212
бағытты ұстау” деп аударуға болады. Осы бағыттың бір өкілі, ақын
Ғұмар Қараш былай деген :
Надан шейх діннің соры, күннің соры,
Бір қашпа, надан шейхтан мың кері қаш.
Құран – шам, ақыл - басшы, ғылым - құрал,
Құралсыз шекпе сапар, жолың болмас!
Айырылма жатсаң-тұрсаң Құранды ұста,
Жол бастар қараңғыда ол бір компас”
1
.
Бұл бағыт қазақ топырағында жаңа мағынадағы «мұсылманшыл
қазақ әдебін» қалыптастыруға ұмтылды.
2. “Түрікшілдік бағыт” (М. Шоқай, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов, М.
Ходжаев т.т.)
Бұл бағыттың өкілдері түркілік өркениет тұтастығы контекстінде
қазақ адебін қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің басты
ерекшеліктеріне тарихи сананы түркілік тұтастық идеясы негізінде
жаңғырту, тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, қазақ халқы
түріктің қара шаңырағының иегері деп мойындау, т.т. жатады. Осы
бағыттың басты ерекшеліктері М. Жұмабаевтың “Пайғамбар”
өлеңінде көрнекті суреттелген.
Ерте күнде отты күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келемін –
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
Соқыр сорлы, көрмейме әлде көзің көр?
Күншығыстан таң келеді, енді көр.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!”
2
.
ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында қалыптасқан келесі
бағытқа реформашыл либерал-демократтық сипаттағы тұлғалар
жаnады және олар Алаш ұлттық қозғалысын дүниеге әкелді (А.
Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т.т.).
Ә. Қодар Алаш қозғалысының руханият саласында үш
тенденциясы болды дейді: а) ағартушылық (А. Бөкейханов, А.
Байтұсынов, М. Дулатов); ә) көшпелі әлеммен ностальгиялық қоштасу
1
Достарыңызбен бөлісу: