207
Артында қалған жетім ел,
Келіспей кетті сәніміз.
Ақырында, әлеумет,
Осындай болды халіміз
1
.
Нысанбай жыраудың жолдарында қазақтың
әдептік мәдениетіне
тән, кейін жиі және орынсыз қолданудан инфляцияға ұшыраған
“қоғам” ұғымының жасампаз мағынасына назар аудару қажет. Оған
қоса тұлғасыздандырылған қоғам жетім елге айналып кетеді деген де
ой айтылады. Бұл қалыпқа түспеу үшін қинала жүріп, күйзелісті
басыңнан өткізіп, одан арылып, бодан адам санасынан шығу қажет
делінеді.
Қазақтың әдеп жүйелеріне арналған еңбектерде XVII-XVIII
ғасырлардың түйіскен шенінде қазақ халқының бірлігі ойдағыдай
болмағаны расталады, оның тарихи себептері де жоқ емес. Көшпелі
өркениет кезінде
қазақ сай-саланы паналады, өзен-көл жағасын
жағалады. Жер дауы, жесір дауы, барымта мен қарымта қазақ еліне
маза бермеді. Қазақтың саяси ынтымағының әлсіз болғандығының
тағы бір себебі рулық, тайпалық өмір кешуінде еді. Көшпелі өркениет
кезінде ел билеу жүйесінің рулық, тайпалық болып бөлінгені оны одан
әрі заңдандыра түсті. Орта ғасыр кезеңінде қазақтың этно-
териториялық бірлестік ретінде қалыптасуы,
табиғи географиялық
жағынан
көшпелі
өмір
қаракеті,
ру-тайпалық
қатынастар
халқымыздың жан дүниесіне өз әсерін тигізеді деу қателік болар еді”
2
.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым Датұлы, т.т. сияқты
тұлғаларды халық өз дәуірінде елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап
қалу, халықтың бірлігін, ынтымағын нығайту, адамгершілік,
парасаттылық,
ата-баба намысын, дәстүр-салтын сақтау жолында зор
еңбек сіңірген, әлеуметтік ақыл-кеңес берген билердің биі, көсем би
деп қадір тұтады.
Қазақ халқының бұл қадірменді билері ел басында күн туған
қиыншылық кездерінде, ел жиналған айт,
той тұсында, жер дауы,
жесір дауы, барымта дауы көтерілген жерлерде ауыл ақсақалдарымен
кеңесіп, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде ауыл ақсақалдары,
билері бір шешімге келе алмай қалғанда ортадан билік айтып дауды
тындырып отырған
3
. Алайда отарлық әлеуметтік құрылымда қазақ
биінің қоғамдық қызметі кейін орыс әкімшілігі тарапынан “болыс”,
“старшина”, “ояз”, “аудармашы”, “писарь” сияқты функционерлермен
ығыстырылған. Билік айту мен әкімшілік басқарудың арасында
түбегейлі айырмашылықтар бар. Біздің зерттеу тақырыбымызға
1
Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. – Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 172-173 бб.
2
Қосжанов А.С.
Сырым бидің құқылық шешімдері. – Қарағанды: ҚарМУ, 1996. 45 б.
3
Сонда,
41 б.
208
қатысты мынандай тұжырым айтуға болса: болыс әкімшілдік тұлға
болса, онда би – мәдени тұлға. Өйткені бидің билігі сөз (шешендік
өнер) қасиеттілігіне жүгінетін ынтымақтастықтың қауымдық тәртібіне
негізделгенін
мына мақалдардан көруге болады; “Бір ғылымнан
басқаның бәрі тұл”, “Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, салпылдап
сағым қуған бойыңа епті ме?” (Абай). Ұлыс билері көпшілікке бағыну
керек деген тәлім айтпаған. Бұл саясат қана, ол ғылыммен үш қайнаса
сорпасы қосылмайды. Би төбеде қаралуға тиісті мәселелер қаралып
болып, шешілетін мәселелер шешімін тапқан соң дәстүрлі ойын-сауық
думаны өткізілетін. Бұл ойындар ақақу-сықақу деп аталатын
1
.
Этнографиялық деректер билердің көріпкелдікпен айналысқанын да
дәлелдейді. “Мысалы: түс жору, түс – көрінген елес,
оның қандай
мәнісі бар екенін шамалау – жору делінеді. Жора – халық пікірін
жинаушы билер. Би – би төбеге әр рудан сайланған алқалар.
Халықтың қақ ортасында жұмыс жүргізушілер. Халық пікірін бас
алқаға жеткізушілер. Халықтың қандай ой-пікірі, жағдайы бар, оны
ары дамытудың немесе нашар жағдайларды болдырмаудың жолдары,
бұрынғы заң ережелердің өмірге сәйкеспейтін, өзгертуге қажетті
тұстары талқыланды. Демек, би – би жиынына баратын,
онда ру
атынан сөз алатын адамға жатады. Мәселе талқылауға қатысып, пікір
білдіретін кісі, жиында қабылданған заң-ереже, қағида, жөн-жолдарды
қайтып халыққа жеткізуші және соны іске асырып орындаушы.
Халыққа басшылық етуші. Халықтың өз ішінен тапқырлығымен,
шешендігімен, әділдігімен қатарынан озған, сынақтан өткен адам”
2
.
Қазақтың дәстүрлі қауымдық мәдениетіндегі әлеуметтік-мәдени
тұлғалар мен құрылымдарды кейінгі өзгерген формалармен
теңестіріп, басқа мәдени контекстіде алған дұрыс емес. Мысалы,
“барымта” түсінігін алайық. Көшпелшілік шаруашылық-мәдени тип
күйзеліске ұшыраған жағдайда барымтада деструкциялық мақсаттар
басым болған. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы оның мәнісі басқа еді.
Құқықтық әдебиетте оны әдет құқығының нормасы ретінде
қарастырады: “Барымтаның алуан түрлі себептері бар.
Біреудің ақ
баталы жесірі яки некелі әйелі кетсе, біреу кісі өлтіріп, кісі өлтірген
жағы тиісті құн төлеуден бас тартса, біреудің қорық жерінде малы
жайылып, бүлдірсе; қыс қыстауына, жаз жайлауына біреулер
рұқсатсыз қоңса; ортаға түскен олжадан тиісті сыбаға берілмесе; тойға
шақырылмай
елеусіз қалдырылса; арнап келіп түскен қонаққа тиісті
қонақасы берілмесе т.б. салт-сана, әдет-ғұрып қағидалары бойынша
барымталаушы ісі заңды деп саналатын. Әсіресе, кісі өлімі үстінде
1
Достарыңызбен бөлісу: