ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет106/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч. в пяти томах, т. 1. С. 196. 
2
Сонда, 200 б. 


328 
халықтың ерекше құрметіне ие болған... өздеріне атақ пен байлық 
жинаған»
1

Ш. Уәлиханов халық ауыз әдебиетіне өзінің эстетикалық 
қатынасын көрсетті. Ол қазақ және қырғыз халықтарының өлеңдері 
мен эпостарының тамаша талдау үлгілерін қалдырды: Абылай туралы 
ән, Орақ әндері, Абылай, Шуна батыр және басқалары. 
Орыс реализмі дәстүрін ұстанып, Ш.Уәлиханов өнерді қоғамдық 
күрес құралы ретінде қарастырды. Оның шығармашылығы халыққа 
қызмет ету идеясымен рухтанған. Шоқан шығармашылығы өнер мен 
қоғамдық 
өмірдегі 
барлық 
реакциялықты, 
кертартпалықты 
айыптаушылыққа толы. 
Шоқанның халық бұқарасының мүддесін жалынды қорғағандығы 
туралы, оның ақын А.Н. Майковқа жазған хатынан алынған келесі 
үзінді баяндайды: «Жергілікті қара сүйек сұлтандармен және 
байлармен мен тату емеспін, өйткені олар өздерінің бұрынғы 
құлдарына нашар қарайды, құлдар енді еркін болса да, қалай кетерін 
білмей, соларда тұрады. Мен оларға жалақы төлеулерін және адам 
сияқты қарауларын бірнеше рет талап еттім, олай болмаған күнде 
заңмен қорқыттым. Оның есесіне дала пролетариатымен мен үлкен 
достықтамын және тез тіл табысамыз»
2
. Шоқан Уәлиханов, сол 
уақыттағы Ресейдің әдеби ортасында айтылып жүрген әр түрлі 
көзқарастар жөнінде көбінесе өзінің келіспеушілігін білдірген немесе 
күмәнін айтқан. Мысалы, ол өзінің досы ақын Аполлон Николаевич 
Майковқа Достоевский журналында берік позицияның жоқтығы 
туралы жазды. «Өзара айтқанда, мен олардың негіздерін, халықтығын 
түсіне алмаймын, бірде славянофильдік, бірде нағыз батысшылдық 
иісі шығады, татуласуы көрінбейді, әлде оларға бұл татуласу сәті 
түспейді ме? Менің ойымша, соның бірі: не батыс үлгісі бойынша 
өзгерістер, не ескіні ұстанып, тіпті ескі дінге құлшылық ету қажет. 
Қытайдың біреуден ілгері, біреуден кейін болуы енді іске жарамсыз. 
Бокль айтқандай ұлттық қасиеттер жоқ, ал білім жалпы адамзаттық 
болуы тиіс. Ал халықтық сипатты ол өзінен-өзі, тұрғылықты жер 
әсерінен, біздің тіл және әдет-ғұрыптарымыздың әсерінен алады. 
Біздің тарихымыздың жоқтығы, мәлім»
3

Берілген хат үзіндісінен, даладағы өмір, оның ғылыми әлемнен 
алыстығы Шоқанның көзқарастарына өте ықпал еткендігін білдіреді. 
Қазақтардың тарихы жоқ деген пікірмен келісуге болмайды. Бұл оның 
басқа көзқарастарының, бүкіл оның ғылыми шығармашылығының 
рухына қайшы келеді. Эстетиканың көптеген мәселелері бойынша да 
1
Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч. в пяти томах, т. 1. С. 202. 
2
Валиханов Ч.
Избр. произведения. С.568. 
3
Сонда
, 568 б. 


329 
ол өз ойларын ақырына дейін айқын айтпайды. Бұл қазақ даласына 
алдыңғы қатарлы көзқарастардың кешеуілдеп келуімен түсіндірілуі 
мүмкін. Міне сондықтан да ағылшын идеалисті Генри Томас Бокльдің 
ойлары ешбір сынсыз бұл хатта жазылған.
Қажетті әдебиеттің жеткіліксіздігі мен өзінің сол кездегі көптеген 
әдеби проблемаларды білмегендігін, Шоқанның өзі де мойындаған. 
Сол хатында: «Сізден кейбір әдеби жанжалдар мен ғылыми сынды 
білу қызықты болар еді», – деп жазады ол.
Бірақ бұл, ол әдебиет пен өнер мәселелерімен айналыспады 
дегенді білдірмейді. Шоқан әркез халық шығармашылығын жинады 
жәнеі зерттеді, осы саладағы өз танымдарын ғылыми әлемге жеткізуге 
ұмтылды. Мұны оның өз достарына – халық шығармашылығы 
саласындағы өз зерттеулерін баспадан шығару туралы өтініштері 
дәлелдейді. Мысалы, оның бір хатында былай деп жазылған: «Санкт-
Петербург хабарларының» Орта Азия мен қырғыз даласы жағдайы 
туралы 
корреспонденті 
болғым 
келеді... 
Мүмкін 
болса, 
«Отечественные запискида», орыс ертегілеріне ұқсас қырғыз 
ертегілерін жариялайды ма және менің қырғыз шамандығы туралы 
зерттеулерімді, Алтын Орда тарихына жаңа көзқарас тудыратын, 
сондай-ақ орданың құлауы себептерін түсіндіретін қырғыз өлеңдерін 
баспадан шығару туралы білуге бола ма екен»
1

Ш.Уәлихановтың жол дәптерлерінде, ғылыми еңбектерінде өзі 
болған жерлердің назар аударалық орындары, түрлі халықтардың 
тұрмыстық заттары жоғары көркем талғаммен суреттелген. Ол 
домбыра, қобыз және басқа халық муызкалық аспаптарын суреттеген. 
Шоқан Уәлиханов шығармалары, бізге оның әдеби еңбектерінде 
көркем шығармашылықтағы форма мен мазмұн сияқты, эстетикалық 
категориялар ашылғандығы туралы қорытынды жасауға толығымен 
негіз бола алады. Ол эстетиканың, әдебиеттің халықтығы деген 
мәселені де зерттеді.
Ол фольклор бастауының халықтық екендігін, халық өміріндегі 
өнердің үлкен рөлін атап көрсетті.
Қоғамдық өмір құбылыстарын түсіндіруде, Ш.Уәлиханов, оның 
көптеген замандастары секілді, жалпы идеалистік позицияда қалды. 
Ол рулық-феодалдық қоғамның барлық қарама-қарсылықтарын 
шешудің жолын халыққа білім беруден іздейді.
Бұл ойды біз оның эстетикалық пікірлерінде де байқаймыз. 
«Біздің халықтың өте бай әрі поэтикалық құндылығы бар, сондай 
бағыттағы Шығыс туындыларына қарағанда, индогермандық 
эпостарға жақын, әдебиеті бар. Сайып келгенде, барлығынан 
маңыздысы, біздің қоғамдық дамуымыздың формалары олардың 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет