ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет61/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
74 б. 
2
Артықбаев Ж.
Қазақ этнографиясы: Этнос және қоғам. XVІІІ ғ. – Қарағанды: ҚМУ, 1995. 68 б. 
3
Төрт би төренің заң-ереже түзімдері. Абақ Керей шежіресі /Дайындаған Қайрат Ғабитханұлы. – 
Алматы, КАУ- архив, 1994. 73 б. 


201 
болғанын ескерген қажет. Әдет пен әдеп аймағынан өздерін тыс 
қойған адамдардың болғаны ежелгі мәдени мәтіндерде бейнеленген 
“Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған”, әсіреленген әлеуметтік 
мәдени тұтастықта ағайын арасындағы келеңсіздіктер мен араздықтар, 
қатігездік пен күш көрсетудің кейбір көріністері әдейі көмескіленген. 
Талас пен тартыс, ішкі қайшылықтар мүліктік теңсіздіктен және адам 
еркіндігін шектеуден туады (бұл тек марксистік қағида емес, оның 
әмбебапты сипаты да бар). 
Көшпелі қауымдастықта жеке-дара моральдық қасиет жоғары 
бағаланған. Мәдени қаһарман көлеңкеде емес, тіршілік майданында 
толыққанды өмір сүріп, бұл дүниеден өкінбей өткен. Дәстүрлі қазақ 
қоғамындағы тұлғаны “Шығыста тек енжар, еріктілігі шектелген, 
жасампаздыққа бара алмайтын, мүлгіген адамдарды кездестіреміз” 
деушілер ақиқаттан алыс. Тұлға топ бастаған, жауды қайтарған, ару 
сүйген, өзін елі мен мұраты жолында құрбандыққа шалуға да дайын. 
Осындай даралану эгоцентризмге емес, керісінше интерсубъектілікке 
сүйенеді. Батырлық рухпен қуатталған жырау үшін тек көпшіліктің 
мүддесін білу және қорғау маңызды емес. Ол коллективтік 
ұмтылыстың бір мүшесі де емес. Оған сана мен ерік дербестілігі тән. 
Сондықтан жауаптылықты да өзіне ала алады.
Дәстүрлі 
қазақ 
мәдениетіндегі 
тұлғалық 
дарашылдық 
мұсылмандық ділдегі, әсіресе, араб-парсы әрекеттілік аймағындағы 
адамдық болмыс ерекшеліктерінен басқаша негіздерге сүйенеді. 
Кейбір белгілері бойынша оны Нара дәуіріндегі синтоистік (аруақтар 
мен табиғатқа табыну) дәстүрімен салыстыруға болады. Егер 
мұсылмандық дәстүрде адам өзінің пендешілдігінен арылып, 
жаратушыға жақындауы қажет деп есептеп, фәни дүниеден бақиға 
өтуге дайындалуы міндет болса, қазақ ақын-жыраулары осы дүниеде 
толыққанды өмір сүруге шақырады. Шалкиіз жыраудың Би Темірді 
қажылық сапарынан тоқтатуға айтқаны: 
“Ай, хан ием, сұраймын: 
Тәңірінің үйі Кебені 
Ибраһим Халил Алла жасапты, 
Ғазырейіл – жан алмауға қасап-ты. 
Жығылғанды тұрғызсаң, 
Жылағанды жуатсаң, 
Қисайғанды түзетсең, 
Тәңірің үйі Бәйтолла, 
Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!”
1
.
Ру, қауым, тайпа, жүз – дәстүрлі көпшелілік әдептің іргетасы 
болғандығы даусыз. “У ішсең де, руыңмен іш” дейді халық мақалы. 
1
Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. – Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 129 б. 


202 
Қазақтың дәстүрлі рулық қоғамы туысқандық қатынастарға 
негізделгені де белгілі. Ш.Уалиханов атап өткендей, жүз бен жүздің, 
жүз ішіндегі рулардың бір бірімен арасындағы қатынас нағыз тығыз 
туысқандыққа сәйкес, ал рулардың өз жүзіне деген қатынасы баланың 
әкеге, үлкен жүздің аға руына көзқарасы жиеннің нағашысына 
қатынасындай. Әрине, рулық адамның классикалық көшпелілік 
қоғамдағы оң құндылықтары туралы жеткілікті жазылған. Алайда, бір 
жағдайда ескеру қажет. Қауым жеке тұлғаны, кісіні емес, алдымен 
тұтастықты қайталауға ұмтылады. Бұл тұлғалық енжарлықтың бір 
себебі де болып табылады
1
. Қазақтың бір мақалы “Жеңім жаман 
болса, жағам жақсы, өзім жаман болсам, ағам жақсы” дейді. Мақалды 
екі түрлі түсіндіруге болады. Бірінші жағынан, арқа сүйетін тұлғаның 
болуы қалыптасып келе жатқан жас өркен үшін маңызды.
Қауымшылдық құндылығы тек тікелей отбасылық негіздерге 
сүйенуден ғана емес, сонымен бірге аталас-руластарымен бір болумен 
айшықталады. Шалкиіз жыраудан бір үзінді келтірейік: 
“Атаның ұлы жақсыға 
Малыңды бер де, басың қос, 
Бір күні болар керегі. 
Бостаны бар-ды теректің, 
Болаты бар-ды беректің, 
Тұсындағы болған нартың қорлама, 
Тұсындағы болған нартың қорласаң, 
Табылмас-ты керекте”
2

Қазақтың 
дәстүрлі 
әдебіндегі 
қауымдық 
арналардың 
басымдылығы туралы аз жазылып жүрген жоқ және оған деректерді 
де біршама келтіруге болады. Осы түсінік туралы біз өз назарымызды 
даралық пен қауымдылықтың қазақ қоғамындағы тоғысқан ұғым-
бейнелеріне аудармақпыз.
Жоғары кісілік қасиеттер жеке адамдағы өрісі тар өзімшілдіктен 
арылуға мүмкіндік береді. “Адам өзін-өзі тану жолына түспей, өзінің 
ішкі дүниесін толық түсінбей, мәңгілік құндылықтарды танып білмей, 
өмірде 
тыныштық 
таба алмайды. Нағыз 
өмірге мәңгілік 
құндылықтарды игеру, эгоистік “Мен”-нен мәңгілік “Мен”-ге көшу 
арқылы ғана қол жеткізуге болады, ал бұл өзгеріс рухани даму жеке 
адам өмірінің негізгі мазмұнына айналғанда ғана мүмкін. Бұл қағида 
ханға да, қараға да ортақ бұлжымас қағида. Мәселе ханның тағында 
емес, оның ар-ұятында, адамшылдығы мен руханилығында”
3
, — дейді 
Г. Нұрышева. Дәстүрлі рухани қазақ мәдениетінде кісі бірден дайын 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет