ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Ғалымжан . Адамның бойындағы ең жаман қасиет қандай дейсіз?  Омар ақсақал



Pdf көрінісі
бет57/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Ғалымжан
. Адамның бойындағы ең жаман қасиет қандай дейсіз? 
Омар ақсақал
. Меніңше, ұстамсыздық! 
Ғалымжан
. Тәрбиедегі ең жаман не? 
Омар ақсақал
. Қатыгездік! 
Ғалымжан
. Онда қоғамымыздың жөнді өркендей алмағаны ғой? 
Омар ақсақал
. Мүмкін. Мен кейінгі балалардан, жастардан 
қорқамын. Олар тым қатыгез болып адамгершіліктен безіп бара 
жатқан сияқты. 
Ғалымжан
. Онда тәрбиедегі ең жақсы не болды? 
Ғалымжан_._Жан_азабы_дегеніміз_не_Омар_ақсақал'>Омар ақсақал
. Мейірімділік! 
Ғалымжан
. Адамның бойындағы жазылмайтын кесел не? 
Ғалымжан_._Қарияларға_не_тілер_едіңіз_Омар_ақсақал'>Омар ақсақал
. Күншілдік. Әсіресе біздің халқымыздың өмірінде 
ол едәуір орын алып келді ғой?! 
Ғалымжан
. Жан азабы дегеніміз не? 
Омар ақсақал
. Қайғы! Одан өткен азап, одан өткен тозақ бар 
ма?! 
Ғалымжан
. Жан рақаты дегеніміз не болды? 


194 
Омар ақсақал
. Арманыңның орындалуы! Одан өткен жұмақ пен 
рахат бар ма?! 
Ғалымжан
. Ондай болса неден сақтану керек? 
Омар ақсақал
. Есі шыққан есерден, тосыннан келген кеселден! 
Ғалымжан
. Енді тілектеріңіз қандай? 
Омар ақсақал
. Айта бер, қарағым! 
Ғалымжан
. Қарияларға не тілер едіңіз? 
Омар ақсақал
. Өмірде ешкімге керексіз болып қалмаңдар! 
Ғалымжан
. Еркектерге ше? 
Омар ақсақал
. Дүние мен өмірдің тұтқасы екендіктеріңді 
ұмытпаңдар — дер едім. 
Ғалымжан
. Әйелдерге қандай тілек айтасыз? 
Омар ақсақал
. Ана деген қасиетті есімді әрдайым ардақтап 
қастерлей біліңдер! 
Ғалымжан
. Балаларға не дейсіз? 
Омар ақсақал
. Қарттарға қарап өз өмірлеріңнің мән-жайын 
түсінуге ұмтылыңдар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет