351
болуының өзі халықтың жоғары мәдениетінің бұлтартпайтын
көрсеткіші болып табылады.
Түрлі көне түркі жазба ескерткіштерін талдай отырып, Қазақстан
лингвистері
көне
түркі
алфавитінің
автохтондығы
туралы
қорытындыға келеді. Олар бөтен ел ықпалын үзілді-кесілді жоққа
шығарады. «Қазақстан территориясында табылған, графикалық
суреттер, басқа алфавиттерден алып пайдаланған деген теорияны
теріске шығарады, өйткені бұл суреттер (петроглифтер мен
пиктограммалар. – С.А.) алғашқы қауымдық мәдениет бастауындағы,
басқа жабайылар бұқарасынан бөлініп шыққан, малшы тайпаларының
өкілдерімен салынған болатын»
1
. Жергілікті алфавиттік таңбалардың
пиктограммадан, одан әрі қарай таңбалардың идеографикалығы
сақталған әріп таңбаларына эволюциялануының пайда болуы туралы
жорамал да қызықты. Архелологтардың Алматы маңында б.д.д. Ү-ІҮ
ғасырлардағы сақтар қорғанының жазуларын ашуы, ертедегі
көшпелілерде алфвиттік жазу болмаған деген дәстүрлі пікірді бұзады
2
.
Бұл ойды жергілікті көшпелі тайпаларға тән алфавит қалыптасуының
шынайы үрдісін көрсететін, кейбір авторлардың руналық жазбаның
таңбалық символика негізінде пайда болғандығы туралы дерекке
негізделген мәліметтерінен айтылған пікірлері белгілі жағдайда
дәлелдейді
3
.
Қазақстанның көне тайпаларының көшпелі мал шаруашылығына
өту кезеңі деп б.д.д. ІХ-ҮІІІ ғғ. көрсетіледі, яғни ол беғазы-дәндібай
және қарасұқ мәдениеттерімен синхронды Ә.Х. Марғұлан, беғазы-
дәндібай мәдениетінің тайпалары жайылымдық-жайлаулық мал
шаруашылығымен айналысқан деп санайды. Бұл жорамал өз растауын
антикалық авторлардың айғақтарында табады. Мысалы, Геродот
дәуіріндегі (б.д.д. Үғ.) сақтар, көшпелі қазақтардың, моңғолдардың
және басқалардың шаруашылығынан айырмасы шамалы, көшпелі мал
шаруашылығымен айналысқан. «Көшпелілердің үйлері киізден
жасалған және олар өмір сүретін күймелі арбаларға бекітілген, киіз
үйлер жанында, солардың етімен, сүтімен және ірімшігімен олар
тамақтанатын, мал жайылып жүрген. Жайылымы жақсы жерлерді
таңдап, олар өз отарларының соңынан жүріп отырған»
4
, – деп жазады
Страбон.
1
Достарыңызбен бөлісу: