Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Иманбердиева С.Қ.Қаладағы тағамхана атаулары.Автореферат- Алматы: Əл-Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті,2001.-236.
2.Мадиева Г. Б. Теория и практика ономастики. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. -152 с.
ТОРҒАЙ ӨҢІРІ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Байбосын Л.С.,Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы
Тұрғын А.Т., Экономика ғылымдар магистрі, оқытушы, Ы. Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты Арқалық қаласы
Туған өлке тарихын түгендеу, келесі ұрпақтың зердесіне қонымды етіп, ақ-қарасын
айқындай отырып, аманаттау келелі істің бастауында жүрген бүгінгі буын өкілдерінің
парызы. Торғай өңірінің топонимиясы да туған елдің жертану әлемінің бір тарауы болып
табылады. Қазақтың дәстүрлі топонимдердің қалыптасу негіздерінде жер суға атау берудің
үш бағытын көреміз. Біріншіден адам немесе ру-тайпа есімдерін беру, екіншіден,
географиялық нысанның түрлі сипаттарын ескере отырып атау. Үшіншіден аралық бағыт,
яғни белгілі бір оқиғаға байланысты қойылған атаулар. Осы аталған бағыттар негізінде
Торғай өңірі бойынша жер-су атауларының кейбір ерекешеліктерін қарастыруға болады.
Атап айтатын болсақ, осы өңірдегі жер су атауларындағы кісі есімдеріне байланысты
қойылған топанимдер туралы тоқталатын болсақ, жалпы Торғай жерінде есімі тарихта
белгілі кісі есімдеріне байланысты қойылған жерлер де аз емес. Мысал Сейтқұл тірегі XIX
ғасырдың бас негізінде сонау Қаратаудан қабырға өзені бойына 30 үйлі кедеймен көшіп
келген қазақтың тұңғыш диқаны қыпшақ Сейтқұл осы жерде егін,терек отырғызған. Бұл
тірек қазіргі «Еңбек» савхозы төңірегінде әлі өсіп отыр.
Ақмырза "Бұл Арқаның атақты балуаны Ақмырзаның есімімен байланысты жер ХIX
ғасырдың аяғында Ұлытаудың бай-билері Торғай билеушілерінен жазжайлауға жер сұрап
осы жерді жайлады. "Бірақ уәдені мезгілде көшпей отырып алады. Бұл назаланған ел билері
Балуан Ақмырзаны шақырып алып ауыл сыртындағы бүкіл бір қопаны шауып тастауға
бұйырады. Орағын басқаға саптапалған балуан қопаны бір түнде шауып береді.
44
Ұлытаулықтар таңертең қараса қопа жоқ болып шығады. Оның мәнісін түсінген ел сол күні
көшіп кетеді. Содан бері бұл жер халық балуаны Ақмырзаның есімі мен аталады. Ел ішінде
мынадай аңыз бар. XV ғасырда өмір сүрген дала философы Асан қайғы бабамыз өз халқына
жайлы жер іздеп бүкіл қазақ даласы наралағанда Торғай өзенін көріп "Қарасуы бал татыған,
ақшабағы май татыған жерекен" десе, "Терісақанды"-"Сарыарқаның тұздығы" екен депті
дейді[1, 6-8 Б.].
Жангелдин ауданы аталуына да тоқталып кететін болсақ, бұл Торғай облысының,
оның ішінде біз негізге алып отырған Жангелдин алдымен адам аттарына байланысты
атауларға тоқталайық: Жангелдин ауданы-бұрын Торғай ауданы деп аталатын. 1956 жылдан
бұл аудан халқымыздың тұңғыш ревалюциянер-большевигі, даңқты жерлесіміз Əліби
Тоқжанұлы Жангелдиннің құрметіне оның есімімен аталып келеді [2, 3 б]
Қазіргі “Торғай” савхозының территориясында “Дәуітбай сары”,”Тұрлығұл сайы” деп
аталынатын жерлер бар. Бұл 1723 жылы жоңғар соғысында Қошқарұлы Жәнібек
балаларының мекен еткен жерлер кейін сол кісілер есімімен аталып қалған. Аудан көлемінде
кісі есімдеріне байланысты жерлер өте көп ”Абыз”, ”Айтуар”, ”Айтуған”, ”Манан”,
”Тоңтабай”, ”Оспан мешіті”, ”Қотабине”, ”Қоғылбай”, ”Шобан”, ”Аңдағұл”, ”Сатай”,
”Джиштамы”, ”Базай бидайы”, ”Шуаңбай”, ”Қарынбай”, ”Тұрсынбай”, ”Байбостан”,
”Шарбастағы басулар”. Бұл негізінде осы жерді мекендеген адам есімдеріне байланысты
шыққан атаулар мұңы жергілікті халық жақсы біледі.
Көне Торғай даласында аңыздарға тарихи оқиғаларға сәйкес аталатын жерлер де аз
емес. Соның бірі ''Қызбел'' үстіндегі ''Ақотау'' алыстан қарағанда бұл жер киіз үй тәрізді көзге
түседі. Кей атаулардың ішінде терең үңгірлер бар. Бұл жердің жергілікті халықтары Асан
қайғы есіміне байланысты түрлі аңыз әңгімелерді айтады. ''Торғай''совхозындағы
''Қалмақтөбе'' деген жерде жер білетін адамдардың айтуынша XVI ғасырдың кезіндегі қазақ-
жоңғар соғысында пайда болған деседі, осы қырғын соғыста қаза тапқан қазақтарды бір
бөлек, қалмақтарды бір бөлекжерлер, екі үлкен оба үйінен , бұл төбеге адам бара бермейді,
әлі де зерттемеген. ''Қызылемшек'' қатар жатқан егіз екі төбе ұшында қызыл қоңыр Шоғыр
тастар табиғат өзі сыйлаған, ата бабамыз ат берген, осы егіз екі төбені ''Қызылемшек'' деп
атаған.
Қостанай қаласының атына тоқталайық. Қала Тобыл өзенінің сол жағасында
орналасқан. Қостанайдың атын жұрт осы күнге дейін дұрыс есіне алмай келеді. Қос деген бір
қыздың Тана деген екінші қыздың есімдерімен Қостанай аталыпты, немесе қос тана таққан
әйелдің атына байланысты пайда болды деп жүр. Бұл шынында да олай емес, қала Қостанай
деген адамның атымен байланысты қойылыпты.
Қостанай қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданына қарасты Аманқарағай дейтін
орманды өңірде туып-өскен кісі екен. Ол қыз орман ішін паналап құсына дұзақ құрып,
қоянына қақпан құрып, балық аулапөмір сүріп жүрген кедей кісі. Қостанай өзінің жас кезінде
кедей де болса ер, адамгершілігі мол, досқа адал, қайырымды кісі болыпты. Ол ата мекен
жеріне өзінің шамасы келгенше ешкімді қоныс аудартпаған. Қостанай тек кеуде көтеріп, баса
көктемеген адамдарды ғана жылы тартып, өзіне дос қылған екен.
Бір күндері Шақпақ ұлы Жәнібек Батыр Ақмоладан ауып келіп, өзіне ерген елімен
Қостанайдың жеріне баса көктеп, қонып алыпты. Қостанай Жәнібек батырға баруға бата
алмай, жолай Ізбасты биге барыпты. Ізбасты бидің сонда Жәнібекке айтқаны:
Ассаламағалейкум, Жәнібек
Атаның сай, атың сай
Көшсең нуға жетесің
Кетпенің сай шотың сай
Қазсай суға жетесің
Жорықта көп жортқансың
Білсең жолдың төтесін
Ерегіскен жауыңды
Жермен жексен етесің
45
Қалың жатқан қазақтың
Баласына әкесің
Көбісіне көкесің
Жәбірлеме жарлыны
Жанышпа батыр жарлыны
Жанышпа батыр, жалғызды
Дүниеден сен өтесің
Кеңінен толғап кеңесіп
Кедейдің бұзба кепесін
Ертең өзің өлгенде
Артыңда адыра қалатын
Бір жарымдай сайды
Сен не етесің,- депті
Ізбасты би: Сен қайдан да болса жер аласын, мынау киіз үй Қостанай ешқандай жер ала
алмайды. Сен мұның жерінен көш депті. Жәнібек батыр Ізбасты биге қонағасы беріп, көшіп
барып Торғайдың таңдамалы жері Тосын құмын алыпты. Бір күндері көп жасап, көп көрген
Қостанай дүниеден озыпты. Өзінің сұрауы бойынша қазіргі Қостанай қаласының орнындағы
дөнестің үстіне яғни Тобыл өзенінің жағасына жерлепті. 1879 жылы қаланың іргесін
қалағанда бейбіт орны тегістеліп, үстінен үйлер салынып кеткен. Алғашқы кезде қала
Николаевск аталып, кейін Ыбырай Алтынсарин Қостанай қойдыртыпты [3, 6 б .].
Кісі есімеріне байланысты қойылған Торғай жеріндегі топонимдер: Абыз, Айтбай,
Айтуар, Айтуған, Ақат, Ақжол, Ақкісі, Аққошқар, Ақмырза, Ақмедия, Ақтас, Алуа, Аман
соры, Аралбай, Əбіш, Бейсенбай, Есір, Қосжан, Маңғал, Тұрмағанбет, Байсақал, Бектас,
Байбостан, Барақ соры, Жарысбай, Қоғылбай, Дәуітбай сайы, Тоқтабай, Қожабике,
Байдәулет, Ырыскелді, Шұқыркөл, Шарабас, Көбек, Күлік, Сатай, Сейтен, Тәуіш, Тұзсор.
Торғай селосының солтүстік батыс жағында «Партизан сайы» бар.1919 жылдың мамыр
айында Ханымбек Тонин бастаған 17 партизанды алашордалықтар осы сайда айуандықпен
өлтіріледі. Сол жылдардан бері бұл жері осы партизандар құрметіне аталып келеді.
“Жыланшық” өзені басында “Сырлытам” деген жер бар. Бұрын мұнда XIII ғасырдың
тамаша ескерткіші болған . Ел аңызы оны Шыңғыс хан заманына байланысты оқиғалар мен
сабақтастырады. Бұл шындыққа келеді. Өйткені Жошы, Алаша хан мавзолейлері бұл жерден
онша қашық емес. Сырлы там атауы екі мағына береді . Біріншісі осындағы мавзолейдің
түрлі түсті болуына қатынасты да, екіншісі “құпия сыры бар” деген ұғымды білдіреді. Бұл
жерді ғалымдар зерттеген.
“Еңбек” совхозында “Албарбегет” бөгеті бар. Бұл 1928-1931 жылдары салынған. Өте
күрделі су комлексі. Бұл бөгет Айса Нұрманұлы халықтың қол күшімен салдырған. Мұны
салуға ауданның 600 ге жуық азаматы қатысқан құрылыстың жалпы ұзындығы 20
километрге жуық, бөгет қанағаттарының биіктігі 2-3 метрге жуық.
Алуа-Арқалық қаласының оңтүстік батысында 67 км жерде орналасқан ауыл, Қайыңды
кеңшарының бөлімшесі. Торғай даласында ұзақ жылдар бойы оңаша кұрметпен аталып
құпия сақталып келген қасиетті ана есімі. Ол 1916 жылы Торғай жеріндегі ұлт-азаттық
көтерлістің басшысы, халық қалап хан сайлаған Əбдіғапар Жанбосынұлының анасы еді.
Жергілікті халықтың айтуынша 1960 жылдар шамасынды қыпшақтың Нияз атасынан
тараған белгілі азамат, Қараторғай елінің болысы болған Жанбосын Арғынның Үмбетей руы
Ақтасқызы Алуамен көңіл қосады. Жас келін келісімен-ақ өзінің инабаттылығымен,
ақылдылығымен, еңбекқорлығымен ерекше көзге түсіп, бүкіл ауыл құрметіне бөленеді.
Үлкеннің батасын, кішінің ырзалығын алған жас келін есімі ел арасына тарап, кейінгі
жастарға үлгі болады. Жақсы аты шыққан келінге ақ баталарын берген ел ақсақалдары ол
түскен жерді "Алуа" деп атауға бәтуаласады. Сөйтіп содан бастап күні бүгінге дейін
кеңсайлы, мол алқа "Алуа" деп аталып келеді. Бұл елдімекен 1980 жылы "Алуа" совхозы
болып құрылады. Мұндағы орта мектеп Алуа Ақтасқызының есімімен аталған.
46
Амангелді-бұрынғы Бақпаққара ауылы, Қостанай обл. Оңтүстік шығысында
500кмжерде орналасқан. Қазіргі Амангелдіауданы. Бұл атау 1936 жылы халық батыры
Амангелді Имановтың құрметіне берілген. Тұрғыны 20,4 мың адам. [4, 11 6.].
Байғабыл-ауыл.
Амангелді
ауданының
оңтүстік-батысында
20км
жерде
“Байғабыл”өзенінің бойында орналасқан ауыл. Байғабыл жер асты су көзінің қоры жылдығы
0,95 миллион текше метр. Қазір қоғам және мемлекет қайраткері “Байқадам Қаралдин”
есімімен аталады.
Байдәулет-Амангелді ауданының оңт-шығысында 15 км жерде орналасқан ауыл. Ру
атымен қойылған ауыл.
Байсақал-Амангелді ауд. Екідің ауылының оңтүстігінде 27 км жерде орналасқан елді
мекен. ”Сарыторғай” кеңшарының бөлімшесі болған.
Бектас - Арқалық қаласының оңт-шығысқа қарай 43 км жерде, Терісақан өзенінің
аңғарында орналасқан ауыл. Тоғыз жолдың торабы, Ұлы Жібек жолының бір тармағы
болған, еліне сыйлы “ Бектас ” байдың есімімен аталған. 1961 жылы тың көтеру кезінде “
Целинный ” кеңшары деп атанды.
Есенбаев-Амангелді ауданынан солт-шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан елді
мекен. Халық ақыны Сәт Есенбаевтің құрметіне аталған атау.
Есір- Амангелді ауылының солтүстік-шығысында 2 км жерде орналасқан шағын ауыл.
Тұрғыны 0,72 мың адам. Кісі есімімен қойылған атау.
Күлік-Амангелді ауданынан шығысында 50 км жерде, Торғай өзені бойында
орналасқан елді мекен. Бұрын “ Кеңтүбек ” деп аталған. Ал 1953 жылы қажы Басығараұлы
Күліктің құрметіне “ Күлік ” атауы берілген.
Майкөтов - Арқалық ауданындағы елді мекен атауы. Бұл елді мекен қоғам қайраткері,
революционер Əділбек Майкөтовтың құрметіне берілген. Арқалық ауданынан 1961 жылы
құрылған кеңшарға Ə. Майкөтов есімі берілді.
Матросов- Арқалық ауданынан шығысқа қарай 58 км жерде, Терісақан өзенінің сол
жағында 45 км жерде орналасқан ауыл. Бұл елді мекен аты Кеңес Одағының батыры
Александр Матьеевич Матросовтың құрметіне берілген. 1961 жылы «Матросов» кеңшары
болып құрылған. Тың игеру кезінде қойылған атау.
Фурманов- ауыл. Арқалық қаласының солтүстігінде 30 км жерде орналасқан ауыл. 1961
жылы «Фурманов» кеңшары болып құрылған. Əскери комиссар, орыс жазушысы Дмитрии
Андреевич Фурмановтың құрметіне берілген.Шеген- Жангелдин ауылының оңтүстік-
батысында 16 км жерде орналасқан елді мекен атауы. Бұрынғы аты «Станция Тургай». Бұл
атау атақты Жәнібек тарханның ұрпағы Дәуітбай Шеген Мұсаұлына байланысты қойылған.
Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқаннан бергі уақытта еліміз бойынша елді мекендердің
тарихи атаулары өзіне қайтарылып келе жатқаны жанда жадыратар өркенді өзгерістердің
өзегі. Жер-су атаулары біздің тарихымыз ұлттық жадымыз. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен осынау
асыл мұрамызға жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Ел зердесіндегі жер-су атаулары
ортамызға орала берсін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ə.Нұрмағанбетов. Албарбөгет. //Торғай таңы, 2000ж
2. Ж.Қосабаев. “Торғай-дуан”. Алматы, 1995ж
3. Қ. Ораз. “Құт дарыған мекен” Торғай, 2002, 1 наурыз
4. А.Абдуллина. Жердің аты елінің хаты .//Қостанай таңы, 2007, 11 мамыр.
47
ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Қасымова
С.К., ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының ф.ғ.к.
профессоры
Бекжанов М., ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 3 курс курсанты
,
Көкшетау қаласы
Ұлттың бары да, нары да - тіл десек, тіл саясатының және ғылымының бір саласы –
ономастика. Ономастика немесе атаулар әлемі – ел тарихының айшықты белгісі, ұлт
мәдениетінің көрсеткіші, халық қазынасының асыл маржаны. Орыс жазушысы К.Г.
Паустовскийдың «Атаулар – халықтың өз елін поэзиялық әсем тілмен безендіруі. Олар –
халықтың мінезі, оның тарихы, оның тұрмысқа бейімділігі мен ерекшелігі туралы
баяндайды», - дегені ономастика ұғымының мән, маңызын көрсетеді. Тереңге бойламай,
қарапайым тілмен айтсақ ономастиканың мән-мазмұнын халқымыз «Жер-судың аты –
тарихтың хаты» деген даналық сөзімен білдірген.
Қоғамдық және саяси тұрғыдан ономастика - мемлекетішілік қатынас, басқару,
әлеуметтік байланыстарды реттеуші, азаматтардың өзара түсінісу құралы болса, ұлттық
тұрғыдан келгенде - сол халықтың тарихы, дәстүрі, мәдениеті, білімі, танымы
сақталатын ең басты қазынасы. Қоғамдық қатынастар туралы адамның ой-пікірлері алғашқы
қауымдық қоғам дәуірлерінде қалыптаса бастаған. Осыған орай адамзаттың сана-сезімінде
қоғам деген не? Ол қалай пайда болады? деген сұрақтар туындаған. Осындай сұрақтардың
негізінде адамдар бірлесе отырып бір қоғамға бірігіп өздерінің тұрмыс тіршіліктерін
қалыптастыруға бет бұрып, қоғамның даму жолдарын өздерінің практикалық өмірлерімен
байланыстырған. Сондықтан да қоғам - дегеніміз адамдардың өзара бірлісе отырып, саяси
әлеуметтік, экономикалық және рухани іс-әрекеттерін атқаратын ортасы болып табылады [1].
Қоғамның пайда болу жолында негізгі роль адамзат қауымымен тығыз байланысты. Өйткені
адамзат өзінің отбасынан бастап, белгілі бір ортада қоғамның пайда болуына түрткі болатын,
жоғары рухани құндылығы басым тұлға болып отыр. Сондықтан да адамзат қоғамда өмір
сүріп, қызмет ете отырып қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Халқымыз: «Үш
байлығыңды – елің мен жеріңді және тіліңді құрметте» деп бекерге айтпаған. Міне,
сондықтан да қазақ өзінің өсіп-өнген жеріне, тауы мен тасына, өзені мен көліне, сай-
саласына дейін ат қойып, айдар тағып отырған, тарихын тасқа қашаған. Сөйтіп, өзінің
болмыс-бітімін, ежелден келе жатқан далалық дүниетанымын, тілі мен ділін, мәдени
ерекшелігін, рухани құндылықтарын шашасын шығармай, шашып-төкпей болашақ ұрпаққа
аманаттай білген. Белгілі жазушы, ғалым-этнограф Ақселеу Сейдімбектің тілімен айтсақ:
«…атау арқылы белгілі бір жаратылыс пен құбылыстың мазмұндық мәнін танып-түсінуге
жол ашылады, бағдар айқындалады» [2]. Қоғам дамуының кез-келген кезеңінде
ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Қазақстанның көптеген ғасырлар
бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесi XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап
өзгерiстерге ұшырады және патша үкiметiнiң отаршылдық мүдделерiне, кейiннен кеңес
жүйесiнiң тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Нәтижесiнде қазақ
ономастикасының өзiндiк болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсiресе оның топонимикалық
және антропонимикалық жүйелерiне орасан зиян келтiрiлдi. Қазақстан картасы едәуiр
бұрмалауларға ұшырады. Елiмiздегi демократиялық қайта құруларға сәйкес келген
ономастика саласындағы жұмысты жүйелендірудi және үйлестіруді одан әрi дамыту
мақсатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыстың
тұжырымдамасын әзiрлеу қажеттігі туындады. Осыған орай Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылы 21 қаңтардағы № 45 шы Қаулысы мен Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасы мақұлданды [3]. Аталған
тұжырымдамаға сәйкес барлық жер-су, қала, көше атаулары бекітілген талапқа сәйкес
барлық жағынан негізделген болуы қажет. Себебі атауды жасау үшін (ұлтқа немесе
әлеуметке қатысынсыз) тәуелсіз жалқы есімдердің әмбебап ерекшеліктері бар, ол адам
48
санасының әмбебап болып келуін, материалды және қияли әлемнің менталды қабылдауын
ажыратады. Ал қазіргі уақытта көшелерге, алаңдарға жаппай беріліп жатқан есімдер
қаншалықты шынайы. Сырт көзге қарасақ екінің бірі біле бермейтін, мүлдем естімеген
есімдермен аталған көшелер, әрбір үйлердің қабырғаларына ілінген тақталар көбейіп, сәнге
айналып кетуі мүмкін ғой. Көшелерге, ауылдарға, жерлерге қойып жатқан есімдер әркім
өзінің тегінің атын шығарудың көзі етіп алғандай. Келешекте мәні мен мағынасы жоқ көше
атаулары көбейіп, ол жаңа атаулардың қаншалықты тарихи маңызы бар сонымен қатар біз
болашаққа қандай үлгі өсиет қалдырамыз деген мәселе біздіңше қоғамды алаңдатады.
Сондықтан қазіргі уақытта бұрынғы кеңес үкіметі кезіндегі орысша атауларды яғни қала,
көше атауларын егеменді еліміздің дарынды, ғұлама тұлғалардың есімімен немесе сол
жерлердің тарихи маңызды аңыздары мен орналасу ерекшелігін ескере отырып, барынша
атаса нұр үстіне нұр болар еді. Əрине бұл жерде барлық жер, су, көше атауларына топырақ
шашудан аулақпыз. Себебі елімізде затына аты сай мақтан тұтар көптеген топонимдер
баршылық.
Қазақ халқының атам заманынан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай
көлемді де,кең екені бәрімізге мәлім. Қостанай облысындағы өзен,көл жер бедеріне мен
шіктелген атаулардың
мыңдап саналатыны белгілі.Мәселен,
Əулиекөл өзені,
Əуликөл
аудананында
орналасқан.
Халық аңызына сүйенсек,ертеде өзен күннің дәл ортасында ғайып болып,дәл солай күтпе
ген жағдайда сол түні қайтып шықты.Бұрын соңғы болмаған,күтпеген жағдайда туындаған
табиғатзаңдылықтарын халық «Əулиекөл» өзені деп атап кеткен.
Əуликөл сөзі екі сөзден құралған «Əулие» араб тілінен аударғанда «әулиелі, таңғажа
йып».
Халық үшін Əуликөл өзені мөп-мөлдір,
сұлу,
таңғажайып,
дертке дауа,
емге шипалы өзен болып қалмақ.
Есіл республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Көкшетау,Торғай жерін басып
өтетін өзен атауы. «Есіл» деп аталатын елді мекендерде бар. Əрине, бұлар өзен атымен
байланысты қойылған. «Есіл» атауының алғаш дүниеге келуі туралы екі зерттеушілердің
пікірі бар. Бірі «Есіл» атауы жасыл деген зат түсімен байланыстырылған, екіншісі –
етістіктің «ес» (есу, есілу, еспе т.б.) түбірімен тілге тиек етеді. Бұлардың ешқайсысыда
көңілге қонбаған былай тұрсын, шындыққа жанаспайды. Өйткені, өзен, су атауына әдетте
оларды табиғатындағы қасиеттеріне қарай ат қойылып айдар тағылатының ескеру керек. Сөз
төркінін іздестіргенде бұл жағдайлар зерттеушілер назарынан сырт қалған. М.Қашқари
сөздігінде «Есіл» және «Ешіл» сөздері ұшырасады. Бұлардың алғашқысы азайды. Ал
екіншісі «созылу», «созылған» деген ұғымдар береді. Осы екі сөздің қайсысы болсада, өзен
атауына қолайлы. Өйткені, алғашқысы өзен суының тапшылығына меңзесе, соңғысы оның
ұзындығына нұсқайды. Осы сияқты жорамалымызды негіз тұтсақ, өзенің «Есіл» аталуы жөн
көрінеді. Түркі тілдермен туыстас тунгус – маньчжур тобындағы кейбір тіл дерегін
қарастырсақ, онда «Есла» болып дыбысталатын сөз, біздің түсінігіміздегі «тасыған өзен»
ұғымын білдіреді. Кім біледі өте ерте кездерде дәл осы тұлғалы әрі мағыналы сөз түркі
тілдерінде де болып, кейін ұмытылуы да ғажап емес [4].
Жер – су атаулары – халықтың тарихи кезеңдердегі өткен өмірінің, тіршілік
болмысының, ой – санасын, табиғаттының байлығының куәгері. Сондықтан да жер – су
атауларын ұлттық байлығымыз ретінде қорғап, жинап, қастерлеп кейінгі ұрпақтарға
жеткізу – ерекше мәні бар, абыройлы іс деп санаймыз. Елбасымыздың Қазақстанның бүгіні
мен болашағы жайында ой толғағанда, үнемі оның көне тарихына шолу жасап, одан тағылым
алу қажеттігін ескертіп отыруы да кездейсоқ емес. Осы арада Нұрсұлтан Əбішұлының
ономастика мәселелері әркез ел басшылығының назарында болады. Бұл ретте жалтақтаудың
еш қажеті жоқ. Жердің байырғы тарихи атауына үйлеспейтін, халқымыздың абыройы мен
беделіне көлеңке түсіретін, отарлық кезеңнен қалған атаулардан арылу керек деген сөздерін
айта кеткен артық болмас.
49
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бияров Б.Н. Өр Алтайдың жер-су аттары. Монография, Алматы: Жания-полиграф, 2002. -
180 бет.
2. Ақселеу Сейдімбек. 1 том /Авторы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек - «Фолиант» баспасы,
010000, Астана қаласы 2010 ж. 3-10 б.
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы,
әділет ақпараттық сайты.
4. Алтын дала, - Алматы, 2005.
АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕГІ ОРЫС ТОПОНИМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бекзатқызы И., ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты,
Астана,
ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ұлттық құндылықтарымызды дәріптеумен тікелей
байланысты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер»
бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы
мен өзені тарихтан сыр шертеді. Əрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар
мен әңгімелер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс екені де айтылған мақалада.
«Туған жер» бағдарламасы ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, жергілікті деңгейдегі
тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Олай болса
ұлтымыздың өткенінен сыр шертетін жер-су атаулары да тарихи ескерткіш – ғасырлық мұра
екенін ескеруіміз керек. Нақтырақ айтсақ, бұл идеяның негізгі арқауы - қазақ халқының сан
ғасырлардан өтіп, бүгінге жеткен рухани құндылықтары болып табылады. Есте жоқ ескі
замандардан бастау алатын ұлттық қайнарларымыздың тереңінде сол өткен күндер туралы
түрлі ақпараттардың сақтаулы жатқаны анық. Туған жердің ономастикалық кеңістігін
зерделегенде сол көне дәуірлердің іздері анық байқалады.
Орыс тіліндегі географиялық атаулардың қазақ жерінде пайда бола бастауы XVIII ғ. I
жартысынан басталып, XIX ғ. аяғына дейін орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс
аударып, тұрақтауымен тікелей байланысты болды. Бұл кезеңдерде қазақ жерін тұтастай
отарлаған патшалы Ресей тарапынан мыңдаған елді-мекен аттары орыс сөздерінен не орыс
есімдерінен қойылып отырды. Бұл үрдіс Кеңестік дәуірде де кеңінен етек алып, әсіресе 1954
жылы тың және тыңайған жерлерді игеру саясатына байланысты Ресей жерінен көшіп келген
миллиондаған орыс ұлттылар өздері қоныстанған жерлерге жаңадан ат берді немесе өздері
көшіп келген елді-мекендер мен қалалардың аттарымен атай бастады. Тегі бөтен атаулар
келіп қана қойған жоқ, жолындағының бәрін ресми түрде ығыстырып, төрге озды. Ал өзінің
ресми мәртебесінен айрылған ономастикалық атауларымыз негізінен халықтың аузында ғана
сақталды.
Э.М.Мурзаев славян (орыс және украин) географиялық атауларының Орта Азия және
Қазақстан топонимиясының құрамына ену жолдарын былайша көрсетеді: 1) отаршылдық
саясаттың ықпалымен әкімшілік түрде қойылған атаулар, ондай атаулар темір жол
станцияларына, қалаларға берілген. 2) Ресей және Украина жерлерінен шаруалардың көшіп
келуіне байланысты қойылған атаулар. 3) табиғат пен географиялық объектілерді зерттеу
кезінде қойылған атаулар [1, 202 б].
Ақмола облысындағы (бұрынғы Көкшетау облысы) орысша атаулардың да пайда
болуы осы өңірге Ресей және Украина жерлерінен шаруалардың қоныс аударуына
байланысты еді. Аймақта салына бастаған жаңа қалалар, совхоз, поселке, елді-мекендерге
совет өмірін, халықтардың достығын білдіретін географиялық атаулар қойды. Əсіресе
өнеркәсіпті аудандарда, кен, завод, фабрика, ірі құрылыстар бар жерлерде орыс топонимдері
көптеп қойыла бастады. Бұл орыс атаулары географиялық объектілерде осы күнге дейін
сақталған.
50
Зерттеуші
М.Мырзахметов
Ресей
патшалығы
отарлау
саясатының
қазақ
топонимдеріндегі көрінісін үш топқа бөледі:
1. 1731-1822 жылдар аралығында патша үкіметі қазақ хандықтарын сырттан билеп,
протекторат есебінде ұстанған кезінде жер атауларын өзгертуді өте сақтықпен, қазақ
даласының қас-қабағына қарай жүргізді.
2. 1822-1867 жылдар аралығында хандық билік жойылып, аға сұлтандық ел билеу
жүйесі енген соң, қазақ жерін «бөлшекте де билей бер» дейтін отаршылдық принцип
негізінде көптеген әкімшілік территорияларға жіктеді. Бұл тұста да ру басыларын бір-біріне
қарсы қойып, отаршылдық саясатын оңай жолмен жүзеге асыру кезеңінде жер атауларын
өзгерту әрекеті жиілей түсті.
3. 1868 жылғы «Жаңа низам» ережесі мен 1917 жыл аралығында отарланған қазақ жері
мемлекет меншігі ретінде ресми түрде жарияланған соң, отаршылдық мазмұндағы
географиялық жер атаулары мүлде көбейе түсті. Қазақтардың ұлан-асыр өлкесіндегі
ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи атауларын отаршыл үкімет саналы түрде өзгертуді
шындап қолға алды [2, 73-74 б]. Ғалымның бұл пікірінен еліміздегі орыстанған
географиялық жер-су атауларының қалыптасу кезеңдері мен себептерін айқын аңғаруға
болады.
Орыс атауларының қазақ жерінде өрістей түсуіне 1861 жылғы крестьяндарды
крепостной құлдықтан босатқан патшалықтың аграрлық саясаты да әсер етті. Яғни Ресейдің
орталық аудандарындағы шаруалар толқуын төңкерістен алшақ ұстау үшін крестьяндарды
Сібірге (Қазақстан) қоныстандыруды жоспарлы түрде жүзеге асыра бастады. Мысалы, 1888
жылы жазылған құжатта Ақмола уезінің 19 болысындағы 132 ауылда 25870 қазақ шаңырағы
болса, крестьян селениесі – біреу, үй саны – төртеу. Ал 1898 жылғы санақ бойынша аталған
уезд жеріне 25 орыс селениесі қоныстанған. Ол селениелердің басым тобы, яғни 15 топоним
осы өңірге алғаш қоныстанушылар фамилиясымен ( Александров, Алексеев, Джемалиев,
Рыбин, Канкрин, Семенов, Покров, Петров, Максимов, Романов, Николаев, Исеньев,
Михайлов, Ольгин, Чернигов) аталса, біреуі ғана өз есімімен (Константин), екеуі бұрын
өздері көшіп кеткен қоныс атауы алдына «ново» сөзінсіз (Астрахан, Киев, Никольск), біреуі
жер бедеріне қарай (Приречный), үшеуі әр түрлі жағдайларға сәйкес (Рождественск,
Преображенск, Тоболжан) аталған. 1903 жылы жазылған «Ақмола уезіндегі қалалар мен
селениелер туралы мәліметтер» атты мұрағат құжатында Ақмола уезінде 1 қала (Ақмола), 48
қоныстандырылған селение, 9 қонысқа дайын участок бар екендігі көрсетілген. Бұдан осы 5
жыл ішінде орыс селениесінің екі есеге жуық көбейгенін байқаймыз.
1914 жылғы тізім бойынша берілген 68 атаудың қойылу себептері де 1898 жылғы орыс
атауларынан алшақ кетпейді. Ондағы атаулардың да басым тобы, нақтылай айтқанда, 25-і
алғашқы көшіп келген қоныс аударушы фамилиясымен, 18-і көшіп келушілердің бұрынғы
мекен-тұрақтарының атауларын жаңа селениелерге қою дәстүріне сәйкес аталса (Самарское,
Донецкое, Растовское, Ново-Масковское т.б.), 3-еуі православиялық дін идеялогиясына
сәйкес дін қайраткерлері, діни мейрамдар негізінде қойылған (Кондратовское,
Рождественское, Крестовское). Келесі бір топтағы атаулар селениелер орналасқан өңірдің
белгілі бір ерекшелігін бейнелейтін (Верхне-Ишимское, Раздольное, Тихогорское) атаулар
тобын құрайды [3, 87-90 бб].
Рождественское қонысын алғашқы салушылар Самар губерниясынан келген 57
жанұясы (373 адам). Саратов губерниясының 9 жанұясы (61 адам), Ставропольден 7 жанұя
(62 адам), 12 жанұя – 79 адам әр жерден жиналып келгендер. Преображенское селосының
алғашқы тұрғындарының дені Саратов губерниясынан 51 жанұя, Самардан – 21, басқалары
Кубань, Полтава, Харьков, Чернигов, Ставрополь өлкесінен келгендер екен. Сол кездегі
Алексеев (Ақмола оязының) болысы құрамындағы Никольское қонысын салушылардың көбі
Пермьнен – 82 жанұя, Киевтен – 14 жанұя, басқа губернияларынан – 28 жанұя қоныс
аударған. Бір кездері XIX-ғасырдың екінші жартысында Ақмола оязына аға сұлтан болған
Жайықбайұлы Ыбырай салған «Ақпан» қонысында да 1895 жылы Полтавадан – 14,
Ставропольден – 12, Самардан – 10, Кубан, Курск, Орынбор, Саратов және басқа жерлерден
51
қоныс аударғандар өздері қоныстанғаннан бастап, «Покровское» селосы атандырып алған.
Сонымен Ақмола жеріне 1895 жылдан бастап, 1900 жылға дейін крестяндардың 45 қонысы,
яғни 9 болыс елі пайда болған [4, 63-66 б]:
Орыс тілінен қойылған топонимдер түрлі географиялық топтарды қамтиды: 1)
ойконимдер: қала, село, деревня, поселок, станица, қыстақ, станция атауларын; 2)
гидронимдер: өзен, көл, бұлақ, құдық атауларын; 3) оронимдер: тау, төбе, қырат, жота, шың,
құз, т.б. атауларын топтастырады. Топонимияның басқа түріне қарағанда өзгеріп, жаңаланып
тұратын ерекше тобы – ойконимдер [5, 187 б]. Ақмола өңірінде кездесетін орыс
географиялық атауларының да көпшілігі елді-мекен аттары-ойконимдер болып келеді. Кеңес
үкіметі орнағаннан кейін орыс ойкономиясында көптеген жаңа идеологиялық атаулар пайда
болды. Жаңа атаулар – жаңа өмірдің көріністерін бейнелейтін – кеңес, бостандық, партия,
пролетариат, социолистік құрылыс, индустрия, техника, саясат сияқты ұғымдармен
байланысты болып келеді [3, 206 б]. Мысалы: Первомайский, Октябрьское, Прогресс т.б.
Енді бір атаулардың сол жерде көп кездесетін өсімдік немесе жануар атауларына
байланысты аталғанын байқауға болады: Камышенка, Сосновка, Журавлевка, Щучье т.б.
Келесі ойконимдер қашықтық мәнін білдіріп, кейде за, при қосымшалары арқылы да
жасалады: Заречное, Пригородное, Приишимское т.б.
Ал, келесі тізімдегі атаулардың өзіндік ерекшелігіне –во, -ское, -ая, -ное т.б.
қосымшалармен беріліп, кейбір қазақ тіліндегі атаулардың да орыс тілінің қосымшалары
арқылы таңбалануы жатады (Нурбаевск, Бекетайск, Еременское (Еремен), Каратальское
т.б.). Отарлау саясатына сәйкес кейбір жер-су атауларының калькалау тәсілі арқылы қойыла
бастауы да осы кезеңнен байқалады: Шөптікөл – Сенакосное, Бесмола – Пятигорское,
Ақжар – Белый Яр, Қызылжар-Красный Яр т.б [3, 91 б].
Төмендегі 1914 жылғы «Ақмола облысы, Ақмола уезі қоныс аудару аудандарындағы
елді орналастыру (бос жерге) барысы туралы мәлімдеме» атты мұрағат құжатында ( Кесте -
1) селениелердің тізімі және участоктың бұрынғы атауы өзгеріссіз беріліп отыр [6, 7-9 б]:
Кесте – 1. Ведомость о ходе водворения и заселения на переселенческих участках
Акмолинского уезда, Акмолинской области
Название
селений
согласно
приговорам сельских обществ
Название участков под которыми они
получили утверждение
Александровское
Бабатай
Рождественское
Кызыл-джаръ
Преображенское
Джаркияк
Романовское
Ак-семгурь
Черниговское
Кубетей
Киевское
Кондузды
Хмелевское
Джалтыр-Куль
Алексеевское
Мунчакты
Никольское
Джарлы-Куль
Миновское
Джаксы - Коянды
Велико Княжеское
Акъ-Тюбе
Богоявленское
Мурза Чоку
Софиевское
Кой-айргань
Семеновское
Тас-мола
Аполлоновское
Каскыр
Ново-узенское
Ащилы-Айрыкь
Волынское
Джарыкь-Кудук
Қоныстанушылар алғаш келіп қоныстана бастағанда участоктер жергілікті жердің
атымен аталған. Кейін келімсектер өз атауларын қойып, өзгертіп отырған. 1889 жылдардан
бастап, жоғарыдағы ауылдардың жері сырттан келушілердің көбеюіне байланысты бірте-
52
бірте «Қызылжар» Рождественское, «Жерқияқ» Преображенское, «Ақсеңгір» Романовское,
«Көбетай» Черниговское, «Құндызды» Киевское болып өзгерген.
Ақмола жеріне қоныс салу 1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін өте
тездікпен жалғасқан. Қазіргі Ақмола облысы орналасқан аймаққа Қараөткелдегі қорған мен
Атбасар бекінісін салып алып, қару-жарақ, әскери күшті орналастырғаннан кейін ғана XIX
ғасырдың екінші жартысынан бастап, бірен-саран қарашекпенділердің қонысы пайда бола
бастағаны белгілі. Патша үкіметінің арнайы құрған «Переселенческое управление Главного
Управления Землеустройства и Земель» деп аталатын мекемесі біздің жерімізге Ресей
шаруаларын арнайы орналастыру мәселесін 1897 жылдан бастап мықтап қолға алғаны
жайындағы құжатта қай жылы қанша адамды орналастырғаны, келетіндерге жақсы жерді
кімдерден қалай босататындары да жазылған. Пайдаланып жүрген құжаттарда жаңа
поселкелердің қазақ ауылынан қандай қашықтықта орналастырылғаны да көрсетілген.
Мысалы: Атбасар ауданының жеріндегі «Владимиро-Борисовское» селосы 500 метр жердегі
қазақ ауылының қасына түскен. Ал ол ауыл бері келгенше «Қаратомар» деп аталғаны мәлім.
Атбасар жеріне ең бірінші қоныс салған Мариинское (селосы) поселкесі зерттелген дерек
бойынша Амантай жеріндегі ауыл іргесіне 3 шақырым қашықтыққа келіп, 1879 жылы
орныққанын айтады. Болыс орталығы болған амантайлықтардың бұрынғы егін егіп жүрген
қаратопырақты жұмсақ жері қайта-қайта бөліске түскенде келген қоныс аударушылардың
еншісі болып кете берген. Бірте-бірте «Амантай» атауынан айырылып, «Мариинское»
аталып кетті [7, 57-58 б].
1893 жылы Казан, Сибир, Вят, Уфа губернияларынан бұрын келіп орнығып, қоныс
салған татарлардың «Жәмәли» атты ауылы болған. Қосағаш атты кішкене саланың Есілге
құяр жеріне орналасқан Жәмәлиге Ресейдің 17 губерниясынан келген келімсектер орнығады.
Ал, соңғы келгендер болса, «Жәмәли» деген атау құлақтарына жақпай, өздерінше
«Воздвиженка» деп атап қоныстанады. Өлкемізде пайда болған қай селоны алсақ та,
қарашекпенділер осылайша келіп, өзінікіндей иеленіп орныққан.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейден қоныс аударушылар Арқаға ағылып келе
бастағанда ояз сайын бір-бір «Александровка» немесе «Ново-Александровка» атанған
қоныстар пайда болған. Ол атаулар осы күнге дейін жетті. Бұрынғы Ақмола, Атбасар
ояздарында пайда болған, бүгінгі Ақмола облысының жерінде осындай аттас елді-мекеннің
екеуі бар. Бірі қазіргі Астана қаласынан шығысқа қарай 25 шақырым қашықтықта. Есіл
өзенінің бастауына қарай оң жағасына, бұрынғыша Бабатай деп аталған ауыл жеріне
орналасқан. (Негізгі құжат «Материалы по переселенческому хозяйству...» СПБ, 1907.)
Екіншісі Атбасар ауданы жерінде, қаладан 24 шақырым шығысқа қарай теміржолдың сол
жақ бетінде, бұрынғыша Байғара деп аталған ауыл жерінде орналасқан. Атбасар жеріндегі
«Ново-Александровка» бұрынырақ 1881 жылы атанған. Кей зерттеулерде «Байжігіт» деп те
жазылған. Тұрғындардың айтуы бойынша поселкені екі бөліп тұрған, жаз айларында құрғап
қалатын терең сайдың бір бетіндегі ауыл «Байжігіт», екінші бетіндегі ауыл «Байғара» деп
аталған. Деректер Астана (Ақмола) түбіндегі Ново-Александровка (кейін Александровка деп
қана атайтын болды) құжатта 1890 жылы қазан айының ортасынан бастап салынған дейді. Ел
мен жердің бұрынғы «Бабатай» аты теміржол стансасына беріліп, осы заманға жетті.
Келімсектер қоныстанған бұрынғы ояздарда бір-бір-селоға Николай патшаның да аты
берілген. Қоғам өзгеріп, жаңаша әкімшілік аймақ құрылған XX ғасырдың бірінші ширегінде
Атбасар оязы таратылып, Ақмолаға қосылған. Атбасар жеріне орнаған Николаевка XIX
ғасырдың тоғысында орнап болған. Ол қазіргі Астанадан 300 шақырымдай жерде тұр. Ал,
Астана жанындағы Николаевка селосы 1890 жылы салынды деп көрсетілген құжатта. Қазіргі
таңда Аршалы ауданына қарасты бұл ауылдың бұрынғы атауы «Мойылды». Есіл өзені
Ақмола жеріндегі бастау аймағында бірнеше ұсақ салаларды қосып алады. Сондай
салалардың бірі оң жағасынан қосылатын Мойылды өзені. XX ғасырдың ортасында Тың
көтеру мәселесімен Ақмола қаласының ұлғаюына байланысты Мойылдының Есілге құятын
тұсына су қоймасы салынып, оған «Вячеслав су қоймасы» деген ат берілген. Осы атау
«Мойылды су қоймасы» деп аталса да артық болмас еді [7, 39-52 б].
53
Басынан талай тарих талқысын өткерген Қазақ топонимиясы әлі де болса зерттеуді
қажет етеді. Еліміздің тарихи жер-су атауларының мән-мағынасын ашу, оны кешенді түрде
зерттеу - халықтың ұлттық сана-сезімін нығайтуға маңызды үлес болып қосылмақ. Осы
орайда ономастикалық атаулардың табиғатын қазақтың тарихымен, ұлттық санасымен,
дүниетанымымен, өмір сүрген табиғи ортасымен, ғасырлар бойы қалыптасқан
шаруашылығымен байланыстыра қарастыруға үлкен мүмкіндік туып отыр. Тарихи
деректердегі өте бай ономастикалық қорда, оның ішіндегі топонимикалық атаулар жүйесінде
қазақ этносына қатысты орасан мол этнотанымдық ақпараттар жинақталған. Осындай мол
ақпараттық байлықты топонимика аясында қарастыру зерттеушілерге жер-су атауларының
онтологиялық табиғатын, көп қырлы ерекшеліктерін таныммен сипаттауға жаңа жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |