Қазақтардағы «ұят", «ар", «намыстың" орны. Орындаған: Маратов. Р абырой (араб аб су, руй жүз (бет), сөзбе-сөз «беттің суы»



бет2/4
Дата13.12.2021
өлшемі31,96 Kb.
#100278
1   2   3   4
Байланысты:
Документ
Документ

Надандықтың ұяты


Абай: "Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді" дейді. Шынында да, өзі кінәң болмаса, ешкімнің алдында жазықты болмасаң, болмайтын жерде қысылып, қызара кету – надандықтың көрінісі. Ол есейіп ер жетсе де, әлі ішкі жасы есейе қоймаған, өзі ел алдында ұялатындай іс жасамаса да, артында ынжықтығы басымырақ келетін сипат. Абай оны "Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес – ақымақтық, жамандық" деп бір-ақ қайырады.

Надандық, жамандық, ақымақтық деуінің де жөні бар. Мысалы, бір адам өзінің ауруын айналасынан жасырса, ол ұяттан емес. Ол надандықтан. Айтсын, емделсін. Тағы бір мысал айтайын. Әуежайда чемодандарды целлофанмен орап беріп тұратын қызмет бар. Айлығы әжептәуір, жүз мың теңгеден асады. Сонымен, осы жерде ауылдан келген бір жігіт қызмет етіп жүр екен. Сөйтсе, таныстары көріп, "өй, елдің сөмкесін осылай орап отырасың ба? Осы ма жұмысың?" деп күліпті. Содан әлгі жігіт ұялып, жұмысын тастап кеткен. Бұл ұят па? Жоқ, бұл надандық. Екеуінің ара жігін ажыратарлық ақыл керек.

Абай сынайтын ұяттың тағы бір мысалы – елден ұят деп кредит алып, шашылып той жасау. "Бүйтпесек, ұят, сөйтпесек ұят" деп, қымбат мейрамхана, асаба жалдайды. Рас, оны кейбіреу дарақылықпен, мақтанмен жасайды. Енді бір адам мақтанайын демейді, бірақ, әлгі даңғойлардан қалып қоюды ұят санап, өзін қинайды. Бұл да надандықтан болатын ұят.

Бір танысым ауылындағы мына бір оқиғаны айтып еді. Бір жігіттің жақыны қайтыс болыпты. Өзі кедей екен. Бірақ, қарызданып жылқы сойып асын өткізіпті. "Сені ешкім сөкпейді, соймай-ақ қой" дегенге болмай, "Елден ұят болады" деп бой бермей қойыпты. Ал өзінің екі қарындасы қалада ақылы оқиды екен, кеште кафелерге барып ыдыс жуады. Сонда қалай? Қарындастарының кеште сыра сасыған кафелерде шалқақтаған небір есалаңға қызмет қылып жүргеніне ұялмайсың, ал жылқы соймай қалғаныңнан ұяласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет