7.2. Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастарға
көшіру аясындағы реформалар.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде толық шегіне жеткен экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі кеңеіп өткір сипат алды. Өндіріс жаппай құлдырады. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілмей биязы сипатын сақтады. Кәсіпорын мен аграрлық сала қызметшілердің жалпы саны елеулі қысқарып жұмыссыздар саны жылдан-жылға өсе түсті. Тек қана, 1995 жылы еңбекпен қамту орындарында ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны 153 мыңға жеткен. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар - 192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен қысқартылған жұмыс күні ретімен істейтін қызметшілер саны 451 мыңға жеткен. Жалпы алғанда ХХ ғасырдың 90-жылдары соңына қарай республикадағы жұмыссыздардың жалпы саны 643 мың адамдарды құрады.
1997 жылы экономика саласындағы барлық категориялардағы қызметшілер саны 1996 жылмен салыстырғанда 11,8% қысқарған. Республика еңбек рыногының өзіне тән ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейі 9-11% пайызға жетті. Еңбекпен қамту проблемасы күрделі сипат алды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыссыздардың шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстаның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар қолға алынған. Мысалы, 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру толық дағдарыс, өндіріс көлемін арттыру 1,8-ға өскен. Республиканың алтын қоры 2 млн. долларға жетті. Дей тұрғанмен инвестиция мен өндіріс деңгейінің әлдеде болса өткір сипатының сақталуы экономиканың құлдырауға түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мынадай жолдарды қалаған: 1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономикалық тұрақтандыру; 4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар бiрiншi кезеңі (1991-1992):
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты кеңестік социалистік экономикалық жүйенi ұлттық нарықтық экономикаға бұрып қайта құруға бағытталды. Бұл орайда мынадай негiзгi бағыттар таңдалды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, билеу төстеу құзырын тежеу, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, шетелдерден қаржы (инвестициялар) тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикадағы бар жекеше сектордың қызметін толық қолдап жандандыру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа кәсіпкерлікті (бизнестi) дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен - 85863,1 млн. сом, 1992 ж. -1217689,2 сомға жеткізілді. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт шектелді. Өнеркәсiп өнiмінiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ долларын құрады.
1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданып ол бойынша мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi. Олар мынадай: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |