225
қиратушы күшке, массаға айналып кетуі мүмкін.
Егер осы
миллиондар өздерінің индувидуалистік мақсаттарын жеке түсініп
және осының негізінде үйлесімді әрекетке барса, онда біз орнықты
дамитын өркениет үлгісін көреміз. Кейін тарихшылар жалпыға бірдей
дауыс беруді және көпшілік мүддесін ескеруді архаикалық рудимент
деп қарастыруы мүмкін
1
.
Бір жағынан, маркстік философияда шынайы ұтымды нақтылы
жалпылық деген ұғым бар. Оны тұтастықтың жеке ерекшеліктері
айқындалған, көптүрліліктің бірлігі деп анықтауға болды. Саяси
жағынан индивидуалдандырылған қоғамдағы
демократия өкілеттік
емес, тікелей қатысушы демократиямен ауысады. Егер сайлаған
өкілдер біздің көзқарасымызды дәйекті жүргізе алмаса, онда өз
көзқарасымызды өзіміз жүргізуіміз керек. Мысалы, “электрондық
парламент” арқылы; Интернет жүйесін де естен шығармаған жөн.
Мәселе қашанда орталықсыздандыру арқылы шешіле бермейді.
Мәселені
шешудің
жолы
–
жауапкершілікті
арттыруда.
Экзистенциализмнің терминімен айтқанда, кез келген адам барлығы
үшін жауапты. Керісінше емес. Онда анонимді әдепсіз қоғам пайда
болады.
Жоғарыда
келтірілген
қағидалар
қазіргі
өркениеттілік
тенденцияларын сараптаудан алынған. Енді осы тенденциялар мен
қазіргі Қазақстан шындығын салыстыра қарастырайық.
Осыдан
бұрын аталып өткендей, Қазақстандағы тоталитарлық
жүйені қазіргі өркениеттілік үлгілерімен (нарық, азаматтық қоғам,
демократия, т.т.) ауыстыру жергілікті элитаның белсенділігімен және
қол жеткен тәуелсіздікті нығайту ұрандарымен жүргізілді.
Еркіндік пен теңдік арасындағы дисгармонияны болдырмау
тұлғалық және әлеуметтік мәдени құндылықтардың арасындағы
амбиваленттік қатынастарды уақытында айқындап, нақтылы тарихи
жағдайларды ескере отырып, үйлестіру шаралармен байланысты. Бұл
жерде жалпы үлгі, схема жоқ. Сонда да
әлемдік тәжірибелерден
тағылым
алған
артықшылық
болмайды.
Мысалы,
Латын
Америкасында өткен рестратификация мен жекешелендіру элита мен
халық бұқарасының арасында терең шатқалдың пайда болуына әкелді
және көпшіліктегі сауатсыздық пен саяси мәдениеттің төмен деңгейі
экстремизм мен терроризмнің пайда болуына себептер болды. Осы
сияқты құбылыстарды Ауғанстан сияқты мұсылман елдерінен де
байқауға болады.
Егер
Қазақстанда
өтіп
жатқан
рестратификация
мен
десоциализация
үдерістеріне
назар
аударсақ,
онда
сол
“латынамерикандық дамудың” жаңа түрлерін аңғаруға болады.
1
Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. - № 1-2 (8-9), 2000.
С.155.
226
Мысалы, соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында (әсіресе,
теледидарда) “зомби” туралы жиі айтылып жүр. Аталған ұғымның
көркемдік, көпшілік мәдениетінде – табыстық-кассалық мағынасынан
басқа рәміздік (символдық) мазмұны бар. “Тірі өлік” немесе зомби деп
көптеген жағдайда рухани мәдениеттен тыс адамды айтады. Зомби
тарихи-мәдени жадыдан тыс адам. Зомбиге жақын типтік ұғымға
мәңгүрт жатады. Бұл Ш. Айтматовтың
көрген бейнесі кейін
әлеуметтік-мәдени рәмізге айналған. Осы ұғым жөнінде арнаулы
талдау біршама жеткілікті болғандықтан, оның кейбір жақтарына ғана
назар аударайық. Тәуелсіздік жылдарында рестратификация мен
бірегейлену біздің елімізде этникалық доминанттар ықпалымен
(тәуелсіздікті, егемендікті, жер мен ел тұтастығын сақтау, т.т.)
жүргізілгендіктен, кейбір зерттеушілер қазақ мәдениетіндегі екі
субэтнос (қазіқ тілді және орыс тілді қазақтар) туралы жазып жүр.
Біздің
ойымызша, осындай бөліністің кейібір негіздері болғанымен
қазіргі өркениеттілік үдерістері мен индивидуалданған қоғамда оның
жасандылығы да айқын көрініс табады. Басқаша айтқанда, этносты
тілдік негіз бойынша жіктеу мәдениеттанулық у-хрония мен у-топияға
жатады. Архаикалық және патриархалдық-кландық сананың белгілі
бір өкілдері орыс тілді қазақ мәдениетінде мәңгүрттік белгілер бар
дегенді де шығарады. Өйткені олар үшін
рухани мәдениет қоршаған
орта мен заман талаптарына оқшауландырылған мұражай сипаттас
болып келеді
1
. Бұл сана ежелгі туысқандық қатынастарды адамдық
пен кісіліктің жоғары үлгісі деп жариялады. Қазақстанда бұрын “ауыл
- ұлт тірегі” деген тіркес “ұлтжанды” интелегенция өкілдері
тарабынан жиі айтылады. Ауыл шаруашылығына жүргізілген
деколлективизациядан соң оның да мәнділігі азайып, ауылды
жаңғырту бағдарламасының жағымды мүмкіндіктері де
бар екенін
мойындау қажет. Қазіргі постмодерндік қоғамдастықта тұлғаның
төмендегідей қасиеттері жоғары бағаланады: автономдық, атомарлық,
жасампаздық, еркіндік, шығармашылық. Осындай дара тұлға үшін ең
басты әдептік ұстын – “құлдық ділден” аралу. Ол “коллектившілдік
нарциссизмнің” де мәнісін түсінеді
2
. Орталықсыздандырылған
дискурс постмодеріндік әлеуметтік мәдениеттің басты белгісіне
жатады. Адам – негізгі капиталға айналды және бұл жай айтыла
салған сөз емес.
Философ Н.Садыков қазіргі Қазақстанда екі түрлі моральдық
бағыттағы өркениетті құру бағдарламасы бар дейді,
біріншісінің
жасампаздық мүмкіндіктері төмен және архаистік санадан нәр алады.
Оның басты сипаттарына жататындары:
1
Қодар А.
Казахстанская культура от миражей к реальности // Тамыр. – № 1 (2). - 2000. С. 7.
2
Сонда,
7 б.
227
- ру-тайпалық және тоталитарлық инерция;
- мәдениетті пайдасы шамалы сала деп санау;
- “толымсыздық комплексі” немесе “ұлттық мания”;
- әлемдік өрекениеттік үлгілерімен салытырмалы зерттеулерден
үрейлену;
- шындықты жасыру, жаңа мифтерді, репрессиялық сананы
қалау
1
.
Келесі бағдарлама әдептік мәдениетті заман талаптарына сай
қалыптастыруға бағытталған:
- субъекторталық ұстаным;
- мәдениетті әмбебапты реттеуші тетік және сұхбат деп
қарастыру;
- жеке адам санасына манапуляция жасауды тоқтату;
- ХХ ғасырдың бейбіт мәдениеті құндылықтарын (демократия,
адам
құқықтары, азаматтық қоғам, орнықты даму, толеранттылық,
күш көрсетпеу т.т.) қабылдау
2
.
1
Садыков Н.
Культурные смысли культура // Тамыр. –№ 1. 1999. С. 70.
2
Бейбіт мәдениеті жолында /Нұржанов Б.Ғ. , т.т. – Алматы: ҚазМУ, 2000. 100 б.