210
метрополия айқындап берген жолдан басқаша болып шықты. Ол
бодандық адамдық тип шеңберінен шығуға талпыныс жатады. Абай
орыс білімі мен ислам дінінің қазақ қабылдаған құндылықтарын
тоғыстыруға ұмтылды және осы негізде заман талаптарына сай қазақ
адамын қалыптастыруға шақырды. Абай тұлғасыздандырылған
еуропалық білім жүйесінің қазақ қоғамына сәйкес келмейтіндігін
анық түсінді және “Адам болуды“ негізгі бағдар ретінде қабылдады.
Бұрынғы ислам арқылы келген шығыстық “кемел адам” ілімін Абай
дәстүрлі көшпелілік кісілік қасиеттермен және еуропалық (ресейлік)
біліммен органикалық түрде қосуға ұмтылды. Сол себепті ол Ақыл,
Жүрек және Еріктің бірлігіне шақырды. Абай Алланы жеке-дара
жүрекпен қабылдайтын софылық бағытқа жақын келді. Қазақ адамына
мұсылмандық отарлық жағдайда өзіндік менді сақтайтын күш ретінде
ұсынылады:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және қақ жолы осы деп әділетті.
Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс
1
.
Абай бойынша, Алланы сүю адамды сүюге жеткізеді. Адамды
Алла табиғатқа жақын етіп жаратқан. “Адамды жаратушы, – дейді
ақын, – әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі
көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік? Ол көз
нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін қабақ беріпті.
Желден, ұшқыннан қаға беріс болу үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні
көзден қорғап тұруға керек болғандықтан, басқа тағы керегі бар
қылып қас беріпті. Құлақ болмаса, не қоңыр, не күңгір дауыс, жақсы
үн, күй, ән - ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе,
дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық
болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде
не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі
біздің пайдамыз емес пе?”
2
. Яғни, Абай табиғатпен үйлесімді адамды
мұрат тұтқан дәстүрлі қазақ мәдениетінің ұстанымдарын қолдап
шығады. Бірінші бөлімде Абайдың “Мен” және “менікінің”
арасындағы айырмашылықты руханилықпен түсіндіретіні туралы
жазып өткенбіз. Жалпы руханилыққа ден қою шығыстық және
көшпелі өркениеттің айшықты белгісіне жатады. Абай да осы
принципті басшылыққа алады. “Жас бала да, – дейді Абай, – анадан
1
Достарыңызбен бөлісу: