2. Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Яғни Қазақстанда Ресейдің толық үстемдік жүргізуі бұл өлкені орыс шаруашылық отарлауына есігін айқара ашты. Қазақстанға қоныс тепкен славян халықтарының алғашқы өкілдері казактар болды. Қазақстаннын солтүстік шекарасының ұзына бойында казактарға екі жөргемнен жеті мильге дейін ұланғайыр жер берілді.

1900 жылы қазақ даласында 404 казак деревнясы болды. Сол жылы казактар қарамағындағы жер көлемі 11,5 миллион десятинаға жетті. Бұл бүкіл Қазақстан аумағының жетіден бірін құрайтын еді. 1870 жылдан қазақ жеріне ішкі Ресейден шаруалар көптеп қоныс аудара бастады. Казактарды шаруалардың алмастыруы 1880 жылдан соң басталады. Ақмола облысының Петропавл және Көкшетау уездеріне 1860-75 жылдар аралығында 30 үй қарашекпен көшіп келді. Одан кейінгі 1878 жылға дейінгі бас-аяғы үш жыл ішінде 287 үйлі мұжық келіп орнығып алды. 1879 бен 1881 жылдар аралығындағы үш жылда жаңа қоныстанғандардың саны 375-ке жетті. Келесі үш жылда келгендердің саны 418 үй болды. Қазақтардан қалған шырайлы жерлерге орыс шаруалары қоныстандырылды. Қамалдар мен бекіністердің жайынан поселкалар салына бастады.
Отаршыл өкіметтің қазақ даласын мемлекеттік меншік деп жариялап мемлекеттік меншік министрлігінің қарауына беруі және оны қалауынша пайдалануға рұқсат етуі, ол жерлерге ішкі Ресей губернияларынан ауған крестьяндарды қоныстандыру саясатының табандылықпен, жүйелі түрде жүргізілуі байырғы тұрғындардың тірлігін тарылта түсті.
Қазақ даласында ішкі Ресей губернияларынан көшірілген қарашекпенділерді қоныстандыруға жарамды қанша «артық» жер бар екенін анықтау үшін 1896-1901 жылдар арасында Торғай, Ақмола, Семей облыстарын аралауға Ф.А.Щербина бастаған экспедиция шығарылды. Ф.Щербина экспедипиясынын қортындылары бойынша Қостанай уезінің шаруаларынан ғана 510063 десятинаға құнарлы жер тартып алынып, орыс мұжықтары қоныстандырылды. Патша өкіметі Щербина экспедициясымен шектелмей, тағы да «артық» жерді анықтау үшін қазақтардың жер пайдалану құқығын шектейтін К.Полен, В.Кузнецов, П.Румянцев және басқалардың басқаруымен бірнеше экспедиция жасақтады.