ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет112/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Ауезов М.
Мысли разных лет. С.147. 
2
Сонда
,148. 


341 
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?»
1

Міне, ақынның білімсіз, мәдениетсіз өмір мәнсіз болатындығы 
туралы айтқан тағы бір өлеңі: 
«Мал да бар жан мен тән, 
Ақыл, сезім болмаса. 
Тіршіліктің несі сән, 
Тереңге бет қоймаса? 
Атымды адам қойған соң, 
Қайтіп надан болайын? 
Халқым надан болған соң, 
Қайда барып оңайын?!»
2

Өз шығармаларында Абай Құнанбаев өз заманындағы өмірлік 
оқиғалардан да, оны қоршаған адамдардан да, заттарды және табиғат 
құбылыстарын тамашалаудан да, кітаптар оқудан да алған әр түрлі 
әсерлерін көрсетті. Ол халықтың ауыр өмірін және табиғат сұлуығын 
суреттеді, тарих беттерін бейнеледі және адамдар типін жасады, ол 
үшін материалды қазақ болмысынан ғана емес, басқа халықтар 
өмірінен де алды. Сонымен Абай өзінің тамаша лирикалық ақындық, 
жазушылық және сазгерлік шеберлігін танытты. 
Абай өлеңдері көркем. Олар, Абайдың өзі шығарған әуендермен 
қосылғанда одан да көркем болады. Мұндай өлеңдерге: «Көзімнің 
қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», және т.б. жатады. Махаббат 
тақырыбы Абай шығармашылығында айрықша үлкен орын алды. 
Нәзіктік пен адалдық – «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол», «Қор 
болды жаным», «Айттым сәлем, қалам қас», «Ғашықтың тілі – тілсіз 
тіл» сияқты өлеңдердің ерекшеліктері. Бұл өлеңдерде ақынның 
әсемдік пен асқақтық туралы түсінігі көрініс тапты. Бүкіл шығыс 
ойшылдары сияқты, Абай да махаббатты адам сұлулығының маңызды 
бір синтезделген көрінісі, ал сондықтан жақсылықтың да ең жоғарғы 
көрінісі, яғни этикалық пен эстетикалықтың бірлігі деп түсінеді»
3

Бірақ, шығыс ақындық дәстүрлерімен тым әрлеп-әсерлеп, 
тағдырын болжап қоюдан айрықша Абай махаббатты жасампаз, 
рухтандыратын сезім ретінде жырлайды. Ол Шығыс ақындарының 
көптеген шығармаларының кемшілігі, олардың әйел сұлулығын 
алтынмен және асыл тастармен «зергерлік» теңеулері деп санады. 
Абайдың махаббат лирикасында адамдардың асыл сезімдері 
берілген. Ол адамның таза, асқақ махаббатын жырлады, және мұнда 
А.С. Пушкин мен М.Ю. Лермонтов салған жолды ұстанды.
1
Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы. 78 б. 
2
Сонда, 276 б. 
3
Сосонкин И.Л.
Из историии эстетической мысли в Туркменистане, Ашхабад, 1969. С. 26. 


342 
Абайға дейін қазақ әдебиетінде Алтынсарин ғана табиғат 
құбылыстарын суреттеген. Абай өлеңдерінде біз алғашқы рет 
табиғаттағы әсемдіктің ауылдың тұрмысының шынайы суреттерімен, 
көшпелі өмір салтындағы барлық шаруашылықпен үйлесімін көреміз. 
Міне, қалай Абай күнделікті өмірді – қазақ даласындағы кеш 
мезгілін жырлайды: 
«Желсіз түнде жарық ай 
Сәулесі суда дірілдеп, 
Ауылдың жаны – терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп. 
Қалың ағаш жапырағы, 
Сыбырласып өзді-өзі. 
Көрінбей жердің топырағы, 
Құлпырған жасыл жер жүзі. 
. . . 
Келмеп пе едің жол тасып 
Жолығуға аулаққа? 
. . . 
Дем ала алмай дамыл қып, 
Елең қағып, бос шошып»
1

Дамыған әсемдік сезімі бар, Абай сұлулықты, алғашқыда көзге 
түспейтін жерде де таба алатын. Жаңбырлы күздің өзі де оның жанын 
баурайтын және шабытын оятатын. Ол берген сурет, көз алдыңа келе 
қалады. Өзіңіз көз жеткізіңіз: 
«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? 
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. 
. . . 
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, 
Астында ақ шомшы жүр, ол-бір керуен. 
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, 
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен»
2

1
Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы. 126 б. 
2
Сонда, 119 б. 


343 
Қазақтардың сол кездегі әлеуметтік жағдайы да Абай 
өлеңдерінде айқын көрініс тапты. Мысалы, ол қысты суреттейді. Бұл 
мезгілде көшпелі өмірі қиындайды. Қазақтардың ең негізгі өмір сүру 
амалы – малды қалай сақтайсың? 
«Қар тепкенге қажымас қайран жылқы 
Титығы құруына аз-ақ қалды. 
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр. 
Малшыларым, қор қылма итке малды. 
Соныға малды жайып, күзетіңдер, 
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды
1

Абай қоғам өміріндегі ақынның рөлі мен орнын, поэзия міндетін 
жоғары бағалаған. Өзіне тән мақтанышпен Абай қазақ поэзиясының 
керемет сұлулығын, оның адамның рухани дамуындағы мәнін атап 
кеткен өлеңдері: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның 
кейбір кездері», «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Мен 
жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол». 
Мысалы, Абайдың ақын парызы туралы айтқан пікірлерінің бірін 
келтірейік: 
«Әділет пен ақылға 
Сынатып көрген-білгенін, 
Білдірер алыс, жақынға 
Солардың сөйле дегенін. 
Ызалы жүрек, долы қол, 
Улы сия, ащы тіл 
Не жазып кетсе, жайы сол ... »
2

Абайдың ақынның қоғамдық рөлі мен орны туралы ойлары А.С. 
Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың ойларына үндес. Міне, сондықтан 
ол ана тіліне Пушкин мен Лермонтовтың осы тақырыпта жазған 
өлеңдерін аударды. Мысалы, «Адамның кейбір кездері» атты өлеңі 
өзінің негізгі бөлігінде М. Ю.Лермонтовтың «Журналист, оқырман 
және жазушы» өлеңдерінен еркін шығармашылық аударма болып 
табылады. Абай бұл шығармасында Лермонтовтың негізгі ойын таба 
білді. 
Абай пікірінше, кім халқының барлық рухани талаптарын тани 
білсе және оның ағартушылыққа көмек көрсетсе – сол нағыз ақын. 
Адамға кез келген поэтикалық шығарма емес мазмұны жағынан 
шыншыл және жоғары көркемдік формадағы шығарма ғана 
эстетикалық ләззат береді.
Бұл ойын Абай өзінің «Өлең – сөздің патшасы...» өлеңінде 
айтады: 
1
Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы.123 б. 
2
Сонда, 256 б. 


344 
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 
Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы, 
Ол – ақынның білімсіз бишарасы. 
Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан, 
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы»
1

Ақындық шығармашылықты жоғары бағалай отырып, Абай 
ақындарды өзінің жоғары атағын мақтан тұтуға және байлардың 
көңілін аулау үшін дарынын текке шашпай, халқына қызмет етуге 
шақырды. 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. 
Көкірегі сезімді, тілі орамды, 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. 
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар. 
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін. 
. . . . . . 
Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге 
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. 
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ 
Есіл өнер қор болып кетер түзуге, 
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез 
Қанша қызық болады өзіңізге?»
2

. . . . . . 
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы, 
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы. 
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе, 
Оған кімнің ұнасар таласуы? 
. . . . . . 
Сый дәметпе, берсе алма, еш адамнан, 
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан? 
Сүйенерлік адамды құрмет қыл, 
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан»
3

Абай жоғары дәрежелі көркем туындыларды шығару және 
халыққа қызмет ету туралы ойламайтын, жеңіл табыс табуға ғана 
1
Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы.114 б. 
2
Сонда, 145 б. 
3
Сонда, 117-118 бб. 


345 
талпынатын, көркемдік дәрежесі нашар және идеялық мазмұны жоқ 
шығармалар жазатын ақындарды қатал сынға алған. 
Олар туралы Абай былай жазды: 
«Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап, 
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап. 
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп, 
Кетірген сөз кәдірін жыртты шарлап. 
Мал үшін тілін безеп, жанын жолдап, 
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап, 
Жат елде қайыршылық қылып жүріп, 
Өз елін бай деп мақтап құдай қорғап. 
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап, 
Жиса да бай болмапты, қанша малды ап. 
Былжырақ көрінеді соларды аңдап»
1
.
Адамның эстетикалық дамуындағы поэзияның рөлі мен мәнін 
атап өтіп, Абай сондай-ақ көркем шығармаларды тыңдаушылар мен 
оқырмандардың рөлін де көрсетеді. Олардың шынайы көркем 
құндылықтарды барлық нашар, идеясыздан ажырата алу қабілеті болу 
керек, сонда ғана олар поэзиядан нағыз ләззат алады деп санады ол. 
Абай бұл туралы былай деп жазады: 
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 
Үннің тәтті оралған мәні оятар, 
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап, 
Жас балаша көңілді жақсы уатар. 
Адам аз мұны біліп ән саларлық, 
Тыңдаушы да аз, ол әнмен бәһра аларлық. 
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге 
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық? 
Көбінесе ән басы келеді ащы, 
«Кел тыңда!» деп өзгеге болар басшы. 
Керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір. 
Сол жеріне ойыңмен араласшы»
2
.
Халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыра алатын құрал 
поэзия деп санады Абай. Поэзия адамдарға шындыққа жол көрсетуге 
қабілетті деп сенген ол: 
1
Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы.115 б. 
2
Сонда, 254 б. 


346 
«Білімдіден шыққан сөз 
Талаптыға болсын кез 
Нұрын, сырын көруге 
Көкірегінде болсын көз 
Жүрегі – айна, көңілі – ояу, 
Сөз тыңдамас ол баяу. 
Өз өнері тұр таяу, 
Ұқпасын ба сөзді тез»
1

Абай шығармаларында өнердегі форма мен мазмұнның өзара 
қатынасы мәселелері де өз көрінісін тапқан. Абай ақындардың форма 
мен мазмұн бірлігін сақтауы қажеттігін атап өткен, сондай-ақ 
шығарманың идеялық мазмұнын да жоғары бағалаған. Абай 
пікірінше, идеялық жағынан алтын мазмұн поэзияда көркем 
сұлулықпен үйлесім тапқан жағдайда ғана, ол адамға білім де, 
эстетикалық ләззат та әкеледі.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы. 
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын 
Қазақтың келістірер қай баласы?»
2
.
Абайдың өзі қазақ поэзиясын жаңа мазмұнмен ғана емес, жаңа 
формамен де байытты. Сөйтіп ол қазақ эстетикалық мәдениетіне 
елеулі үлес қосты. 
Абай өз шығармаларында әсемдік, сұлулық, талғам, эстетикалық
сезім ұғымдарына арнайы талдау жасамайды, бұл ұғымдардың 
мазмұнына қатысты пікірлерді ақынның түрлі өлеңдерінде табамыз. 
Мысалы, төменде берілген өлеңде ол эстетикалық сезімді дамыту 
қажеттілігі туралы айтады: 
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жартпайды, 
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. 
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек»
3

1
Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы.135 б. 
2
Сонда, 114 б. 
3
Сонда, 146 б. 


347 
Абай адамда эстетикалық сезімнің қалыптасуының жолын 
көрсетуге тырысады. Мысалы, өзінің қара сөздерінің бірінде ол былай 
деп жазды: «Жас бала ... не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр 
еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап..., 
сырнай-керней болса даусына ұмтылып, көзі көрген, құлағы 
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді»
1
.
Адамның эстетикалық сезімін дамыту үшін, оны көркем 
шығармашылыққа баулу қажет. Бұл қажеттілікті өтеу үшін, адам 
өмірдегі барлық әсемдікке талпынады: «Кімді-кім сырттан естіп білу, 
көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол – көп жиғаны бар адам: 
сынап, орындысын, орынсызын – бәрін де бағанағы жиған 
нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке 
түсінген адамды ақылды дейміз»
2
.
Өз шығармаларында Абай адам сұлулығын былай суреттейді: 
«Адамды оның ақылы, білімдарлығы, абыройы мен әсерлігі сұлу 
етеді. Басқа түк те емес»
3
.
Басқа жерінде де ол: «Адам құндылығы оны нашар адамдармен 
емес, ең жақсыларының жақсысымен салыстырғанда анықталады»
4
, – 
дейді. 
Абай шығармаларында алғашқы рет өнер адамның эстетикалық 
дамуының құралы ретінде көрсетілген. Міне, ол қазақ даласында кең 
тараған көркем шығармашылық түрі – әннің ықпалымен адамда 
эстетикалық сезімдердің қалыптасуын былай суреттейді: 
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кірер денең. 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, 
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең. 
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсын. 
Айтсаң да, үддасынан шыға алмайсың. 
Сен білмейді екен деп айтпасын ба, 
Негі мұнша сіресіп құп алмайсың? 
. . . . . . 
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді, 
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді 
Қадірін жақсы сөздің білер жанға 
Таппай айтпа оған да айтар кезді»
5
.
1
Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы.444 б. 
2
Сонда, 486 б. 
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет