Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі


 АУДИВИЗУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата17.03.2020
өлшемі2,13 Mb.
#60306
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82


15. АУДИВИЗУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ  
ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ 
 
Жоспары 
1.Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері. 
2.Кино-фото құжаттарының деректік мүмкіншіліктері. 
 

139 
 
1. Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері 
 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХғасырдың  басында  ғылым  мен  техниканың 
қарыштап  дамуының  нәтижесінде  тарихи  деректердің  жаңа  түрі  пайда  болды. 
Мұндай деректер басымдылық танытып, ғылыми зерттеулерде басқа деректерге 
қарағанда үлкен сенімге ие болды.Оларды пайдаланудың әдістемесі жасалды. 
Фото,кино  және  дыбыстық құжаттардан  алынғанобъективті  болмысты 
көрсететін 
мәліметтер 
түрін 
аудиовизуалды 
деректер 
деп 
атаймыз.Беретін  мәліметтерінің  түріне  байланыстыолар  төмендегіше 
жіктеледі : 
бейнелеу-көркем  өнер  деректері  (бейнелеу  өнері  шығармалары,көрем 
фильмдер,фотосуреттер); 
көркем-графикалық деректер(карталар, планы, схемалар); 
көркем-натуралды 
деректер(құжаттық 
фото 
суреттер, 
киножәне 
видиоматериалдар). 
Деректердің  мұндай  түрлері  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  барысында  жиі 
пайдаланатын болды, өйткені мұндай материалды пайдалану барысында талдау 
жұмыстарының  ерекше  әдістері  қолданылды.  Бейне  дерек  ретінде  әсіресе 
археология,этнология,өнертану,кітаптану  сияқты  гуманитарлық  ғылымдардың 
зерттеу объектісіне айналды. 
ХІХ  ғасырдан  бастап  құжаттандырудыңфото,кино,фоно  және  видео  сияқты 
жаңа  әдістері  пайда  болды.  Осындай  жолмен  дайындалған  тарихи  құжаттар 
аудиовизуалды  деректер  деп  аталады.  Көзге  айқын  көрініп  тұрған  бейнелер 
өткен  заманда  өмір  сүрген  адамдар  жөнінде  шынайы  ақпарат  беретіндігі 
белгілі. 
Дегенмен  осындай  ақпарат  көздерінің  тарихи  деректік  мүмкіншіліктерін 
тарихшылардың  басым  көпшілігі  кеш  түсінді.Тек  соңғы  жылдары  Ресей 
ғалымдарыМагидов 
В.М. 
(«Кинофотофонодокументы 
в 
контексте 
исторического  знания»)  Н.Н.  Кушнаренкосияқты  ғалымдар  оларды  тарихи 
дерек  екендігін  ғылыми  түрде  дәләлдәп  берді.  Біріншісі  белгілі 
мұрағаттанушы,тарихшы-деректанушы осы тақырыпқа докторлық диссертация 
жазды.Ал  екіншісі  педагогика  ғылымдарының  докторы,профессор,  200  –ге 
жақын  әдістемелік  еңбек  жазған  ғалым.  Тарих  ғылымдарының  докторы  Н.С. 
Ларькованың«Документоведение»деп  аталатын  оқулығында  деректердің  жаңа 
түрлеріне тоқталады. 
Аудиовизуалды құжаттарды топтау 
«Кинофотофоноқұжаттар  »  термині  ғылыми  айналымға  1980-жылдардың 
басында  кірді.  Бірақ  оның  осы  күнге  дейін  барлық  ғалымдар  мойындаған 
түсінігі жоқ. Сол сияқты олар ғылыми әдебиетте топталмаған. 
Түр жасайтын белгілеріне қарап оларды екі топқа бөлуге болады: 
а)адамның  сезім  органдарына  әсер  етуіне  немесе  ақпаратты  қабылдау 
тәсілдеріне байланысты; 
б)ақпараттарды құжаттау әдістеріне қарай. 

140 
 
Бірінші  топқавизуалды  (көру  арқылы  қабылдау:диафильм,  диапозитив,  слайд, 
сақау 
кинофильмдер, 
эпифильм;аудиалды 
(есту 
арқылы 
қабылдау: 
грампластинка, магнитті таспалар, фонограмма;аудиовизуалды(көру және есту: 
дыбысты 
кинофильмдер, 
диафоно-фильмдер, 
видеофильмдер, 
магнитофильмдер. 
Екінші топқа жататындар: 
*киноқұжаттар: диа-, кино-, видео-; 
*фотоқұжаттар: диапозитив (слайды), фотография; 
*фоноқұжаттар: грампластинка, магнитті фонограммалар. 
Мұндай құжаттардың көпшілігі матрицалы.Фото және кинопленка, диск бетіне 
не  дыбыс  жазылған  немесе  суерет  бейнеленген  матрица.  Адамолардағы 
ақпаратты  тікелей(фото)  немесе  аппарат  арқылы  (диафильм,  кинофильм, 
грампластинка, 
магниттіфонограмма) 
қабылдай 
алады. 
Материалдық 
конструкциясына байланысты бобина, катушка, кассета, дискетка, рулон, лента, 
компакт-кассетаға бөлінеді.Осыған байланысты оларды сақтау мүмкіншіліктері 
де әртүрлі. Еліміздің кітапханаларында,мұрағаттар мен мұражайларда осындай 
құжаттарға арналғкан арнаулы қорлар бар. 
 
2. Кино-фото құжаттарының деректік мүмкіншіліктері 
 
Фотоқұжаттар дегеніміз фотоға түсіру арқылы пайда болған құжат. Бұл 
өнердің  пайда  болу  уақыты  ХІХ  ғасырдың  алғашқы  жарытсы.Фотография 
термині  (грек.  «photos»  –  жарық,  «grapho»  –  жазамын  деген  сөздердің 
қосылуынан шыққан. Яғни жарық сегіш жұқа материалдарға өлшеп жарық беру 
арқылы  алынатын  және  оны  әртүрлі  химиялық  реактивтердің  көмегімен  алы-
натынбейнені фотография деп атаймыз. Ол бейне қағаз, шыны,керамика сиқты 
материалға химиялық жолмен түсіріледі. 
Әлемде 
мұндай 
өнерді 
1826 
жылыойлап 
тапқанфранцуз 
өнертапқышыЖ.Н.Ньепсу.алғашқы 
фотографиялық 
аппаратты 
жасады. 
Кейіннен  фотография  өнері  тұрақты  түрде  алға  жылжыды,жетілдірілді,жаңа 
матералдар мен әдістер пайда болды. 
Фотоаппараттардың  алуан  түрлері  фотоға  түсіруші  мамандардың  жұмысын 
жетілдірді.  Мысалы  1947  жылы  был  изобретён  так  называемый  диффузионды 
фотографиялық  процеспайда  болды.Сөйтіп  бірден  түсірле  сала  фотосурет 
беретін аппарат дүниеге келді. 
Фотографияға  байланысы  полиграфии,  картографии,  репрографии  сияқты 
ақпаратты  техникалық  жағынан  рәсімдейтін  салалар  дамыды.  Мерзімді 
баспасөздің  де  фотографиясыз  күні  қараң.  Сонымен  қатар,әлбетте  фото  өте 
маңызды  тарихи  дерек.  Өйткені  ол  болған  уақиғаны  бұлжытпай  сол  күйінде 
бейнелейді. Егер адам 80 пайыз ақпаратты көру арқылы алатын болса фотоның 
ақпараттық  ауқымы  өте  кең  екендігі,  оның  бір  уақытта  бірнеше  объктіні 
қамтитындығыдәлелдеуді  қажет  етпейді.  Фото-құжаттардың  тағы  бір 
құндылығы ол оқиға болған жерде және сол уақытта жасалады. 

141 
 
Фотографиялар қаралы-ақты және түрлі - түсті болып екіге бөлінеді. Түсірілген 
материалына байланысты жұмсақ полимерлі(фото– и кинопленкақатты(шыны 
пластинка,  керамика,  ағаш,  металл,  пластмасса)және  қағаз  болып  үшке 
бөлінеді.Фотографияның  беттік  (карточка)  және  орамалы  (катушкаға, 
сердечниках, бобинаға оралған) ені мен ұзындығы әртүрлісі болады. Әрине біз 
көбінесе  қағазға  түсірілген  фотоларды  көріп  жүрміз.  Бірақ  соңғы  кезде 
цифрланған құжаттар кең етек алуда(DVD-дискілер). 
Осы  фотография  өнері  негізінде  ақпаратты  фотопленкада  сақтаудың  бірнеше 
әдістері  пайда  болды.  Оларды  микрографиялық  (микро-кішкентай,графос 
жазу)құжаттар  деп  атаймыз.  Мұндай  әдіс  бойынша  қажетті  құжаттар,кейде 
үлкен кітаптардыңөзі, пленкаға түсіріледі. Сақталу мерзімі 500 жылдан аса,тіпті 
одан  да  көп  жылдар  сақталуы  мүмкін.  Бір  ерекшелігі  көлемінің  шағын-
дығында.700-800  беттік  үлкен  кітап  сіріңкенің  қорапшасындай  оралған 
пленкаға  сиып  кетеді.Бір  кемшілігі  оны  оқу  үшін  арнаулы  аппаратура 
қажет.Мұндай құжаттар қатарына мына төменгілер жатады: 
а.микрофильм – құжаттың төл нұсқасы жарықсезгіш фотопленкаға түсіріледі. 
Оның  көлеміне  қарай  бірнеше  рулонға  тісірілуі  мүмкін.  Бір  рулонда  кем 
дегенде 36 кадр болады. Бір кадрға кейде кітаптың екі беті түсіріледі. Рулонды 
металдан  немесе  картоннан  жасалған  сауыттарда  сақтайды.  50-60рулонның 
салмағы бір кг. аспайды,яғниолардықолсөмкеге салып алып жүруге болады. 
әМикрофиша –бұл да жарықсезгіш пленкаға жазылады. Бірақ оның форматы 
75x125 мм, 105x148 мм, 180x240 мм болады.  Бір пластинаға 16-32 бет сыяды. 
Демек320 беттік кітапті көшіріп алу үшін10 пластина қажет екен. Егер мұндай 
кітаптың  салмағы  1200  грамм  болса,  микрофишаның  салмағы  бұдан  100  есе 
кем. 
Мұндай құжатты оқу үшін де арнаулы аппарат керек. Микрофильмге қарағанда 
микрофиша  пайдалануға  ыңғайлы.  Микрофильмнен  өзіңе  қажетті  құжатты 
тауып  алу  үшін  рулонды  түгел  қарау  қажет.  Ал  микрофишаның  коды  мен 
номері  белгілі  болса  онда  ондай  құжатты  оңай  таба  аласың.Кейде  пластинада 
құжаттың  90  есе  кішірейткен  түрлері  болады  Мысалы  936  беттік  кітапты 
75х125 мм көлемді бір пластинаға сыйдырады. Мұны ультрамикроафиша деп 
атайды. 
б.Микрокарта  –  бұл  микрофишаның  қағазғанемесе  микроофсетке  түсірілген 
түрі.Көбінесе  мұрағаттарда  жиі  кездеседі.  Көптеген  сирек  кездесетін,  немесе 
әбден  тозығы  жеткен  құжаттар  микрокарталарға  түсіріледі.  Оны  оқу  үшін 
эпипроектор деп аталатын аппарат қажет.Микрокарталар ұзақ мерзімді. 
Ол  үнемді,өйткені  қағаздың  екі  жағына  да  жазуға  болады.  Бірінші  бетіне 
құжаттың  өзі  түсірілсе  сыртына  оның  библиографиялықанықтамалары, 
аннотациясы немесе рефераты толтырылады. 
в. Диапозитив (слайд)  мөлдір пленкаға немесе шыныға түсірілген позитивті 
фотография  құжаттың  суреті.  Экранға  проекциялау  арқылы  көруге  болады. 
Оның  аққаралы  немесе  түрлі-түстісі  болады.  Диапозитиввизуальдыстатикалық 
проекцияға жатады. Шыны диапозитивтердіңөлшемі 50x50, 70x70 немесе 85x85 
мм. Пленкаға түсірілгендиапозитивтердің әрбір кадрының өлшемі 18x24, 24x24, 

142 
 
28x28,  24x36,  40x40  мм  болып  келіп,  әрбіреуі  –арнаулы  рамкаға  салынады. 
Соңғы жылдарыфото-құжаттандыру процесі сандық (цифр) түрге көшірілуде.  
Алғашқы  фотографияның  электрондық  жүйесін  1981  жылы  жапонның  Sony 
фирмасы іске асырды.Әрине құжаттаудың мұндай әдісінің артықшылығы мол. 
Кадрдағы бейненің түсін өзгертуге,оның өлшемін кішірейтуге немесе үлкейтуге 
болады.  Сандық  фотоаппаратты  компьютерге  қосуға,бейнелерді,интернет 
жүйесі арқылы басқа да пайдаланушылардың игілігіне айналдыру мүмкіншілігі 
бар.  
Киноқұжаттар 
Кино  өнері  –  өнердің  бір  түрі,  әдебиет  пен  театрдың,  бейнелеу  өнері  мен 
музыканың  көркемдік  қасиеттерін  өзінің  ерекшелігіне  орай  пайдаланатын 
синтезді  өнер.  Фильмді  жасауға  әр  алуан  мамандықтағы  творчество 
қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор 
қатысады.  Сондай-ақ  кино  жасау  ісіне  техника  саласындағы  мамандар, 
лаборанттар  мен  жұмысшылар  да  үлес  қосады,  алуан  түрлі  күрделі  аппарату-
ралар мен аспаптар қолданылады. 
Кино  өнері  –  өзіне  тән  мәнерлеу  амалдары,  көркемдеу  тәсілдері,  эстетикалық 
заңдары  мен  шығармашылық  дәстүрлері  бар  дара  өнер.  Көріністі  әр  тұстан 
қамти  бейнелеу,  адам  өмірі  мен  табиғат  құбылыстарын  нанымды  көрсете  алу, 
сондай-ақ  кадрларды  үйлестіре  құрау  тәсілінің  тиімділігі  кино  өнерінің 
ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар 
көреді.  Көрермендер  білімін  толықтырып,  эстетикалық  ләззат  алады,  тәлім-
тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады. 
Кино  өнерінің  тарихы  ХІХ  ғасырдан  бастау  алады.  Қозғалыстағы  бейнелерді 
бір  жүйеге  келтіріп  экранға  шығару  үшін  өнертапқыштар  ұзақ  жылдар  тер 
төкті.  Бүгінде  тарихшылар  алғашқы  кино  шығарманың  авторлары  ағайынды 
Луи және Огюст Люмьерлер деп есептейді. Олардың жасаған аппараты киноны 
әрі  түсіріп,  әрі  үлкен  экранға  шығаруға  өте  ыңғайлы  болды.  Бұл  өнер  кейін 
«Кинематограф» (немесе «синематограф») – деп аталды. 
Алғашқы фильм «Выход рабочих с фабрики». «Прибытие поезда» деп аталатын 
фильмдер1895  жылдың  наурызындаПариждегі  Капуцин  бульварындағы 
жертөледе  орналасқан  «Гран  Кафесінде»  қойылды.  Әрбіреуінің  ұзақтығы 
небары 50 секундтан еді. 
Қазақ  жеріне  алғашқы  хроникалық  фильмдер  1928  жылдан  түсіріле  бастады. 
Сол  жылы  РСФСР  Халық  Комиссарлары  Советі  жанынан  «Восток-фильм» 
киноқоғамы  құрылды.  1929  жылы  Алматыда  қоғамның  өндірістік  бөлімі 
ашылды  да,  ол  Қазақстанның  өмір-тұрмысы  туралы  «Соңғы  хабар»  атты 
киножурнал  шығарып  тұрды.  Режиссер  В.А.Турин  Түркістан-Сібір  Теміржол 
магистралі  жайлы  «Турксиб»  атты  деректі  фильм  қойды.  1930–32  жылдары 
қазақ өмірінен «Дала әндері», «Жұт», «Қаратау қазынасы» фильмдері қойылды. 
1941 
жылы 
Алматыда 
көркем 
фильмдер 
шығаратын 
киностудия 
ұйымдастырылды.  Ол  техникалық-өндірістік  базасы  жағынан  ұлғайып,  1944 
жылы Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы (1960 
жылдан «Қазақфильм») деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан 

143 
 
кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге 
жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр 
алуан.Сонымен  қатар  кинофильмдер  зерттеушілер  үшін  таптырмас  тарихи 
дерек болып есептеледі. Киноқұжаттардың екі түрі бар. 
Бірі 
бейнелеу-статикалық 
(бейне 
қозғалмайды-диафильм,эпифильм), 
екіншісі  –  бейнелеу-динамикалық  (бейне  қозғалыс  үстінде).  Екеуі  де  бірнеше 
қабатты полимерлі пленкаға түсіріледі. 
Киноқұжаттардың  диа-,  кино-,  видеофильм  деп  аталатын  түрлері 
бар.Диафильм  (грек.  Diа-арқылы  және  ағл.film  –  пленка)  дегеніміз 
фотопленкаға  белгілібір  тақырып  бойынша  түсірілген  бірнеше  кадлардың 
жиынтығы.  Пайдалануға  ыңғайлы,  күрделі  аппаратураны,  айрықша 
дайындықты қажет етпейді.  Диафильмнің негізгі реквизиттері: авторы,суретші 
туралы мәлімет кімге арналғандығы жөнінде ақпарат, кадрлар саны және тақы-
рыбы.Кинофильм  дегеніміз  бірінен  кейін  бірін  орналастырған  бейнелер 
жиынтығы.Олар  белгілібір  тақырып  бойынша  кинопроекциялық  аппарат 
арқылы  үлкен  экранда  көрсету  үшінпленкаға  орналастырылған  бейнелер 
топтамасы. 
Кинофильмдердің  ақпараттық  мүмкіншілігі  зор.  Оның  үстіне  адамның  сезім 
мүшелеріне  тиімді  әсер  етеді.  Олардың  дыбысты  және  дыбыссыз,  ақ-қаралы 
және түрлі-түстісі болады. 
Функциональдығына 
(мақсатына)қарай 
олар: 
көркем 
(игровые), 
документальные, 
ғылыми-көпшілік, 
білім 
беру 
мақсатындағы, 
мультипликациялық болып бөлінеді. 
Деректік мүмкіншілігі молыхроникалды және монтажды болып екіге бөлінетін 
документалды  фильмдер.  Олардың  негізгі  мазмұны  өмірде  болып  жатқан 
шынайы  оқиғалар.  Олар  ақпаратқа  бай,  оператордың  өз  көзімен  көрген 
оқиғалары. 
Ұзақтығына  қарай  кинофильмдердің  қысқа  метражды  және  толық  метражды 
түрлері  бар.Кинодокументалистиканың  алғашқы  қадамдары:  «Қазақстан  өмірі 
мен  тұрмысы»  (1927  жыл),  «Түрксіб»,  «Алғашқы  поез»  (1929  жыл),  «Алтын 
жағалаулар»,  «Ұлттық  полк»,  «Түрксібтің  ұштасуы»,  «Түрксіб  ашық»  (1930 
жыл). Бұл дыбыссыз, субтитрлері бар кинолар. 
1935  жылы  экранға  «Советский  Казахстан»  киножурналының,  отандық  кино-
документалистикасының классикасы болып кеткен екі нөмірі шықты. 
1941  жылдан  басталатын  кезеңге  ерекше  тоқталған  жөн.  Бұл  кезең  Орталық 
Біріккен киностудиясының (ОБК) жұмыстарымен әйгілі: оларқазіргі уақытта да 
өте  қызықты,  олардан  қазіргі  операторлар  да  көп  нәрсе  үйренеді;  олар  аттары 
әлемге әйгілі: Дзига Вертов, Роман Кармен, Сергей Эйзенштейн, Эдуард Тиссэ, 
Ирина  Венжер,  Яков  Посельский,  Михаил  Слуцкий  және  т.б.киноөнердің 
шеберлерін паш етті. Дәл осы жылдары ОБК шығаратын: «Союзкиножурнал», 
«Пионерия»,  «Советское  искусство»  атты  одақтық  кино-периодикаға 
репортаждар  жіберетін  қазақстандық  кинохабаршылар,  документалистер 
плеядасы  қалыптасады.  Бұл  құжаттар  Мемлекеттік  кинофотоқұжаттар 
мұрағатының 1943 жылы құрылған мұрағат қорының негізі болды. 

144 
 
Кеңес  заманында  документальды  фильмдер  ақпаратты  тез  таратудың  негізгі 
түрлерінің  бірі  болды.  Ай  сайын  елімізде  болып  жатқан  жаңалықтарды 
кинотеатрларда толық метражды көркем фильм көрсетер алдында 15 минуттық 
документальды киножурнал жүргізілетін. 
Видеофильм (лат.  vidео – көру, + film – таспа) бұл да кинофильмнің бір түрі. 
Бірақ  бейнелермагнттік  таспаға  немесе  оптикалық  дискіге  жазылады.  Оны 
видеомагнитофон  арқылы  теледидардан  көруге  болады.  Кинофильмге 
қарағанда  видеофильмдердің  артықшылықтары  көп.  Оны  түсіру  үшін  күрделі 
аппаратураның, қомақты қаржының,көп уақыттың қажеті жоқ. 
Осы  күні  видиофильм  түсіру  күнделікті  қажеттілікке  айналған.Оқу 
орындарында, 
сот-тергеу 
жүйесінде 
тағы 
да 
басқа 
жерлерде 
видеокамераұстағандарды  жиі  кездестіруге  болады.  Тіпті  той-думанның  өзі 
видеофильм түсірілмей өтпейтін болды. 
Фоноқұжаттартарихи 
деректердің 
ХХ 
ғасырда 
пайда 
болған 
жаңалық.Дыбысты арнаулы аппаратура арқылы жазып алып оны қайта тыңдау 
өнері өмірден озған адамдардың даусын есту арқылы содан тікелей ақпарат алу 
мүмкіншілігінеқол жеткізді. Дыбыс кино немесе магнитті таспаға және дискқа 
жазылады.Олардың  әртүрлісі  бар.Бүгінде  бізге  белгілісі  әрі  жиі  пайдаланаты-
нымыз грампластинка, фонограмма, компакт-диск. 
Грампластинка  (ГРП)  –  дегеніміз  дыбыс  жазылған  диск.  Бұл  механикалық 
фоноқұжат,  диск  тәріздес,  құю,штамповка  немесе  престеу  арқылы  жасалады. 
Жазу тәсіліне байланыстымонофоникалық (бірканалды) жәнестереофоникалық 
(екі 
каналдық)болып 
бөлінеді.Мұндай 
пластинкалар 
үш 
форматта 
жасалған:дискілерінің диаметрлері 300 мм, 250 мм, 175 мм. 
Магни́тті таспа – ақпарат жұқа магнитті қабаты бар лентаға жазылады.Оны 
жазатын  аппаратты  магнитофон  ал  жазылғанды  оқитын  аппаратты 
видеомагнитофон  деп  атайды.  Магнитті  лентада  компьютер  ақпаратын 
сақтайтынды  стример  дейді.  Магнитті  лентаның  табылуы  ақпарат  тарату 
барысында төңкеріс жасады. Радио және телевизиялық хабарларды күні бұрын 
жазып алу және оларды монтаждаумүмкіншілігі туды. 
Компа́кт-кассе́та(ағл.Compact Cassette),аудиокассе́та(ағл.Music Cassette,MC
немесе жай ғанакассе́та– ақпаратты магнитті таспаға жазу. Жазылған дыбысты 
сақтау  үшін  және  оны  тыңдау  үшін  падаланады.  Дыбыс  ені  3,81  мм  және 
қалыңдығы 9 дан 27мкм, таспаға екі (моно) немесе төрт (стерео) жолдарға жа-
зылады. Алғаш рет компакт-кассетаны 1963  жылы  Philipsкорпорациясы жария 
етті.  Арзан  әрі  қолдануға  қолайлыкомпакт-кассета  –90-жылдары  көпшілік 
арасында  кеңінен  таралды.  БірақXXIғасырдың  басында  оның  орнын  компакт-
дискалер басты(CD-RиCD-RW). 
Компакт-диск(ағыл.Compact Disc) – ақпаратты оптикалық түрде жинақтайтын 
пластик  диск.  Ақпаратты  жазу  және  оқулазер  арқылы  іске  асырылады.Оның 
DVDиBlu-ray  түрлері  бар.Алдымен  аудио  жазбаларды  сандық  жүйеде  сақтау 
үшін пайдаланды (CD-Audio), ал кейін оның мүмкіншіліктері кеңейді. 
Қазақстан  Республикасы  кинофото  құжаттары  және  дыбыс  жазу 
мемлекеттік Орталық мұражайы 1943 жылдан бастап жұмыс істейді. (Абай 
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен

145 
 
даңғылы,  39  үй),  Ол  ғылыми-зерттеу  мекемесі.1957  жылы  мұрағат  жүйесін 
қайта  құруға  байланысты  бұл  мекеме  Қазақ  КСР  Орталық  Мемлекеттік 
мұрағатының  құрамында  болды.  1974  жылы  бөлініп  шығып  жеке  отау  құрды. 
Оның  үш  бөлмі  бар:  киноқұжаттар  фотоқұжаттар  жәнедыбыс  жазу.Мұрағатта 
елімізде түсірілген, жазылған саяси,тарихи,мәдени маңызы бар кинофото және 
фоно  қажаттар  сақталады.  Олардың  жалпы  саны  30  мыңнан  асады.  Әлбетте, 
бұлардың барлығы дерлік еліміздің тарихынан мол мәлімет беретіндігі белгілі. 
Мұрағаттың  «Алтын  қоры»  болып  есептелетін  1943-1945  жылдары  майдангер 
операторлар 
түсірген 
«Союзкиножурнал»деп 
аталатын 
хроникалды 
фильмдердің деректік мүмкіншіліктері өте зор. 
Әсіресе «Востоккино» және «Межрабпром» кинотресі шығарған«Жизнь и быт 
казахов»  (1927),  «Алма-Ата  –  столица  Казахстана»  (1929),  «Турксиб»  (1930) 
сияқты  фильмдердің  Қазақстан  тарихы  үшін  таптырмайтын  дерек  көздері. 
«Тұрар 
Рысқулов», 
«Әлия», 
«Дина», 
«Амангельды 
Иманов», 
«Мәншүк»,«Высокое  небо  Талгата»,«Мажит  Бегалин»,  «Сакен  Сейфуллин» 
сияқты  халқымыздың  белгілі  тұлғаларына  арналған  фильмдер  баға  жетпес 
құндылықтар. 
Мұрағаттағы  фотолар  қорында  ХІХ  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басына  жататын 
250  мың  негативтер  бар.  Белгілі  фотограф  Д.П.  Багаев  қорындағы  шыны 
пластинаға  түсірілген  суреттер  мұрағат  мақтанышына  айналған.Д.  Багаев 
198жылыРесейде  туған.  Күнкөріс  қамымен  1899  жылы  Павлодар  қаласына 
қоныс аударып,осы жерде ол суретке түсіру өнерімен айналысты.1905 жылы ол 
фотостудия  ашты.  Оның  түсірген  суреттері  бүгінде  тамаша  тарихи  дерек. 
Павлодар қаласында 2001 жылы оған арналған мұражай үйі ашылды. 
Мұрағат қорында 15 мың грампластинка, компакт-дискіге, компакт-касеталарға 
және магнитті пленкаларға жазылған белгілі тұлғалардың сөздері, қазақ халық 
әндері,алғашқы ақындар айтысы, алғашқы қазақ опералары бар. 
2001–2005  жылдардағы  мұрағат  ісін  дамыту  бағдарламасына  сәйкес  мұрағат 
қорындағы  құжаттар  сандық  жүйеге  көшірілуде.  Мұндай  жұмыстар  бүгіндері 
де атқарылуда. 
1.1 Фотография тарихы  
 
Адамзат өмiрiн мәндi де сәндi етуге зор септiгiн тигiзген  жаңалықтардың бiрi –  
фотография. Фотография  1839 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келдi. Яғни, сол 
күнi Париж Ғылым академиясының ғылыми хатшысы Доминик Франсуа Араго 
осы  ғылым    академиясының  сол  күнi  өткен  кезектi  мәжiлiсiнде  француз 
өнертапқышы  Луи  Жак  Манде  Дагер  ашқан  «Камера  обскура»  («Қара 
қобдишаның»)  iшкi  артқы  қабырғасына  салынған  иодталған  қалайы 
табақшаның  бетiне  «Қара  қобдишаның»  алдыңғы  саңылауынан  жарық  түсiру 
арқылы заттың бет-бейнесiн алуға және оны сынап буына ұстаудың көмегiмен 
сақтауға  болатыны  жөнiндегi  жаңалығын  жария  еттi.  Соған  байланысты  бұл 
күн ресми түрде фотографияның туған күнi болып тарихқа енгiзiлдi (1). 
 

146 
 
 
   
Обскура камерасы, 1646 жыл 
 
  
 
         Жозеф Ньепс                       Луи Дагер               Вильям Тальботт 
 
 
   Сондай-ақ    оның  өмiрден  өз  орнын  табуына  Дагердiң  жерлесi  әрi  ұстазы 
Жозеф Нисефор Ньепс пен ағылшын ғалымы Вильям Генри Фокс Тальботтың 
қосқан үлесi зор болды. Олардың ашқан бұл жаңалығы Жер шарының түкпiр-
түкпiрiне лезде  таралып кеттi. Тіпті,  сол жылы Ресейге де жетiп үлгердi. Қазан 
айында  орыс  әскерінің  офицерi  Теремин  Петербургте  «Қара  қобдишаның» 
объективiн 25 минут ашып қойып, Исаакий шiркеуiнiң сыртқы бейнесiн түсiрiп 
алды.  
 

147 
 
 
     
Ж. Ньепстің тұңғыш  фотоаппараты  (1826 жыл) 
 
Фотография  Қазақстанға  1841  жылдың  6  желтоқсанында  аяқ  басты.  Тура  сол 
күнi    Ордада  «Жәңгiр  мектебiнiң»  ашылу  салтанатына  Жәңгiрхан  Ресейден 
арнайы  фотограф  шақыртып,  осы  мектепке  алғаш  қабылданған  оқушылардың  
ортасында отырып түскен фотосуретi тарихтан белгiлi. Алайда, фотографияның 
сонау    Еуропаның  қақ  төрiнен  бастау  алып,  айналасы  бiр-екi  жылдың  iшiнде 
кең  байтақ  Қазақ  жерiне  жетуi  қаншалықты  жылдам  болғанымен,  оның 
мерзiмдi  баспасөз  беттерiнен  орын  табуы  соншалықты  шабандық  танытуы 
көңiлге  қаяу  түсiрмей  қоймайтыны  анық.  Оның,  әрине,    өзiндiк  объективтiк 
себептерi жоқ емес едi. Бiрiншiден, өнеркәсiбi әлi өрге басып  үлгермеген бұл 
өлкеде  мерзiмдiк  баспасөздi  басып  шығаратын  баспаханалар  жоқтың  қасы 
болды.  Екiншiден,  олардың  бәрi  де  ескi,  фотография  клишелерiн  жасайтын 
цехтармен  қамтамасыз  етiлмедi.  Анда-санда  газет  бетiнде  көрiнiс  тапқан 
фотосуреттердiң  өзi  Мәскеуден  арнайы  дайындалған  клишелер  арқылы 
жiберiлiп  отырылды.  Бұл  iспен  толығырақ  шұғылдануға  мүмкiндiк  беретiн 
Республикалық  баспахананың  өзi  де  Қазақ  АССР-нің  астанасымен  бiрге 
Орынбордан  Қызылордаға,  Қызылордадан  Алматыға  көшiп  отыруына 
байланысты  жаңа  техникалық  жабдықтармен  жарақтандыра  алмады.  Әйтпесе, 
фотография  өнерiне  деген  қызығушылық  Ресейден  Қазақстанға  қоныс 
аударушылар тарапынан да және жергiлiктi ұлт өкiлдерi арасынан да аз болған  
жоқ. Оның мысалы ретiнде бүкiл саналы ғұмыры, атап айтқанда, 1899 жылмен 
1958  жылдың  аралығын  қамтыған  Дмитрий  Поликарпович  Багаевтың 
фотографиялық  қызметi  тек  бiр  ғана  Павлодар  облысының  өсiп-өркендеу 
жолына  бағытталса,  Евсей  Ефимович  Блехманның  шығармашылық  қызметi 
Қазақстан  Республикасының  алғашқы  АССР  болып  құрылған  кезiнен  кешегi 
тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiне дейiнгi тыныс тiршiлiгiн әсте қалт 
жiбермей, фото-кино аппараттарына арқау еттi  (1). 
 
 

148 
 
               
 
                    
    Д.П.Багаев түсірген фото(1930)                        Қазақтың алғашқы фотографы–  
                                                                                                  Шәңгерей Бөкеев 
 
Сондай-ақ  1901  жылы  Бөкей  ордасының  жүз  жылдық  мерейтойына  орай 
Петерборда өткен салтанатында II Николай патшадан фотоаппарат  және оның 
құрал-саймандарын қоса сыйға алған  Шәңгерей Бөкеев, ғасыр басынан бастап 
қазақтың  сол  кездегi  бетке  ұстар  белгiлi  азаматтарының  басым  көпшiлiгiнің 
шежiрелiк фотосуреттерiн түсірсе, жер шарының жартысын жаяу аралағандағы 
көрген бейтаныс халықтың қиын да күрделi тұрмыс тiршiлiгiн фотообьективке 
нысана етiп алған сансыз суреттердiң иесi Әлiби Жангелдиннiң де фотография 
саласындағы  баға  жетпес  бай  мұралары  туралы  сөз  етпеуге  болмайды.  Бiрақ, 
өкiнiшке  қарай,  қазақтың  танымал  ақынының  кешегi  күнге  дейiн  танылмай 
келген  өнерiнiң  және  аты  аңызға  айналған  революционер  әрi  қоғам 
қайраткерiнiң  артына  қалдырған  осы  еңбектерiнiң  бiрен-сараны  ғана  болмаса, 
көпшiлiгiнiң  қолды  болып,  ұстағанның  қолында,  тастағанның  жолында 
шашылып,  iз-түссiз  жоғалып  кетуi  өзектi  жанның  өзегiн  өртейтiнi  сөзсiз. 
Оларды  жинақтап-сақтап,  мұражайларға  немесе  архивке  өткiзiп  отырғанда, 
келешек  ұрпақтың  игiлiгiне  жаратуға,  қазiргi  тәуелсiздiк  алған  тұстағы 
тарихымызды түгендеуге зор септiгiн тигiзер едi  (3). 
Фотография бастапқы кезде мерзiмдiк баспасөздi безендiру, көркемдеу құралы 
ретiнде  қолданылды.  Оның  баспасөз  беттерiнен  тұрақты  орын  алуы  1932 
жылдың  9  мамырынан  басталды.  Дәл  сол  күнi  Алматыда  ВКП  (б)  Орталық 
Комитетiнiң  партиялық  баспасының  Қазақстандағы  филиалы  ашылды.  Соған 
байланысты  баспахана  техникалық  тұрғыдан  жаңартылып,  газет-журнал 
беттерiнде  жарияланатын  фотосуреттердiң  клишелерiн  жасайтын  цех  iске 
қосылды. Бұл өз кезегiне орай мерзiмдiк баспасөздiң сапасын арттырумен қатар 
олардың  бiр  орталыққа  шоғырландырылуына  мүмкiндiк  туғызды.  Осылай 
фотография  мерзiмдiк  баспасөздiң  бетiндегi  безендiру,  көркемдеу  құралынан 
бiрте-бiрте  кеңейiп,  журналистиканың  жеке  саласына  қарай  аяқ  басты.  Газет-
журналдардың штаттық кестесiне фототiлшi мамандығы енгiзiлдi  (2). 
Елiмiзге  қауiп-қатер  болып  төнген  екінші  дүниежүзілік  соғыстың  салдарынан 
бұл  кезде  көптеген  облыстық,  аудандық  газеттер  жабылып  қалды.  Ендi-ендi 

149 
 
жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ фотожурналистикасы осы уақытта сәл 
болса  да  тоқырауға  тап  болды.    Оның  қайта  өрлеуi,  соғыстан  кейiнгі  елуiншi 
жылдардың екiншi жартысынан басталды.  
 
 
 
Әдебиет 
 
Агафонова Н. А. Искусство кино: этапы, стили, мастера: Пособие для 
студентов вузов. – Мн.: Тесей, 2005. – 192 с. 
Стигнеев  В.Т.  Век  фотографии,  1894–1994:  Очерки  истории  отечественной 
фотографии. – М.:Либроком, 2012. – 392 с. 
 
Атабаев  Қ.,Сексенбаева  Г.  Аудиовизалды  құжаттар:  тарихи  дереккөздері 
ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері.//Қазақ тарихы. 2013,№3(120),18-20 беттер. 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет