Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата17.03.2020
өлшемі2,13 Mb.
#60306
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82


*Марко 
Поло 
(1254–1324) 
тарихи 
тұлға– 
Италиясаяхатшысы.Орта 
ғасырлардаАзиятуралы  аса  бай  географиялық  және  тарихи  мағлұматтар 
қалдырған.1271–75 
жылдарыәкесіНикколоПоломен 
ағасыМаттео 
Полоғаеріп,Қытайғасаяхат 
жасаған.Жерорта 
теңізі,Палестина,Кіші 
Азия,Ирак,Иран,Памир 
тауыжәнеҚашғарияарқылы
жылдан 
асажол 
жүріп,Пекингежжеткен. 

77 
 
1271–1275 ж.ж. олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп 
жетті,осы 
жерден 
Қытай 
құрлығына 
табан 
тіреді. 
Қытайда17 
жылтұрды.Моңғолханы  Құбылайдың  қарамағында  болып,  Қытайды  аралады. 
Қызмет  бабыменҮндістанғабарып  қайтты.  Қытайда  Полоның  «мансабы 
өрледі»,қызметіменҚұбылай  ханға  қатты  ұнап,елдің  әр  аймағына  орын 
ауыстыра  жүріп,Құбылай  ханға  15  жыл  қызмет  етті.Ол  ел  басқарудың  күрде-
лілігі  мен  тиімділігіне,мәселен,пошта  жүйесіне  қатты  таңданды.Осы  жүйенің 
арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ең шалғайдағы 
бұрышынан  астанаға  хабар  жеткізетін(пошта  жүйесін  300000  ат  қамтамасыз 
етті). 
1295  жылытеңіз  жолыменОңтүстік  Азияныайналып  өтіп,  Жерорта  теңізі 
арқылы 
еліне 
қайтып 
оралды.Генуяменарадағы 
соғыста 
тұтқынға 
түскен.Тұтқында  отырған  кезінде  түрмеде  бірге  отырған  кәсіби  жазушы 
пизалықРустичеллоғаөзінің 
естеліктерін 
жаздырған. 
Оның 
еңбегі 
бүкілАзия,Солтүстік,  Еуропажәне  бірқатарАфрикаелдерінің  географиясы, 
тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие 
болды 
және 
XIV-XVI 
ғ.ғ 
теңізшілерге,картографтарға,жазушыларға 
айтарлықтай әсер етті. 
Христафор  Колумб  Америкаға  алғаш  теңіз  сапары  кезінде  оны  өзімен  бірге 
алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. ХІV–ХV 
ғасырлардабұл  естеліктерЕуропаныңбірқатар  елдерінің  тілдеріне  аударылып, 
Азия картасын жасауға негіз болды. ХV–ХVІ ғасырлар даиспан және португал 
экспедицияларын ұйымдастырушылар оның еңбегінен Азия құрлығы батыстан 
шығысқа  қарай  созылып  жатқандығын  білді.  Сөйтіп  Еуропаның  батыс  және 
Азияның  шығыс  жағалауы  бір-бірінежақын,  Еуропадан  батысқа  қарай  жүзген 
саяхатшы  Үндістан  жағалауынан  шығады  деген  қорытынды  жасалды.  Мұндай 
сенім Х.КолумбтыңАмериканыашуына себеп болды.  
*Игорь  жасағы  туралы  жырорта  ғасырлық  әдеби  ескерткіш.Жырдың 
сюжетіне  –  ХІ  ғасырдаИгорь  СвятославовичтіңКиев  Русінде  билік  үшін  талас 
кезінде өзіне қолдау көрсеткен қыпшақтарға опасыз қарсы жорығы, жасағының 
ойсырап  жеңіліске  ұшырауы,  өзінің  тұтқынға  түсуі  арқау  болған.  Сондай-ақ, 
жырда  өзара  қырқысып  береке  таппағанКиев  Русікнязьдерінің  тарихы, 
қыпшақтардың үстемдігі баяндалады.  
Жыр  –  эпикалық  шығарма  болғанымен,  онда  лирикалық  шегіністер, 
фольклорлық  (жоқтау,  жұбату,  мадақ,  т.б.)  элементтер  кездеседі.  Жырдың 
поэтикалық,  көркемдік  қуатын  байқататын  әсірелеу,  теңеу,  ұлғайту  сияқты 
бейнелеуіш құралдар мол.  
Жырдың түпнұсқа қолжазбасы жоқ. Ал көшірме қолжазбасын тұңғыш рет граф 
А.И.  Мусин-Пушкин  діни  ғимараттардың  архивтері  мен  кітапханаларындағы 
көне  қолжазбаларды  жинау  барысында  кездестіріп,  қайта  көшірткен.  Ал 
жырдың  түпнұсқасы  болып  есептелетін  алғашқы  көшірме  нұсқасы  –  1812 
жылғыМәскеудегіөрт  кезінде  Мусин-Пушкин  үйімен  қоса  өртеніп  кеткен. 
Түпнұсқа  көшірменің  осылайша  жоғалуы  ғалымдардың  жырға  күмәнмен 
қарауына  негіз  болды.  Сондай-ақ,  көптеген  ғалымдар  жырда  түркі  тілінің 

78 
 
ықпалы зор екенін, қайсыбір христиан дініне қатысты мәліметтердің қондырма 
екенін,  жырды  айтушы  әрі  оның  кейіпкері  Баян  жыраудың  бейнесі  бұл 
шығарманы  тудыруға  түркі  халықтарының  да  қатысы  барлығын  байқатады. 
«Игорь жасағы туралы жыр» туралы көптеген зерттеу еңбектер жазылған. Жыр 
ақынБ.Аманшинніңаудармасы бойынша қазақ тілінде жарық көрді (1951, 1985). 
 
3. Ортағасырдағықазақ нарративті деректері 
 
Бірнеше  нарративті  деректер  өзінің  көркем  әдебиеттілігімен,  түрлі 
құбылыстағы  көркем  бейнесімен  айқындалады.  Өз  кезіндегі  түрлі 
ортағасырлық шығармалар, хроникалар, шежірелер, өмірбаяндар, қандай да бір 
тарихи оқиғаларды жатқызуға болады.  
Нарративті  деректердің  бірінші  тобына  парсы  деректері  жатады
Тарихты  зерттеулердің  аталмыш  уақыт  кезеңі  көршілес  және  шығыс 
мемлекеттерінің  жекелеген  авторларының  негізінен  жазбаша  материалдарға 
жүгінеді.  Нарративті  шығармаларындағы  маңызды  материалдар  негізінен 
тарихи, географиялық және мемуарлы шығармалар болып табылады. Олардың 
бастысы  парсы  тілінде  жазылған.  Бұларды  араб,  түркі  және  шағатай 
тілдеріндегі  шығармалар  толықтырады,  көрсетілген  деректегі  алшақтаған  дең-
гейі  әртүрлі.  Көршілес  жатқан  шығыс  Түркістандық  авторлардың  еңбектері 
нақты  деректермен  жазылған.  Сонымен  бірге,  өте  көлемді  және  жеткілікті 
нақты мәліметтер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу туралы жазылған. 
Қазақ  хандығының  тарихы  өте  күрделі  әрі  қызықты  дәуірлерді  басынан 
кешірді.  Әсіресе  ХV  ғ.  соңы  мен  ХVI  ғасыр  көп  зерттелмеген  әрі  түрлі 
қиындықтар туындаған кезең болғандықтан, бұл кезеңді тарихи жазба деректер 
арқылы  қалпына  келтіру  қажеттілігі  туындап  отыр.  Ал  бұл  уақытта  пайда 
болған деректердің өзін деректанулық талдаудан өткізіп, шынайылық деңгейін 
анықтау  қажет.  Онсыз  таза  тарихты  қалпына  келтіру  мүмкін  емес.  Бұл 
деректерді  тиімді  пайдалану  үшін  классификациялаудың  маңызы  зор.  Бүгінгі 
таңға  дейін  деректерді  классификациялаудың  ортақ  және  нақты  жүйесі 
қалыптаспағанын да атап айту қажет. Тек қана белгілі бір авторлардың зерттеу 
кезеңі  мен  аумағына,  деректерде  сақталған  ақпараттардың  бірегейлігі  мен 
ерекшелігіне қарай бөліп қарастыру принципі ғана негізге алынады.  
Қазақстандық  ғалымдар  өз  зерттеулерінде  шығыстық  жазба  ескерткіштердің 
үзінділерін  мейлінше  көбірек  пайдаланып,  оларды  ғылыми  айналымға  енгізе 
отырып, отандық деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты. 
Тарих  философиясымен  және  тарихи  зерттеулердің  методологиясымен, 
деректанумен  айналысатын  еліміздегі  тарихшы-медиевистердің  бір  тобы 
белгілі  шығыстанушы-ғалым  В.П.Юдиннің  төңірегіне  шоғырланды.  Олар 
ортағасырлық  шығыстық  жазба  деректерді  салыстырмалы-мәтіндік  талдау, 
оларды  идеялық-саяси  және  текстологиялық  ерекшеліктері  бойынша  жіктеу 
сияқты  деректанулық  мәселелерге  үлкен  көңіл  қойды.  Осының  нәтижесінде 
ортағасырлық  қазақ  тарихына  қатысты  жазылған  он  жеті  парсы  және  түркі 
деректер  жинақтаған  «XV–XVІІІ  ғғ.  Қазақ  хандығы  бойынша  материалдар» 

79 
 
атты  ұжымдық  аударма-еңбек  жарияланды.  Қазақ  хандығы  дәуірінен  мәлімет 
беретін бұл маңызды жазба ескерткіштер мыналар еді. 
Түркі  тілді  деректер.  Қазақ  тарихының  нарративті  деректерінің  ішінде  орта 
ғасырдың  соңғы  дәуіріндегі  түркі  тілінде  жазылған  шығармалардың  маңызы 
жоғары  екендігі  белгілі.  Олар  кейде  парсы  тілдес  деректермен  мазмұны 
жағынан,  жазылу  дәстүрі  жағынан  қабысып  жатады.Оларда  қазақ  этносының 
қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы кезеңіндегі қым-қуат 
оқиғалар  жөніндеқұнды  мәліметтер  бар.  Сондай  шығармалардың  бірнешеуіне 
тоқтала кетейік. 
*Қазіргі  түркі  халықтарының–  оның  ішінде  қыпшақ  тобына  жататын  ру  - 
тайпаларының-  қоғамдық,  саяси  –  әлеуметтік,  этнографиялық  және  мәдени 
тарихын  зерттеуге  «Кодекс  Куманикус»  материалдарының  деректер  ретінде 
тигізген  пайдасы  өте  мол.  Шығарма  164  беттен  құралған  қолжазба,  алғашқы 
бетінде «1303 ж.» деген белгі бар. Авторы мен жазылған жері белгісіз. 
Тіл  ерекшелігі  жағынан  ол  қазіргі  түркі  тілдерінің,  солардың  ішінде  қазақ 
тілінің  орта  ғасырдағы  табиғи  қалпын  көрсетеді.  «Кодекс  Куманикустен» 
қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық 
құбылыстар  байқалады.Түркітану  ғылымындағы  жаңа  деректер  бойынша,  бұл 
еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы 
жасалған,  ол  1330  жылы  толығымен  көшіріліп  біткен.  «Кодекс 
Куманикус»Дешті 
қыпшақтанемесеҚырымда(Солхат 
қаласында) 
жинастырылып, 
бір 
ізге 
түсірілген. 
Осы 
өңірді 
қоныстанған 
қыпшақтардыБатыс  Еуропажұртшылығы  кумандар  деп  атаған.  1303  жылы 
«Кодекс  Куманикус»  түпнұсқаданАлтын  Ордамемлекетінің  астанасы  Сарай 
қаласының  жанындағы  Джан  әулиенің  ғибадатханасында  көшірілген.  «Кодекс 
Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. 
Біріншібөлімі(1–10  б.)  –  үш  бағана  етіп  жазылған  латынша-парсыша-куманша 
сөздік.  Қалған  жартысындағы  сөздер  лексикалық  мағыналарына  қарай 
топтастырылған.  Мысалы,  адамның  дене  мүшелерінің  аттары,  егіншілікке 
байланысты  сөздер,  т.б.  Екінші  бөлімі(111–164  б.)  –  діни  уағыздар.  Осы 
бөлімдегі  мәтіндер  мен  жұмбақтарды  көрнекті  неміс  түркітанушысы  А.  фон 
Габен  «кумандар  әдебиетінің  үлгісі»  деп  таниды.  Көптеген  қыпшақ  сөздері 
көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер 
мен  сөз  тізбектері,  жеке  сөз  тізімдері  мен  аудармасыз  берілген  жұмбақтар, 
қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар.  
Ол  кезде  (ХІІІ-ХІV  ғасырларлар)  Дунай  өзенінен  Жоңғар  қақпасына  дейінгі 
елдің  бәрі  де  қыпшақ  тілін  түсінген.  Батыс  Еуропаның  Шығысқа  жорыққа 
шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта 
Азия  елдерін  аралау  үшін  куман  (қыпшақ)  тілін  халықаралық  тіл  ретінде 
пайдалануға  болады  деп  ұққан.  Сол  кездегі  еуропалықтар  үшін  латын  тілі 
қандай  рөл  атқарса,  бірсыпыра  Азия  халықтары  үшін  куман  (қыпшақ)  тілі  де 
сондай  қызмет  атқарған.  «Кодекс  Куманикус»ВенециядағыМарк  әулие 
шіркеуінің кітапханасында сақтаулы. 

80 
 
Осы  уақытқа  дейін  «Кодекс  Куманикустің»  қыпшақ  тіліндегі  бөлімі  үш  тілге 
аударылып, төрт рет басылып шықты:1828жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, 
Париж, 1–бөл.),1880жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.),1884жылы 
неміс 
тіліне 
(В.В.Радлов,Санкт-Петербург, 
Кун 
баспасының 
негізінде),1936жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Грен-
берг,  Копенгаген,  түпнұсқа),1942жылы  (Гренберг,  Копенгаген,  куманша-
немісше  сөздік).  Қолжазба  қазіргі  Тіл  білімі  институтында  бірінші  рет  орыс 
тіліне  аударылып,  түгелдей  баспаға  (1972)  дайындалды,  ал  парсыша 
бөлімі1972жылыИрандабасылып шықты. 
*Орта ғасырдың аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі,Жүсіп 
Баласағұнның  "Құтадғу  білік"  (Құтты  білім)  деген  еңбегі,  Қарахан  хандығы 
дәуірінде  (1070  ж.)  жазылды.  Бұл  –  қазақстан  мен  Орта  Азияның  түркі  тілдес 
халықтарының  азаматтық  әдебиетінің  аса  бағалы  ескерткіші.  Онда  ақын 
заманындағы  өмір  шындығы,  белгілі  әлеуметтік  топтардың  қоғамдық  санасы 
мен саяси концепциясы өзіндік ерекшеліктерімен суреттелген. 
Құтадғу  білік  –  қоғамдық  –  саяси  өмірдің  шиеленісуі  нәтижесінде  Қарахан 
мемлекетінің  орталық  өкіметі  нәтижесінде  Қарахан  мемлекетінің  орталық 
өкіметі  әлсіреп,  елге  ыдырау  қаупі  төнген  кезеңде,  «мемлекетті  қалай  басқару 
керек,  оның  ішкі  және  сыртқы  тәртібін  сақтап  отыру  үшін  қандай  саясат 
жүргізу қажет, қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым - қатынас қандай болу 
керек?» деген сұрақтарға жауап ретінде жазылған шығарма. 
Құтадғу  білікті  жан  –  жақты  зерттеп,  оны  басқа  тілдерге  аударма  жасау 
саласында  келелі  жұмыс  атқарған  адам  –  академик  В.В.Радлов.  Ол  осы 
шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл (1890–1910) 
шұғылданған. 
Оны  тарих,  әдебиеттану,  тілі  білімі  тұрғысынан  зерттеугеВ.В.Радловтан  басқа 
да көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты. 
Жүсіп Баласағұнныңшығармасының Қазақстан тарихы ғылымындағы мәні ерекше 
зор.  Бұл  шығарма  бертін  келе  қазақ  халқының  этникалық  құрамына  енген  ру  – 
тайпаларың  ежелгі  дәуірдегі  шаруашылық  –  тіршілігін,  қоғамдық  өмірін, 
мәдениетін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті тарихи дерек болып табылады [12, 
616 б]. 
*Түркі  тілдес  қыпшақтардың  ортағасыр  тарихының  құнды  жазба  деректерінің 
бірі –«Диуани луғат ат-түрк». (Түркі сөздерінің жинағы). Еңбек –ХІ ғасырда, 
Қарахан  дәуірінде  жазылған  мұра,  оның  авторы  –  Қарахан  әулетінен  шыққан 
түркі  ғалымы  Махмұд  Қашқари  (1029–138  жылдар  арасында  Қашқарда  туған, 
өлген жылы белгісіз), толық аты – Махмұд ибн ул - Хусаин ибн Мұхаммед ал - 
Қашқари. 
Махмұд Қашқаридің өзі айтуынша, бұл еңбекті жазудан бұрын ол түріктердің 
барлық  елі  мен  даласын  түгел  аралап  шыққан.  «диуани  луғат  ат  –  түркте» 
қамтылған  сөздер  түгелдей  түркі  тілдеріне  тән  сөздер.  Ол  сөздердің  түсінігін 
Махмұд Қашқари араб тілінде жазған. 
Кітапта  қамтылған  материалдары  академик  А.Н.Кононов  бес  салаға  бөліп 
қараған. Олар: 1. белгілі бір тайпа тәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры; 2. түркі 

81 
 
тайпаларының  мекен-қоныстары  жайындағы  мәліметтер;  3.  түркі  тілдерін 
топтастыру; 4. түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 5. 
Түріктердің  тарихы,  географиясы,  этнографиясы,  поэзиясы  және  фольклоры 
жайындағы мәліметтер. 
Махмұд  еңбегін  тек  сөздік қана  деп  ұсынуға  болмайды.  Онда  жеке  сөздермен 
қатар ХІ ғасырда Орта Азия мен Қазақстан территориясы мекендеген халықтар 
тарихының құнды деректері мейлінше мол. Кітап алғашқы рет 1914 жылы түрік 
ғалымы  Али  Амири  қолына  түскен,  ал  Қиласали  Рифат  қолжазба  көшірмесін 
1915  жылы  1–2  кітап,  1917  жылы  3  кітап  етіп  Стамбұлда бастырып  шығарған. 
СөздікҚазақстанда 1993 жылы жарық көрді. 
*Фазлаллах  Рашид  ад-Диннің  «Жами  ат-тауарих»  («Жылнамалар  жинағы» 
1310–1311жылдары  аяқталған)  деген  тарихи  еңбегі  ХІІ-ХІІІ  ғасырдағы  сонғол 
және  түрік  тайпалары  мен  халықтарының  тарихы  жөніндегі  мейлінше  елеулі 
еңбек  болып  табылады.  Раши  ад-Дин  шығармасының  негізінде  ресми  монғол, 
хроникалары,  монғолдар  жаулап  алған  түрлі  елдердің  тарихи  шығармалары, 
оқиғаларға  қатысушы  хабарламашылардың  материалдары  алынған.  Әдет-
ғұрыптар,  діни  нанымдар,  көшпелі  тұрмыс  туралы,  түрік  және  монғол 
тайпаларының  орналасуы  туралы  мәліметтер  алуан  түрлі.  «Жылнамалар 
жинағының»  екінші  томында  тайпалардың  этникалық  құрамы,  қазақстан 
моңғол  ұлысының  құрамына  кірген  кездегі  оның  топонимикасы,  тарихи 
географиясы,саяси тарихы жөніндегі деректер. Орда –Ежен ұлысының тарихы, 
оның  ұрпақтарының,  басқа  да  Жошы  ұрпақтарының  генеалогиясы  жөніндегі 
мәліметтер келтірілген. 
Тауарих-и гузидайи нусрат-наме «Жеңістер кітабының таңдамалы тарихтары» 
деп  аударылады.  Авторы  белгісіз.Түркі  тілінде  (ескі  өзбек)Шейбани  ханға 
(1451–1510)  арналып  жазылған  шығарма.  Кітап  шамамен  1505  жылы  жазылып 
біткен.Кейбір  зерттеушілер  кітаптың  авторы  ханның  өзі  болуы  мүмкін  деген 
болжам айтады. Тарихтан белгілі ол білімді адам болған,ақындықтан да кенде 
емес. Бізге дейін оның кейбір өлеңдері де жеткен. 
Шығарманың бір нұсқасы Санкт-Петербург қаласындағы РҒА Азия халықтары 
институтында  да  екінші  нұсқасы  Британ  музейінде  сақтаулы.  Алла  Мурад 
Аннабой оглы дегенқоңырат руының оқымыстысы шығарманың қысқаша түрін 
1815  жылы  Бұхарада  құрастырады.1849  жылы  Қазан  университетінің  профес-
соры И.Н.Березин кітаптың түркі тілінде бастырып шығарды.1967 жылы өзбек 
ғалымы 
А.М.Акрамов 
шығарманың 
факсимилесінжариялады. 
Оның 
фрагменттері  мен  аудармасын  қазақстан-дық  ғалым  В.П.Юдин  1969  жылы 
«Материалы  по  истории  казахских  ханств  XV–XVII  веков  (Извлечения  из 
персидских  и  тюркских  сочинений)»деп  аталатын  жинаққа  кіргізді.Кітапта 
түркі тайпаларының арғы тарихы,Шыңғыс хан туралы деректер бар. 
Автордың  айтуынша,  ол  деректердіДжувейни  мен  Рашид  ад-Диннен  алған. 
Одан  басқа  ол  белгісіз  автордың«Тарих-и  арба  улус»  («Төрт  ұлыстың 
тарихы»)пайдаланғандығын  жасырмайды.  Одан  әрі  ол  атасы  Әбілхайырдың 
көшпелі  өзбектер  мемлекетінің  тағына  отыруын,ноғай  биі  Ваккаспен 

82 
 
араздасуын  және  оның  маңғыт  пен  қазақтармен  күресін,  Мұхаммед 
Шейбанидің ноғай биі Мұсаменіске аспай қалған келісімі жөнінде баяндайды. 
Кітапта,әсіресе,Әбілхайыр  ұрпақтарының  Мәуренахр  жерін  жаулау  жөнінде 
толық  мәлімет  бар.Шығарма  1504  жылы  Әндіжанды  басып  алу  оқиғаларымен 
аяқталады. 
*Камал ад-дин Бинаидің «Шайбани-наме» (Шайбан туралы кітап)деп аталатын 
шығармасы  даШибандар  әулетінің  тарихына  арналған.Авторы  өз  заманының 
белгілі  тұлғасы,өнерпаз,  әрі  жазушы.  Төменгі  әлеуметтік  топқа  жатқанымен 
жасында  жақсы білім  алған.  Өмір  сүрген  уақыты  1453–1512  жылдар  аралығы. 
Карши  қаласына  сефевидтер  әскері  басып  кіргенде  мезгілсіз  қаза  болған.  Ол 
Гератта,Иракта,  Бұхара  мен  Самарқанда  болған.  Мәуеренахрды  Мұхамед 
Шайбани  басып  алғанда  ол  жаңа  ханға  қызмет  етеді.Оның  ішінде  екеуі1504 
және  1510  жылдары  жазылған  «Шайбани-наме»  және«Футухат-и  хани» 
шығармаларында  қазақтар  туралы  құнды  мәліметтер  бар.  Бұл  шығармаларға 
кезінде көптеген зерттеушілер көңіл аударған.А. Самойлович , М. Салье, П.П. 
Иванов,  Р.Г.  Мукминова,  А.  Мирзоев,  С.К.  Ибраимов,Б.А.  Ахмедовсияқты 
ғалымдар  Бинаи  шығармаларын  дерек  ретінде  өз  еңбектерінде  кеңінен 
пайдаланған. 
*Абдаллах бен Мухаммад, басқа бір деректерде Абдаллах Балхи (XV ғасырдың 
соңы –XVI ғасырдың басы), есімді автордың жалпы тарихқа арналған «Зубдат 
аль-асар»  (Жылнамалар  қаймағы)атты  кітабықазақтың  саяси  тарихының 
таптырмас  дерегі.  Ташкенттің  билеушісі  Келді  Мухаммад-султанның  тапсы-
рысы  бойынша  жаздым  дейді.Ол  кітапты  1510  жылғы  Мухаммад  Шайбани-
ханның  қазақтарға  жасаған  сәтсіз  жорығы  ,  Қасым  ханның  Түркістан  мен 
Тәшкентке  жасаған  сәтті  жорығы,сияқты  оқиғалар  толық  баяндалады. 
Компилятивті  хроника  сипатындағы  шығармада  мұсылман  әулеттерінің 
тарихы, сол замандағы ел билеушілері жөнінде мәлімет береді. Өзінің көзімен 
көргендерімен қатар естігендерін де кітапқа кіргізген. 
*Тарихшы,  ақын,  билеуші  –  Үндістанда  Ұлы  Моғолдар  империясының  негізін 
салушы  Бабырдың  (1483–1530)  қазақ  тарихы  үшін  құнды  деректерінің  бірі 
(«Бабыр  жазбалары»)  деген  атпен  белгілі  болған  еңбегі.  Ол  орта  ғасырдағы 
тамаша  тарихи–әдеби  ескерткіштерінің  бірі  болып  саналады.  Бабыр  сол 
дәуірдегі көптеген оқиғалардың куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы да бол-
ды.Бұл  кітапта  сол  замандағы  ғұрыптың  мейлінше  толық  көрінісі  берілген. 
«Бабырнамада»  сондай-ақ  ежелгі  қазақ  жеріндегі  кен  орындары,  өзендер, 
көлдер,  таулар,  өсімдіктер  мен  жан  –  жануарлар  дүниесі,  т.б.  әңгімеленген. 
Мысалы,  қазақтың  Түркістан,  Сайрам,  Отырар,  т.б.  шаһарлары  туралы, 
Сырдария  (Сейхун),  Арыс,  т.б.  өзендері  мен  көлдері  жөнінде  қызықты 
мағлұматтар бар. 
Абай, 
Шоқан 
және 
Мұхтар 
Әуезов 
«Бабырнаманы» 
қазақ 
халқыныңтарихынатікелейқатысты деректікшығармадеп таныған. 
Тазкира-и  муким  хани(Муким  ханныңғұмырнамасы)  –  тарихи  шығарма. 
Аштархан әулеті кезіндегі Балх хандығының тарихына (1601 – 1702) арналған. 
Авторы  –  Мұхаммед  Юсуф  Мунши.  Ол  өз  еңбегін  Балх  тағына  1697  жылы 

83 
 
Аштархан  әулетінен  шыққан  Мұхаммед  Муким  хан  келген  кезде  бастап,  1704 
жылдан кейін аяқтаған.  
Шығарма  кіріспе  мен  үш  тараудан  тұрады.  Кіріспеде  түркі-монғол 
халықтарыныңаңыздағытүп  ата-анасы  Алан-гүл  (Алан-гао)  мен  Түмен  хан 
туралы  және  Шыңғыс  ханның  Мауераннахрды,  Балх  пен  Бадахшанды  жаулап 
алу  тарихы  қысқаша  берілген.  Бірінші  тараудаОрталық  Азияның  Шайбани 
әулеті кезіндегі саяси тарихы қысқа баяндалған. Екінші тарауда Балх пен Бұхар 
хандығының  ХVІІІ  ғасырға  дейінгі  саяси,  соның  ішінде  әлеуметтік-
экономикалық  тарихы,  рухани  және  мәдени  өмірі  толық  сипатталған.  Үшінші 
тарау 1702 – 04 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларға арналған. 
Еңбек  Орталық  Азия  тарихынан  құнды  мағлұматтар  беретін  деректердің 
бірі.Балх пен БұхардыңҮндістан,Иран,Түркия,Қашқаржәне т.б. елдермен саяси 
қарым-қатынастары  туралы  мәліметтер  бар.  Онда  Балх  ханы  Абд  әл-Мүмин 
мен  түріксұлтаныМұрат(1574–95),Үндістандағымоғолбилеушісі  Аурангзеб  пен 
Сұбханқұл  хан,  т.б.  билеушілердің  арасында  жазылған  хаттардың  көшірмесі 
берілген.  
ХVІІ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  Хиуа  мен  Бұхар  қарым-қатнастары 
туралы деректердің ішінде Әбілғазының және оның ұрпақтарының Бұхара мен 
Самарқандқа  жасаған  үздіксіз  жорықтары  туралы  мәліметтер  бар.  Бұл 
тонаушылық жорықтар ақырында Хорезмдегі Шайбани әулетінің билігі құлап, 
онда  1688  жылдан  бастапҚоңыратәулеті  билігінің  орнауына  әкелді.  Балхпен 
оның маңайындағы жерлерді мекендеген түркі тілдес тайпалар барлас, қоңырат, 
түркмен,алшын,қатаған,  сарай,  қалмақ,  қыпшақ,найман,  құрама,  т.б.  туралы 
құнды мағлұматтар бар.  
Сондай-ақ  қазақ  пен  бұхаралық  билеушілердің,  Оңтүстік  Қазақстанның 
маңызды сауда-экономикалық орталықтары менТашкентүшін болған күрестері 
туралы  мәліметтер  назар  аударарлық.  «Тазкира-и  Мукин  хани»  жан-жақты 
зерттеліп, бірнеше шет тілге аударылған. 1956 жылы профессор А.А. Семенов 
толық зерттеу жұмысы мен аудармасын жариялады.  
*XVIғасырдың 
екінші  жартысына  жататын  авторы  белгісіз  Кашқар 
сопыларының  бірі  Ходжа  Мухаммад  Шарифке  арналғанагиографиялық 
шығарма«Тазкира-и 
Ходжа 
Мухаммад 
Шариф»(«Ходжа 
Мухаммад 
Шарифтің басынан кешкендері») атты шығарма қазақ тарихының дерегі болып 
саналады. Ол Сайрам қаласының тумасы, Самаркандта медресе бітірген. Оқуды 
бітірген  соңҚашқар  қаласына  қоныс  аударады.Қараханид  ханы  Сатук  Богра-
ханның мазарын паналайды.Жаркенд қаласында1656–1666 жылдар шамасында 
қайтыс болды. 
«Тазкира»  тұрмыстық  әдебиет  жанрна  жатады.  Кітаптың  алғашқы  бөлімінде 
сопылық  тұрмыстың  сипаты  баяндалады,  Ал  екінші  бөлімінде  тарихи 
материалдар берілген.Шағатай әулетінің өкілі Абд аль-Латифтың қырғыз еліне 
жорығы  ,  оның  өлімі  жөнінде  мәліметтер  бар.  Ал  енді  осы  оқиғаны 
сипаттайтын екінші бір деректерде Абд аль-Латиф қазақ хандарының қолынан 
қаза тапты делінеді.  

84 
 
*Ақын  әрі  ғалымМухаммад  СалихШайбани-хананың  ресми  тарихының 
авторы. Оның Шайбани-наме («Шайбани туралы кітап»), атты еңбегіндеқазіргі 
Қазақстан  мен  Мәуренахр  жеріндегі  саяси  ахуал  баяндалады.  ХVІ  ғасырдың 
басында  қазақстанның  солтүстік  және  орталық  бөлігіндегі  Шыңғыс  әулеті 
сұлтандар топтарының саяси билік үшін таласы жан-жақты қамтылған.  
1500–1509  жылдар  аралығындағы  Мавераннахр  менХорезмдегіШайбани-хан, 
Керей 
мен 
Жәнібек,Бурундук-ханменҚасыммен 
арасындағы 
қарым-
қатынас,Сыр бойындағы қалалар үшін соғыс сөз болады. Сонымен қатаравтор 
қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, бір-біріне қарсы соғысқан 
елдердің  әскері,  мемлекеттік  құрылымы  жөнінде  де  мәліметтер  бар.  Елдің 
географиялықжағдайы, сол жерді мекендеген тайпалар мен ұлыстар туралы да 
жазылады. 
*ӘбілғазыБаһадұр хан(1603–1664) – Хиуа ханы (1645–63), тарихшы-шежіреші. 
Үргеніште  Жошы  ұрпағынан  тараған  Арабмұхамед  ханның  отбасында  туған. 
Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Арысхан 
медресесінде  оқып,  ғұлама  ғалымдардан  дәріс  алған.  Медреседе  халық  ауыз 
әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекет басқару ісін меңгерді.  
Арабмұхамед  ханның  қартайған  шағында  балалары  арасында  билікке  талас 
басталды.  17  жасынан  бұл  талас-тартысқа  Әбілғазы  да  араласты.  Оның  аяғы 
ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың 
бірінде  1621  жылыол  ауыр  жарақаттанып,  Әмударияны  жалғыз  жүзіп  өтіп, 
қашып  құтылады.  Маңғыстаудағы  түрікмендерді,  қазақ  хандары  Есім  мен 
Тұрсынды  паналайды.  Ә.  Ташкентте  Тұрсынхан  сарайында  екі  жыл  тұрып, 
еліне  қайтып  келген  соң,  1628  жылы  ағаларының  қолына  түсіп,  Иранға  жер 
аударылды.  Он  жылдай  Исфахан  қаласында  айдауда  болған.  1638  жылы 
Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 
1640–41 жылдары Жем өзенінің бойындағы қалмақ ханы Хорлектің ордасында 
тұрған.  Осы  жерден  Арал  қазақтары  көп  сыйлық  беріп,  Әбілғазыны  қалмақ 
ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді.  
1643  жылы  Ілияс  би  бастаған  Арал  қазақтары  Хиуа  ханы  Аспандиярға  қарсы 
көтерілгенде  Әбілғазысолармен  бірге  болған.  Екі  жыл  бойы  Хиуаға  дамылсыз 
шабуыл  жасап,  ақыры  қазақ,  өзбек,  қарақалпақтардың  күшімен  1645  жылы 
Хиуаны  алып,  хан  болып  жарияланды.  Хан  тағына  отырғаннан  кейін  де  көп 
жылдар  түрікмен  тайпаларымен  соғыс  жүргізді,Хиуа  хандығыжеріне  баса-
көктеп  кірген  қалмақтарға  қарсы  қиян-кескі  ұрыс  жүргізді,  Бұхараға  шабуыл 
жасады.  Тек  1663  жылы  ғана  хандық  билігін  ұлы  Ануш  Мұхамедке  беріп, 
бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті. 
Әбілғазыөз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. 
Ол өзі туралы “Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. 
Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери өнер, яғни 
әскерді  басқару,  оның  тәртібі  т.т.;  екіншісі  –  ақындық  өнер,  яғни  түрлі 
өлең  құрылысын  сақтай  отырып,  түрік  тілінде  меснеуи,  қасида,  ғазел, 
рубаят  тәрізді  өлең  шығара  алу,  араб,  парсы,  түрік  сөздерінің  мағынасын 
жетік білу; үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген 

85 
 
патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-
уақты оқиғаларды жатқа білу” деп жазды.  
Әбілғазыжазған  «Шежіре-и  Тарахима»  («Түрікмен  шежіресі»,  1661  жыл) 
және«Шежіре-и Түрк» (Түрік шежіресі, 1665 жылы) атты тарихи екі шығарма 
шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. 
«Шежіре-и  түрк»  ғыл.  ортаға  ХҮІІІ  ғасырдың  бас  кезінде  мәлім  болды. 
Кітаптың  қолжазбасын  Ресейде  тұтқында  жүрген  швед  офицерлері  Тобыл 
қаласынан тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан.  
Көп  өзгерістерге  ұшырамай,  қазіргі  қазақ  тіліне  өте  ұқсас  таза  көне  түрік 
тілінде  жазылған  қолжазба  алғаш  рет  француз  (1726),  орыс  (1770,  1780)  және 
неміс  (1780)  тілдерінде  кітап  болып  шықты.  1825  ж.  шежіренің  араб  әрпімен 
жазылған  түпнұсқасы  граф  Н.И.  Румянцевтің  араласуымен  Қазанда  басылып 
шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. 
Акад.  Х.  Френ  бұл  басылымды  «шығыстану  ғылымының  даңқын  шығаратын 
үлкен  іс»  деп  бағалады.  1854  жылы  И.Н.Березин  «Шығыс  тарихшылары 
кітапханасының»  үшінші  томына  Г.С.  Саблуков  жасаған  орысша  аударманы 
кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен 
жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі 
кітап етіп бастырып шығарды (1871–74). 
Бұл  шығарма  –  Шыңғыс  ханнан  бұрынғы  және  одан  кейінгі  дәуірлерде  Орта 
Азия,  Қазақстан,  Таяу  Шығыс  елдерінде  болған  оқиғалар  мен  сол  тұстағы  ел 
басқарған  хандар  жүргізген  саясат  туралы  жылнама.  Еңбекте  қазақ  халқын 
құраған  рулар  мен  тайпалардың  көне  тарихы,  тұрмыс  тіршілігі  мен  мәдениеті 
жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазыханның «Түрік шежіресі»– тарихи-
деректік,  әдеби  және  тілдік  жағынан  өзге  шежіре  еңбек-терден  шоқтығы  биік 
тұратын шығарма. 
*XVIII  ғасырда  Шир-Мухаммад  Аваз-би,  лақап  аты  Мунис,  «Фирдаус  аль-
икбал» («Райский сад счастья»), атты тарихи шығарма  жазды. Ол өзбектің юз 
тайпасы  ақсүйектерінің  өкілі  еді.Ол  сарай  ақыны  әрі  тарихшысы  болды. 
Мемлекеттік  қайраткерлігі  де  бар.  1829  жылы  дүниеден  озып  оның  кітабын 
немере  інісі  әрі  оқушысы  Агахи  аяғына  дейін  жазып  шығады.  Еңбек  шағатай 
тілінде  жазылған.  Бірінші  бөлімінде  авторлар  өзіне  дейін  жарық  көрген 
еңбектерді  қайталайды.Ал  қалған  бөлімдерінде  сол  замандағы,яғни 
ХVІІІғасырдағы,  Орталық  Азия  елдеріндегі  саяси  оқиғалар  баяндалады.  Хиуа 
хандығының  ішкі  және  сыртқы  саясатындағы  шиеленіскен  оқиғаларға  қазақ 
сұлтандарының араласуы жөнінде қызықты материалдар кездеседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет