315
түйсінгенде оянатын және дұғалар мен әндерде берілетін, шаттықтың
есепсіз төгілуі»
1
, – деп сендіреді В.Г. Белинский.
Шынында да, көптеген халықтардың әндерінде, соның ішінде
қазақ әндерінде, халық қайғысы туралы, адамдардың жалғандығы
туралы айтылады, махаббатқа, жақсылыққа өздерінің азаматтық
борыштарын адал орындауға, өмірге, еңбекке шақыру бар.
Қазақтардың әннен қалай ләззат алғаны мен әнші-ақындардың
әнге қалай сүйіспеншілік туғыза алғандығын бізге «Қырғыз әншісі
Үлкенбайдың қазасы» туралы аңыз баяндайды. Оның қысқаша
мазмұны мынадай.
Кәрі де ауру Үлкенбай ақын қолына өзінің екі ішекті домбырасын
алды да ән айта бастады. Ол тыңдаушыларының назарына толық ие
болған, оларды, оның әні тудырған әлемге шарықтауға, оның өзін
шабыт сәттерінде толғандырған, сол сезімдерді сезінуге, сол өмірді
бірге сүруге мәжбүр еткен. Нәзік сезімге оранған, кәрі әнші бой
жазды, оған бұрынғы күштері қайтып келді. Оның тыңдаушылары
ақынға таң қалып қарады да бұл ұлы күштің қайдан келгенін түсіне
алмады, ол қалай тез адамды тірілтті, бұлай тез жанатын от, қандай
ұшқыннан тұтанды. Оған күшті сүйікті әні берді. Үлкенбай өз
әндеріне қаншама жанын, адал шынайы сезімдерін халыққа деген
қаншама сүйіспеншілігін салды
2
.
Қазақ халқының кең танымал, сүйікті ақыны Ноғайбай болды. Ол
туралы, оның даңқы бүкіл кең байтақ далаға тарады. Ноғайбай
әндерінің соншама күшті ықпал етуі, сондай зор әсер беретіндігі оның
әндерінен кейін тыңдаушыларға басқа ақындардың әндері ұнамайтын
болған. «Жоғары дәрежеде нәзік әрі көркем, «дала ұлына» тән керемет
психикалық сараптаумен Ноғайбай тыңдаушыларының көз алдында
сурет салды»
3
, олардың анық болғандығы соншалық, тәнмен сезінуге
болатындай еді.
Қазақ халқы әсемдікті жеңіл де еркін қабылдауға қабілеті бар.
Қазақтардың жоғарғы шығармашылық күшінің жемісі – поэзия, онда
халықтың бүкіл өмірі толығымен көрініс табады. Махаббат туралы
қазақ әндерінің бірін тыңдап отырып, А. Алектров: «Сол уақытта,
адам табиғаты барлық жерде бірдей, және кедей күркесі мен
өркениетті еуропалықтың бай сарайында патшалық етуші махаббат,
сондай билікпен қырғыз (қазақ – Б.Қ.) киіз үйлерінде де, өте аз
зерттелген қайдағы Мугоджамаларда да патшалық етеді»
4
– деген ойға
келген.
1
Достарыңызбен бөлісу: