Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата17.03.2020
өлшемі2,13 Mb.
#60306
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82



 
ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫ 
ҒЫЛЫМЖӘНЕБІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ 
ҚОСТАНАЙМЕМЛЕКЕТТІК 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АМАНЖОЛКҮЗЕМБАЙҰЛЫ 
 
 
 
 
 
 
Д е р е к т а н у 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қостанай-2017 
 
 
 
 


 
 
ӘОЖ 94(574) 
ББК63.3(5қаз) 
К 92 
 
 
 
 
 
 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтығылыми кеңесінің2015 жылдың 
28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды. 
 
 
 
Сын-пікір жазғандар: 
А. Айтмұхамбетов,тарих ғылымдарының докторы,профессор 
М. Алпысбес,тарих ғылымдарының докторы,профессор 
С. Қолдыбаев,философия ғылымдарының докторы,профессор 
 
 
 
Күзембайұлы Аманжол. 
К 92  Деректану.  Оқу  құралы.  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық 
институты. – Қостанай, 2017. –228 б. 
 
ISBN 978-601-7839-94-9 
 
Оқу құралы тарихшы мамандарды дайындауда ерекше орын алатын деректану 
пәніне арналған.Оқу құралы негізгі үш бөлімнен тұрады. 
Алдымен  дерек  түсінігінің  теориясы  қарастырылған.Келесі  бөлімінде 
деректердің түрлеріне сипаттама беріледі. Ал соңғытарауында деректерді іздеу, 
табу, талдау және олардан объективті ақпарат алу әдістері баяндалған.  
Оқу  құралы  тарих  факультетінің  студенттеріне,  магистрлеріне,  жоғары  және 
орта оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдерінеарналған. 
 
ӘОЖ 94(574) 
ББК63.3(5қаз) 
 
 
ISBN 978-601-7839-94-9 
 
© Күзембайұлы Аманжол, 2017 
© Қостанай мемлекеттік  
педагогикалық институты, 2017 
 


 
 
 
 
1. ДЕРЕКТАНУ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ 
 
Жоспары 
1.Тарихи дерек түсінігі. 
2.Деректану пәні,мақсаты және міндеттері. 
3.Деректану әдістері. 
4. Оқулықтар мен оқу құралдарына қысқаша шолу. 
 
Тарих  ғылымы  мен  тарихи  білімнің  беделі  асқақтап  тұрған  заманда  тарихи 
шығармалардың сапасына ерекше көңіл бөлген абзал. Сапалы зерттеу қоғамда 
тарихи  сананың  қалыптасуына  игі  әсер  ететіндігі  белгілі.  Ал  енді  тарихи 
шығарманың  жоғарғы  деңгейде  жазылуы  үшін  деректер  корпусының  толық, 
объективті  әрі  шынайы  болуы  қажет.  Болашақ  тарихшы  деректермен  жұмыс 
жасауды жоғарғы оқу орнында үйренуі тиіс. Сондықтан да тарих факультетінің 
оқу жоспарынан деректану пәні ойып тұрып орын алған. 
Көлемі үш кредиттен тұратын деректанудың өзекті тақырыптарына арналып 30 
сағат  дәріс  оқылады.  Дәріс  барысында  алынған  білім  15  сағаттық  семинарда 
және 
90 
сағаттық 
студенттердің 
өздігінен 
істелетін 
сабақтарда 
зерделенеді,толығады  және  бекітіледі.  Байқағаныңыздай  уақыттың  көпшілік 
бөлігі  студенттің  өзіндік  жұмыс  істеуіне  арналған.  Бүгінгі  студент  ақпарат 
көздерін  барынша  пайдалана  білуі  қажет.  Сондықтан  оқытушы  оларға  ақпа-
ратты өз бетімен алу жолдарын ұйретуі кезек күттірмейтін мәселе. 
«Деректану»терминін  алғаш  ғылыми  айналымға  кіргізгеннеміс  ғалымы  А.Л. 
Шлецер.Тарихи  дерек  неміс  транскрипциясында  –  «Quellenkunde»,  француз 
тілінде  (étude  des  sources),  испан  тілінде  (estudios  de  las  fuentes),қырғызша 
«бұлақтану»,  татарша  «чыганақ»,өзбекше  «tarixiy  manba»,  башқұртша  «тарихи 
сығанактарға»барлығының  да  аудармасы  деректерді  зерттеу.  Қай  тілде  қалай 
аталсада терминнің мағынасы –деректер туралы ғылым. 
 
 
 
 
1.Тарихи дерек түсінігі 
 
Ғылымда  тарихи  деректің  түсінігі  сан-алуан.  Әр  заманда,  әртүрлі  елдің 
тарихшылары  тарих  дерек  туралы  әртүрлі  пікірде  болды.  Қалай  болғанда  да 
өткен заман туралы қандай да болсын, мәлімет беретін ақпарат көздерін тарихи 
дерек санатына қосқан дұрыс сияқты. 
Тек  қана  олардың  мына  төмендегі  талаптарға  сәйкес  болуы  қажет  деп 
ойлаймыз.  Біріншіден,  ұзын-сонар  адамзат  тарихында  халықтың  рухани  және 
материалдық  мәдениет  саласында  ұрпақтан-ұрпаққа  мұраға  қалдырған 


 
жәдігерлер  оның  өткенінен  шынайы  ақпарат  береді.  Екіншіден,  бұл  ақпарат 
мұқият  тексеріліп,  объективтілігі  мен  шынайлығы  анықталуы  қажет. 
Үшіншіден,табылған,тексерілген,  анықталған  ақпарат  тек  зерттеу  процесінде 
пайдаланған жағдайда тарихи дерек ретінде танылады. Тарихи дерек дегеніміз 
зерттеу  процесіне  енгізілген  адамзат  қоғамының  тарихынан  қандай  да 
болмасын мәлімет беретін ақпарат көзі. 
Осы күнге дейін ғалымдар арасында ақпарат көзіне адамзат тарихынан мәлімет 
беретін  қандай  жәдігерлерді  жатқызуға  болады  деген  мәселе  жөнінде 
пікірталастар  жүріп  жатыр.  Олардың  бір  тобы  оған  адамзаттың  іс-әрекетіне 
байланысты  қалғанізді  (след)  жатқызса,  екіншілері  сол  іс-әрекетті  айқын-
дайтын,  анықтайтын  деректерді  ақпарат  көзі  деп  есептейді.  Алғашқы  топ 
мұндай  деректерге  адамның  мақсатты  түрде  өз  қолымен  жасалған  заттарын 
кіргізсе,  екіншілері  солар  жөнінде  айтылғандарды,  жазылғандарды  есепке 
алады. 
Деректану тарихи деректердің теориясын,оны зерттеудің техникасы мен 
әдістемесін  қарастыратын  тарих  ғылымының  бір  саласы.Олкешенді 
ғылым. Оның жеке ғылыми статус алған бірнеше салалары бар.Негізгі міндеті 
деректерден  шынайы  ақпарат  алу.Тарихи  деректанудың  ғылым  ретінде  өзінің 
объектісі,пәніжәне мақсаты мен әдістері бар. Яғни ол заманауи талаптарға сай 
тарихи деректерді пайдаланудыңтеориялық-әдіснамалықмәселелерін зерттейтін 
ғылым. 
Деректану  басқаларға  қарағанда  жас  ғылым.  Оның  пайда  болғанына  небары 
100-жыл  ғана.  Ол  әлі  ғылым  ретінде  қалыптасу  үстінде.  Шетел  тарихшылары 
ХІХ-ХХ  ғасырларда  ақ  тарихи  деректердің  теориялық  мәселелерінерекше 
әлеуметтік таным ретінде шешу жолдарын ойластырған. 
Кешегі кеңес тарихнамасында бұл проблема пікірталас туғызып, ХХ ға-сырдың 
екінші  жартысында  деректанудыңтеориялық  мәселелерімен  қатар  он-ың 
қолданбалы  қызметін  де  айқындаған  болатын.  Сөйтіп  мына  төмендегідей 
проблемалардың басын ашып алу қажет: 
1) 
деректанудың ғылым ретінде қалыптасуы;  
2) 
оның пәні мен міндеттерінің теориялық сипаты бар екендігін түсіну;  
3) 
оның  тарихи  пәндер  арасындағы  орны  анықтау,пәнаралық  статусын 
мойындау; 
4) 
тарихи  деректердің  табиғатын  және  мәнін,  оларды  топтау,түрлері  мен 
түршелерінің эволюциясын зерттеу; 
5) 
олардың  беретін  ақпараттардың  көп  құрамдылығынжәне  олардың  оның 
түрлері мен формасын, сапа мен санының сипатын анықтау. 
 
2. Деректану пәні, мақсаты және міндеттері 
 
Деректану  пәнінің  негізгі  мақсаты  тарихи  құбылыс  ретінде  қарастырылатын 
белгілі  бір  әлеуметтік  ортада,  белгілібір  тарихи  кезеңде  пайда  болатын 
деректердің  табиғатын  зерттеу.Келесі  бір  мақсаты  студенттерге  тарихіздеу-
табу, талдау және оларды ғылыми айналымға кіргізу әдістерін үйрету.  


 
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді іске асыру қажет: 
-деректану пәнініңкәсіби тарихшыларды дайындауда қажеттілігін дәлелдеу; 
-деректанудың салалық пәндерімен танысу; 
-деректану ғылымының қалыптасу белестерін анықтау; 
-деректанулық зерттеудің әдіснамалық негіздерін меңгеру, 
- деректанулық зерттеу техникасы мен әдістері туралы білімді игеру
-  тарихи  деректерді  зерттеу  әдістерінің  жалпығылыми  және  тарих 
ғылымыныңәдіснамасына байланыстылығын түсіну; 
- тарихи зерттеулердің терминдік аппаратын игеру: 

деректерді  талдау  барысындағы  және  оның  нәтижесін  зерттеу 
процесіндепайдалану әдістерінбілу; 
-студенттерді қазақ тарихының негізгі деректер тобымен таныстыру:  
Оқу  жоспарына  енген  кез  келген  пәннің  өз  объектісі  бар.  Деректану 
теориясының  объектісі  тарихи  дерек  көздері,  олардың  пайда  болуы,  ондағы 
адамзат  қоғамы  жөніндегі  ақпараттың  көрініс  табуы  және  сол  деректерді 
зерттеу.  
Деректану  тарих  ғылымының  бір  саласы.  Кез  келген  елдің  тарихын 
зерттеушідеректану ғылымының көмегіне зәру. Өйткені тарихи дерексіз тарихи 
шығарма  жазылмайды.  Деректанудың  екі  деңгейі  бар,  бірі  –  эмпирикалық
екіншісі  –  теориялық.  Оның  өзіне  тән  әдістемесі  және  әдіснамасы  бар. 
Деректануәдістемесі  деп  зерттеу  барысында  пайдаланатын  әдістердің 
жиынтығын  айтамыз.  Ал  ендіәдістердің  теориясын,  деректанулық 
зерттеулердің негізгі принциптерін анықтауәдіснама еншісінде. 
Теориялық  деректану  тарихи  деректерді  зерттеудің  жалпы  әдістерін 
қарастырады.  Әдетте  деректердіңәртүрлі  түрлері  пайдаланылады.  Сондықтан 
деректердің  ерекшеліктеріне  байланысты  әдістерді  соған  икемдеу  қажеттілігі 
туыңдайды.Деректанудың  бірінші  деңгейінде  әдіс  зерттеу  объектісі  ретінде, 
екінші деңгейде құрал ретінде пайдалынады. 
Деректанумен айналысатын ғалымдар үш топқа бөлінеді. 
Алғашқылары  тек  оның  теориялық  жәнеәдіснамалық  мәселелерімен 
айналысады. Екінші топтағылар деректанудың «қара жұмысын» атқарады. Яғни 
тарих  ғылымының  өзекті  тақырыптарының  деректерін  іздеп-тауып,  талдап 
және 
оларды 
жариялайды. 
Бұлар, 
кәсіби 
деректанушылар,мұрағат, 
мұражайларда  жәнеғылыми-зерттеу  мекемелерінде  қызмет  жасайды.  Ал  енді 
үшінші  топтағылар  тек  өз  тақырыптары  бойынша  ғана  дерек  талдаумен 
айналысады.  Бұлардың  деректермен  жұмыс  істеуі  әрқашанда  нәтижелі  бола 
бермейді. Көбіне диссертациядағы кіріспе бөлімінің мазмұнды болмайтындығы 
осыған  байланысты.  Міне  деректану  ғылымы  жөнінде  қалыптасқан  түсінік 
осындай. 
Өткен  ғасырдың  90-жылдары  не  тарихтан,  не  саясаттанудан  хабары  жоқ 
шенеуніктердің  үлкен  тобы  ғылым  кандидаттары,  тіпті  ғылым  докторлары 
деген  атаққа  ие  болды.Бұлардың  «ғылыми»  жұмыстарындағы  деректерді 
пайдалану  деңгейі  сын  көтермейді.  Егістікке  шыққан  арамшөп  сияқты  олар 


 
ғылымның дамуын бірнеше жылға кейін шегеріп тастады.Соңғы жылдары жал-
ған тарихшылардың көбейіп кетуіне де солар себепкер болды. 
XIX ғасырдың орта шенінде қалыптасқан деректану ғылымы әлі даму үстінде. 
Өйткені  есептеу  машиналарының,  кибертехника  және  компьютерлік 
технологиялардың  тарихи  зерттеулерде  пайдалануына  байланысты  тарихи 
деректерді іздеудің, оны табудың және ғылыми зерттеу жұмысына кірістірудің 
жаңа  әдістері  пайда  болды.  Бүгінде  Қазақстанның  деректану  ғылымының 
алдында  үлкен  белестер  тұр.Шетел  мұрағаттары  мен  мұражайларынан  әке-
лінген баға жетпейтін тарихи деректер өз зерттеушілерін күтуде. 
Кез  келген  ғылымның  нақты  пәні  болады.  Деректану  пәніне  тарихи 
деректердің  түрлерімен  мазмұны  жатады.  Деректану  деректікақпаратты 
ғана  анықтап  қоймай,  олоны  тарихи  факт  ретінде  зерттейді.Сонымен 
деректанудың  пәні  –барлық  деректер  жиынтығы  және  олардағы  ақпарат 
көздері. 
 
3. Деректану әдістері 
 
Деректану  тарих  ғылымының  бір  саласы  болғандықтан  зерттеу  әдістері 
ортақ.Әр кезеңдерде, әртүрлі аймақтарда, әртүрлі жағдайдапайда болған тарихи 
деректердісалыстыра  отырып  баяндауды  тарихи-салыстыру  әдісі  деп 
атайды.Яғни,  тарихи  құбылыстардың  айшықты белгілеріне  қарай  қатар  қойып 
зерттеуді салыстыру әдісі деп атаймыз. 
Мұндай  әдісті  XVIII  ғасырда  Еуропа  ағартушылары  пайдаланған.  Француз 
ғалымы Ф.Вольтер алғаш рет әлем тарихы жөнінде еңбек жазғанда осы әдісті 
пайдаланды. 
Салыстырмалы 
талдау 
арқылы 
ағылшын 
тарихшысы 
А.Дж.Тойнби  адамзат  тарихында  21  өркениетті  анықтады.  Ол  белгілердің 
жиынтығы негізінде классификацияны өткізді. Бірақ, аталған әдіс белгілі уақыт 
кеңістігінде  тарихи  объектілерді  қарастыруға  бағдарланған.  Сондықтан,  оны 
қолдануда негізгі назар объектілердің кеңістік пен уақыт бойынша статикалық 
қалпына  жинақталады.  Бұл  өз  кезегінде  қоғамдық  процестердің  динамикасын 
зерттеуді қиындатады. 
Тарихи-салыстыру  әдісінің  логикалық  негізі  ұқсас  белгілердің  мәнін  анықтау. 
Мұны ғылымда аналогия дейді. Аналогия  – бұл жалпы ғылыми әдіс. Бұл әдіс 
бойынша құбылыстың бір белгісінің ұқсастығына қарай қалған белгілерінің де 
ұқсас  екендігі  жөнінде  қорытынды  жасайды.  Қорыта  айтқанда,  тарихи 
салыстырмалы  әдістің  таным  мүмкіндігі  өте  кең.  Біріншіден,  кейбір  зерттеу 
объектісі  жөнінде  тарихи  деректер  корпусы  онша  мәнді  болмауы 
мүмкін.Осындайжағдайда  осы  әдісті  пайдаланып,бізге  белгісіз  тарихи 
құбылыстыңтүйінін шешуге болады. Екіншіден, осы әдіс арқылы тарихшы өзі 
зерттеп отырған деректер тобының шеңберінен шығып, аналогия тәсілі арқылы 
кең масштабты тарихи қорытынды жасай алады. Үшіншіден, бұл әдіс басқа да 
әдістердің  басын  қосып,  зерттеу  объектісі  туралы  толық  ақпарат  алуға 
мүмкіндік береді. 


 
Ескере  кететін  бір  жайт,  тарихи-салыстырмалы  әдісті  пайдаланғанда  көптеген 
әдіснамалық талаптарды орындау қажет. Деректердің бір түрі мен екінші түрін 
салыстырғандаолардағы  нақтылы  фактілеріне  назар  аударған  жөн.  Өйткені 
кейбір фактілердің формасы ұқсас болғанмен, ішкі мазмұны басқаша болады.  
Әртүрлі  топтағы  деректердісалыстыру  мүмкіншілігі  бар.  Бір  жағдайда 
салыстыру әдісі арқылы олардың ұқсастығын анықтаймыз. Ал, екінші жағдайда 
олардың  айырмашылығын  анықтаймыз.  Әлбетте,  бұл  әдісті  пайдаланғанда 
тарихилық принципін ұмытпауымыз қажет. Өйткені, әртүрлі тарихи кезеңдерде 
пайда  болған  құжаттардың  ұқсастығы  кейде  зерттеушіні  қателікке  ұрындыра-
ды. 
Тарихи-салыстыру әдісін басқа да әдістермен қатар жүргізу қажет. Сонда ғана 
зерттеу жұмысы өз мақсатына жете алады. Әртекті деректерді барлығын бірдей 
тек осы әдісті пайдалана отырып, шешуге болады деген де үлкен қателік. Бұл 
әдістің өзінің диапазоны бар. Әсіресе, егер біз қоғамдық тарихи даму процесін 
үлкен  кеңістікте  және  кең  хронологиялық  шеңберде  зерттейтін  болсақ,  бұл 
әдістің пайдасы шаш етектен. 
Деректану  ғылымында  кеңінен  пайдаланылатын  әдіс  –тарихи-типологиялық 
әдіс.  Өздеріңізге  белгілі  кез  келген  елдің  тарихы  бірнеше  кезеңдерге, 
дәуірлерге,  белестерге  бөлінеді.  Әрбір  кезең  өзіне  дейінгі,  өзінен  кейінгі 
дәуірлерден кейбір ерекше белгілерге қарай бөлектенеді.Әрбір кезең өзіне тән 
деректер  тобын  туғызады.  Міне,  осы  белгілеріне  қарай  ұзын-сонар  адамзат 
тарихы жіктеледі. Әрбір кезеңді талдау, оның ерекшеліктерін анықтау ғылымда 
топтау немесе типтеу деп аталады.  
Тип деген терминді мен кейде қалып деген терминмен салыстырамын. Өйткені, 
бір  қалыпқа  салынып  тігілген  етіктер  бір-біріне  өте  ұқсас.  Тарихи  процесті 
типтеу  дегеніміз  тарихи  танымның  нақтылы  түрі.  Типтеу  деген  терминмен 
қатар  ғылымда  классификация  деген  де  термин  бар.  Типтеу  сол 
классификацияның  бір  түрі.  Бірақ  типтеу  классификацияға  қарағанда  тарихи 
процестің мәніне тереңірек үңіледі.  
Тарихтан  мысал  келтірейік.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  шаруалардың  негізгі 
кәсібі  мал  шаруашылығы  мен  егіншілік  екені  бәрімізге  белгілі.  Сондықтан  да 
қазақ  шаруашылығын  екі  ғана  топқа  немесе  классификацияға  бөлеміз.  Бірақ 
малшылардың  да,  егіншілердің  де  шаруашылығы  біркелкі  емес.  Бір  топтың 
ішіндегі шаруалар  байлық жағынан, еңбек құрал жабдықтарына қатынасы жа-
ғынан 
әртүрлі. 
Олардың 
ішінде 
ірілері, 
орташалары, 
қоңсылары, 
жалданбалылары тағы сол сияқты әртүрлі топтары бар. Бұларды талдап, жіктеп 
әртүрлі топқа жатқызу үшін типологиялық әдісті пайдалану керек. Яғни, әрбір 
топтың  өзіне  тән  белгілері  болады.  Сол  белгілерді  анықтау  типологиялық 
әдістің міндеті. 
Тарихи-жүйелілік  әдісі.  Соңғы  кездері  тарихшылардың  пайдаланып  жүрген 
әдісі.  Бұл  әдіс  те  жаратылыстану  ғылымынан  келген  әдіс.  Жүйелілік  әдісінің 
объективті  негізі  болып  қоғамдық  өмірдің  ішкі  байланысының,  тарихи 
процестің  ерекше  және  жалпы  белгілерінің  бірлігі.  Адамзат  тарихында  болып 
өткен  құбылыстар  бір  жүйеге  бағынады.  Қоғамда  болған  құбылыстар  ол  жеке 


 
адамның  немесе  бір  топ  адамның  мақсатты  әрекеті.  Әр  елде,  әр  жерде,  жер 
шарының әр өңірінде болған тарихи оқиғалар біріне-бірі ұқсас. Бірақ олардың 
айырмашылықтары да бар. Мысалы, ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ жерінде 
орыс  отаршыларына  қарсы  ұйымдасқан  қарсылық  дәл  осы  дәуірде  Үндістан 
жерінде ағылшын отаршыларына қарсы болған үнді халқының қозғалысына өте 
ұқсас. Бірақ әлбетте, оның ерекшеліктері де бар. Жалпы алғанда бұл сол кездегі 
отаршылдыққа  қарсы  күрес  жүйесінің  бір  ғана  үзігі.  Яғни,  адамзат  тарихы 
осындай  ірілі-уақты  үзіктердің  жүйесі.  Тарихи  құбылысты  жүйелі  зерттеу 
барысында  тарихшы  әртүрлі  тәсілдерді,  амалдарды,  әдістерді  пайдаланады. 
Сөйтіп,  жүйе  жасайтын  (системообразующий)  белгілердіанықтайды.  Осы 
бірімен-бірі байланысып  жатқан белгілер  арқылы  оқиғаның,  құбылыстың ішкі 
құрылымын  анықтаймыз.  Неғұрлым  белгілері  көп  болса,  соғұрлым  зерттеу 
терең болады, мазмұнды болады. 
Тарихи-генетикалық  әдіс  деректану  барысында  жиі  қолданылатын  әдіс.  Кез 
келген  тарихи  құжат  бірден  пайда  болып  әлеуметтік  айналымға  түспейтіні 
белгілі.  Әсіресе  мемлекеттік  және  қоғамдық мәні бар,заң  жобаларыұзақ  уақыт 
дайындалып,  содан  кейін  барып  қабылданады.Құжатты  дайындаужәне 
қабылдау барысындақаншама ұсыныстар түседі, қаншама түзетулер енгізіледі. 
Соның  барлығын  деректанушы  ескеруі  қажет.  Мұндай  деректерді 
пайдаланғанда тарихи генетикалық әдістің көмегі зор. 
Тарихи-генетикалық  әдісті  қолдану  Тит  Ливийдің  «История  Рима  от  его 
основания»  еңбегіне  тән.  Оны  қолдану  арқылы  Ресей  тарихы  бойынша 
С.М.Соловьевтің және В.О.Ключевскийдің еңбектері, украин тарихы бойынша 
М.С.Грушевскийдің,  белорус  тарихы  бойынша  М.В.Довнар-Запольскийдің 
еңбектері жазылған. 
Тарихи-генетикалық әдісті Э.Литтре, Ж.Э.Ренан, Л.фон Ранке және т.б. сияқты 
тарихшы-позитивистер кеңірек енгізді. Тарихи-генетикалық әдісті қолданудың 
үлгісі  ретінде  Д.И.Неусыхин  және  В.К.Шохин  сияқты  тарихшыларының 
жұмыстарын атауға болады. 
Тарихи-генетикалық  әдіс–деректің  дайындалу  және  қоғамдық  айналымға  кіру 
үрдісін  анықтау  үшін  қажет.  Өзінің  логикалық  табиғатына  қарай,  бұл  әдіс 
индуктивті – талдау болып табылады, ал ақпаратты көрсету формасына қарай – 
сипаттаушы болып саналады. Ол тарихи деректің «өмірбаянын» береді.Бұл әдіс 
құжатжасау  процесінің  динамикасын  талдауға  бағытталған.  Ол  осы  процестің 
даму  заңдылықтары  мен  олардың  себепті-салдарлы  байланыстарын  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
 
4. Оқулықтар мен оқу құралдарына қысқаша шолу 
 
Қазақ  тілінде  тек  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің 
профессорыҚамбар  Атабаевтың  жазған  оқулығы  ғана  бар.  Қазақстанның 
тарих  ғылымындағы  Қ.Атабаевтың  еңбегінің  ерекшелігі  –  осы  ғылымда 
пайдаланылатын  дереккөздерінің  өзіне  талдаулар  жасау  арқылы  нақтылығы 
жоғары  мәліметтерге  жетуді  мақсат  тұтқан  ғылым  саласы  –  деректанумен 


 
айналысқандығы.  Ол  соңғы  20  жыл  көлемінде  осы  сала  бойынша  2  ғылыми 
монография,  «Қазақстан  тарихының  деректанулық  негіздері»  атты  оқу 
құралын,  100  жуық  теориялық  және  проблемалық  мақалалар  жазып,  осы 
еңбектері  арқылы  деректанудың  ана  тіліміздегі  ұғымдары  мен  терминдерін 
қалыптастыруға,  тарихымыздың  өзегінқұрайтын  ұлттық  деректерімізді  танып 
білуге, деректану білімінің қалануына зор үлес қосты. 
Орыс  тілінде  өткен  ғасырда  деректану  пәні  бойынша  көптеген  оқулықтар 
жарық  көрді.  Олардың  барлығына  бірдей  тоқталудың  реті  жоқ  қой  деп 
ойлаймыз.  Оның  үстіне  ол  оқулықтар  орыс  тарихының  ыңғайына  қарай 
жазылған.  Дегенменсоңғы  жылдары  жарыққа  шықан  бірлі  жарымына  тоқтала 
кеткенімізді  жөн  көрді.  Солардың  бірі  Реседің  Данилевский  И.Н.,  Кабанов 
В.В.,  Медушевская  О.М.,  Румянцева  М.Ф.сияқты  бір  топ  ғалымдары  2004 
жылы  жазған,701  беттен  тұратын  көлемді  «Источниковедение:  Теория. 
История. Метод. Источники российской истории»деп аталатын оқу құралы. 
Бүгінгі  таңда  гуманитарлық  ғылымдарды  бір-бірімен  жақындастыруға 
талпынуда. Қазіргі эпистемологиялық ахуал полиметодологизмнің күшейуімен 
сипатталады. 
Сіздерге  ұсынылғалы  отырған  кітаптің  концепциялық  негізінетарихи  дерек 
барлық 
гуманитарлық 
ғылымдарға 
ортақ 
объект 
екендігі.Авторлар 
деректанудың әдіснамалық проблемаларына ерекше көңіл аударады. Деректану 
барлық қоғамтану пәндерін интеграциялайтын пән ретінде қарастырылады. 
Келесі 
оқу 
құралдарының 
авторлары 
Мәскеу 
униерситетінің 
профессорыГоликовАндрейГеоргиевичжәне 
сол 
университеттің 
доцентіКругловаТатьянаАлександровнаөздерінің  ұзақ  жылдароқыған  дәріс 
материалдарыныңнегізінде2000 жылы464 беттен тұратын «Источниковедение 
отечественной 
истории»деп 
аталатын 
оқу 
құралын 
жариялады. 
Кітапоқырманды  Ресейдің  Х-ХХІ  ғасырдың  басына  дейінгі  аралықтағы 
жазбаша  деректерімен,  олардың  эволюциясымен  таныстырады.  Онда  жазбаша 
деректердің  маңызды  кешендерініңжүйелі  түрдегі  шолуы,  деректерді  іздеп-
табудыңжәне  оларды  талдаудың  әдістері  талқыланады.  Оқу  құралы  тек  орыс 
тарихының  деректерін  зерттеуге  арналғанмен,  ондағы  ақыл-кеңестер  қазақ 
тарихының деректерімен жұмыс жасау барысында тигізер пайдасы мол. 
Деректану  ғылымыныңбарлық  гуманитарлық  ғылымдарға  ортақ  екендігін 
дәлелдеуге  тырысқан  Ольга  Михаиловна  Медушевская.  Ол  1977  жылы 
деректанудың  теориялық  мәселелерін  зерттеуге  арналған  оқу  құралында 
«дерек»  пен«дереккөз»деген  ұғымдарға  анықтама  береді.Ол  кісінің  тағы  бір 
ашқан  жаңалығы  Ресей  студенттерін  шетел  тарихының  деректерімен 
таныстыруы. 
 
Әдебиет 
 
Атабаев Қ.Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Оқу құралы. Алматы. 
Қазақ университеті.2002. – 302 б. 

10 
 
Медушевская О.М.Теоретические проблемы источниковедения: Учеб. пособие. 
– М., 1977. 
Голиков  А.Г.,  Круглова  Т.А.Источниковедение  отечественной  истории:  учеб. 
пособие для студ. высш. учеб. заведений /. – 2-е изд., стер. – М.: Издательский 
центр «Академия», 2008. – 464 с. 
ДанилевскийИ.Н., 
Кабанов,В.В., 
Медушевская,О.М., 
Румянцева.М.Ф. 
Источниковедение:  Теория.  История.  Метод.  Источники  российской  истории 
Издательство:РГГУ,2004. – 701 с. 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет