ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет101/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Белинский В.Т.
Избранные философские сочинения, т.1. М., 1948. С. 169. 
2
Қар.: 
Алекторов А.
Народная литература киргизов. «Астраханский вестник», 1893, № 1233. 
3
Сонда
, № 1241. 
4
Сонда
, № 1183. 


316 
Қазақтарда революцияға дейін көп бұрын кең дамыған ән 
шығармашылығымен тығыз байланыстысы халық музыкасы еді. 
Қазақтар әндерді көбінесе ұлттық аспаптар сүйемелдеуімен айтқан. 
Қазіргі уақытта зерттеуші – музыкатанушылар ұлттық музыка 
аспаптарының санын жиырма алтыға жеткізді. Бізге дейін жеткен, ең 
атақты халық аспаптары – бұл домбыра (шертпелі), сыбызғы (үрлеп 
тартатын музыкалық аспап) және қобыз ысқы (қыл керілген 
шыбықпен ойналатын). Осылардың ішіндегі қазақтардың ең сүйікті 
аспабы – домбыра. Домбыраны тек кәсіпқой домбырашылар немесе 
әншілер ғана емес, ән мен музыканы сүйетін әуесқой көпшілік те 
меңгерген.
Қазақтың музыка мәдениетін халықтың өзі және оның ақындары 
мен композиторлары жасаған. Қазақтарды қоршаған әлем сонша бай 
әрі оқиғаларға толы болса, қазақ халқының музыкасының мазмұны 
мен тақырыптары да соншалық әр түрлі болған: оның әуендері жеке 
адамды да, әлеуметтік өмірді де қамтиды. «Күйлерде адамның нәзік 
сезімдері мен күйзелістері беріледі: баланың дүниеге келуі әкелген 
қуаныш та, жақын адамынан айырылу қайғысы да, қаламаған адамына 
күйеуге ұзатылған бойжеткен қыз мұңы да, айрылыс зарығуы да, 
музыкалық портреті де, табиғатқа масаттану да»
1
, – деп жазады А.Е. 
Алекторов «Қырғыздардың халық әдебиеті» атты мақаласында. 
Дарынды композиторлар музыка мәдениетінің дамуына үлесін қосты 
және халықтың жалпы өнерге, атап айтқанда музыкаға эстетикалық 
қатынасының қалыптасуына ықпал етті.
Ән сияқты, қазақ халқының музыкасы оның тарихымен, 
тұрмысымен, салттарымен тығыз байланыста болды. Міне сондықтан 
кеңес музыкатанушылары қазақ халқының күйлерін лирикалық, 
тарихи, әлеуметтік наразылық және басқаларға бөледі.
Шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани өмірінде ерекше 
маңызды орын алатын, ең ірі халық композиторлары, әншілері: Абай 
Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Құрманғазы Сағырбаев, Дәулеткерей 
Шығаев, Жаяу Мұса Байжанов, Тәттімбет Қазанғапов, Мұхит 
Мералиев, Ақан Сері Қорамсаұлы және басқалар.
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ертерек кезеңде 
дамыған түрі – «Той бастар», «Бет ашар», «Жоқтау», «Жар-жар», 
«Алтыбақан» және басқалар сияқты тұрмыс-салт жырлары. 
Әлеуметтік, саяси, тарихи тақырыптарға арналған музыкалық 
шығармалар анғұрлым кейініректе жазылған. 
Халық композиторлары өз шығармаларында өз заманының 
болмысын шынайы көрсеткен. Олар өз шығармаларында тарихи 
оқиғаларға да, адамдар қарым-қатынастарына да, өзінің әсемдікті 
1
«Астраханский вестник», 1893, № 1183. 


317 
түсінуі тұрғысынан барлығына баға беріп, эстетикалық түйсінуін 
білдірді. Олардың шығармашылығындағы бұл жағдайды атақты қазақ 
музыкатанушысы әрі комозитор Ахмет Жұбанов «Қазақ музыкасы» 
мақаласында атап көрсетті: «Шебердің сол кездегі ой өрісі оған 
дейінгі 
адамзат 
жинақтаған 
білім 
жиынтығын 
ол 
игере 
алмағандықтан, оның өмірлік тәжірибесімен, күзелістерімен, саяси 
және экономикалық жағдайлардың ықпал етуімен анықталады»
1

Тарихи әлеуметтік, лирикалық сюжеттерге жазылған күйлерде 
қазақ халқының тарихының оқиғалары, жалпы өнерге деген, басқа 
халықтардың музыкасына, музыканың қоғамдағы рөлі, оның 
адамдардың эстетикалық сезімдеріне әсері және т.б көзқарастары 
көрініс тапқан. П.В. Аравин атап өткендей: «Қазақтың домбыра 
музыкасында, 
жәй 
дыбысқа 
еліктеуден, 
әсем 
көріністерді 
бейнелеулерден бастап және портреттік сипаттамалармен аяқталатын, 
және де әр түрлі психологиялық хал-жағдайларды қорытудың сарыны 
бар программалық мазмұн әр түрлі білдіріледі»
2
. Оған мысалы, 
мынадай күйлер дәлел болады: «Боз-төбе», «Сары өзен», «Ақсақ 
құлан», «Бұл-бұл», «Баламайсаң» және көптеген басқалары. 
Туған табиғат суреттемелері, халық өмірі, тұрмыс жағдайының 
түрлі 
жақтары, 
халық 
композиторларының 
лиро-эпикалық 
күйзелістері арқылы өзінше түсініліп, олардың шығармаларын 
мазмұнмен толтырған. «халық шеберлеріне тән жоғары дамыған 
эстетикалық қорытындылау сезімінің арқасында,табиғат пен тұрмыс 
көріністері қазақ күйлерінде, дарынды күйшінің санасында алдын ала 
өңдеу алған, болмыстың көркем бейнесі сияқты, нәзік лирикалық 
сәуледе беріледі»
3
, – деп жазды П.В.Аравин, қазақ күйлерінде 
адамның ішкі күйзелістеріннің түрлі қатпарлары беріледі, «бірде 
айбынды байсалды, бірде жұмсақ нәзік, бірде қайғылы әрі мұңды»
4

Бұл, әсіресе, «Ақсақ құлан», «Ақсақ киік», «Сарыарқа» күйлеріне тән. 
Қазақ күйлерінің арасында оның қоғамдық өмір құбылыстарына 
қатынасын білдіретін күйлер көп. Халық оларды қастерлеп сақтап 
және жоғары бағалап ұрпақтан ұрпаққа таза, өзгермеген күйінде 
жеткізеді. Мұндай күйлерге: «Ақсақ құлан», «Тепен көк», «Алты қаз», 
«Жез киік», «Қорқыт», «Дайрабай», «Аққу» және көптеген басқалары 
жатады. Бұл күйлердің әрқайсысында халықтың әлеуметтік 
әділетсіздікке деген ашу-ызасы, байлардың, сұлтандардың, хандардың 
зорлық-зомбылығына наразылығы көрініс тапқан.
Мысалы, «Ақсақ-құлан» күйінде мынадай оқиға баяндалады. 
Мейірімсіз хан ұлы, көңіл көтеруді қалап, кең далаға құландарға 
1
«Казахстан». Сборник художественных очерков. Алма-Ата, 1940. С.530. 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет