200
салынады” дейді
1
. Қазақ даласын көп зерттеген И. Георги мынандай
куәлік келтірген: “…Қазақ байлары нашарларына мал бөліп береді, ал
олар оның қарымтасына ырза болып өзінің қамқоршысының малына
көз қырын салып жүреді. Егер кімде-кімнің табыны көбейіп кетсе, бұл
Алланың ырзығы деп кедей адамдарға мал бөледі. Егер жаңағы мал
иесінің болашақта ырзығы толмай жүрсе, мал алғандар еш міндет
өтемейді, ал егер жұттан малы қырылса, не ұрлап әкетсе, шауып алса,
не басқа бір қырсықтан малынан айырылса, бұрын ол ырза қылған
адамдар өзінің жасаған жәрдемі арқылы өз малын мәңгілік қылып
жібереді”
2
. Осындай дәстүрлердің қатырында шүлен тарту
(байлықтың бір бөлігін кемтар, бишара, науқас, жетім-жесірге
таратып беру), қызыл көтеру (мертіккен малды 12 мүшеге бөліп сатып
алып, құнын мал иесіне беру), жылу (кенеттен кедейлікке ұшыраған
адамға рулық тегін көмек беру) т.т. атап өткен жөн. Олардың мәдени
негізінде қонақжайлылық жатыр. Бұл феномен туралы қазақ әдебі
тарихына қатысты еңбектердің көпшілігінде нақтылы деректер
келтіріледі. Біз қонақжайлылықтың аңыздық, сакральды тұрғыдан
әдеп пен әдет нормасы ретінде көрсетілгеніне назар аударамыз.
Мысалы, Алаша хан өз байлығын үш ұлына бөліп беріп, былай деген
екен: “Көшпелі өмірдің жағдайларына байланысты сендердің
өмірлерін отырықшылықтан бөлек болғандықтан да оның саудасы
мен базарынан әр жолаушы, қайда барса да өзіне белгілі ақыға жатар
орын табады: сендердің араларыңда осындай ыңғайлылықтың
жоқтығына байланысты тараған ұрпақтарыңа, олардың бір-біріне
қатынас жасауы қиынға түседі, себебі, сендер жарты күндік жолға өз
қойларыңды, ал одан алыс шыққанда тіптен алып жүрмейсіңдер ғой,
міне сондықтан менің сендерге айтатын мәңгілік өсиетім: бір-
бірлеріңе барғанда тамақ үшін ақы алмаңдар, бір-бірлеріңе үнемі
қонаққа шақырылғандай болыңдар, соның нәтижесінде бір-біріңе
қонақ асы беретін құқықты немесе ақы төлемей жататын орын және
тамақ беруді пайдаланыңдар – осыған менен қалған байлықтың
төртінші бөлігін алып, оны тек өз меншіктерің деп санамай, жалпы
бөлінбейтін игілік, ғасырға кеткен енші деп таныңдар”
3
.
Әрине, миф мен аңызда қауымдық ынтымақтастық қерағар
жақтарынан арылып, мұрат тұтатын қоғам ретінде суреттелген. Егер
тарихи сананың шежірешілдік пен мифтік санадан айырмашылығын
ескерсек, онда көшпелі қауымда “элитарлық” тұлғалармен қатар
қауымға жатпайтын құлдар мен өздерін қауымнан аластағандардың
1
Төрт би төренің заң-ереже түзімдері. Абақ Керей шежіресі /Дайындаған Қайрат Ғабитханұлы. –
Алматы, КАУ- архив, 1994.
Достарыңызбен бөлісу: