ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет117/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Маркс К., Энгельс Ф.
Из ранних произведений. М., 1956. С. 593. 
2
Гегель
. Соч. М., 1940. Т. 10. Кн. 2. С.22. 


356 
элементтердің ырғағы. Сонымен, адамдар эстетикалық қызметінде 
«табиғатты рәміз ретінде, Құдайдың қатысуы ретінде де қарастырмай 
сыртқы заттарға оларға шын мәнінде тән сол күш пен өмірді беріп 
ғана қарастырады»
1
. Егер классикалық өнерде жануар бейнесін ежелгі 
гректер «бүкіл жаманды, құнсызды, табиғи және рухсызды» көрсету 
үшін пайдаланса, онда көшпелі халықтарда ол өнегеліктің, 
эстетикалық құндының, абсолюттің көрінісі болды. Бұл түсінік өз 
дамуында көп жағдайларда тотемизм түрінде жеткен, өз көрінісін 
көшпелілердің өнер туындыларында табады.
Мұндай мотивтен туындаған өнер жануарлар әлемін емес, 
әлеуметтік адам әлемін, оның қоғам туралы түсінігін, таптық 
қайшылықты жанама түрде – жануарлар әлеміндегі антагонизм 
арқылы көрсетуі беріледі. Табиғат ұжыммен бірлікте, оның екеуі де – 
еңбек үрдісімен бірлікте түсінілген. Өмір шындығының қайнар 
бұлағы, болмыстың суреттеудің ерекше формасы ретінде көркемдік 
бейненің негізін құрайтын, адамдардың қоғамдық пайдалы еңбегі 
болып табылады. Идеяның рухани және нақтылы-сезімдік көрінісі, 
заттандырылуы, құбылысты біртұтастай танытып, үзілмес бірлікте 
болғанда, біз өнердің зооморфтық сипатындағы оның мазмұны мен 
ішкі формасының диалектикалық тұтастығын көреміз. Осы бірлік 
жоғары көркемдік-эстетикалық бейненің белгісіне айналды. 
Көшпелілер өнерінің, атап айтқанда көшпелі қазақ қоғамының 
өнерінің, ары қарай дамуы, көркем форманың, өз шыңына жетіп, 
ешқашан өзіндік мәні бар мағынаға жеке ие болмағандығын көрсетеді.
Ол оны тудыратын мазмұнмен бірге заңды түрде жақсарды 
немесе кері кетті. Бірақ, бұған қарамастан, форма бір кезде 
қабылданған, қазақтардың халықтың ою-өрнегі мен бейнелеу 
мотивтерінде жақсы байқалатын, ескінің сарқындарын сақтайды. Егер 
бұл классикалық өнерге, көшпелі сақтардың «Аң стиліне» қатысты 
болса, онда ежелгі түркілер дәуірінде, ортағасырлық және жаңа 
замандық көшпелілер кезеңінде ертедегі көшпелілер қойнауында 
қалыптасқан форма өзінің «аңдық» бейнесін, қазіргі заманда да 
қазақтардың және Орта Азия және Орталық Азияның басқа 
халықтарының өнерінде кең тараған, жануарлар әлпеттегі ою 
түрлерінде сақтады.
Дәстүрлі ою-өрнек халық шығармашылығының бір бұтағы әрі 
бағыты ретінде түрлі салаларда дамуы және байқалуы мүмкін еді, 
бірақ оған рудимент және түп-тұлға болған, болмыстың дайын 
формаларын қабылдаған, шынайы шығармашылық ғана тән болды. 
Басқаша айтқанда, өзінің жеке сәндік табиғатын ою бейнелеу өнерінің 
дамуы барысында тапты. Оюдың дамуы эстетикалық бағалау мен 
1
Гегель
. Соч. М., 1940. Т. 10. Кн. 2. С.22. 


357 
эстетикалық талғамның, бірте-бірте жинақталған шығармашылық 
дәстүрлер мен қағидалар негізінде қалыптасқан, мүмкін, жете 
түсінілмеген, бірақ халық үшін түсінікті әрі ортақ, қалың бұқараның 
жалпы көркемдік көңіл күйін көрсететін, эстетикалық бағалау мен 
эстетикалық талғамның болуын шамаламауы мүмкін емес.
Көшпелілер 
өнерінің 
мазмұны, 
әлеуметтік 
практика 
болғандықтан, өзгереді. Бірақ форма, өзінің салыстырмалы 
дербестігін сақтап, айқын ішкі тұрақтылықты көрсетеді. Бұл жерде біз 
форма құрудағы белгілі бір дәстүршілдікті және қорғау қағидалының 
бар екендігін байқаймыз.
Көшпелілердің еңбекке деген эстетикалық қатынасы оның 
қызметінің жемістерінде, заттардың сұлулығында, осының арқасында 
олар тек материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ғана қабілетті 
емес, сондай-ақ қуаныш, эстетикалық ләззат беруге қабілетті болады. 
Заттың әдемілігі оның адам қолданысындағы көрінісі әрі өлшеміндей 
және сонымен қатар еңбекті қуанышқа толтырып, оған кері әсерін 
тигізеді. 
Қазақ ұлтының рухани өмірі өткен ұрпақтардан мұраға төл 
мәдениет алды, ол қоршаған әлемді өзінің көркемдік тәсілдері мен 
өзінің әлем туралы түсінігіне сәйкес бейнелеуге ғана қабілетті емес, 
сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетімен өзара қатынасы 
барысында, өз кезегінде, оларға өзінің жоғары эстетикалық сапасын 
хабарлап, баюға да әрі дамуға да қабілетті болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет