Қазақстанның Ресейге қосылуы. Ресейдің отарлау саясатының тәсілдері мен түрлері. 1. Ресейдің қазақ даласын отарлаудағы іс-әрекеттері. Әкімшілік реформалар. 2. Қоныстандыру саясаты: оның кезендері және зардаптары. 3. ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері. 4. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. 5.ХҮІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы шаруашылығы және мәдениеті.
1. 1867-1868жж. Реформалар. Әкімшілік басқару құрылымы. Патша үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді: 1. әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы; 2. кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.); 3. сот функциясы (уездік соттарды бекітті).