрылысқа сыртқы факторлардың ықпал етуінің теріс сценарийлеріне жол берілмеуге тиіс, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтап қалуымыз қажет;

үшіншіден, ары қарайғы даму үшін жағдайларды дайындау керек. Төртіншіден, әлемнің 30 дамыған мемлекеті қатарына ілгерілеуді жалғастырамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттілігіне төнуі мүмкін жаһандық қыр көрсетулерге стандартты емес әрі қуатты жауап берілуі қажеттігін мәлімдеп өтті. «Бір орында тоқтап қалуға болмайды. Болдық деп босаңсымаймыз, толдық деп тасымаймыз. Жетістіктеріміздің негізінде алға қарай жылжып, мемлекеттілігімізді нығайтуға тиіспіз», - деді Елбасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет