405
Қазақ көркемөнер мәдениетін тұтас алғанда, ХХ ғасырда тек
эстетикалық құндылықтар ғана өзгеріп қоймай, эстетикалық стильдер
мен тәсілдер де түбегейлі өзгеріп кетті. Белгілі мәдениеттанушы
Ю.Лотманның пікірінше, жазбасыз естің әлемі рәміздерге мейілінше
қанық. «Жазудың пайда болуы мәдениеттің семиотикалық
құрылымын күрделендірмей, керісінше қарапайым күйге түсіруі
одағай көрінуі әбден мүмкін. Алайдща материалдық заттарға
негізделген мнемоникалық-киелі рәміздер жазба тектің емес, салттық
мәтіннің құрамдас бөлігі болып қалады. Оның үстіне, олар бұл
өздерінің байланыссыз белгілі дербестігін сақтайды, яғни олар
өздерінің материалдық заттар ретіндегі қасиеттерін әдет-ғұрыптан тыс
жағдайда да толық сақтайды, бірақ осы заттардың әр түрлі әдет-
ғұрыптар, киелі орындармен біртұтастық күйде болуы оларға
саналуан мән береді.
Ою-өрнектің дамуы, мүсін мен сәулет өнерлері ескерткіштерінде
жазудың болмауы ауызша мәдениеттің өзіндік сипаттары болып
табылады. Иероглиф, жазылған сөз, әріп және белгілі бір мағына
жағынан пұт, қорған, киелі орындар сияқты мнемоникалық рәміздерге
қайшы кереғар құбылыстар. Алғашқылары мән-мағынаның белгілері
болса, соңғылары осы мән-мағынаның куәгер-естелігі еспеттес.
Алғашқылары мәтін болуы, немесе, осы мәтіннің құрамдас бөлігі,
мәтін болғанда бірыңғай семиотикалық сипаттағы мәтіннің бөлігі
болуы мүмкін. Соңғылары салттың синкреттік мәтіннің құрамдас
бөлігі әрі белгілі бір киелі орындармен және белгілі бір уақытқа
бағышталған ауызша мәтіндермен мнемоникалық байланыста
болады».
Ю.Лотманның ойын ары қарай жалғастырсақ, эстетикалық
жағынан жазба мәдениет ауызшадан жоғары тұрады. Жазба мәдениет
Құдай немесе Табиғат жасаған дүниені Мәтін ретінде қарастыруға, әрі
ондағы мәліметті оқуға тырысушылыққа бейім. Сондықтан да басты
мән-мағына Мәтіннен (киеленген немесе ғылыми) ізделінеді және
алынған модель табиғи-тарихи ландшафты зердеудің логикалық
қалыбына айналады. Осы тұрғыдан келгенде Табиғаттың мәнін тек
«жазба» адамы ғана таниды. Ол адам Табиғаттан мәнді белгілердің
рәміздері ырымдарды емес, заңдылықтарды іздейді. Ырымдарға
жүгінушілік соқыр сенім ретінде қарастырылып, болашақты
көріпкелдік пен болжаупаздықтан емес, өткендегілер арқылы
анықтауға тырысады
1
.
Бірақ осыдан келіп, жазусыз мәдениет құнсызданады деген пікір
тумауы керек. Оған мәдени мұра ретінде қараған дұрыс. Орыс ақыны
Е. Баратынский осы жөнінде мынадай жолдарын қалдырған:
1
Достарыңызбен бөлісу: