ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет107/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Валиханов Ч.
Избр. произведения. С.569. 


330 
мәдени дамуының жетістіктерімен үйлестік құратын дәл сол 
табиғилық кезеңде тұр, осы фактіге біздің болашаққа деген барлық 
үмітіміз негізделген. Біз Батый татарларының ұрпағы ретінде 
орыстармен тарихи және тіпті қандық туыстықтамыз»
1

Әлеуметтік мәселелерге қатысты мұндай тұрақсыз көзқарас оның 
кінәсы емес, ол сол уақыттағы бүкіл қазақ қоғамының қасіреті. Шоқан 
Уәлиханов 
60-шы 
жылдардағы 
Ресейдегі 
революцияшыл 
демократтардың 
дүниетанымына 
көтерілмеді. 
Сондықтан 
ол 
ағартушылық позициясында қалды. Қазақ халқының мүддесін ойлап, 
Шоқан Ресеймен жақындастық қазақ халқының экономикалық және 
мәдени дамуына жол ашады деп санады. Ал сол кезде қазақ халқын 
да, Ресей бодандығындағы барлық халықтарды да тәуелсіздікке 
әкелер жолды ол түсіне алмады.
Шоқан Уәлихановтың бастаған ісін, педагогика саласында 
қазақтың 
екінші 
ағартушы-демократы 
Ыбырай 
Алтынсарин 
жалғастырды. Ол да артында эстетика мәселелері бойынша арнайы 
еңбектер қалдырған жоқ. Оның эстетикалық көзқарастары 
педагогикалық қызметінде көрініс тапты. Ол ағартушылық арқылы 
қазақ халқының жалпы мәдени деңгейін көтеруге тырысты, сауатсыз 
адамның эстетикалық құндылықтарға ғана емес, жалпы мәдениеттің 
ең азына да қолы жетпесін айқын түсінді.
Алтынсарин өз халқының көркем шығармашылығын жоғары 
бағалады және ағартушылық оған өмірдегі де, өнердегі де барлық 
әсемдікті дұрыс түсіндіруге әрі бағалауға мүмкіндік береді деп 
санады. 
Алтынсарин, өзінің педагогикалық қызметінің мақсаты халықтың 
сауатын ашу ғана емес, мүмкін қазақтарды озық мәдениетпен кеңірек 
таныстыру болған шығар, деп есептеді. Бұл туралы ол «Қазақ 
хрестоматиясының» кіріспесінде жазады: «Бұл кітап ғылыми әрі 
жалпы пайдалы орыс кітаптарына, тікелей соңғысына өзінің 
мазмұнымен де, әліппесімен де қайшы келмей, тікелей жолбастаушы 
болып қызмет етуі үшін жазылды»
2

«Марқұм Алтынсариннің бүкіл өмірі мен қазақ даласында болған 
уақытта өзінің сүйікті қырғыз (қазақ – Б.Қ.) халқына білім беруге 
жұмсалды. Ол халық өмірін жіті бақылаған және оны терең 
түсінген»
3

«Орынбор парағы» газеті, қазақ мәдениетінің дамуындағы 
Ы.Алтынсарин рөлін атап өтіп, көшпелі қазақтар үшін Ы. Алтынсарин 
еңбектері, оның өзіндей аса қымбат екендігі, мұны Ресейде зиялылар 
1
Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч. в пяти томах, т.1. С. 499. 
2
Алтынсарин И.
Избранные произведения. Алма-Ата, 1957. С. 79. 
3
Русское богатство, 1896, № 8. С. 386. 


331 
әдебиетінің мәнін білетіндер ғана түсіне алатыны туралы жазды. 
Халық Алтынсарин тұлғасында бүкіл халықтың, оның рухының, 
ақыл-ойының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының және жалпы оның 
өмірі көрініс тапқан батырды көруге дайын. Бұдан былай, делінеді әрі 
қарай, көшпелі Азия прогресс жолына түсті, фанатизмді, 
ырымшылдықты қабыл алмайтын, өмірлік жолын таңдады деп 
ойлауға болады. Алтынсаринге дейінгі қазақ халқының арасынан 
шыққан ұлы ойшылдар мен ақындар мұндай айқын көрінбейтін, олар 
даладағы қасірет пен кемшіліктер арасында адасатын, өздерінің туа 
біткен таланттарына, өздерінің данышпандығына қарамастан, жазу 
құралымен өз халқына бүкіл пайдасын тигізуге күштері болмады
1

Ы. Алтынсарин кейпінде біз, діни фанатизмге және ол қолдайтын 
білімсіздікке қарсы шыққан, қазақ халқының білім алуы мен 
эстетикалық білімі жолындағы күрескер, тұңғыш ағартушы-
демократты көреміз. Орыс-қазақ және қазақ мектептеріне ол үлкен 
үміт артты, бұл мектеп оқушылары жанұяларында, жақын адамдар 
ортасында, исламдық көзқарастар ықпалынан дербес жаңа озық 
мәдениеттің насихаттаушылары әрі жол бастаушылары болуы керек 
деп санады. Алтынсарин бұл мектептерде оқыту медреседегідей татар 
немесе араб тілдерінде емес, ал ана тілі – қазақ тілінде болуы үшін 
күресті, ана тілі күнделікті өмірде ғана қолданыс таппай, қазақ 
халқының кітап тілі, мәдениет тілі болуы үшін ат салысты. 
Алтынасарин қазақ даласындағы қыздардың да білім алуының 
бастаушысы әрі ұйымдастырушысы болды. 1887 жылы оның 
өтінішімен Ырғызда қазақ қыздары үшін училище ашылған болатын
2

Бұл училищенің қазақ қыздары үшін қандай үлкен тәрбиелік мәні 
болғандығын дәлелдеу артық болар.
Алтынсарин орыс тілін білуге де үлкен мән берген. Ол қазақ 
халқы орыс тілінің көмегімен озық мәдениет үлгілерімен таныса 
алады деп санаған. «Табиғи ақыл, оны қоршаған ортаны ғана қамти 
алады, оны дамыту және көрмегенді де тануға қабілетті ету, тек ғана 
білім алу арқылы мүмкін. Біз мұны түсінеміз және өз балаларымызды 
орыс-қырғыз мектептерінде ынтамен оқытамыз»
3

Ы. Алтынсарин әлемдік әдебиет классиктері – Шекспир, Байрон, 
Гете, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдауси, Низами және көптеген 
басқаларды өте жақсы білген. Ол өзінің бүкіл орыс, батыс және 
шығыс әдебиетінен алған білімін, ағартушылық қызметін жүргізу 
арқылы, оларды туған халқына жеткізуге ұмтылды.
1
Қар.: Оренбургский листок, 1884, 8 апреля. 
2
Қар.: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет