203
күйінде дүниеге келе
салатын кейіпкер ретінде емес, күрделі
қалыптасу сатыларынан өтетін адам түрінде бейнеленеді. Туысқандық
қауымда адамдық ересектену кластары /сатылары/ мәдени мазмұны
мен арнаулы функциялардың субъектілері негізінде жіктеледі.
Адамның кісілік ер жетуіндегі мәдени кластарды (нәресте, бала,
жігіт, жігіт ағасы (отағасы), қария) тек биологиялық немесе табиғи
факторлармен түсіндіру сыңаржақтылыққа жатады.
Адамның ересектенуі мәдени үдеріске жатады және онда
даралану мен қауымдасу бірге жүреді. Әрбір мәдени ғұмырлық топқа
әртүрлі әлеуметтік талаптар қойылады. Зерттеушілер дәстүрлі қазақ
мәдениетінде ересектену кластарының Африка және Полинезия
сияқты аймақтардағыдай қатал кәсіби шектелмегенін атап өтеді.
Мысалы, Шығыс Африкада жас мөлшеріне
қарай жіктелу еңбектің
және жауынгерлік функцияларының қоғамдық жолмен бөлінуінің
негізгі тәсілі болды: шәкірттер, кіші жауынгерлер, аға жауынгерлер,
басқарушылар, ақсақалдар кеңесі. Бұл жүйеде бір топтан екінші топқа
өту арнаулы сынақтар мен инициациялық рәсімдер арқылы
жүргізілген.
Қоғамда
жеке-дара
әлеуметтік-экономикалық
құрылымдар пайда болған соң коллективтік жауаптылық кластарының
рөлі
кеміп кетті және тек тарихи, мәдени құндылық ретінде
сақталады. Соңғы қағида, әсіресе, генотиптік және геронтократиялық
белгілері басым дәстүрлі қазақ қоғамына сәйкес келеді. Өйткені
ержету кезеңдері қазақ қоғамында кәсіби салаға тікелей әсер етеді.
Жалшының баласы қанша тырысқанымен құдай белгілеген
несібесінен шыға алмайды. “Аузы қисық болса да, бай баласы
сөйлесің” дейді қазақтың нақыл сөзінде. Сол себепті ержету сатылары
дәстүрлі қазақ қауымында негізінен рәміздік мағынаға ие болды.
Кісінің қалыптасуындағы жас мөлшерінің
әсері эпос пен ақыл-
жыраулар шығармаларында да көркем суреттелген. Бұл жерде мифтік
сана мен эпикалық санадағы есею айырмашылықтарын ескерген жөн.
Көне эпос пен батырлық ертегілерде қаһарман (мәдени кейіпкер)
таңғажайып жағдайда дүниеге келеді.
Сонымен
бірге
дәстүрлі
қазақ
қоғамында
шектеусіз
геронтократиялық билік үстемдік етті дегенге де байыппен қарау
қажет. Қазақ қауымында ақсақалдардың рөлі ерекше болды. Алайда
олардың билігінде әдептік-мәдени негіздер басым еді. Ақсақал атану
көп жағдайда жасқа қарамай, әлеуметтік статуспен әйгіленіп отырады.
Осыны қазақтың “көп жасағанан сұрама, көп көргеннен сұра“ деген
мақалынан да
аңғаруға болады
1
. Оған қоса енші бөлініп бергеннен
кейін қазақ қауымында “ортақ меншік” деген болған және ол “қонақ
1
Артықбаев Ж.
Қазақ этнографиясы: Этнос және қоғам. XVІІІ ғ. – Қарағанды: ҚМУ, 1995. 134 б.
204
кәдесімен” қоса әлеуметтік әділеттілікті көздеген. Жесір мен жетімнің
ол “бастапқы капиталы” іспеттес болған.
Қазақтың
дәстүрлі
әдеп
мәдениетінде
туысқандық
құрылымдармен қатар, тікелей қандастық байланысы жоқ жеке
адамдарды қауым құрамына қосуға мүмкіндік беретін “анда”,
“тамыр”, дос сияқты статустық ұғымдар болған. Осы жөнінде
тарихшы-этнограф Ж. Артықов былай дейді: “Құрдастық сияқты анда
да бөтен ру, алыс ұлыс, басқа жүздің
адамдарын бір-бірімен
жақындастырады. Тіпті кейде бөтен елдің, өзге этностың кірмелері де
қазақ арасынан анда тауып ел қатарына қосылып кетеді. “Құрдас”,
“тамыр”, “дос”, “жолдас”, “андалар” нағыз туыстардан да шынайы
жақын болады. Анда адамдар сенікі-менікі демейді, бір-бірінің бетін
қайырмайды. Анда тәртібі алыс руларды, елдерді бір-бірімен
туыстастырып, қоғамдық құрылымның берік негізіне өз үлесін
қосады. Сонымен
қатар қазақ ішінде жан дос, дос, тамыр сияқты
әріптес, замандас адамдардың бір-бірімен тіл табысып, көңіл
жақындастырып, араласуына мүмкіндік беретін дәстүрлі институттар
бар. Жалпы қоғамдық араластық процесінде олардың тигізер ықпалы
зор”
1
.
Қазақтың дәстүрлі әдебіндегі индивидуалдық және қауымдық
факторлардың арақатынасын қарастырғанда,
оларды органикалық
тұтастық немесе адамдық ынтымақтасудың көшпелілік тәртібі деп
анықтауға болады. Хандық дәуірде бұл тәртіп қазақ қоғамының
болмыс бітіміне сәйкес болғанымен, кейінгі трансформацияларда
өзінің үйлесімдіруші функцияларынан айырылып қалды. Өйткені
XVIII ғасырдан бастап қазақтың
әлеуметтік мәдениеті ішкі
қисындылықтан гөрі сыртқы әсерлер ықпалымен түбегейлі
өзгерістерге ұшырады. Бұл әсерлер (Ресей отаршылдылығы, Қытай
мен
Орта
Азия
мемлекеттерінің
экспансиясы,
жоңғар
шапқыншылығы) қазақтың әлеуметтік мәдениетін шайқалтып жіберді.
Атамекеннің
тарылуы
қазақтың
кісілік
негіздерін
шайқалтатын, жаугершілік пен отаршылық әсерінен өрістеген теріс
қылықтардың
көбеюіне
әкелді.
Біз
бұл
жерде
бодандық
психологиядан тарайтын жасқаншақтық, үрей, жағымпаздық, ұлт
мүддесін сату сияқты құбылыстарды айтып отырмыз.
Қауымшыл
кісінің (ынтымақтастық құндылығы мағынасында) орнын “пысық”
пен “масыл” басты. Қазіргі замандағы әдеп пен мәдениеттен тыс
пысықтар (“крутойлар”) мен алыпсатарлық “масыл буржуазиямен”
оларды салыстыруға болады.
1
Достарыңызбен бөлісу: