218
білім-ғылым ордаларының ашылуы, ұлттық кадрларды дайындау
қоғамның мәдени деңгейін көтерді. Көзі ашық қазақ зиялылары
тоталитарлық бақылау жағдайының өзінде қазақтың әлеуметтік
мәдениетін жетілдіруге үлкен қызмет атқарды. Мысалы Қ.
Кемеңгерұлы: “Бұқарашыл орыс қиялиларының жеке дара ұстаған
жалпы бақыт-махаббатына көтермеші болмай, таза Жапония жолымен
жүріп, бірлік-берекеден айырылмай, ұлтшылдықты сақтау керек
1
, –
деді. Тағы бір ескеретін жәйт: коммунистер өзінің Батысқа қарсы
текетіресінде Шығысқа иек артқысы келді. Қазақ зиялылары осы
ұстанымды пайдаланып, жалпы Шығыстың (соның ішінде - қазақтың)
азаттығын армандады. Мысалы, кеңесшіл деп аталатын Сәкен
Сейфуллиннің өзі “Күн Шығыстан атады!” деді.
Шын мәнісінде, 1991 жылдан Қазақстан үшін Күн атып,
тәуелсіздік заманы келді. Қазіргі постиндустриалдық қоғамда әдеп
негіздері: тұлға мен қауымның, әлеуметтік тұтастықтардың
арасалмағы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Ақпараттық қоғамда
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін даралану (индивидуализация)
үдерістері бұрын-сонды болмаған қарқынға ие бола бастады. Жаңа
әлеуметтік жағдайда коллектившілдіктің бұрынғы формалары
(социализм, корпоративтік құрылымдар, аграрлық мәдениеттен қалған
қауымшылдық, т.т.) өздерінің нормативтік мүмкіндіктерінен
айырылып, тарихи шектілігін анық аңғартты.
Индивидуалдану жағдайындағы теңсіздік таптық сипатынан
айырылып, тұлғалық белсенділік пен жасампаздыққа негізделе
бастады. Марксизм тілімен айтқанда, тапсыз капитализм орнықты.
Индивид әлеуметтік реттелген қатынастар аймағынан шығып, өзі өз
өмірін айқындаудың орталығына айнала бастады.
Постиндустриалдық
қоғамда
тек
аумақты
әлеуметтік
құрылымдар ғана емес, сонымен бірге бұрынғы қоғамдардың ұясы –
отбасы да күрделі өзгерістерге ұшырап кетті. Жеке-дара амбициялар
қалыптасқан отбасылық тұрақтылықты шайқалтып жіберді, “келісімді
некелер” көбейе бастады, гендерлік қатынастар бірінші орынға
шықты. Басқаша айтқанда, даралану үдерістері өздерінің құндылы
нәтижелерімен (еркіндік, шығармашылық, жасампаздық, таңдау, т.т.)
қоса дәстүрден арылған, индивидуалдандырылған мәдени кеңістікте
жаңа қайшылықтар мен ауытқуларды тудыра бастады.
Индивидуалдандырылған мәдени-әлеуметтік бірлестіктің өзіндік
санасына постмодернизм жатады. Өйткені соңғының негізгі принципі
– орталықтандырудан бас тарту. Соңғы жылдары постмодернизм жан-
жақты талқыланды және арнаулы әдебиет те жеткілікті. Бұл мәдени
феноменді тура мағынасында “модерннен кейінгі” деп қабылдасақ,
1
Достарыңызбен бөлісу: