338
эстетикалық түсініктеріне қысқаша ғана тоқталуды жөн көрдім»
1
, –
деп жазды ол. Сонымен, философия тұрғысынан Абайдың
эстетикалық көзқарастарын тыңғылықты зерттеген еңбектер әлі жоқ.
Біз, шамамыз келгенше, бұл кемшілікті толтыруға тырысамыз.
Абайдың эстетикалық көзқарастары оның дүниетанымының
негізгі бөлімін құрайды. Оның шығармаларын мұқият зерттеу
барысында, Абайдың көркем шығармашылыққа талдау жасағанда оны
реалистік тұрғыдан қарастырғанын көреміз. Ол даму бастауы мен
өнер мазмұны, адам өзінің шығармашылық іс-әрекеті барысында
танитын, шынайы болмыс деп санаған.
Н.Г. Чернышевский, «ең жоғарғы сұлулық дегеніміз өнер
тудырған сұлулық емес, адамның болмыс әлемінде кездестіретін
сұлулығы екндігі, ақиқат»
2
– деп дәлелдеген. Осындай пікірді біз
Абайдың қырық үшінші қара сөзінде кездестіреміз, бұл сөзінде ол
дәстүрлі біліммен қанағаттанбай, оларға сыни қарауға шақырады.
«Сыншыл ақылы бар, сараптауға қабілетті, керексізден керектіні
ажырата білетін адам, әдетте, күшті рух иесі болады. Ал кім де кім
естігені мен көргені туралы ойланбаса, ол жаңаны қабылдамақ түгілі,
ескі танымдарын да жоғалтып алады»
3
. Басқа сөздермен айтқанда,
Абай адам өмірі мен оны қоршаған болмыс арасындағы
диалектикалық байланысты көрген.
Абайдық философиялық, эстетикалық көзқарастары оның көркем
шығармашылығы барысында қалыптасқандығын және сондықтан
дұрыс әрі аяқталған бүтіндей болмағандығын, ескеруміз керек.Оны
суреткер ретінде толғантқан, құбылыстардың көптеген бағалануы
озық идеялар ағымы мен жағдайлар әсерінен өзгеріп отырған, бірақ
эстетиканың негізгі мәселелеріне, мысалы, әсемдік және оның
өмірмен байланысы, қоғам өміріндегі өнердің рөлі және басқаларына
оның қатынасы тұрақты болды.
Көркем шығармашылықты Абай өзінің педагогикалық ойлары
мен халықты көркемдік тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланды.
Міне, сондықтан, ол өз өлеңдерінде поэзияның қоғамдық өмірдегі рөлі
мен мәні туралы, қоғамдағы ақынның орны туралы айтты. Абай
«таза» өнер теориясына қарсы болды, ол орыс ревлоюцияшыл
демократтары секілді өнерді әлеуметтік күрес құралы деп санамады.
Өзінің қара сөздерінде ол былай жазды: «Бөтегеннің тілі мен
мәдениетін білу адамды сол халықпен тең етеді, ол өзін еркін ұстайды,
ал егер ол елдің қамқорлығы мен күресін оның жүрегі қабылдаса, онда
ол шетте қала алмайды»
4
.
1
Достарыңызбен бөлісу: