Қазақстанның Ресейге қосылуы. Ресейдің отарлау саясатының тәсілдері мен түрлері



бет6/6
Дата14.03.2023
өлшемі93,95 Kb.
#172421
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-апта тарих

Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.

П. А. Столыпин 1906–1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шар­ты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9-қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулы­ларын толықтыру туралы» жарлық. Ол III-Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулылар­ды өзгерту мен толықтырулар туралы» заң етіп қайта қаралып толықтырылды.1911 жылғы 29-мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп-қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді.

1910–1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылы мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты.

1912 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту за­уытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмыс­шыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет